Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңестiң ережесi мен құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысы
(2012.17.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 12 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңестiң ережесi мен құрамы бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 27 шiлдедегi № 1140 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Дiни
бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңес (бұдан әрi Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерді, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Кеңес өз қызметiн республиканың мемлекеттік органдарымен, дiни, өзге де қоғамдық бiрлестiктерiмен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
4. Кеңестiң шешімдерi ұсынымдық сипатқа ие.
2. Кеңестiң мақсаты, мiндеттерi мен функциялары
5. Кеңестiң мақсаты - Қазақстан Республикасы азаматтарының дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат, қоғамдағы дiни келісімдi нығайту және конфессияаралық қатынастар үндестiгi мәселелерi жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
6. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
1) елдегi дiни жағдайды және оның даму тенденцияларын жан-жақты және әдiл зерттеу, жинақтап қорыту және талдау;
2) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) республикадағы дiни жағдайдың жай-күйi және дiн ұстану бостандығы туралы заңнаманың сақталуы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын хабардар ету;
4) дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі аймақтық кеңестер жұмысын үйлестiру;
5) ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) дiни бiрлестiктер арасындағы өзара түсiнiстiк пен төзiмдiлiктi нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консультативтiк көмек көрсету болып табылады.
7. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) азаматтардың дiн ұстану бостандығына және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимылына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
2) ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерiн реттейтiн заңнаманы жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлейдi;
5) ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерi жөніндегі консультативтiк жұмысты жүргiзедi;
7) шет мемлекеттердiң тиiстi ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнатады және жолға қояды;
8) ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртібі
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.17.01. № 86 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Кеңесті Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы басқарады.
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Кеңестiң мәжілістерi жарты жылда кемiнде бiр мәрте өткiзіледi. Кеңестiң кезектен тыс мәжілісi Кеңес төрағасының жеке бастамасы бойынша немесе Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша шақырылады.
10. Кеңес мәжілісi, егер оның жұмысына кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi. Кеңестiң шешiмдерi мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тепе-теңдiгi кезiнде Кеңес төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
11. Мәселелердi пысықтау, мәжілістердi дайындау, сараптау және талдау жұмыстарын жүргiзу үшiн Кеңес өз мүшелерi бiрiнiң жетекшiлiгiмен iс-қимыл жасайтын жұмыс топтарын құра алады.
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға:
1) мемлекеттік органдардан, дiни ұйымдар мен жеке адамдардан Кеңес құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпарат сұратуға;
2) орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың Кеңес құзыретіне қатысты ақпараттық деректер банкiн пайдалануға;
3) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Кеңестің отырыстарына шақыруға;
4) заңнаманы жетілдіру және азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы республика заңнамасын бұзған дiни бiрлестiктер мен шетелдiк миссионерлердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
5) Кеңес құзыретіндегі мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеуге қатысуға;
6) ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
4. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз ету
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған кезде оның функциялары төрағаның орынбасарына жүктеледі.
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.17.01. № 86 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды, тиісті құжаттарын дайындауды және отырысының хаттамаларын ресімдеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
Отырысқа материалдар Кеңес мүшелеріне ол өткізілгенге дейін кемінде 3 күн бұрын жіберіледі.
15. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16. Кеңес Қазақстан Республикасының жетекшi конфессиялар басшылары, дiнтанушы ғалымдар, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерi және қоғамдық қайраткерлер қатарынан жасақталады. Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Кеңестің құзыретіне қатысты қажетті материалдарды әзірлеу үшін ұйымдар, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары білікті мамандар тартылуы мүмкін.
18. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Кеңестiң қызметiн тоқтату тәртібі
19. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды және жұмыс топтарын құру, қызметiн жүргiзу және тарату тәртібі туралы нұсқаулығына сәйкес тоқтатады.
ҚР Үкіметінің 28.02.01 ж. № 292; 03.04.02 ж. № 397 қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 22.09.03 ж. № 961 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 905 қаулысымен құрам өзгерді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.05.10. № 905 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.12.11 № 1047 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.21.05. № 752 қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.17.01. № 86 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 27 шілдедегі
№ 1140 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің
құрамы
Лама Шариф Қайрат Қайырбекұлы | - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің терағасы, төраға |
Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Күлекеев Бахытжан Кеңесұлы | - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Конфессияаралық қатынастар департаментінің директоры, хатшы |
Есім Ғарифолла | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Аманбаев Әмірхан Тапашұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары |
Тыныбеков Қайрат Сағатханұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Шәуенов Ербол Солтыбекұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша) |
Прокопенко Леонид Андреевич | - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша) |
Қапақов Нұрлан Төлегенұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
Калюжный Вячеслав Афанасьевич | - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (келісім бойынша) |
Әзілханов Марат Алмасұлы | - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары |
Берсебаев Болат Талапұлы | - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы |
Садықов Барлыбай Кәрімұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры |
Қайыров Асылбек Қуандықұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департамент бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
Балаева Аида Ғалымқызы | - Астана қаласы әкімінің орынбасары |
Сәкенов Қайыргелді Әнуарбекұлы | - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қоғамдық бірлестіктер туралы заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің бастығы (келісім бойынша) |
Дербісәлі Әбсаттар қажы | - Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы (келісім бойынша) |
Александр (Могилев Геннадий Викторович) | - Қазақстан Республикасындағы Орыс Православ шіркеуі Митрополиттік округ басшысы, Астаналық және Қазақстандық Митрополит (келісім бойынша) |
Керім Шамшәдин | - «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті» жеке мекемесінің проректоры (келісім бойынша) |
Сыдықов Ерлан Баташұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры, тарихи ғылымдарының докторы, профессор, Педагогикалық білім берудің халықаралық академиясының академигі |
Шылымова Гүлнар Екпінқызы | - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры |
Әбуов Айдар Парқұлұлы | - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры |
Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы | - «Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры |
Айталы Амангелді Әбдірахманұлы | - «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамының әлеуметтік-психологиялық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы (келісім бойынша) |
Бәкір Әбдіжәлел Қошқарұлы | - «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамының әлеуметтік-психологиялық пәндер кафедрасының профессоры, саяси ғылымдар докторы (келісім бойынша) |
Мыңбаев Мұрат Тайкелтірұлы | - қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша) |
Бәшімов Марат Советұлы | - «Еуропа құқығы және адам құқықтары институты» қоғамдық бірлестігінің директоры, профессор, заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша) |
Мухамеджанова Әлия Гафурқызы | - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының оқу жұмысы жөніндегі вице-ректоры, философия ғылымдарының докторы (келісім бойынша) |
Онучко Марина Юрьевна | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық қазыналык мемлекеттік кәсіпорнының доценті, саяси ғылымдар кандидаты |