Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Дiни бiрлестiктермен
байланыстар жөніндегі кеңестiң ережесi мен құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысы
(2006.15.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 5 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңестiң ережесi мен құрамы бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 27 шiлдедегi № 1140 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Дiни
бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңес (бұдан әрi Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерді, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Кеңес өз қызметiн республиканың мемлекеттік органдарымен, дiни, өзге де қоғамдық бiрлестiктерiмен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
4. Кеңестiң шешімдерi ұсынымдық сипатқа ие.
2. Кеңестiң мақсаты, мiндеттерi мен функциялары
5. Кеңестiң мақсаты - Қазақстан Республикасы азаматтарының дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат, қоғамдағы дiни келісімдi нығайту және конфессияаралық қатынастар үндестiгi мәселелерi жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
6. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
1) елдегi дiни жағдайды және оның даму тенденцияларын жан-жақты және әдiл зерттеу, жинақтап қорыту және талдау;
2) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) республикадағы дiни жағдайдың жай-күйi және дiн ұстану бостандығы туралы заңнаманың сақталуы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын хабардар ету;
4) дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі аймақтық кеңестер жұмысын үйлестiру;
5) ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) дiни бiрлестiктер арасындағы өзара түсiнiстiк пен төзiмдiлiктi нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консультативтiк көмек көрсету болып табылады.
7. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) азаматтардың дiн ұстану бостандығына және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимылына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
2) ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерiн реттейтiн заңнаманы жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлейдi;
5) ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерi жөніндегі консультативтiк жұмысты жүргiзедi;
7) шет мемлекеттердiң тиiстi ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнатады және жолға қояды;
8) ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртібі
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Кеңесті Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі басқарады.
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Кеңестiң мәжілістерi жарты жылда кемiнде бiр мәрте өткiзіледi. Кеңестiң кезектен тыс мәжілісi Кеңес төрағасының жеке бастамасы бойынша немесе Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша шақырылады.
10. Кеңес мәжілісi, егер оның жұмысына кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi. Кеңестiң шешiмдерi мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тепе-теңдiгi кезiнде Кеңес төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
11. Мәселелердi пысықтау, мәжілістердi дайындау, сараптау және талдау жұмыстарын жүргiзу үшiн Кеңес өз мүшелерi бiрiнiң жетекшiлiгiмен iс-қимыл жасайтын жұмыс топтарын құра алады.
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға:
1) мемлекеттік органдардан, дiни ұйымдар мен жеке адамдардан Кеңес құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпарат сұратуға;
2) орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың Кеңес құзыретіне қатысты ақпараттық деректер банкiн пайдалануға;
3) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Кеңестің отырыстарына шақыруға;
4) заңнаманы жетілдіру және азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы республика заңнамасын бұзған дiни бiрлестiктер мен шетелдiк миссионерлердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
5) Кеңес құзыретіндегі мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеуге қатысуға;
6) ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
4. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз ету
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған кезде оның функциялары төрағаның орынбасарына жүктеледі.
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды, тиісті құжаттарын дайындауды және отырысының хаттамаларын ресімдеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
Отырысқа материалдар Кеңес мүшелеріне ол өткізілгенге дейін кемінде 3 күн бұрын жіберіледі.
15. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16. Кеңес Қазақстан Республикасының жетекшi конфессиялар басшылары, дiнтанушы ғалымдар, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерi және қоғамдық қайраткерлер қатарынан жасақталады. Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Кеңестің құзыретіне қатысты қажетті материалдарды әзірлеу үшін ұйымдар, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары білікті мамандар тартылуы мүмкін.
18. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Кеңестiң қызметiн тоқтату тәртібі
19. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды және жұмыс топтарын құру, қызметiн жүргiзу және тарату тәртібі туралы нұсқаулығына сәйкес тоқтатады.
ҚР Үкіметінің 28.02.01 ж. № 292; 03.04.02 ж. № 397 қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 22.09.03 ж. № 961 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 905 қаулысымен құрам өзгерді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 27 шілдедегі
№ 1140 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар
жөніндегі кеңестің құрамы
Балиева - Қазақстан Республикасының Әділет
Зағипа Яхияқызы министрі, төрайым
Тоғжанов - Қазақстан Республикасы Әділет
Ералы Лұқпанұлы министрлігі Діни істер комитетінің
төрағасы, төрайымның орынбасары
Төлесов - Қазақстан Республикасы Әділет
Қайрат Бақтыбайұлы министрлігінің Діни істер комитетi
төрағасының орынбасары, хатшы
Досжан - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ардақ Дүкенбайұлы Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси
бөлімінің меңгерушісi
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы және ақпарат вице-министрi
Жошыбаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Рәпіл Сейітханұлы істер министрінің орынбасары
Өтеулина - Қазақстан Республикасының Білім және
Хафиза Мұхтарқызы ғылым вице-министрi
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Алик Жатқамбайұлы вице-министрi
Байқадамов - Қазақстан Республикасындағы Адам
Болат Кенжекешұлы құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл
Әлкенов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нұрлан Қаратайұлы қауіпсіздік комитетінің
Департаменті бастығының орынбасары
Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының Парламент
Төлеген Мұхамеджанұлы Мәжілісінің депутаты
Дербісәлі - Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары
Әбсаттар қажы діни басқармасының төрағасы
Мефодий - Қазақстан Республикасындағы Орыс
(Немцов православие шіркеуі Митрополиттік
Николай Федорович) округінің басшысы, Астана және
Алматы Митрополитi
Терещенко - Қазақстан халықтары Ассамблеясы
Сергей Александрович төрағасының орынбасары
Мұстафина - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Сәбила Сапарқызы
Нысанбаев - Қазақстан Республикасы Білім және
Әбдімәлік Нысанбайұлы ғылым министрлігі «Философия және
саясаттану институты» республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
директоры
Керім Шамшәдин - «Нұр-Мүбарак» Египет ислам
мәдениеті университеті» жеке
мекемесінің проректоры
Иванов - Алматы қаласы әкімінің діни
Владимир Александрович бірлестіктермен жұмыс мәселелерi
жөніндегі бас инспекторы