«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 683 және 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулыларына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 871 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 552 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 683 қаулысында:
2, 3, 4, 5, 7 және 8-тармақтар алынып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері әкімдіктер жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөнінде кеңестер құрсын, кеңестер туралы ережелер мен олардың құрамдарын бекітсін.»;
2) «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 387-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы ережеде:
6-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
7-тармақтың 2), 3), 5) және 8) тармақшалары алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кеңесті Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі басқарады.»;
9-тармақтағы «үш айда» деген сөздер «жарты жылда» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта:
2) тармақша «органдардың» деген сөзден кейін «Кеңес құзыретіне қатысты» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Кеңестің отырыстарына шақыруға;»;
4) тармақша «азаматтардың» деген сөздің алдынан «заңнаманы жетілдіру және» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша алынып тасталсын;
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған кезде оның функциялары төрағаның орынбасарына жүктеледі.
14. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды, тиісті құжаттарын дайындауды және отырысының хаттамаларын ресімдеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
Отырысқа материалдар Кеңес мүшелеріне ол өткізілгенге дейін кемінде 3 күн бұрын жіберіледі.»;
15-тармақ алынып тасталсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Кеңестің құзыретіне қатысты қажетті материалдарды әзірлеу үшін ұйымдар, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары білікті мамандар тартылуы мүмкін.»;
18-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 871 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 27 шілдедегі
№ 1140 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар
жөніндегі кеңестің құрамы
Балиева Зағипа Яхияқызы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төрайым |
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Діни істер комитетінің төрағасы, төрайымның орынбасары |
Төлесов Қайрат Бақтыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитетi төрағасының орынбасары, хатшы |
Досжан Ардақ Дүкенбайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісi |
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрi |
Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрi |
Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрi |
Байқадамов Болат Кенжекешұлы | - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл |
Әлкенов Нұрлан Қаратайұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Департаменті бастығының орынбасары |
Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы | - Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты |
Дербісәлі Әбсаттар қажы | - Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы |
Мефодий (Немцов Николай Федорович) | - Қазақстан Республикасындағы Орыс православие шіркеуі Митрополиттік округінің басшысы, Астана және Алматы Митрополитi |
Терещенко Сергей Александрович | - Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары |
Мұстафина Сәбила Сапарқызы | - Астана қаласы әкімінің орынбасары |
Нысанбаев Әбдімәлік Нысанбайұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Философия және саясаттану институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры |
Керім Шамшәдин | - «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті» жеке мекемесінің проректоры |
Иванов Владимир Александрович | - Алматы қаласы әкімінің діни бірлестіктермен жұмыс мәселелерi жөніндегі бас инспекторы |