7. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға мынадай құжаттарды:
1) өтініш берушінің органының жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін, сондай-ақ өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін;
2) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын иеленетін, сондай-ақ шарттың күшіне қарай осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға не өзгеше түрде бақылауға (дербес немесе басқа тұлғалармен бірге) мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтер мен растайтын құжаттарды;
3) осы баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
4) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
5) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
6) білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері жөніндегі қысқаша деректерді;
7) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс ету алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;
8) ірі қатысушы мәртебесін иеленгеннен кейін өтініш берушінің және жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, осындай мәртебені иеленудің қаржылық салдарының талдауын, іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, егер бар болса, өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның активтерін сату, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметін қайта ұйымдастыру немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын табыс етеді.
8. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлға мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін, халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді;
3) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат (келісім) талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін ұсынады.
9. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш берушінің осы елдің заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін ұсынады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан көп пайызын сатып алуға ниеттенетін, өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымы осы тармақта белгіленген құжаттардан басқа өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауын ұсынады.
10. Орналастырылған акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) иелену үлесімен жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге тілек білдірген тұлғалар осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша, қойылатын талаптарын уәкілетті орган белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен ірі жинақтаушы ұсынған бизнес-жоспарды осы бапта белгіленген тиісті мәртебені иелену шеңберінде қарайды.
Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының бизнес-жоспарын қарау нәтижелері туралы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының бизнес жоспарын жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның даму стратегиясына (даму жоспарына) енгізу не енгізбеу туралы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның даму стратегиясының (даму жоспарының) сақталуын қамтамасыз етеді.
11. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) жиынтығында он немесе одан көп пайызын иеленетін немесе жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның шешімдеріне өздерінің арасындағы шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
3) олардың бірі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;
5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып табылатын;
6) олардың бірі басқа тұлғаға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын өздеріне сыйға тартылған ақша немесе өтеусіз алынған мүлік есебінен сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кірген жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
12. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иелену үшін осы баптың талаптарына сәйкес берілген өтініш бойынша шешімді құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде қабылдауға тиіс.
Уәкілетті орган өтініш берушіні өз шешімінің нәтижесі туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Бұл ретте тиісті мәртебені иеленуге келісім беруден бас тартылған жағдайда, жазбаша хабарламада бас тартудың негіздері көрсетіледі.
13. Келісім беруге негіз болған мәліметтер дәйексіз деп анықталған немесе өтініш берушінің ірі қатысушы мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптары бұзылған немесе ірі қатысушылар осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда, уәкілетті орган осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өзіне тиесілі акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.
Осы бапқа сәйкес берілген келісімі кері қайтарып алынған тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.
Уәкілетті орган тиісті келісімді кері қайтарып алу жөнінде өздеріне қатысты шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғалардың уәкілетті органның талаптарын орындауы үшін сотқа жүгінуге құқылы.
14. Егер тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілеріне уәкілетті органның жазбаша келісімін алдын ала алмастан сәйкес келген болса, ол осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған қандай да бір іс-әрекетті қолдануға және (немесе) осы акциялар бойынша дауыс беруге құқылы емес.
Көрсетілген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетін тұлға өзінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні оған белгілі болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органды бұл туралы хабардар етуге міндетті.
Тиісті мәртебені иелену туралы өтініш жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгісіне өзінің сәйкес келетіні оған белгілі болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер бұл тұлға көрсетілген мерзімде акцияларды иеліктен шығарғысы келмесе, уәкілетті органға ұсынылады. Акцияларды иеліктен шығару жөнінде шешім қабылданғаны туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға беріледі.
15. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілеріне осы тұлғаның сәйкес келетінін көрсететін мәліметтер болған кезде, уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан ақпаратты ұсынуды талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетін кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.
16. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде растайтын құжаттарды табыс ете отырып, өзіне тиесілі акциялар санының жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ол тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) санына пайыздық арақатынасының өзгергені туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына тиесілі, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларының саны (пайыздық немесе абсолюттік мәнде) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) санына ұлғаю жағына қарай өзгерген жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпаратты ұсынуға тиіс. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушылары - жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу үшін пайдаланатын қаражат көздері осы баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында айқындалған.
Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акциялары санының жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) санына пайыздық арақатынасы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына тиесілі он пайыздан кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда, уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының өтініші бойынша не көрсетілген фактіні дербес анықтаған жағдайда, осы факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдайды.
17. Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) акцияларының санына жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына тиесілі акциялары санының пайыздық арақатынасын көрсете отырып, өзінің барлық ірі қатысушыларының тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етіп отыруға міндетті.
18. Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органды жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы өздері осы фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде хабардар етуге міндетті.
19. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың осы баптың 14-18-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімде уақтылы бермеуі, бермеуі немесе дәйексіз мәліметтерді беруі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 36-2-баппен толықтырылды; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңымен; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 36-2-бап өзгертілді
36-2-бап. Уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден бас тарту негіздері
1. Уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден бас тартуына:
1) осы Заңның 40-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);
2) өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
3) осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген құжаттарды табыс етпеу;
4) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
5) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционер) иеленуші тарап болып табылатын жағдайлар;
6) өтініш берушінің осы Заңда белгіленген, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
7) өтініш беруші - қаржылық ұйым өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
8) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдаудың жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжауы;
9) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржылық ұйымда шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;
10) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада осы Заңның 36-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажетті рейтингінің болмауы;
11) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында жинақтаушы зейнетақы қорының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспарының тиімсіздігі;
12) өтініш беруші - жеке тұлғада, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
13) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.
2. Мына жағдайлардың бірінің болуы:
1) өтініш беруші - заңды тұлғаның өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылуы;
2) өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алуға көзделген активтер сомасын шегергенде, өзінің активтерінен асып кетуі;
3) аяқталған соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шегуі;
4) өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндіруі;
5) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның алдында мерзімі өткен және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның балансына жатқызылған берешегінің болуы;
6) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдаудың өтініш берушінің қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжауы;
7) жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына (алушыларына) нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің қаржылық жағдайы тұрақсыздығының белгісі болып табылады.
3. Тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілерін уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз иеленген кезде, уәкілетті орган алты айдан аспайтын мерзімде осы тұлғаға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сату бойынша талаптар бөлігінде осы Заңның 42-7-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолданады.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 37-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттік тіркеу
Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді әділет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты болған кезде жүзеге асырады.