5. Осы баптың 1-4-тармақтарына сәйкес есептеп шығарылған зейнетақы төлемдерiнің жалпы мөлшерiн осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың алпыс бес процентiнен асыруға болмайды. Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға айлық зейнетақы төлемдерiнің ең жоғары мөлшерiн республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштің жүз төрт еселенген мөлшерiнен асыруға болмайды.
62-бап. Еңбек сiңiрген жылдарды есептеу
Әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен есептеп шығарылады.
Бұл ретте зейнетақы төлемдерiн тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларды қоспағанда, күнтiзбелік жылдар бойынша есептеледi.
63-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражатының мөлшерi
1. Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражатының мөлшерi қызметтен босатылған (жеке құрам тiзiмiнен шығарылған) күнге белгiленедi.
2. Әскери қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражатының мөлшерiне лауазымдық жалақысы, әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені бойынша жалақысы (қосымша ақы) кiредi.
3. Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражатының мөлшерi соңғы қызмет атқарған жерiнің тиiстi қаржылық органының белгiленген үлгiдегi анықтамасымен расталады.
64-бап. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оны жүзеге асыру мерзiмдерi
1. Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тағайындалған зейнетақы төлемдерін бюджет қаражаты есебінен төлеу қызметтен босатылған (жеке құрам тізімінен шығарылған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қаражат төленген күннен кейін жүзеге асырылады.
2. Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тиiстi қызметтердi қамтуға көзделген қаражат есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру алушылардың еңбекақысы немесе басқа да табысы болуына қарамастан толық жүргiзiледi.
3. Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға жеке жинақтаған зейнетақы қаражатының есебiнен зейнетақы төлемдерi зейнетақы шартына сәйкес жүргiзiледi.
2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Әскери қызметшiлер, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және Қазақстан Республикасының iшкi iстер, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, прокуратура органдарының, Кеден комитетінің, Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын прокуратура органдарының, iшкi iстер органдарының және Әділет министрлігінің бұрынғы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.
5. Әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.
65-бап. Қаражат және зейнетақы төлеу тәртібі
1. Әскери қызметшiлер, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының қызметкерлерi үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгіленген мөлшері сақталып бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе құқық қорғау органдарындағы қызмет стажы бар әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе прокуратура, ішкі істер және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарындағы қызмет стажы бар әскери қызметшiлердi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және прокуратура органдарының, ішкі істер және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын құқық қорғау органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
4. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметтегі, құқық қорғау органдарындағы қызметтегі стажы он жылға жетпейтiн әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға бюджет қаражаты есебiнен осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қаражаттың жиырма проценті мөлшерiнде жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртібі енгiзiледi.
Әскери қызметшiлерге және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлеу жеке зейнетақы жинақтары негізге алынып жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн алғаш рет қызметке қабылданған әскери қызметшiлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн осы баптың 3-тармағына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын қалыптастыру тәртібі қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке жинақтаған зейнетақы қаражаты негiзге алына отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленедi.
66-бап. Әскери қызметшiлерді және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар
1. Әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырады.
2. Әскери қызметшiлерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi және ерiктi зейнетақылық жарналар есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
5 Бөлім Қорытынды ережелер
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 67-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
67-бап. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты әлеуметтiк зейнетақылар алуға құқығы барларға мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар
1. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша тағайындалған зейнетақылар, әлеуметтiк зейнетақылар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар нысанында бюджет қаражаты есебiнен төленедi.
2. Мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн алынған зейнетақының мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
3. Осы Заңның 9-бабында белгiленген жағдайлар болған ретте мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың тiлегiне орай Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн ауыстырылуы мүмкiн.
4. Мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындаудың шарттары, тәртібі және мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi.
68-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
69-бап. Осы Заңды күшiне енгізу тәртібі
Осы Заң 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiледi, бұған 1, 2-баптар, 4-баптың 1, 3, 4-тармақтары, 5, 7-21-баптар, 23-баптың 1, 2, 4, 5-тармақтары, 24-бап, 27-баптың 2-тармағының 1)-тармақшасы, 60-67-баптар қосылмайды, олар 1998 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының