6. 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 77-баптың тақырыбы өзгертілді өзгертілді (бұр.ред.қара)
77-бап. Курсанттарды, тыңдаушыларды әлеуметтік қорғау ерекшеліктері
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Курсанттар, тыңдаушылар қызмет өткеру ерекшелiктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша мемлекет есебiнен арнаулы нысандағы киiммен және басқа да заттай мүлiкпен қамтамасыз етiледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Казармалық жағдайдағы курсанттар, тыңдаушылар қызметтi өткеру ерекшелiктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен азық-түлік үлесінің нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз етiледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бірінші жəне екінші курстар курсанттарына, тыңдаушыларына пошталық жөнелтiмдерi үшiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын мөлшерде қаржылай өтемақы төленедi.
2023.02.10. № 31-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелері олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына баруды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асыруға құқылы.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Курсанттардың, тыңдаушылардың бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша:
1) стационарлық емделуге барған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол, әуе, су және автомобиль көлігінде;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған кезде, сондай-ақ демалысқа және тағылымдамадан өтуге барған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол, су және автомобиль көлігінде жол жүруге (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) жұмсалған шығындарын өтетуге құқығы бар.
Шет мемлекеттің білім беру ұйымдарында білім алып жатқан курсанттарға, тыңдаушыларға да оқуға жіберілген, тағылымдамадан өтуге, каникулдық демалысқа барған кезде мемлекет есебінен (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) әуе, теміржол, су және автомобиль көлігінде жол жүру құқығы беріледі.
Әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Курсанттарға, тыңдаушыларға олар демалысқа кеткенде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша азық-түлiк сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төленедi.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Курсант, тыңдаушы не ол қызмет өткеруі кезеңінде алған жарақаттануы (контузия алуы), ауыруы салдарынан қызметтен босатылғаннан кейін қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның мұрагерлеріне 500 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Курсантқа, тыңдаушыға арнаулы мемлекеттік органдарда қызметін өткеру кезеңінде алынған немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызметін өткерумен байланысты контузия алуы, зақымдануы, ауыруы нәтижесінде болған мүгедектік белгіленгенде қызметтен босатылғанына бір жыл өткенге дейін мынадай мөлшерлерде:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға - 250 айлық есептік көрсеткіш;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамға - 150 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға - 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Курсант, тыңдаушы арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке душар етпеген ауыр жарақат (жаралану, зақымдану, контузия) алған жағдайда - оған:
ауыр жарақат үшін - 12 айлық есептік көрсеткіш;
жеңіл жарақат үшін - 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
9. Біржолғы өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
10. Курсанттың, тыңдаушының қаза табуы (қайтыс болуы) немесе оның мертігуі:
1) өзiне-өзi қол жұмсауға жеткiзген жағдайларды қоспағанда, егер өзiне-өзi қол жұмсау нәтижесінде;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ол қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кезде;
3) алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан (оларға ұқсас заттардан) масаң болуды туындататын заттарды пайдалану немесе қолдану нәтижесінде;
4) бiржолғы өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатымен өзiне қасақана қандай да бiр дене зақымын келтіру (дене мүшесін зақымдау) немесе өз денсаулығына өзгедей зиян келтiру нәтижесінде;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) курсанттың, тыңдаушының келісімшарт талабын бұзған іс-әрекеті нәтижесінде болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтемақы төленбейдi.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 11-тармақпенн толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11. Қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған курсанттарға, тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 12-тармақпенн толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Курсант, тыңдаушы қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) курсанттың, тыңдаушының отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға (оның ішінде асырап алған балаларына, бірге тұратын өгей балаларына) - олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына (зайыбына) өмір бойы төленеді.
78-бап. Қызметкердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қызметкерлердің отбасы мүшелерінің, сондай-ақ олардың асырауындағы адамдардың әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде медициналық көмекке құқығы бар.
Медициналық көмек көрсету бойынша әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақы алынбайтын жағдайларды қоспағанда, амбулаториялық емделу кезінде отбасы мүшелеріне дәрі-дәрмек ақысы төленіп беріледі.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қызметкерлердің отбасы мүшелерінің осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген құқықтары арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен денсаулық жағдайына (қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған ауруына, мертігуіне, мүгедектігіне), сондай-ақ қызметте болудың шекті жасына толуына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлердің отбасы мүшелеріне қолданылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Қызметкерлердiң (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелеріне, осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер орын ауыстырған кезде, сондай-ақ қызметкер қызметтен шығарылған кезде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша Қазақстан Республикасы аумағында жүрген көлiкпен жүргені үшін шығындары өтеледi.
Қызметкердің орнын ауыстырған кезде, сондай-ақ қызметкерді қызметтен босатқан кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікпен жүргені үшін шығындарды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қызмет өткеру кезінде қайтыс болған немесе мүгедектік алған қызметкердің отбасы мүшелерінің осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес медициналық көмек алу құқығы сақталады.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелерінің қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар.
7. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары әскери мектеп-интернаттарға және кадет корпустарына конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады, ал оқуға түсушілер үшін белгіленген талаптар бойынша баллдың шекті деңгейін жинағандар, Қазақстан Республикасының әскери, арнаулы оқу орындарына конкурстан тыс қабылданады.
8. Қызметкерлердің, оның iшiнде қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкерлердің балаларына жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жерi бойынша мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнде кезектен тыс орын бередi, оған ақы төлеу мемлекеттiк мектеп жасына дейiнгi мекемелер үшiн белгiленген мөлшерде алынады.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатарынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға алушы қайтыс болған күнге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің үш айлық мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
Қызметкерлер қатарынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алған қайтыс болғандардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақының тағайындалуына қарамастан, біржолғы жәрдемақылар: әйеліне (күйеуіне) - қайтыс болған күніне оған төленетін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің үш айлық мөлшерінде және отбасының еңбекке қабілетсіз әрбір мүшесіне асыраушының еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің бір айлық мөлшерінде төленеді.
Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақының мөлшерін айқындау кезінде жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелері қатарына: жасына және еңбек қабілеттілігіне қарамастан, әйелі (күйеуі); он сегіз жасқа толмаған немесе, егер оларға он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленсе немесе олар асыраушысы қайтыс болған күнге білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алып жатса және жиырма үш жасқа толмаған болса, осы жастан үлкен балалары; қайтыс болғанның асырауында болған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен не мүгедектігі бар адам болып табылатын ата-анасы кіреді.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Осы баптың 5 және 7-тармақтарында көзделген жеңілдіктер ұлттық қауіпсіздік органдарының, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) не мүгедектік алған әскери қызметшілерінің отбасы мүшелеріне қатысты қолданылады.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен ескерту өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ескерту: Осы бапта қызметкерлердің отбасы мүшелері деп түсінілетіндер: жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе бірінің кәмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары; білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқитын жиырма үш жасқа дейінгі (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары және жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа дейін мүгедектік белгіленген (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) мүгедектігі бар адам балалары және жұбайының (зайыбының) мүгедектігі бар адам балалары; қызметкердің асырауындағы ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы.
Осы бапта асырауындағы адам ретінде оның табысы есебінен өмір сүретін және жеке табыс көзі жоқ қызметкердің отбасы мүшесі танылады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 11-тармақпенн толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Қызметкер қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға (оның ішінде асырап алған балаларына, бірге тұратын өгей балаларына) - олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына (зайыбына) өмір бойы төленеді.
79-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған қызметкерлерді әлеуметтік қорғау
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қызметкерлерге (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен:
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы немесе штаттың қысқартылуы бойынша қызметтен шығарылғанда:
күнтізбелік есептеу бойынша мынадай еңбек сіңірген жылдары барларға:
10 жылдан 15 жылға дейін - төрт айлық ақшалай қаражат;
15 жылдан 20 жылға дейін - бес айлық ақшалай қаражат;
20 жылдан 25 жылға дейін - алты айлық ақшалай қаражат;
25 жылдан 30 жылға дейін - жеті айлық ақшалай қаражат;
30 жылдан жоғары - сегіз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) 10 жылдан аспайтын еңбек сiңiрген жылдары барларға денсаулық жағдайы және штаттың қысқартылуы бойынша шығарылғанда үш айлық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығынсыз қызметтен шығарылған офицерлік құрам қызметкерлеріне жұмыстан шығу жәрдемақысымен қатар арнаулы атақ бойынша айлықақылар төлеу қызметтен босатылған күннен бастап бір жыл бойына сақталады.
Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге арнаулы атақ бойынша айлықақылары өсетін болса, тиісінше офицерлік құрамның қызметкерлеріне қызметтен шығарылғаннан кейін бір жыл өткенше төленетін осы айлықақылар мөлшерлері де ұлғаяды.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2.Әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қайтадан (кейіннен) қабылданған қызметкер қызметтен шығарылған кезде біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау үшін қызметтің жәрдемақы төленбеген кезеңі қолданылады.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезеңінде Қазақстан Республикасының немесе бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік наградаларымен - ордендерімен марапатталған қызметкерлерге берiлетiн бiржолғы жәрдемақының мөлшерi екi айлық ақшалай қаражатқа ұлғайтылады.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде мемлекет есебінен медициналық қамтамасыз етілу және санаторийлік-курорттық емделу құқығы арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен:
1) денсаулық жағдайына (қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған ауруына, мертігуіне, мүгедектігіне) байланысты шығарылған;
2) денсаулық жағдайына (қызмет өткеру кезеңінде алған ауруына, мертігуіне, мүгедектігіне) байланысты шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар;
3) қызметте болудың шекті жасына жеткеннен кейін шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар;
4) штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлерде сақталады.
Олардың тұрғылықты жерінде әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Осы тармақта көрсетілген адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
Көрсетілген адамдарды санаториялық-курорттық емдеу және оларды дәрілік қамтамасыз ету арнаулы мемлекеттік органдарға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
5. 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдардың, әскери іс-қимылдардың және бітімгершілік операцияларына басқа да қатысушылардың, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жаралануы, контузия алуы, жарақаттануы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектік алып, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылғандардың медициналық қамтамасыз етуге және санаториялық- курорттық емделуге бірінші кезекті құқығы бар.
80-бап. Қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда берiлетiн өтемақылар
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қызметкер қызмет өткеру кезеңiнде немесе қызмет өткерген кезеңде алған жарақаты (контузиясы), ауруы салдарынан қызметтен шығарылғаннан кейiн қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оның мұрагерлерiне қаза тапқан күнi немесе қызметтен шығарылған күні соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай жабдықталым мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төлеу жүргізіледі.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қызметкер қызмет өткеру кезеңiнде немесе қызмет өткерумен байланысты контузия, мертiгу, ауыру салдарынан қызметтен шыққаннан кейiн бiр жыл өткенге дейiн мүгедектiк белгіленген жағдайда бiржолғы өтемақы:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға - отыз айлық ақшалай қаражат;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамға - он сегiз айлық ақшалай қаражат;
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде төленедi.
3. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқпайтындай ауыр мертiккен (жараланған, жарақат, контузия алған) жағдайда оған бiр жарым айлық ақшалай қаражат; жеңiл мертіккен жағдайда жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
4. Біржолғы өтемақы төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпенн толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Арнаулы мемлекеттік органдардан қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша шығарылған қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
5. Қызметкердің қаза табуы (қайтыс болуы) немесе алған мертігуі:
1) өзiне-өзi қол жұмсауға жеткiзген жағдайды қоспағанда, өзiне-өзi қол жұмсауы нәтижесінде;