9) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар бойынша ұсыныстар енгізу;
10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды өткізу;
11) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы ережені бекіту;
12) жануарға арналған ветеринариялық паспорт беру;
13) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру;
14) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету кіреді.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мынадай функцияларды:
жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны және тағамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды;
ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды;
жануарлардың аса қауіпті ауруларымен ауыратын жануарларды мемлекеттік органдардың шешімімен алып қоюды және жоюды;
Қазақстан Республикасындағы жабайы жануарлар ауруларының эпизоотия мониторингін;
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды;
сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясын жүргізуді жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік ветеринариялық мекемелер;
2) мынадай функцияларды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасын;
уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын;
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ ветеринариялық препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларына (топтарына) бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттік кәсіпорындар нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады.
2. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
4. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құруға құқылы.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
12-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау
Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
13-бап. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызмет
1. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жоғары, орта оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіби ветеринариялық білімі бар және ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тіркелген адамдардың ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар.
3. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен аттестатталуға тиіс.
4. Жеке және заңды тұлғалар өзінің кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері бойынша ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау- уәкілетті органның лауазымды адамдарының ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерінің жиынтығы.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 1-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
1) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын орындау жөніндегі қызметiн бақылауды;
2) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, бөлуді және оларды сақтауға, тасымалдау (жеткізу) мен пайдалануға бақылау жасауды;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру мен бақылауды;
4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізуді және оларды табыс етуді;
5) ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен олардың орындалуын бақылауды;
6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтауды;
6-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілуін бақылауды;
6-2) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшілерінің қызметін бақылауды;
7) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауды көздейді.
3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті орган белгілеген біліктілік талаптарына сай келетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-1- тармақпен толықтырылды
3-1. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ережені уәкілетті орган әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 14-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-1-бап өзгертілді
14-1-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
1. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау:
1) ішкі сауда объектілерінде;
2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
3) ветеринария саласындағы, оның ішінде лицензияланатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
4) мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарда;
5) шекаралық және кедендік пункттерде (кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалданатын (орны ауыстырылатын) объектілердің орнын ауыстыру кезінде;
6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
7) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
8) тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетін мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
9) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
10) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;
11) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 1) - 11) тармақшаларында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары тексеру нысанында және өзге де нысандарда, оның ішінде ілеспе ветеринариялық құжаттарды қарау жолымен жүзеге асырады.
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына іссапарға жіберілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Ішкі сауда объектілерінде, жануарларды өсіру, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, шекаралық және кедендік пункттерде (кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуының белең алуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы нысанасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау күн сайын жүзеге асырылады.
4. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, тиісті мемлекеттік органдардың объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің ветеринариялық-санитариялық инспекторларын қоспағанда, тексеру актісін жасайды.
Ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдардың объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің ветеринариялық-санитариялық инспекторларын қоспағанда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын анықталған бұзушылыққа қарай нұсқама жасайды, жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттарды алып қою туралы қаулы шығарады.
5. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру нәтижелері бойынша өз құзыреті шегінде айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы нұсқама жасайды, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Тексеру актісі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалады.
Тексеру актісі үш (ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргізген тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қол қояды.
Актінің бірінші данасын тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, екінші данасы тексерілетін адамға қолын қойғызып, беріледі, үшінші данасы тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторда қалады, ал төртіншісі сотқа талап-арыз беру үшін тиісті аумақтың ветеринариялық-санитариялық инспекторына беріледі. Тексерілетін адам актіні қабылдаудан бас тартқан жағдайда актінің тиісті данасы поштамен жіберіледі.
7. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау актісі нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің мөрімен бекітілген болуға тиіс арнайы тексеру актілерін тіркеу журналында тіркеледі.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді
15-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері
Мыналар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері болып табылады:
1) жануарлар, жануарлардың жыныс және дене жасушалары;
2) жануарлар ауруларының қоздырушылары;
3) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптік қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсімдіктердің сынамалары;
4) жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу, дауалау және бірдейлендіру, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;
5) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдары, ыдыстың барлық түрлері, буып-түю материалдары;
6) ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың және ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметі;
7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндірістік үй-жайлары мен қызметі;
8) мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бірдейлендірудің рәсімдері мен нысандары;
9) ветеринариялық есеппен есептілік жөніндегі құжаттама, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актісі, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндіру, дайындау (сою), сақтау және өңдеу жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтік құжаттамалар;
10) ішкі сауда объектілері.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мен олардың орынбасарларының құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарларының құзыретіне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шекарада және көлікте мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
2) тиісті аумақтағы эпизоотия жағдайын бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаттар беру;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
4) шекара және кеден пункттерінде (кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіреді.
2. Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
4) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету кіреді.
3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) ветеринариялық бақылау бекеттерiн қоса алғанда, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде және экспортқа қолданылып жүрген ветеринариялық сертификат беру;
4) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру;
5) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету;
6) қызметтен шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару кіреді.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде және экспортқа қолданылып жүрген ветеринариялық сертификат беру;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
4) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету;
5) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру кіреді.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың құқықтары
1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедергісіз (қызмет куәлігін көрсетіп) кіруіне;
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшін, зерттеу жүргізу мерзімі туралы мүдделі тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын іріктеп алуды жүргізуге;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізуге;
4) ветеринариялық құжаттар беруге;
5) осы заңда берілген өкілеттіктер шегінде актілер шығаруға;
6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды)немесе өңдеуді ұйымдастыру ісіне қатысуға, сондай-ақ аталған фактілер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға құқығы бар.
2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалар жоғары тұрған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына және (немесе) сотқа шағым жасай алады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілері
1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша ықпал етудің құқықтық шараларын қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын бұзушылықтың анықталуына байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мынадай актілер: