18. Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органды жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы өздері осы фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде хабардар етуге міндетті.
19. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың осы баптың 14-18-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімде уақтылы бермеуі, бермеуі немесе дәйексіз мәліметтерді беруі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.»;
13) 36-2-бапта:
тақырыбындағы «қорының» деген сөзден кейін «немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «қорының» деген сөзден кейін «немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен толықтырылсын;
4), 5), 6) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
5) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционер) иеленуші тарап болып табылатын жағдайлар;
6) өтініш берушінің осы Заңда белгіленген, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;»;
«8) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдаудың жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжауы;»;
11) тармақша «зейнетақы қорының» деген сөздерден кейін «немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен толықтырылсын;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мына жағдайлардың бірінің болуы:
1) өтініш беруші - заңды тұлғаның өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылуы;
2) өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алуға көзделген активтер сомасын шегергенде, өзінің активтерінен асып кетуі;
3) аяқталған соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шегуі;
4) өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндіруі;
5) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның алдында мерзімі өткен және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның балансына жатқызылған берешегінің болуы;
6) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдаудың өтініш берушінің қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжауы;
7) жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына (алушыларына) нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің қаржылық жағдайы тұрақсыздығының белгісі болып табылады.
3. Тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілерін уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз иеленген кезде, уәкілетті орган алты айдан аспайтын мерзімде осы тұлғаға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сату бойынша талаптар бөлігінде осы Заңның 42-7-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолданады.»;
14) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттік тіркеу
Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді әділет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты болған кезде жүзеге асырады.
Рұқсат берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн, әділет органдарында қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар мемлекеттік қайта тіркелгеннен кейін жинақтаушы зейнетақы қоры қайта тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға тіркеген әділет органының белгісі және мөрі бар, құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Құрылтай құжаттарына мемлекеттік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры әділет органының зейнетақы қорының хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға жинақтаушы зейнетақы қорының осы хатының көшірмесін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.»;
15) 40-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті түрде ішкі аудит қызметін құрады және мынадай алқалы органдарды:
1) директорлар кеңесін - басқарушы органды;
2) басқарманы - атқарушы органды қалыптастырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшесінің бірінші басшысы мен бас бухгалтерін қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері, бас бухгалтер, жинақтаушы зейнетақы қорының бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген есептіліктің әртүрлі нысандарын қоса алғанда, уәкілетті органға ұсынылатын ақпаратқа, сондай-ақ кастодиандық шартқа сәйкес зейнетақы активтері бойынша ай сайынғы салыстыру жүргізілгенін растайтын құжаттарға қол қою құқығы бар жинақтаушы зейнетақы қорының өзге де басшылары жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері деп танылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2 -тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға қаржы жылы ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының барлық басшы қызметкерлеріне жинақтаушы зейнетақы қоры төлеген табыстар туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанда ұсынуға міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
1-2. Жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі және (немесе) басқармасы мүшелерінің осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкері лауазымын атқаруына болмайды.»;
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алу үшін негіз болып табылады.»;
16) мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:
«40-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
Жинақтаушы зейнетақы қорлары немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін құрады, ол:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;
2) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясатты және рәсімдерді;
3) тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне арналған лимиттерді;
4) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі есептілікті жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның органдарына ұсынудың ішкі рәсімдерін;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлерін қамтуға тиіс.
Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
17) 41-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының:
1) зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;
2) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақылар алуға;
3) уәкiлеттi орган берген лицензиялар негiзiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi және бағалы қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті дербес жүзеге асыруға;
4) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен салымшының жазбаша өтiнiшi бойынша сотта оның мүдделерiн бiлдiруге;
5) өз мұқтажы үшін сатып алынған мүлікті жалға беруге;
6) зейнетақы шартының талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.»;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде зейнетақы активтері есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
3-2) салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға ниеттенген тұлғаларға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызмет көрсетуге;
3-3) рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингіне ие болуға міндетті. Талап етілетін ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;»;
8) тармақшадағы «шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті,» деген сөздер «қаржылық есептілік пен» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшаның екінші сөйлеміндегі «және өкілдіктің» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салымшылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларына:
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген қызмет түрлерін қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
2) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мүлiктi қоспағанда, мүлiктi сатып алуды немесе сатуды жүзеге асыруға;
3) үлестес тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін, параметрлері қор биржасы акциялары нарығы индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының тізіміне (қор биржасының өкілдік тізіміне) кіретін акцияларды не осындай акциялар базалық актив болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, үлестес тұлғалар шығарған акцияларды не осындай акциялар базалық актив болып табылатын депозитарлық қолхаттарды жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен сатып алуға;
4) зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген мақсаттарға пайдалануға;
5) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлеріне айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада көрсетілетін қаржы көмегін қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен өтеусіз негізде қаржы көмегін көрсетуге;
6) сақтандыру қызметімен айналысуға;
7) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді кепiлге беруге;
8) акциялардан басқа, бағалы қағаздарды шығаруға;
9) жинақтаушы зейнетақы қорының мақсаттары үшін банктерден күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімге, меншікті капиталдың мөлшерінен асатын мөлшерде қарыз қаражатын тартуға;
10) қарыздарды кез келген тәсілмен беруге;
11) кез келген түрдегі кепілдемелер мен кепілдіктерді беруге;
12) жинақтаушы зейнетақы қорымен еңбек шартын жасаспаған тұлғаларды осы баптың 2-тармағының 3-2) тармақшасында көрсетілген міндеттерді орындау үшін тартуға тыйым салынады.»;
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
«қорларының» деген сөзден кейін «және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
«уәкілетті орган белгілейді» деген сөздер «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік «қоры» деген сөзден кейін «және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлікте:
«Жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамын тікелей немесе жанама иеленетін» деген сөздер «Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
«меншікті капиталының» деген сөздердің алдынан «және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталын ұлғайту бойынша шаралар қолдануға міндетті.»;
5-тармақ алып тасталсын;
18) 41-1-бап алып тасталсын;
19) мынадай мазмұндағы 41-3-баппен толықтырылсын:
«41-3-бап. Шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларына жарнама шығарылған күнi шындыққа сай келмейтiн қызметiн жарнамалауға тыйым салынады.
2. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорынан шындыққа сай келмейтiн жарнамаға өзгерiстер енгiзудi, оны тоқтатуды немесе терiске шығарып жариялауды талап етуге құқылы.
Бұл талап уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган жарнамада баяндалған мәлiметтердiң шындыққа сай келмейтiндiгi туралы ақпарат жариялауға, не оларды мұндай жарнаманы жариялаған жинақтаушы зейнетақы қорының есебiнен нақтылауға құқылы.
3. Мына тұлғаларға:
зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға;
жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметкерлері болып табылмайтын және жинақтаушы зейнетақы қорлары уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға жинақтаушы зейнетақы қорлары көрсететін қызметтерді жарнама беруші ретінде жарнамалауға тыйым салынады.
4. Зейнетақы активтері туралы ақпаратты жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым тиісті инвестициялық кіріс алынған кезеңді көрсету арқылы ғана ұсынуы мүмкін.»;
20) 42-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;»;
«3) міндеттеме-хатты ұсыну туралы талап жіберуге;
4) міндетті түрде қол қойылуға тиіс жазбаша келісім жасасуға құқылы.»;
2-тармақта:
«орын алған кемшіліктерді мойындау фактісі және» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды мойындау фактісі, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мұндай кемшіліктерді» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«дереу» деген сөз алып тасталсын;
«кемшіліктерді» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«осыған байланысты» деген сөздер «осы бұзушылықтарды жою жөнінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «міндеттеме-хаттың немесе жазбаша келісімнің» деген сөздер «міндеттеме-хаттың, жазбаша келісімнің немесе жазбаша нұсқаманың» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
5) тармақшадағы «не уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) уәкілетті орган қолданған ықпал етудің шектеулі шараларының талаптарын орындамауы;
5-2) уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімге қол қоюдан бас тартуы;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларының ірі қатысушысы, ірі қатысушылары белгілерін иеленуші тұлғаларға қатысты, егер жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын нашарлатқанын немесе осы Заңның 34-бабының талаптарын бұзуға алып келгенін анықтаса, осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында келтірілген шараларды немесе осы баптың 7-тармағының 2) тармақшасында көзделген санкцияны қолдануға құқылы.»;
21) 42-7 және 43-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«42-7-бап. Ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
1. Уәкілетті орган:
1) ірі қатысушы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленгеннен кейін осы Заңның 36-2-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
3) осы Заңның 42-бабы 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларына немесе «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабы 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын және уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімдерді орындамаған;
4) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін әрекеттерді жасаған;
5) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғалардың, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларының соның нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін қаржылық жағдайының тұрақсыз болғаны;
6) осы Заңның 41-2-бабында көрсетілген факторлардың анықталуына байланысты жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайы нашарлаған;
7) жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым мен оның ірі қатысушысының, ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар болған;
8) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, сондай-ақ ірі қатысушының осы Заңның 34-бабы, 41-бабының 4-тармағы талаптарының орындалмауына әкеп соққан әрекеті немесе әрекетсіздігі орын алған жағдайларда ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде уәкілетті орган:
1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысынан оның тікелей немесе жанама түрде иелік ету үлесін жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
2) жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымнан ірі қатысушыға қатысты олардың арасындағы, жинақтаушы зейнетақы қорын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды тәуекелге ұрындыратын, операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
3) жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымнан, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысынан жинақтаушы зейнетақы қорын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды қосымша капиталдандыру бойынша шаралар қолдануды талап етуге құқылы.
3. Ірі қатысушы не жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті органның шешімі негізінде жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның не жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлік басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына не жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.