2) тармақша «аяқталғаннан кейін» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «жазбаны табыс етуге тиіс» деген сөздер «жазбаны;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) үлестес тұлғалармен мәмілелер туралы тоқсан сайынғы есепті табыс етуге тиіс.»;
5-тармақта:
бірінші бөлікте:
2) тармақша «қаржылық есептілігі» деген сөздерден кейін «, банк конгломератының құрылымы туралы есеп» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «мәліметтер көрсетілуге тиіс» деген сөздер «мәліметтер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) банк конгломератының үшінші тұлғалар (тұлғалар тобы) алдындағы банк конгломератының меншікті капиталының он және одан көп пайызын құрайтын барлық міндеттемелері туралы есептер көрсетілуге тиіс.»;
екінші бөліктің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
үшінші бөлігі «кезден бастап» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк холдингі қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз сексен күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес уәкілетті органға жылдық қаржылық есептілікті ұсынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысына осы баптың 1-тармағының талаптары қолданылады.
Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысына осы тармаққа сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк холдингіне қатысты көзделген талаптар қолданылады.»;
8-тармақ алып тасталсын;
30) 55-бапта:
тақырыбы «Банк» деген сөзден кейін «және банк холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Банк холдингтері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, сондай-ақ еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жариялайды.»;
Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының банк холдингі болып табылатын резидент еместерге қолданылмайды.»;
31) 57-бапта:
1-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «берілгеннен кейін» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
1-2-тармақ алып тасталсын;
32) 59-3-бапта:
11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банк конгломератының қатысушысы болып табылатын банктің қайта құрылымдау жоспарында, көрсетілген ақпараттан басқа, банкті қайта құрылымдаудың банк конгломератының басқа қатысушыларына ықпалының болжамды нәтижелер қамтылуға тиіс.»;
15-тармақтың екінші бөлігіндегі «осы Заңда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
«16. Банктің сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта құрылымдауды жүргізу кезеңінде банк ұйымдардағы қатысу сомасын (абсолюттік мәнде) өсіре алмайды.»;
33) ІІ-бөлімнің тақырыбындағы «Банкілердің» деген сөз «Банктердің және банк холдингтерінің» деген сөздермен ауыстырылсын және 7-тараудың тақырыбындағы «Банктерді» деген сөзден кейін «және банк холдингтерін» деген сөздермен толықтырылсын:
34) 60-бапта:
тақырыбындағы және мәтіндегі «Банкілерді», «банк», «Банкіні», «банкінің», «банкіні» деген сөздер тиісінше «Банктерді (банк холдингтерін)», «банк (банк холдингі)», «Банкті (банк холдингін)», «банктің (банк холдингінің)», «банкті (банк холдингін)» деген сөздермен ауыстырылсын;
1 және 2-тармақтар «акционерлердiң», «акционерлерiнiң» деген сөздерден кейін тиісінше «(қатысушылардың)», «(қатысушыларының)» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтағы «қолданылып жүрген заңдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы баптың талаптары мынадай талаптардың бірі орындалған:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингінің, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаның шыққан елінің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына шетел валютасында берілген тәуелсіз рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөнінде келісім болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды.»;
35) 61-бапта:
тақырыбындағы «Банкіні» деген сөз «Банкті және банк холдингін» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «Банкіні» деген сөз «Банкті (банк холдингін)» деген сөздермен ауыстырылсын;
а) тармақшасындағы «банкілер» деген сөз «банктердің (банк холдингтерінің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 61-3-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «Тұрақтандыру банкінің, осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген қызметті қоспағанда,» деген сөздер «Тұрақтандыру банкінің, заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банктің меншігіне өткен кезде осы ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алуды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 8-тараудың тақырыбындағы «Банкіні» деген сөз «Банкті және банк холдингін»деген сөздермен ауыстырылсын;
38) 62-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Екінші деңгейдегі банктерге консервациялау режимін қолдану (орнату) тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
39) 65-баптың 2-тармағының з) тармақшасындағы «беруге құқылы.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы и) тармақшасымен толықтырылсын:
«и) осы Заңның 8-бабында көздеген қызметті жүзеге асыруға құқылы.»;
40) 8-тарау мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын:
«67-1-бап. Банктің бас ұйымы болып табылатын банк холдингін консервациялау
1. Банк холдингін консервациялау банк холдингінің қаржылық жағдайын сауықтыру және оның жұмыс сапасын жақсарту мақсатында банк холдингіне қатысты әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн уәкілетті органның шешiмi бойынша мәжбүрлi түрде жүргiзудi бiлдiредi.
2. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банк холдингі ғана консервациялауға ұшыруы мүмкін.
Банк холдингі мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн:
1) банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің орындалмауы;
2) қатарынан екі және одан кейінгі тоқсандарда теріс меншікті капиталдың болуы.
3. Консервациялау режимiн белгiлеу банк холдингін басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе банк холдингінің уақытша басқарушысын уәкілетті органның шектеулi (бiр жылға дейiнгі) мерзiмге тағайындауын көздейді.
4. Банк холдингін консервациялау банк холдингінің өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Уәкілетті органның консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне банк холдингінің акционерлерi (қатысушылары) күнтізбелік он күн мерзiмде сот тәртiбiмен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым жасау банк холдингін консервациялауды тоқтата тұрмайды.
6. Осы Заңның 63, 64, 65, 66 және 67-баптарының талаптары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде банк холдингтеріне қолданылады.»;
41) 69-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат берудің тәртібі, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарудың, оларды басқа банкке аударудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Уәкілетті орган банкті өз еркімен таратуға рұқсат беруден бас тартуды мынадай негіздердің бірі:
1) ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе тиісті түрде ресімделмеуі;
2) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін банк қаражатының жеткілікті болмауы;
3) жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу арқылы қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа банкке аудару жөніндегі іс-шараларды қабылдамауы бойынша жүргізеді.»;
42) 73-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі күшіне енген күннен бастап банктің бұрын жұмыс істеп келген органдарының өкілеттіктері тоқтатылады, басшы қызметкерлері, ал қажет болған жағдайда өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан босатылады.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тарату комиссиясы тарату балансы мен тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін оларды күнтізбелік отыз күн ішінде заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Тарату комиссиясы банк қызметінің тоқтатылуы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде банк қызметінің тоқтатылуының тіркелгені туралы бұйрықтың көшірмесін уәкілетті органға ұсынады.»;
43) 74-4-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «орындамаған жағдайда,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын.
11. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «ашық» деген сөз алып тасталсын;
2) 1-бапта:
2), 3), 4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
2) үлестес тұлғалар - шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге ықпал етуге, оның ішінде жасалған мәміленің күшіне қарай мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды және ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Ұлттық басқарушы холдингтің жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің құрамында болуы тұлғалардың бір-біріне қатысты үлестес екенін айқындау үшін негіз болып табылмайды;
3) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын жанама иелену (дауыс беру) - жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының, немесе жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы айқындау мүмкіндігі;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы - жеке немесе заңды тұлға (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда), ол уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иелене алады немесе:
жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру;
жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қабылдайтын шешімдерге шарттың күшіне қарай не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі болады;»;
«6) бақылау - заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі, ол мынадай талаптардың бірі болған:
заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) елу пайызынан астамын бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленуі не заңды тұлғаның акцияларының елу пайызынан астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болған;
бір тұлғада заңды тұлғаның басқару органының немесе атқарушы органының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған;
Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігі аудиторлық есепке сәйкес заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне енгізілген;
бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп шарттың (растайтын құжаттардың) күшіне қарай немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайды;»;
10) және 34) тармақшалар алып тасталсын;
3) 18-баптың 2-тармағының 4-3) тармақшасы «жасасқан жағдайда» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Заңның 45-2-бабының 4-1-тармағында белгіленген жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 26-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi кастодиандық шартқа сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорымен және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен үлестес емес кастодиан - банкте сақталады және соның шотында есепке алынады.
Үлестес тұлғалардың тізбесі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында белгіленеді.»;
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
«дереу» деген сөз алып тасталсын;
«жинақтаушы зейнетақы қорын» деген сөздерден кейін «келесі жұмыс күнінен кешіктірмей» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 27-1-баптың 4-тармағындағы «2012» деген цифрлар «2015» деген цифрлармен ауыстырылсын;
6) 30-бапта:
тақырыбы «Салымшының» деген сөзден кейін «(алушының)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы (алушы) арасында мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгi шарттарға сәйкес жазбаша түрде жасалады.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында көрсетілген, уәкілетті органмен келісілген және жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурстарында жарияланған жинақтаушы зейнетақы қоры, оның филиалдары және (немесе) өзге де бөлімшелері (өкілдіктерін қоспағанда) орналасқан жерден тыс жерде жасасқан жағдайда салымшының (алушының) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы қолтаңбасының түпнұсқалығын нотариус немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілеттік берілген өзге де адамдар куәландыруға тиіс.
Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың есебін олар жасалған жерді, салымшы (алушы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қол қойған кезде қатысқан нотариустың немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілеттік берілген өзге де тұлғалардың, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсете отырып жүргізеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.».
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу үшін адамдарды тарту процесінде осы адамдарға:
1) ақша;
2) бір сыйлық үшін құны айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен асатын, жинақтаушы зейнетақы қорының атауы жазылмаған сыйлықтар ұсынуға (беруге) тыйым салынады.
Осы тармақтың талабы жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың барлық қызметкерлеріне қолданылады.»;
2-тармақта:
2) тармақшада:
«салымшының» деген сөз «алушының және (немесе) салымшының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«егер ол» деген сөздер «егер салымшы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе оның атауы» деген сөздер «, сондай-ақ атауы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«банктiк реквизиттерi (егер ол заңды тұлға болса)» деген сөздер «заңды тұлға болып табылатын салымшының банктік реквизиттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақша алып тасталсын;
7) 31-4-баптың 1-тармағындағы «құжаттар топтамасын алған кезден» деген сөздер «талаптарға сәйкес келетін құжаттарды алған күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 33-бап алып тасталсын;
9) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының құқықтық жағдайы
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары қор биржасы ресми тізімінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген санаттарына енгізілуге тиіс.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорын құру және оның қызметі кезеңінде мына талаптардың бірі орындалуға тиіс:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары акционерлер арасында орналастырылуға тиіс, олардың үшеуі және одан көбі бір-біріне қатысты үлестес болмайтын ірі акционерлер болып табылады. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорының бір акционерінің не бір-біріне қатысты үлестес болатын акционерлер тобының үлесі жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жалпы санының жетпіс бес пайызынан аз болуға тиіс;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының миноритарлық акционерлерге тиесілі акцияларының үлесі жиынтығында жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан көп болуға тиіс.
Бұл ретте миноритарлық акционердің үлесі оның үлестес тұлғаларымен бірге жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жалпы санының он пайызынан аз болуға тиіс.
Осы тармақтың талаптары мемлекет қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорларына қолданылмайды.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптардан басқа жинақтаушы зейнетақы қорының жарғысы:
1) корпоративтік басқару кодексінің;
2) корпоративтік хатшы лауазымының;
3) корпоративтік веб-сайттың;
4) «алтын акцияға» тыйым салудың болуын көздеуге тиіс.»;
10) 35-бапта:
6-тармақта:
2) тармақша «үш ай ішінде» деген сөздерден кейін «меншікті капиталының жеткіліктілігі мен зейнетақы активтерінің табыстылығы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «ықпал ету шараларын» деген сөздер «санкцияларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жинақтаушы зейнетақы қоры әділет органдарында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға:
1) филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) филиалдың, өкілдіктің есептік қайта тіркелгені туралы нотариат куәландырған куәліктің көшірмесін ұсынуға міндетті.
Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жинақтаушы зейнетақы қоры әділет органының жинақтаушы зейнетақы қорының хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жинақтаушы зейнетақы қорының көретілген хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.»;
10-тармақтағы «талап етуге құқылы» деген сөздер «талап етеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 36-бапта:
1, 1-1, 1-2 және 1-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының резиденттерi-жеке тұлғалар, заңды тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және (немесе) акционерлерi бола алады.
Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы ғана құрылтайшы және (немесе) акционер бола алады.
Ұлттық басқарушы холдинг Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде ғана жинақтаушы зейнетақы қорының акционерi бола алады.
1-1. Рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидентi емес - заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы және (немесе) акционерi бола алады. Рейтингтік агенттіктердің тізбесін және талап етілетін ең төменгі рейтинг уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
11-тармақтың 11) тармақшасының жетінші абзацы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттерi - жинақтаушы зейнетақы қорларының дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге құқылы емес.
1-2. Жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының резиденті еместерге (сенімгерлік басқаруға берілген), сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының резиденті еместерге тиесілі (сенімгерлік басқаруға берілген) ұйымдарға тиесілі дауыс беретін акцияларының жиынтық саны осы жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан аспауға тиіс.
1-3. Дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиынтығында он немесе одан көп пайызын сатып алу ниеті бар тұлға бұл туралы хабарламаны акцияларды болжамды сатып алудың басталу күнінен күнтізбелік он күн бұрын жинақтаушы зейнетақы қорына жіберуге міндетті.
Хабарламада:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының сатып алынатын акцияларының саны;
2) болжамды сатып алу бағасы;
3) дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу ниеті бар тұлғамен жинақтаушы зейнетақы қоры байланыса алатын осы тұлғаның байланыс деректері (электрондық пошта мекенжайы не телефон немесе телефакс нөмірі);
4) жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері;
тұрғылықты жері;
5) заңды тұлға үшін:
атауы;
заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) нөмірі мен күні;
тұрғылықты жері туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.»;
1-4-тармақ алып тасталсын;
11-тармақтың 11) тармақшасының жиырма үшінші абзацы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ алып тасталсын;
12) 36-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«36-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы