49-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына аудит
1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушылары үшін міндетті.
Аудиторлық есептің көшірмесі көрсетілген құжат алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға берілуге тиіс.
2. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін осы Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы орналасқан елде қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйым растауға тиіс.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын қазақ немесе орыс тілдерінде табыс етеді.
4. Жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық ахуалына әсерін тигізетін, аудиторлық есепте көрсетілген бұзушылықтарды көрсетілген тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда уәкілетті орган бұзушылықтар жойылғанға дейін:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға қатысты тиісті лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;
2) жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
5. Осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган:
1) жинақтаушы зейнетақы қорын және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды лицензиясынан айыруға;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.»;
30) 50-бапта:
3-тармақтағы «алушының» деген сөз «салымшының (алушының)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
4) тармақшадағы «алушының» деген сөз «салымшының (алушының)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) орталық атқарушы органға - салымшының (алушының) өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;»;
31) 52-бапта:
1-2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама түрде иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге құқығы жоқ.»;
1-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, шетел қатысатын ұйымдардың жиынтық меншікті капиталы Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдарының жиынтық меншікті капиталының елу пайызынан аспауы керек.
Осы тармақтың талабы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, шетел қатысатын ұйымдардың жиынтық меншікті капиталын Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдарының жиынтық меншікті капиталынан:
1) бөлінбеген пайда есебінен;
2) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық меншікті капиталын азайту есебінен елу пайыздан асатын мөлшерге дейін ұлғайтқан жағдайға қолданылмайды.»;
1-4-тармақ алып тасталсын;
1-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-5. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, шетел қатысатын ұйым - орналастырылған акцияларының үштен бірінен астамы:
1) Қазақстан Республикасы резидент еместерінің;
2) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының резидент еместерінің иелігіндегі, меншігіндегі және (немесе) басқаруындағы Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының не оларға ұқсас Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының;
3) Қазақстан Республикасының резидент еместерінің (сенімді тұлғаларының) не осы тармақтың 2) тармақшасында аталған заңды тұлғалардың қаражатына иелік етушілер болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің иелігіндегі, меншігіндегі және (немесе) басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым.»;
32) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-бап. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлері
1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның барлық басшы қызметкерлеріне зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қаржы жылының ішінде төлеген кірістер туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа түрлерін есептеу жөніндегі зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесінің және (немесе) басқармасының мүшелері зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды осы ұйым жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымында бола алмайды.
3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптар «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;
33) 55-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздер «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
2) тармақша «банктерден» деген сөздің алдынан «зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мақсаты үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада:
«жинақтаушы зейнетақы қорының» деген сөздер алып тасталсын;
«зейнетақы активтері есебінен аффилиирленген тұлғалармен» деген сөздер «зейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен үлестес тұлғалармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің есебінен үлестес тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, үлестес тұлғалар шығарған акцияларды не параметрлері қор биржасының акциялары нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының тізіміне (қор биржасының өкілді тізіміне) не базалық активі осындай акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар тізіміне кіретін акцияларды қоспағанда, базалық активі осындай акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарды сатып алуға;
3-2) зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген мақсаттарға пайдалануға;
3-3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметкерлеріне қаржылық көмекті қоспағанда, меншікті активтер есебінен бір жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға өтеусіз негізде қаржылық көмек ұсынуға;»;
8) тармақша «зейнетақы» деген сөзден кейін «және (немесе) меншікті» деген сөздермен толықтырылсын.
12. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
1) 1-тарау мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-баптармен толықтырылсын:
«12-1-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғасы
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (бұдан әрі осы бапта - серіктестік) үлестес тұлғасы деп тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді анықтауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың біреуінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасалған мәміле негізінде ықпал ету мүмкіндігіне ие жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) танылады.
2. Мыналар:
1) құрылтайшылар, қатысушылар;
2) осы тармақтың 1), 3) және 9) тармақшаларында аталған жеке тұлғалардың жақын туыстары, зайыбы (жұбайы), зайыбының (жұбайының) жақын туыстары;
3) серіктестіктің немесе осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың лауазымды тұлғалары;
4) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған тұлғаның не серіктестіктің лауазымды тұлғасының бақылауында болатын заңды тұлға;
5) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған не серіктестіктің лауазымды тұлғасы болып табылатын тұлға оған қатысты ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;
6) оған қатысты серіктестік ірі акционер болып табылатын немесе мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;
7) осы тармақтың 6) тармақшасында аталған заңды тұлға оған қатысты ірі акционер болып табылатын немесе мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;
8) серіктестікпен бірге үшінші бір тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға;
9) серіктестік қабылдайтын шешімдерді анықтауға құқылы, шартқа сәйкес серіктестікпен байланысты болатын тұлға;
10) дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 11) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) иеленетін, пайдаланатын, оларға билік ететін тұлға;
11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес серіктестіктің үлестес тұлғасы болып табылатын өзге де тұлға серіктестіктің үлестес тұлғасы болып табылады.
3. Тиісінше серіктестік немесе өзге де заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді анықтау мүмкіндігі серіктестікті немесе өзге де заңды тұлғаны бақылау болып табылады.
12-2-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді ашу
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болып табылмайды.
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің үлестес тұлғаларын есепке алуды осы тұлғалар беретін мәліметтер негізінде жүргізуге міндетті.
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғалары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар үлестестігі пайда болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өздерінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді жауапкершілігі шектеулі серіктестікке беруге міндетті.»;
2) 16-1-баптың 1-тармағының бірінші абзацында «қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар» деген сөздер «қызметтi жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«41-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің органдары мен лауазымды тұлғалары
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің органдары мыналар:
1) серіктестіктің жоғары органы - оған қатысушылардың жалпы жиналысы (жалпы жиналыс);
2) серіктестіктің атқарушы органы (алқалы және (немесе) жеке-дара) болып табылады.
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органының мүшелері немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органының функцияларын жеке-дара атқаратын тұлға, сондай-ақ байқаушы кеңестің мүшелері жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің лауазымды тұлғалары болып табылады.
3. Жарғыда көзделген жағдайда жауапкершілігі шектеулі серіктестік байқаушы кеңесті және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушіні) құруы мүмкін.
4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік органдарының құзыреті, сондай-ақ олардың шешім қабылдау немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік атынан әрекет жасау тәртібі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен және жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғысымен анықталады.».
13. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
5-баптың 2-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушылар;».
14. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 3-бапта:
3) тармақшада:
бірінші абзацтағы «бір заңды тұлғаның басқа» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацта:
«басқа тұлғаның дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының» деген сөздер «заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«басқа» деген сөз алып тасталсын;
үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«бір тұлғада заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған;
Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігі аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосылған;»;
бесінші абзацта:
«бір заңды тұлғаның» деген сөздер «бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғалармен бірлесіп,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«басқа» деген сөз алып тасталсын;
18-2) тармақша «ақпараттың жиынтығы» деген сөздерден кейін «(оның ішінде электрондық нысанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
23-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23-2) сақтандыру тобы - банк конгломераты болып табылмайтын, сақтандыру холдингінен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сондай-ақ сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы.
Сақтандыру тобының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі, сондай-ақ еншілес ұйымдар және Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының резиденттері емес болып табылатын ұйымдар кірмейді.»;
26) тармақшада:
бірінші абзацтағы «дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздер «орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып)» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац «осы Заңда» деген сөздердің алдынан «мұндай иеленуші мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
26-1) тармақшада:
бірінші абзацтағы «дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздер «орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «(артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзац «жағдайларды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
«29-1) үлестес тұлғалар - шешімді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мәміле күшіне қарай ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды және ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда). Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің құрамында ұлттық басқарушы холдингтің болуы тұлғаларды бір-біріне қатысты үлестес деп айқындау үшін негіз болып табылмайды.»;
2) 11-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Сақтандыру ұйымы өзінде:
1) ірі қатысушы - жеке тұлға немесе сақтандыру холдингі;
2) астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдары және (немесе) сақтандыру агенттері болмаған кезде мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалатын міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының талабы орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.»;
3) 15-1-бапта:
тақырыбындағы «аффилиирленген тұлғаларына» деген сөздер алып тасталып, «жасалуына» деген сөз «жасауына» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақта:
төртінші абзац «немесе оның жұбайы (зайыбы)» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзацта «туыстарының бірі» деген сөздерден кейін «, оның жұбайы (зайыбы)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы - жеке тұлға немесе сақтандыру холдингі осы Заңның 26-бабында белгіленген тиісті мәртебені алу шеңберінде ұсынған бизнес-жоспарды қарайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының (сақтандыру холдингінің) бизнес-жоспарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының даму стратегиясына (даму жоспарына) енгізу не енгізбеу туралы тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының (сақтандыру холдингінің) бизнес-жоспарын қарау нәтижелері туралы хабарлауға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының даму стратегиясының (даму жоспарының) сақталуын қамтамасыз етеді.»;
«6. Осы баптың талаптары:
1) мынадай шарттардың бірі:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ сақтандыру холдингінде, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлғада шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің болуы орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерін;
2) банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтерін қоспағанда, сақтандыру холдингтеріне қолданылады.»;
4) 16-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін сақтандыру сыныптары бойынша және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес сақтандыру тарифтерінің мөлшері туралы ақпаратты интернет-ресурста немесе клиенттердің көруі үшін қолжетімді жерде орналастыруға және жаңартылған күйде ұстауға мiндеттi.»;
5) 17-баптың 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сақтандыру брокеріне ол осы баптың 2-тармағында аталған брокерлік қызметті сақтанушының (цеденттің) мүддесінде жүзеге асырғаны үшін кез келген сыйақыны тек қана сақтанушы (цедент) төлеуге тиіс.
6. Егер сақтандыру брокері және (немесе) оның үлестес тұлғасы бір сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырған жағдайда сақтандыру брокеріне және (немесе) оның үлестес тұлғасына сыйақыны сақтанушы төлейді.»;
6) 18-1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары үшін» деген сөздер алып тасталсын;
14-тармақтың 7) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 21-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама түрде иелене алмайды және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билік ете алмайды.
Аталған шектеу рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
Рейтингтік агенттіктердің тізбесі және талап етілетін ең төменгі рейтинг уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
8) 25-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде оның акцияларына ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, орналастырған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына ақы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшамен төленуге тиіс.»;
9) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы