Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына не ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акциялары ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда акцияларды сенімгерлік басқару белгіленетін мерзім уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды белгілеу туралы тиісті шешімінде анықталады.
Уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырған кезеңде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.
Ірі қатысушы не жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның барлық өзіне тиесілі акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.
Өтінішхатта көрсетілген акцияларды сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
Сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім аяқталғанға дейін жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқаруға беру негіздері жойылмаған жағдайда уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг сенімгерлік басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында акцияларды сату туралы шешім қабылданған күнге қалыптасқан нарықтық баға бойынша сату жолымен иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда бағалаушы акцияларды сату құнын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына не ірі қатысушының белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларды сату жөніндегі іс-шаралар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына не ірі қатысушының белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңіндегі іс-әрекеті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
43-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша бiрiктiру нысанында жүзеге асырылады. Қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiшхатқа мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;
2) жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың белгіленетін болжамды шарттары, тәртібі мен мерзiмдерi;
3) жинақтаушы зейнетақы қорының оны қайта ұйымдастырғаннан кейiнгi есептiк балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы.
Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтiнiшхатты құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
2. Қайта ұйымдастырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық салымшылары мен алушыларына алдағы өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
3. Қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры өзіне басқа жинақтаушы зейнетақы қорын қосып алған жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының негізінде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
4. Қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қорына берілуге тиіс.»;
22) 44-бап 3) тармақшадағы «бұзылуы бойынша бас тартылады.» деген сөздер «бұзылуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) қайта ұйымдастыруға уәкiлеттi органның рұқсатын алу үшін ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі бойынша бас тартылады.»;
23) 45-бапта:
1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2. Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысы:
1) зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарттары;
2) ашылған жеке зейнетақы шоттары;
3) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша салымшылар (алушылар) алдында орындалмаған міндеттемелері болмаған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
2-тармақтағы «Ерiктi және мәжбүрлеп тарату» деген сөздер «Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратуды жүргізу тәртібі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
екінші бөліктегі «Ерiктi немесе мәжбүрлеп» деген сөздер «Мәжбүрлеп» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «ерекшеліктері» деген сөз «тәртібі» деген сөзбен ауыстырылсын;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тарату комиссиясы тарату балансы мен тарату туралы есептi бекіткеннен кейiн күнтізбелік отыз күн ішінде оларды заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, ал аталған құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға табыс етуге мiндеттi.
Тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорын таратуды аяқтаған кезде құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
Жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің тоқтатылуы тіркелгеннен кейін тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін уәкiлеттi органға табыс етеді.
7. Ерікті түрде таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен танылған талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген кезектілікпен қанағаттандырылады.
Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылады:
1) бірінші кезекте таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін және оның зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерін қабылдаған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері алдындағы талаптары қанағаттандырылады;
2) екінші кезекте жалақыдан және (немесе) өзге табыстан ұсталған алименттерді төлеу жөніндегі талаптар, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілгені үшін жауаптылықта болатын азаматтардың талаптары тиісті мерзімді төлемдерді капиталдандыру арқылы қанағаттандырылады;
3) үшінші кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы төлеу және өтемақылар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді төлеу жөнінде, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнінде есеп айырысулар жүргізіледі;
4) төртінші кезекте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек өтеледі;
5) бесінші кезекте Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес басқа да кредиторлармен есеп айырысулар жүргізіледі.
Тиiстi кезектілік басталған кезде кредитордың талабы оның келісімiмен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн тәсiлдермен, оның iшiнде ақшалай нысанда және (немесе) есеп айырысудың пропорционалды қағидатын сақтай отырып, мүлiктi заттай нысанда беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
Жинақтаушы зейнетақы қорының активтері бір кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған кезде таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасы және (немесе) өзге мүлкі бір мезгілде осы кезектегі кредиторлар арасында қанағаттандырылуға тиіс талаптардың сомаларына пропорционалды түрде бөлінеді.
Тарату iсiн жүргiзуге байланысты, оның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының негiзгi функцияларын қамтамасыз ету қажеттілігiнен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты түрде жүргізіледі.»;
24) 45-1-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жеке зейнетақы шоттарының, сондай-ақ осы Заңның 45-бабы 1-2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген міндеттемелердің болмауын растайтын құжат;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының өз мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуы үшiн оның өз қаражатының жеткiлiктi екенін, сондай-ақ осы Заңның 45-бабы 1-2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелерінің жоқ екендігін куәландыратын бухгалтерлік баланс пен оған түсіндірме жазба;»;
3-тармақтағы «орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында» деген сөздер «баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
25) 45-2-бапта:
2-тармақтағы «1-тармағының 3) тармақшасында» деген сөздер «1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясынан айырылған күннен бастап:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары, органдары жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкіне билік етуге құқылы емес;
2) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты бұрын қабылданған сот шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
3) кредиторлардың жинақтаушы зейнетақы қорына қоятын талаптары тек тарату ісін жүргізу барысында ғана қойылуы мүмкін;
4) кредиторлардың, салық қызметі органдарының, оның ішінде даусыз (акцептісіз) тәртіппен қанағаттандырылуы тиіс талаптары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының банктік шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін өндіріп алуға өтінім жасауына жол берілмейді;
5) жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды тұлғаларының жинақтаушы зейнетақы қорының өздеріне тиесілі акцияларын иеліктен шығаруына тыйым салынады;
6) басшы, ал қажет болғанда өзге қызметкерлер де Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган зейнетақы активтерін, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерін табыс еткеннен кейін он жұмыс күні ішінде сотқа жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтініш береді.»;
үшінші бөліктегі «басылымдарында» деген сөзден кейін «қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөлік «міндеттемелерін» деген сөзден кейін «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін орындау мақсатында уақытша әкімшілік (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) жинақтаушы зейнетақы қорының меншігі болып табылатын ақшаны уәкілетті орган белгілеген тәртіппен оның зейнетақы активтерінің алдындағы міндеттемелерін төлеуге беруге құқылы.»;
алтыншы бөліктегі «мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына өткізуді аяқтағанға» деген сөздер «уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындағанға» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші бөліктегі «есебi жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы шешiм қабылдаған уәкiлеттi органға және сотқа табыс етіледi» деген сөздер «орындалған жұмыс туралы есебі бекіту үшін уәкілетті органға табыс етіледi» деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы бөлік алып тасталсын;
оныншы бөліктегі «мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына өткізу аяқталған күннен бастап он күннен» деген сөздер «уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап бір айдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші бөлікте:
бірінші сөйлемдегі «және оны уәкiлеттi орган бекiтедi» деген сөздер алып тасталсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Қабылдау-беру актісінің бір данасы - уәкілетті органға, ал екіншісі жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы шешім қабылдаған сотқа жiберіледi.»;
4-1 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, қолда бар банктік шоттар бойынша барлық операцияны тоқтатуға міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылған күніне дейін жасалған зейнетақымен қамсыздандыру және зейнетақы аннуитеті туралы шарттар бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын аударуды қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе сақтандыру ұйымдарына аудару тоқтатыла тұрады.
Лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе сақтандыру ұйымдарына аудару зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша активтерді және міндеттемелерді осы баптың 4-тармағына сәйкес таңдау жүзеге асырылған жаңа жинақтаушы зейнетақы қорына тапсыру рәсімі аяқталғаннан кейін отыз жұмыс күні өткен соң қайта басталады.»;
«6. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап осы баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 1) - 4) және 6) тармақшаларында көзделген салдар туындайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап жинақтаушы зейнетақы қорының бұрын жұмыс істеп тұрған органдарының өкілеттігі тоқтатылады, басшы, ал қажет болған кезде өзге қызметкерлер де Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан босатылады.»;
8-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;
26) 45-3-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы «орындамаған жағдайда,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
27) 47-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру кезінде оның акцияларына ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларына ақы төлеу тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен жүзеге асырылады.»;
4-тармақтағы «жарғылық капиталға ақша салады,» деген сөздер алып тасталсын;
28) 48-баптың 1-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссиялық сыйақының шамасы жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Комиссиялық сыйақының шамасы кемiнде екi мерзiмдi баспасөз басылымында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялау арқылы салымшылар мен алушыларға күнтiзбелiк жыл басталардан бiр ай бұрын хабарлануға тиiс.
Комиссиялық сыйақыны өндіріп алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
29) 49-1, 49-2 және 49-3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«49-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудиті
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы және жинақтаушы зейнетақы қорымен және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен үлестес емес аудиторлық ұйым жүргiзедi.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебi коммерциялық құпияны құрамайды.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы аудиторлық есебі аудитордың - орындаушының және аудиторлық ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілігі туралы тәуелсіз пікірін және осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты есепке алуды жүргізу және есептіліктің жасалуы тәртібінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру нәтижелері туралы ақпаратты қамтиды.
49-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының есептілігі
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы жыл сайын уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті, сондай-ақ:
1) басқа тұлғалармен бірлесіп жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қабылдайтын шешімдерге шарттың негізінде не өзгеше түрде ықпал етуді жүзеге асыру туралы, оның ішінде осындай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктерді табыстаудың сипаттамасы қамтылатын;
2) жарғылық капиталдардағы өзіне тиесілі қатысу үлестерін (акцияларды) көрсете отырып, ұйымдардағы өзінің атқаратын лауазымдары туралы;
3) ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы өзіне тиесілі қатысу үлестері (акциялар), сондай-ақ оларды сатып алу көздері туралы;
4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауындағы ұйымдар туралы ақпаратты;
5) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы салық органдарына ұсынатын жеке табыс салығы жөніндегі декларациясы болған кезде, оның көшірмесін беруге тиіс.
3. Есептілікті беру тәртібі мен нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы уәкілетті органға:
1) есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік тоқсан күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
2) қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
3) үлестес тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы тоқсан сайынғы есепті табыс етуге тиіс.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысының тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаларда мынадай ақпарат көрсетілуі тиіс:
1) ірі қатысушының қызметі түрлерінің сипаттамасы;
2) ірі қатысушы оның қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы оның ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептілігі;
3) жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (өзіне тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ үлестес тұлғалар туралы, ірі қатысушыны бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер.
Жинақтаушы зейнетақы қорында немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысы болмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы қаржылық есептілікті және осы тармақта көрсетілген ақпаратты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей беруге тиіс.
Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы - заңды тұлға растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, көрсетілген өзгерістер болған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді табыс етеді.
6. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңды тұлға болып табылатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз сексен күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес жылдық қаржылық есептілікті уәкілетті органға табыс етуге тиіс.
Қазақстан Республикасының резиденті емес - жеке тұлға болып табылатын, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына осы баптың 2-тармағының талаптары қолданылады.
7. Егер Қазақстан Республикасының резиденті - қаржы ұйымы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы болып табылатын жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген ақпаратты береді. Бұл ретте, егер жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезеңде табыс етсе, қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба табыс етілмейді.