20) 3-тарау мынадай мазмұндағы 40-5-баппен толықтырылсын.
«40-5-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
1. Банктер тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, ол:
1) банктің директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдерді;
3) банк операцияларының жекелеген түрлері бойынша тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне арналған лимиттерді;
4) банк органдарына тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдерін;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлерін қамтуға тиіс.
Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Банк конгломератының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келетін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі болуға тиіс.
Банк конгломератының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптардың сақталуын шоғырландырылған негізде қамтамасыз етеді.
Банк конгломератының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды банк конгломераты қатысушыларының сақтауы үшін жауаптылықта болады.
21) 42-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«банктің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері;»;
төртінші бөліктегі «және (немесе) банк акцияларының жиырма бес пайызынан астамын иеленетін банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғаларды» деген сөздер «және (немесе) банктің ірі қатысушыларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«Банк» деген сөзден кейін «, банк конгломераты» деген сөздермен толықтырылсын;
«банк» деген сөзден кейін «, банк холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Банк холдингтері, сондай-ақ банктің ірі қатысушылары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген банктің және банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Банктің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйі нашарлаған жағдайда, банк холдингі, банктің ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша банктің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйін жақсарту, оның ішінде банктің немесе банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде банктің және банк конгломератының меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қолдануға міндетті.»;
22) 44 және 45-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру
1. Банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеруді уәкілетті орган дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргiзедi.
Уәкiлеттi орган банктердің қызметіне тексеру жүргізген кезде банктердің үлестес тұлғаларының қызметін тек қана олардың банктердің қызметіне ықпал ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында тексеруге құқылы.
2. Банктер, банк холдингтері, банк конгломератына қатысушылар, сондай-ақ олардың үлестес тұлғалары уәкiлеттi органның тексеру жөнiндегi тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша тексерушi органға жәрдем көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерге сауал қою мүмкiндiгiн және тексерудi орындау үшiн қажеттi кез келген ақпарат көздерiне қол жеткізуін қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру барысында алынған мәлiметтердi жария етуіне не үшiншi тұлғаларға беруіне тыйым салынады.
4. Тексерудi жүзеге асырушы адамдар банктердің, банк холдингтерінің, банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру барысында алынған және банктік не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауаптылықта болады.
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары мына талаптардың бірі орындалған:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингі белгілеріне ие тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына шетел валютасында берілген тәуелсіз рейтингтен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөнінде келісім болған кезде банк холдингі, банк холдингі белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды.
45-бап. Ертерек ден қою шаралары
1. Уәкілетті орган банктердің депозиторлары мен кредиторларының заңды мүдделерін қорғау, банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
1) меншікті капиталының жеткіліктігі коэффициенттерінің төмендеуін;
2) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуін;
3) жеке және заңды тұлғалардың банк міндеттемелері сомасында тартылған салымдары үлесінің төмендеуін;
4) негізгі борышы және пайыздық сыйақысы бойынша мерзімін кешіктіру уақыты күнтізбелік тоқсан күннен асатын банктің несие портфелінің жалпы көлеміндегі қарыздардың ұлғаюын;
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін банктердің қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк конгломератының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында, банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
1) банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктігі коэффициентінің төмендеуін;
2) бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициентінің ұлғаюын;
3) банк конгломератына қатысушылар болып табылатын қаржы ұйымдарына қатысты ертерек ден қою шараларының қолданылуын;
4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін банк конгломератының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
3. Банктің қаржылық жағдайына талдау жасаудың нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.
Банк және (немесе) оның акционерлері көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әрбір тармақ бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, талап ету арқылы банкке және (немесе) оның акционерлеріне төменде санамаланған ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін:
1) банктің ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;
2) депозиттер қабылдауды шектеуді;
3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивидендтерді есептеуді және (немесе) төлеуді тоқтатуды;
4) банк провизияларын ұлғайтуды;
5) банктің басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;
6) тәуекел дәрежесі жоғары банк операцияларының жекелеген түрлерін тоқтата тұруды немесе шектеуді;
7) банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде, оның ішінде оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен банктің меншікті капиталын ұлғайтуды;
8) банктің активтерін және (немесе) міндеттемелерін қайта құрылымдауды;
9) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, оның жекелеген филиалдары мен өкілдіктерін, еншілес ұйымдарын жабу арқылы қысқартуды қолданады.
4. Банк конгломератының қаржылық жағдайына талдау жасау нәтижесінде және (немесе) банк холдингін не банк конгломератының қатысушыларын тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган банк холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк конгломератының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу бойынша ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.
Банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әрбір тармақ бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, талап ету арқылы банк холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына төменде санамаланған ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін:
1) банк конгломератының қатысушыларының өз акционерлерінің (қатысушыларының) арасында жай акциялар бойынша дивидендтерді есептеуін және (немесе) төлеуін (таза кірісті бөлуін) тиісінше уәкілетті орган белгілеген мерзімге тоқтатуды;
2) басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымнан шеттетуді;
3) банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде, оның ішінде банк конгломератының жарғылық капиталын ұлғайту жолымен оның меншікті капиталын ұлғайтуды;
4) банк конгломератының активтерін қайта құрылымдауды;
5) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де еншілес және тәуелді ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлесін азайту арқылы қысқартуды;
6) банк холдингін және банк конгломератының қатысушыларын тәуекелге ұшырататын операцияларды (тікелей және жанама) тоқтата тұруды қолданады.
5. Банктің (банк конгломератының) қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған немесе осы жоспардың іс-шаралары уақтылы орындалмаған, сондай-ақ ертерек ден қою шаралары уәкілетті органның талаптарына сәйкес орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайда банкке (банк холдингіне) және (немесе) оның акционерлеріне (ірі қатысушыларына) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал етудің шектеулі шаралары және (немесе) санкциялар, сондай-ақ мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
6. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және банктің (банк конгломератының) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың бірі орындалған:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына шетел валютасында берілген тәуелсіз рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөнінде келісім болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды.»;
23) 46-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Уәкiлеттi органның пруденциалдық қалыптарының және сақталуға мiндеттi басқа да нормалары мен лимиттерiнiң бұзылғанын, нормативтiк құқықтық құжаттарының бұзылғанын» деген сөздер «Пруденциалдық қалыптардың және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғанын» деген сөздермен ауыстырылсын;
в) тармақшасындағы «ескерту» деген сөз «жазбаша ескерту» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «кемшiлiктердi мойындау фактiсi және» деген сөздер «Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғанын мойындау фактісі, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«дереу» деген сөз алып тасталсын;
«кемшiлiктердi» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«осыған байланысты» деген сөздер «осы бұзушылықтарды жою жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы бапта келтірілген шаралар банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына қатысты, олар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, оның ішінде банк холдингі, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алғаннан кейін тұрақсыз қаржылық жағдай белгілері туындаған жағдайда, сондай-ақ уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі банктің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйін нашарлатқанын анықтаған жағдайда, қолданылуы мүмкін.»;
24) 47-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкiлеттi орган банкке, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан оларға санкциялар қолдануға құқылы.»;
2-тармақтың бірінші бөлігінің е) тармақшасындағы «банктің басшы қызметкері», «банктің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің)» деген сөздер тиісінше «басшы қызметкер», «аталған басшы қызметкердің (қызметкерлердің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың үшінші бөлігіндегі «өтінішпен» деген сөзден кейін «он жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
25) 47-1-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
3) тармақшадағы «уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын» деген сөздер «қолданылған ықпал етудің шектеулі шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «мүмкін болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы» деген сөздер «мүмкін болған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) осы Заңның 45-бабында көрсетілген факторлардың анықталуына байланысты, банктің немесе банк конгломератының қаржылық жағдайы нашарлаған;
7) банк конгломераты пруденциялық нормативтерді жүйелі түрде (бір жыл ішінде екі және одан көп рет) орындамаған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;
екінші бөліктегі «банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайызынан астамын тікелей және жанама иеленетін банк холдингтеріне және банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғаларға» деген сөздер «банк холдингтеріне және оның ірі қатысушыларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкілетті орган:
1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банктің ірі қатысушысынан оның тікелей немесе жанама иелену үлесін банктің дауыс беретін акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
2) банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен оның тікелей немесе жанама иелену үлесін банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды және банкті тәуекелге ұшырататын, өзі мен банк арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
3) банктен және банк холдингінен банк немесе банк холдингі олардың акционері (қатысушысы) болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты банкті және (немесе) банк холдингін не банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге ұшырататын олардың арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
4) банктен немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен өзінің иелену үлесін иеліктен шығаруды немесе еншілес ұйымдарға немесе жарғылық капиталына қомақты қатысатын ұйымдарға бақылау жүргізуді талап етуге;
5) банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардан банк конгломератын тәуекелге ұшырататын, олар мен үлестес тұлғалар арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
6) банктің немесе банк конгломератының меншікті капиталын банктің немесе банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын мөлшерде арттыру мақсатында банк холдингінен, банктің ірі қатысушысынан банкті немесе банк конгломератын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолдануды талап етуге құқылы.
3. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не банктің не банк холдингінің ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті органның шешімі негізінде банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалады. Бұл акциялар уәкілетті органға үш айға дейінгі мерзімге сенімгерлік басқаруға беріледі.
Уәкілетті орган банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акциялары ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда, акцияларды сенімгерлік басқаруды тағайындау мерзімі уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімінде айқындалады.
Уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырған кезеңде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.
Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға банктің өзіне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.
Өтінішхатта көрсетілген акцияларды сатып алушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру үшін негіздер сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім аяқталғанға дейін жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің сенімгерлік басқарудағы акцияларын олардың акцияларды өткізу туралы шешім қабылданған күні қалыптасқан нарықтық құны бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында өткізу жолымен иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда, акцияларды өткізу бағасын бағалаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар банк қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаларға тиесілі банк акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырудың тәртібі, сондай-ақ уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңіндегі іс-әрекеті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
26) 48-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы а-1) тармақшамен толықтырылсын:
«а-1) банкте өзге банк холдингі немесе банк акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін жеке тұлға - ірі қатысушы болмағанда, банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялар шегеріле отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін жеке тұлғадан банк холдингі, банктің ірі қатысушысы мәртебесін кері қайтарып алу;»;
27) 48-1-баптың 4-тармағындағы «және оның көшірмесі банкті тарату туралы шешім қабылдаған сотқа жіберіледі» деген сөздер алып тасталсын;
28) 50-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Таратылу процесіндегі банк берген кредиттер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.»;
3-тармақтағы «банкiнiң» деген сөз «банктің, Қазақстан Республикасының резиденттері-банк холдингтерінің, осы баптың 4-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігінде:
3) тармақшадағы «банк уақытша» деген сөздер «банк және (немесе) уақытша» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «табыс етуі банк құпиясын ашу болып табылмайды» деген сөздер «табыс етуі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік бюроға теріс ақпарат беруі және кредиттік бюроның кредиттік тарих субъектісі туралы мерзімі күнтізбелік бір жүз сексен күннен асып кеткен берешегі бөлігінде теріс ақпарат беруі;
8) банктердің заңды тұлғаға күмәнді және үмітсіз актив ретінде сыныпталған кредитке (қарызға) байланысты және ол жөнінде осы кредит (қарыз) бойынша аталған тұлғаға талап ету құқықтарын беру кезінде теріс ақпарат бар екенін білдіретін ақпарат беруі;
9) банктің Қазақстан Республикасының резиденті-банк холдингіне банк конгломератының пруденциялық нормативтерді есептеуі, сондай-ақ банк конгломератының тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін мәліметтер беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды.»;
5-тармақ «кепiлдеме берушiсi» деген сөздерден кейін «, лизинг алушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Банк құпиясы бар ақпарат Қазақстан Республикасының ақпарат алмасуды көздейтін халықаралық шарттары негізінде беріледі.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.»;
29) 54-1-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «аяқталғаннан кейін» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ұйымдардың жарғылық капиталына қатысудың өзіне тиесілі үлестері (акциялар), сондай-ақ оларды сатып алу көздері туралы;»;
4) тармақша «жақын туыстары» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы тұлғалар бақылайтын ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «ақпаратты беруге тиіс» деген сөздер «ақпаратты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) кірістер мен мүлкі туралы мәліметтерді, банктің ірі қатысушысы салық органдарына беретін жеке табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесін егер ол бар болса, беруге тиіс.»;
2-тармақ:
«аяқталғаннан кейін» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
«түсіндірме жазбаны» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ үлестес тұлғалармен мәмілелер туралы есепті» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік тоқсан күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны және есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік отыз күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;»;