4-тармақтың 1) және 3-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алуға жұмсалатын ақша көздері мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, банктің акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді ұсынады.
Мыналар:
кәсіпкерлік, еңбек қызметінен немесе басқа да ақысы төленетін қызметтен алынған кірістер;
өтініш берушінің құжатпен расталған жинақталған ақша қаражаты банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер болып табылады.
Сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған, банктің сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшердегі ақша банктің акцияларын сатып алу үшін осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген көздерге қосымша пайдаланылуы мүмкін.
Өтініш беруші сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен банктің акцияларын сатып алған кезде сыйға тартушы және көрсетілген мүліктің сыйға тартушыда пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;»;
«3-3) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешектер туралы ақпаратты;»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) иелік ететін, сондай-ақ шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындау немесе оларды бақылау мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растайтын құжаттарды;
1-2) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін;»;
6-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 1-1), 1-2), 2-1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш берушінің сол елдің заңнамасы шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыруға уәкілетті екендігін білдіретін жазбаша растауын, не өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының мұндай шешім осы елдің заңнамасы бойынша талап етілмейтіні туралы өтінішін ұсынады.»;
7-тармақта:
бірінші абзацтағы «Банктің ірі қатысушысы» деген сөздер «Банк холдингі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауын;
1-2) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының банк холдингі мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін;»;
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1. Орналастырылған акциялардың (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызына иелік ету үлесі бар банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ банк холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша таяу бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.»;
8-тармақтың 5) тармақшасындағы «табылатын тұлғалар бірлесіп банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады» деген сөздер «табылатын тұлғалар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) олардың бірі екінші тұлғаға оның сыйға берген ақшасы немесе өтеусіз алған мүлкі есебінен банктің акцияларын сатып алуға мүмкіндік жасаған тұлғалар бірлесіп банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.»;
9-тармақта:
бірінші абзац «банктің ірі қатысушысы» деген сөздерден кейін «немесе банк холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзац «банктің ірі қатысушысы» деген сөздерден кейін «немесе банк холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы, жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционері) сатып алушы тарап болып табылатын жағдайлар;
өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген банктің ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;»;
сегізінші абзац «банктің ірі қатысушысы» деген сөздерден кейін «немесе банк холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
он үшінші абзацтағы «табылатын жағдайлар негіз болып табылады.» деген сөздер «табылатын жағдайлар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«өтініш беруші заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржы ұйымдары болып табылатын заңды тұлғалар - ірі қатысушылар және банк холдингтері бойынша, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган мен өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдарының арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы негіз болып табылады.»;
10-тармақтың төртінші абзацы «аяқталған» деген сөзден кейін «әрбір» деген сөзбен толықтырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленген жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғаға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды, сондай-ақ алты айдан аспайтын мерзімде банктің акцияларын өткізу жөніндегі талаптар тұрғысынан осы Заңның 47-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;
12-тармақта:
бірінші бөлік «айқындалған» деген сөзден кейін «шарттарда және» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктің үшінші абзацындағы «осы Заңда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-1-тармақта:
4) тармақшада:
«банктің ірі қатысушылары» деген сөздерден кейін «, банк холдингтері» деген сөздермен толықтырылсын;
«әрекет ететін банктің дауыс беруші» деген сөздер «әрекет ететін және банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) немесе дауыс беретін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қоғамға» деген сөз «банкке» деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Осы баптың талаптарына сәйкес банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену үшін берілген өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде қабылдауға тиіс.
Уәкілетті орган өтініш берушіні өз шешімінің нәтижелері туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті, бұл ретте тиісті мәртебені иеленуге келісім беруден бас тартылған жағдайда жазбаша хабарламада бас тарту негіздері көрсетіледі.»;
15-тармақта:
«осы Заңның» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қолданылатын тұлға» деген сөздерден кейін «алты ай ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы бапқа сәйкес берілген келісім қайтарып алынған тұлға банктің акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.
Уәкілетті орган тиісті келісімді қайтарып алу туралы өздеріне қатысты шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, осы тұлғалардың уәкілетті органның талаптарын орындауы үшін уәкілетті орган сотқа жүгінуге құқылы.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Егер тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген болса, ол банктің басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекеттер жасауға және (немесе) осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алғанға дейін осындай акциялар бойынша дауыс беруге құқылы емес.
Көрсетілген жағдайда банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлға оның банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні өзіне белгілі болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Егер осы тұлға акцияларды көрсетілген мерзімде иеліктен шығарғысы келмесе ғана оның банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні оған белгілі болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға тиісті мәртебені иелену туралы өтініш табыс етіледі. Акцияларды иеліктен шығару туралы шешім қабылдау туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға ұсынылады.»;
18-тармақта:
бірінші бөліктегі «отыз күн мерзімде» деген сөздер «күнтізбелік отыз күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«акциялары санының» деген сөздер «акцияларының саны (пайыздық немесе абсолюттік мәнінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«проценттік арақатынасы» деген сөздер «қатысты» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланатын қаражат көздері осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында айқындалған.»;
үшінші бөліктегі «бір» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Банк және банк холдингі өздерінің барлық ірі қатысушыларының немесе банк холдингтерінің (банк үшін) оларға тиесілі орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) немесе банктің немесе банк холдингінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің санын, сондай-ақ олардың пайыздық арақатынасын көрсете отырып, тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етіп отыруға міндетті.»;
9) 17-2-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi не ұлттық басқарушы холдинг банктің жарияланған акцияларын сатып алған кезден бастап осы банктің еншілес ұйымдарына қатысты шешімдерді банктің директорлар кеңесі қабылдайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Банктің пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауына алып келген, оның қаржылық жай-күйі жақсарған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің осы бапқа сәйкес сатып алынған акцияларын тікелей атаулы сату жолымен не қор биржасында сауда-саттық жолымен өткізу жөнінде шаралар қолданады.
Банктің осы бапқа сәйкес сатып алынған акцияларын өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.»;
10) 18-баптың 1-тармағындағы «Негiзгi рейтинг» деген сөздер «Рейтинг» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 20-бапта:
тақырыбы «Банктің» деген сөзден кейін «және банк холдингінің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Банк қаржы жылы аяқталған соң уәкілетті органға күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша банктің қаржы жылы ішінде банктің барлық басшы қызметкерлеріне төлеген кірістері туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті ұсынуға міндетті.
Банктің басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ оларға материалдық көтермелеудің басқа түрлерін төлеу бойынша банктің ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банктің ірі қатысушысы банк басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
10-тармақтың 11) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Банктің еншілес ұйымының басқару органының немесе банк капиталына қомақты қатысатын ұйымның құрамына кіретін банктің атқарушы органы мүшелерінің саны, ұлттық басқару холдингі бас ұйым болып табылатын банктің атқарушы органының мүшелерін қоспағанда, банктің еншілес ұйымының басқару органы немесе банк капиталына қомақты қатысатын ұйым мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауға тиіс.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын директорлар кеңесінің бірінші басшысы немесе мүшесі, банк басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл;»
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алуға негіз болады.»;
мынадай мазмұндағы 12 және 13-тармақтармен толықтырылсын:
«12. Басқару органдарының, атқарушы органның бірінші басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері, еншілес ұйымдар мен банк холдингіне қомақты қатысатын ұйымдардың қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын банк холдингінің өзге де басшылары банк холдингінің басшы қызметкерлері ретінде танылады.
13. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының резиденттері емес банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, мынадай талаптардың бірі орындалған кезде:
банк холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі шыққан елдің қаржылық қадағалау органының оның шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
банк холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына шетел валютасында берілген тәуелсіз рейтингтен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісім болған кезде банк холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады.»;
12) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) құрамына банк кіретін банк конгломераты белгіленген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді өтініш берілгенге дейінгі алты ай кезеңінде сақтамаған;»;
13) 28-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Құрылтай құжаттарына енгізілетін, әділет органдарында қайта тiркелудi қажет ететiн өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк тiркегеннен кейiн банк тiркеген әдiлет органының белгiсi және мөрi бар құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн олар қайта тіркелген күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.
Құрылтай құжаттарына қайта тіркелуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, банк әдiлет органының банктің хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап банк күнтізбелік он төрт күн ішінде банктің осы хатының көшірмесін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;
14) 29-бапта:
6-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
2) тармақшадағы «және филиал туралы ережеде» деген сөздер «немесе филиал туралы ережеге» деген сөздермен, «бөлігіндегі қосымшалардың әділет органдарында тіркелген күнінің» деген сөздер «бөлігінде толықтырулар енгізу туралы банктің хатын қабылдап алғандығы туралы әділет органының белгісі соғылған күннің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «және филиал туралы ережеде» деген сөздер «немесе филиал туралы ережеге» деген сөздермен, «бөлігіндегі қосымшалардың әділет органдарында тіркелген күнінің» деген сөздер «бөлігінде толықтырулар енгізу туралы банктің хатын қабылдап алғандығы туралы әділет органының белгісі соғылған күннің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «тексеру» деген сөз алып тасталсын;
8 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркелуді қажет ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент банкі әділет органдарында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға:
1) филиал, өкілдік туралы ережеге енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) филиалдың, өкілдіктің есептік қайта тіркелгендігі туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік тіркеуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент-банкі әділет органының банктің хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттың көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Филиалдың орналасқан жері өзгерген жағдайда, банк филиалдың үй-жайының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келетінін растайтын қорытынды мен актінің нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға қосымша табыс етеді.»;
«13. Қазақстан Республикасының резиденті емес банктің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген туралы хабардар етуге міндетті.
Өкілдік туралы ережеге қайта тіркелуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденті емес банктің өкілдігі әділет органының Қазақстан Республикасының резиденті емес банк өкілдігінің хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының резиденті емес банк өкілдігінің көрсетілген хатының көшірмесін, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;
15-тармақтағы «талап етуге құқылы» деген сөздер «талап етеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 30-бапта:
2-тармақтың 8) тармақшасындағы «, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларының бір немесе бірнеше түрлерін жүргізуді банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мынадай:
1) осындай ұйымның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген;
2) осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көзделген банк операцияларын бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым лицензиясыз жүзеге асыра алатын жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның лицензиясы болғанда жүзеге асырады.»;
6-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «, брокер және (немесе) дилер номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен» деген сөздер алып тасталсын;
13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бас банкі не тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар банк холдингі не ірі қатысушысы - жеке тұлғасы жоқ банктер (орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі банктерді қоспағанда) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге құқылы емес.»;
16) 31-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «банктердің» деген сөзден кейін «, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 34-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасалған банк қарызы, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын жүзеге асыру, вексельдердi есепке алу, кепiлдiктер, кепiлдемелер, аккредитивтер шығару шарттары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында айқындалған шарттарда мемлекет қатысатын кредиттік бюроға міндетті түрде беруге жатады.»;
18) 35-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Клиент кредитті өтеу қабiлеті жоғары және сенiмдi болған жағдайда, банк қамтылымсыз кредит (бланктік кредит) беру туралы шешiм қабылдауға құқылы. Қамтылымсыз кредит (бланкілік кредит) беру критерийлері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
19) 40-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
екінші абзацта:
«клиенттермен» деген сөз «тұлғалармен» деген сөзбен ауыстырылсын;
«адамдар болып табылмайтын» деген сөздер «емес» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «клиенттерден» деген сөз «тұлғалардан» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінің в) тармақшасы «iрi қатысушысы» деген сөздерден кейін «не лауазымды адамдары» деген сөздермен толықтырылсын:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Банк қандай да бір тұлғамен:
банкпен ерекше қатынаста болатын тұлға алдындағы міндеттемелер төлеміне;
банкпен ерекше қатынаста болатын тұлғадан қандай да бір мүлікті сатып алуға;
банкпен ерекше қатынаста болатын тұлғаның айналысқа шығарған бағалы қағаздарын сатып алуға әкеп соғатын мәмілені жасаса алмайды.»;
7-тармақта:
төртінші абзац «немесе өзінің жұбайының (зайыбының)» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзацтағы «туыстарының бірі» деген сөздерден кейін «, оның жұбайы (зайыбы)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9, 10, 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын::
«9. Банктің директорлар кеңесі банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін банктің ірі қатысушысы жеке тұлға немесе банк холдингі осы Заңның 17-1-бабында белгіленген тиісті мәртебені иелену аясында ұсынған бизнес-жоспарды қарайды.
Банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) бизнес-жоспарын банктің директорлар кеңесі қарауының нәтижелері туралы банк уәкілетті органды банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) бизнес-жоспарын банктің даму стратегиясына (даму жоспарына) енгізу не енгізбеу туралы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Банктің директорлар кеңесі банктің даму стратегиясының (даму жоспарының) сақталуын қамтамасыз етеді.
10. Осы баптың талаптары банк холдингтеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
Банк конгломератымен ерекше қатынаста болатын тұлғалардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
10-тармақтың 19) тармақшасының жиырма екінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11. Осы баптың 1, 2 және 3-1-тармақтарының талаптары осы Заңның 11-2-бабында айқындалған жағдайларда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйым мен бас банк арасында жасалатын мәмілелерге қолданылмайды.
12. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың бірі орындалған:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына шетел валютасында берілген тәуелсіз рейтингтен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісім болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды.»;