8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарына, капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымдарға тиесілі сақтандыру тобының бас ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) жиынтық үлесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын лимиттерден аспауға тиіс.
9. Осы баптың талаптары:
1) мынадай талаптардың бірін:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілеріне иеленген тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуын;
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингтен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің болуын орындаған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге;
2) банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтеріне;
3) аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына тікелей иелік ететін (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру холдингінің акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына жанама түрде ие (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) сақтандыру холдингтеріне;
4) қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғаларынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшерінен асатын, өзі қабылдап алған сақтандыру тәуекелдерінің бір бөлігін Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына беруге міндетті. Рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бір үлестес тұлғасымен жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша өзіндік ұстап қалудың жиынтық мөлшері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының он пайызынан аспауға тиіс.
11. Осы баптың талаптары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі резервтік қорының активтерін инвестициялауға қолданылмайды.»;
18) 9-тарау мынадай мазмұндағы 52-1 және 52-2-баптармен толықтырылсын:
«52-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;
2) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдерді;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің түрлері бойынша тәуекелдердің рұқсат етілетін мөлшеріне жеке-жеке лимиттерді;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдарына тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдерін;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлерін қамтуға тиіс тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.
Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Сақтандыру тобында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі болуға тиіс.
Сақтандыру тобының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды шоғырландырылған негізде сақтауды қамтамасыз етеді.
Сақтандыру тобының бас ұйымы сақтандыру тобына қатысушылардың тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды сақтауы үшін жауапты болады.
52-2-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жариялану күні олардың қызметі шындыққа сай келмейтін жарнама жасауға тыйым салынады.
2. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оны тоқтатуды немесе оны теріске шығарып жариялауды талап етуге құқылы.
Бұл талап уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті орган жарнамадағы мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігі туралы ақпаратты жариялауға не оларды мұндай жарнаманы жариялаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есебінен нақтылауға құқылы.
3. Мынадай тұлғаларға:
«өмірді сақтандыру» немесе «жалпы сақтандыру» салалары бойынша, сондай-ақ қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметкерлері болып табылмайтын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ұсынатын қызметтерге жарнама беруші ретінде әрекет етуге тыйым салынады.»;
19) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-бап. Ертерек ден қою шаралары
1. Сақтанушылардың заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін мынадай факторларды:
1) төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілік нормативін төмендетуді;
2) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін төмендетуді;
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
2. Сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру тобының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін мынадай факторларды:
1) сақтандыру тобының төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілік нормативінің төмендеуін;
2) сақтандыру тобына қатысушылар болып табылатын қаржы ұйымдарына қатысты ертерек ден қою шараларының қолданылуын;
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін өзге де факторларды анықтау үшін сақтандыру тобының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында аталған факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау жөнінде ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) олардың акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген мерзімдерде оны орындаудың нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.
Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның акционерлеріне төменде көрсетілген ертерек ден қою шараларының біреуін немесе бірнешеуін:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгерту;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелер қабылдауды шектеу, оның ішінде тәуекел дәрежесі жоғары кейбір сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін шектеу жолымен шектеу;
3) уәкілетті орган белгілеген мерзімге дивидендтерді есептеуді және (немесе) төлеуді тоқтату;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттету;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттігі маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайтуды;
6) әкімшілік шығыстарды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сақтандыру делдалдарына комиссиялық сыйақыларды төмендету, еншілес ұйымдарды жабу жолымен қысқарту жөнінде талаптар қою арқылы қолданады.
4. Сақтандыру тобының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) сақтандыру холдингін не сақтандыру тобына қатысушыларды тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 2-тармағында аталған факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган сақтандыру холдингіне және (немесе) оған ірі қатысушыға сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру тобының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау жөнінде ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша түрде талап жібереді.
Сақтандыру холдингі және (немесе) оған ірі қатысушылар аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша орындалу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға тапсыруға міндетті.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде сақтандыру холдингі және (немесе) оған ірі қатысушылар жоспарда белгіленген мерзімде оны орындаудың нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.
Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган сақтандыру холдингіне және (немесе) оған ірі қатысушыларға төменде көрсетілген ертерек ден қою шараларының біреуін немесе бірнешеуін:
1) сақтандыру тобына қатысушылардың жай акциялар бойынша олардың акционерлері (қатысушылар) арасында дивидендтерді есептеуді және (немесе) төлеуді (таза кірісті бөлуді) тиісінше уәкілетті орган белгілеген мерзімге тоқтату;
2) басшы немесе өзге де қызметкерлерді лауазымынан шеттету;
3) сақтандыру тобының меншікті капиталын, оның ішінде сақтандыру тобына қатысушылардың жарғылық капиталын ұлғайту арқылы сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде ұлғайту;
4) сақтандыру тобының активтерін қайта құрылымдау;
5) әкімшілік шығыстарды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де тәуелді ұйымдардың жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін азайту арқылы қысқарту;
6) сақтандыру холдингі және сақтандыру тобына қатысушылар арасындағы оларды тәуекелге әкеп соғатын операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұру жөнінде талаптар қою арқылы қолданады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген мерзімдерде тапсырмаған немесе осы жоспардың іс-шараларын уақтылы орындамаған, сондай-ақ ертерек ден қою шараларын уәкілетті органның талабына сәйкес орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру тобына) және (немесе) олардың акционерлеріне (ірі қатысушыларға) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар, сондай-ақ мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
6. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
20) 53-1-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша «ірі қатысушы» деген сөздердің алдынан «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы» деген сөздерден кейін «(оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдар)» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының» деген сөздерден кейін «(оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы Заңның 53-бабында аталған факторлардың анықталуына байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жай-күйі нашарлаған;»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) сақтандыру холдингі пруденциялық нормативтерді жүйелі түрде (бір жыл ішінде екі және одан көп рет) орындамаған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде уәкілетті орган:
1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыдан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында оның тікелей немесе жанама түрде иелік ететін үлесін дауыс беретін акциялардың он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
2) сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен оның тікелей немесе жанама түрде иелену үлесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды және олар мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тәуекелге душар ететін операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі акционер (қатысушы) болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан және сақтандыру холдингінен олардың арасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін не сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге душар ететін операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан немесе сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен еншілес ұйымды немесе капиталында өздерінің қомақты қатысуы бар ұйымдарды иелену немесе бақылау үлесін иеліктен шығаруды талап етуге;
5) сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдардан олар мен сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге душар ететін олардың үлестес тұлғалары арасындағы операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде ұлғайту мақсатында сақтандыру холдингінен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыдан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе сақтандыру тобын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолдануды талап етуге құқылы.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы не сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға, осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 20-бабының 10-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларды сенімгерлік басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға үш айға дейінгі мерзімге сенімгерлік басқаруға беріледі.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының не сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының не сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берген жағдайда акцияларды сенімгерлік басқару тағайындалатын мерзім уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімінде анықталады.
Уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруы кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы емес.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органның алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздеріне тиесілі барлық акцияларын өтініште көрсетілген тұлғаларға сату туралы ұсыныс беруге құқылы.
Өтініште көрсетілген акцияларды сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішті қанағаттандырады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының не сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім өткенге дейін сенімгерлік басқаруға беру үшін негіздер жойылмаған кезде уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сенімгерлік басқарудағы акцияларын оларды сату туралы шешім қабылдау күніне қалыптасқан нарықтық құн бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында оларды сату жолымен иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда бағалаушы акцияларды сату бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Аталған акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекетін жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
21) 53-2-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) міндеттеме хатты талап етуді;»;
2-тармақта:
«жазбаша міндеттемесі» деген сөздер «міндеттеме хаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кемшіліктерге және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі «жоюға бағытталған» деген сөздерден кейін «орындауға міндетті» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы бапта келтірілген шаралар сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, оның ішінде сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленгеннен кейін тұрақсыз қаржылық жағдайының белгілері пайда болған жағдайларда, сондай-ақ, егер уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаған жағдайда, оларға да қатысты қолданылуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды тапқан, деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның лауазымды адамдарының және қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайда уәкілетті орган деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында аталған шектеулі ықпал ету шараларын қолданады.»;
8-тармақтың екінші бөлігіндегі «жазбаша міндеттеменің» деген сөздер «міндеттеме хаттың» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 53-3-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға, бұрын оларға қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, санкциялар қолдануға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі:
1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамауы;
2) осы Заңда белгіленген сақтандыру есептері мен ақпаратын беру тәртібі мен мерзімдерін бұзуы;
3) уәкілетті органға осы Заңның 82-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген ақпаратты бермеуі немесе дәйексіз ақпарат беруі;
4) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға сақтандыру есептеріндегі ақпаратты ашуы немесе беруі бойынша деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның лауазымды адамын қызметтік міндеттерді орындаудан шеттету түрінде санкция қолданады.»;
23) 54-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында өзге сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленуші ірі қатысушы - жеке тұлға болмаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленуші жеке тұлғадан сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін кері қайтарып алған;»;