«12. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде өкілдік туралы ережеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгені туралы, осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркей отырып, уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі өкілдік туралы ережеге есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өкілдігінің хатын қабылдағандығы туралы әділет органының белгісі қойылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін табыс етуге міндетті.»;
14-тармақтағы «талап етуге құқылы» деген сөздер «талап етеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 34-бапта:
тақырыбындағы «ұйымының» деген сөзден кейін «, сақтандыру холдингінің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық басшы қызметкерлеріне қаржы жылы ішінде төленген кірістер туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті беруге міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
14-тармақтың 13) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысатын бар ұйымның еншілес ұйымы басқару органының құрамына кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органы мүшелерінің саны ұлттық басқарушы холдинг бас ұйымы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының мүшелерін қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар ұйымның еншілес ұйымының басқару органдары мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспауға тиіс.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын директорлар кеңесінің бірінші басшысы немесе мүшесі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері және сақтандыру брокерінің бірінші басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру брокерінде басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) берген келісімді кері қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарындағы осы басшы қызметкерге бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 11, 12 және 13-тармақтармен толықтырылсын:
«11. Осы баптың 2-тармағы 4) тармақшасының және 10-тармағының талаптары орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
12. Бірінші басшы және басқару органдарының, атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер, еншілес ұйымдардың және сақтандыру холдингінің капиталға қомақты қатысуы бар ұйымдардың қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын сақтандыру холдингінің өзге де басшылары сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлері болып танылады.
13. Осы баптың талаптары:
1) Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, мынадай талаптардың біреуі орындалған кезде:
сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингінің шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан оның шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы бар болғанда;
сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасындағы ақпарат алмасу туралы келісім бар болғанда;
2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған басшы қызметкерлерді қоспағанда, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады.»;
14) 37-бапта:
1-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде де тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайларды қоспағанда, ірі қатысушы - жеке тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің бар екенін растайтын құжатты (міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін) табыс етеді.»;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайларды қоспағанда, ірі қатысушы - жеке тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің бар екенін растайтын құжатты (міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін);»;
15) 38-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;»;
16) 43-бапта:
3-1) тармақшада «ұйымының» деген сөздерден кейін «немесе сақтандыру холдингінің» деген сөздермен толықтырылсын;
3-4) тармақшада «ұйымының» деген сөзден кейін «, сақтандыру холдингінің» деген сөздермен толықтырылсын;
3-5) тармақшада «ұйымдары» деген сөзден кейін «және сақтандыру топтары» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада «ұйымы» деген сөзден кейін «және сақтандыру тобы» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшада «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн және» деген сөздер «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерiн және» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
«11-2) ұйымның:
ақпараттық процеске;
қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға және электрондық жабдыққа қойылатын ең төмен талаптарды белгілеуге;
деректер базасының сақталуына;
үй-жайларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді;»;
17) 44, 46 және 48-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін тексеру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін тексеруді уәкілетті орган өз бетінше не басқа да мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргізеді.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, сақтандыру холдингтері, сақтандыру топтары, сондай-ақ олардың үлестес тұлғалары тексеруші органға уәкілетті органның тексеру тапсырмасында көрсетілген мәселелер бойынша жәрдемдесуге, сондай-ақ кез келген лауазымды тұлғаларға және қызметкерлерге сауал қою мүмкiндiгiн және ақпаратқа тексеру жүргізуге қажетті кез келген дерек көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін тексеру барысында алынған сақтандыру құпиясын не коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткені үшін жауапты болады.
4. Уәкілетті органның қызметкерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
5. Өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында берiлген өкiлеттiктер шегiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері оқшауланған бөлімшелерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар анықталған Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары мынадай шарттардың бірін:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингтен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің болуы орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды.»;
«46-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және оларға қатысты шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау арқылы жүргізіледі.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциялық нормативтер:
жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін;
төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін;
өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін;
активтерді әртараптандыру нормативтерін қамтиды.
Сақтандыру топтарына арналған пруденциялық норматив төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі болып табылады.
Уәкiлеттi орган қосымша пруденциялық нормативтер, оның ішінде аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру резервтерінің орнын толтыратын активтерді инвестициялау бойынша қосымша нормативтер белгілеуге құқылы.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және (немесе) сақтандыру холдингтерін не олардың лауазымды тұлғаларын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына ірі қатысушыларды немесе сақтандыру холдингтерін жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілік нормативтерін бұзған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі уәкілетті органға қайта капиталдандыру жоспарын жіберуге тиіс. Бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралардың толық сипаттамасы мен мерзімдері бар жоспар төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілік нормативін бұзған күннен бастап бір ай ішінде берілуге тиіс.
4. Сақтандыру холдингтері, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілік нормативтерін сақтау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, оның ішінде уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
5. Төлем қабілеттігі маржасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен активтердің асып түсуін білдіреді.
6. Кепілдік қоры сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында төлем қабілеттігі маржасының белгіленген ең аз мөлшерден төмендеуі нәтижесінде құрылады.
7. Сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғасымен (үлестес тұлғаларымен) жасалған шарты (шарттары) бойынша, сондай-ақ сақтандырудың және қайта сақтандырудың жекелеген сыныбы (түрі) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшерін есептеуге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
8. Уәкілетті орган ипотекалық сақтандыру және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттігі маржасының ең аз деңгейіне, сондай-ақ ипотекалық сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін сақтандыру резервтерін есептеу тәртібіне қойылатын қосымша талаптар белгілеуге құқылы.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржылық есептілікке кірмейтін туынды қаржы құралдарының болуы және оларды пайдалануды шектеу туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобына қатысушы уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген, қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.»;
«48-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру холдингтері үшін тыйым салынған немесе шектелген қызмет
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салынады.
2. Сақтандыру холдингтеріне, осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызмет ретінде операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салынады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының:
деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымды;
қызметтің ерекше түрі ретінде сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларды;
сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерінің жүзеге асырылуына кепілдік беретін ұйымды;
сатып алынатын акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келуі шартымен орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) он пайыздан аз мөлшерінде заңды тұлғаларды;
14-тармақтың 17) тармақшасының қырқыншы абзацы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғаларды;
14-тармақтың 17) тармақшасының қырық бірінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар, өзінде сақтандыру холдингі бар болған кезде орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғаларды;
2) сақтандыру холдингтерінің:
қаржы ұйымдарын;
банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғаларды құру, сондай-ақ акцияларды немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы бір заңды тұлға үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының он пайызынан аспауы тиіс. Бұл шектеу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын иеленуіне, оның ішінде оларды құрған кезде қолданылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының елу пайызынан аспауға тиіс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Бұл талап Қазақстан Республикасының резиденті-еншілес банктеріне қолданылмайды.
Сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Бұл талап:
Қазақстан Республикасының резиденттері-еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына;
Қазақстан Республикасының резиденттері-еншілес банктерге;
сақтандыру холдингі аталған заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне тікелей иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе Қазақстан Республикасының резиденттері банктің акцияларына иелік ету арқылы (дауыс беру, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) бас ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға;
сақтандыру холдингі болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері емес еншілес ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге мынадай талаптардың біреуін орындаған кезде:
сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ аталған тұлғалардың шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан олардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы бар болғанда;
сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына шетел валютасында берілген тәуелсіз рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ уәкілетті орган мен шетел мемлекетінің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім бар болғанда қолданылмайды.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу меншігіне мынадай:
1) сақтандыру холдингтерінің:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын;
талап етілетін ең төмен рейтингі бар облигацияларды сатып алуы жағдайларына қолданылмайды. Талап етілетін ең төмен рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының:
тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін қаржы құралдарын (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.
Осы тармақта белгіленген шектеулер бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді осы ұйымның қайта құрылымданатын міндеттемелері тізбесіне енгізу шартымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің бұдан бұрын сатып алынғандардың орнына қайта құрылымдау процесіндегі ұйымдардың облигацияларын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына:
1) акциялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге түрлерін шығаруға;
2) банктерден меншікті капиталының мөлшерінен асатын мөлшерде қарыз қаражатын үш айдан астам мерзімге тартуға;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғаларына және қызметкерлеріне бір жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға қаржылық көмекті қоспағанда, өтеусіз негізде қаржылық көмек көрсетуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кез келген тәсілдермен қарыз беруге тыйым салынады.
6. Сақтандыру холдингтері осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызметтен басқа мынадай қызмет түрлерімен:
1) сақтандыру холдингінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын тұлғадан өз мұқтажына сатып алынған мүлікті сатып алумен;
2) қаржылық қызметімен байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетумен;
3) сақтандыру холдингінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын тұлғаға меншікті мүлкін сатумен айналысуға құқылы.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру холдингтеріне тәуекелдерді хеджирлеу мақсатында жасалған операцияларды қоспағанда, туынды бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.