2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстiң 222-224-1, 224-2-баптарында аталған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
3. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы осы Кодекстiң 220-бабында белгiленген салық салынатын импорт мөлшерiнiң 13 процентiне тең болады.
Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын осы Кодекстiң 516-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық кедендiк төлем құрамында төлей алады, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 246-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
246-бап. Салық кезеңi
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Осы баптың 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушінің қалауы бойынша күнтізбелік ай не тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Егер алдыңғы тоқсан үшiн бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының орташа айлық сомасы 1000 айлық есептiк көрсеткiштен астам болса, онда салық кезеңi күнтізбелік ай болып табылады.
3. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн аталған арнаулы салық режимiнiң күшi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi салық жылы болып табылады.
Басқа да қызмет түрлерiн жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес айқындалады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 247-бап өзгертілді
247-бап. Салық декларациясы
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеушi әрбiр салық кезеңi үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер әр тоқсан үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
3. Декларациямен бiрге салық кезеңi iшiнде (осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда - есептi тоқсан iшiнде) сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактуралардың тiзiлiмi табыс етiледi. Шот-фактуралар тiзiлiмiнiң нысанын уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 248-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
248-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзiмдерi
1. Егер осы Кодекстің 389-бабында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн мерзiмi белгiленген күнге дейiн немесе сол күнi бюджетке әрбiр салық кезеңi үшiн салық төлеуге мiндеттi.
2. Осы Кодекстің 250-бабында аталған жағдайларда салық төлеушi төлеуге тиiс қосылған құн салығын қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, кеден төлемдерiн төлеу үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген күнi төленедi.
3. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмi осы Кодекстiң 249-бабында белгiленген тәртiппен өзгертiлуi мүмкін.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 249-бап өзгертілді
2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңының редакциясына сәйкес 249-бап 2012 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста (2009.01.01 қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
249-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту
1. Салық органдары, егер:
1) импортталатын тауарлар өнеркәсіптік өңдеуге арналған;
2) су, газ, электр энергиясы импортталатын тауарлар болып табылатын жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгертуді жүргізеді.
2. Импортталатын тауарларды өндірістік өңдеу мақсатындағы тауарларға жатқызу тәртібі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.
3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту кеден органының кедендік жүк декларациясын қабылдаған күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өсімпұл есептелмей жүргізіледі.
4. Қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту мына құжаттар:
1) уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
2) тауарлар жеткізіліміне арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды өндірістік өңдеуге арналған тауарларды импортталатын тауарларға жатқызуды растау туралы кеден органының қорытындысы негізінде жасалады.
Төлеу мерзімін өзгертуге құқығын растау үшін салық органдары қосылған құн салығын төлеушінің өндірістік қуаттарын және үй-жайларын тексеріп қарауға құқылы.
5. Уәкілетті орган өнеркәсіптік өңдеу үшін импорттық тауарларды ұдайы алып тұратын қосылған құн салығын төлеушілерге қосылған құн салығын өзгертілген мерзімдер бойынша төлете отырып, тауарларды кедендік ресімдеуді жүзеге асыруға күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын рұқсат береді.
Осы тармақта көзделген рұқсат, қосылған құн салығын төлеу мерзімін кеден органының кедендік жүк декларациясын қабылдаған күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өзгерте отырып, тауарларды кедендік ресімдеу үшін негіздеме болып табылады.
Рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ оның өндірістік қуаттары мен үй-жайларының бар-жоғы туралы қосылған құн салығын төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының қорытындысы табыс етіледі.
6. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту туралы шешімді қосылған құн салығын төлеушіден салықтық өтініші мен осы бапта белгіленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
7. Төлеу мерзімдері осы бапқа сәйкес өзгертілген салық сомаларын өтеуді салық органдары өткізілген тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге қатысты қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара есепке жатқызу әдісімен үш айлық кезең ішінде жүргізеді.
Көрсетілген үш айлық кезең аяқталғаннан кейінгі бірінші күннен бастап өтелмеген берешектің сомасына өсімпұл есептеледі.
8. Тауарларды өнеркәсіптік өңдеусіз өткізген жағдайда, салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы белгіленген тәртіппен өсімпұл есепке жазыла отырып, салық салынатын айналым бойынша есептен шығарылған, қосылған құн салығының сомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Осы баптың ережелері жеңіл автомобильдерден басқа, акцизделетін тауарларды өндіру үшін импортталатын тауарларға қолданылмайды.
23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 250-бап өзгертілді
2008.10.12. № 100-ІV ҚР Заңының редакциясына сәйкес 250-бап 2012 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданыста (2009.01.01 қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
250-бап. Есепке жатқызу әдісімен импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу
1. Мынадай тауарлардың:
1) жабдықтардың;
2) ауыл шаруашылығы техникасының;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамының;
4) тікұшақтар мен ұшақтардың;
5) темір жол локомотивтері мен вагондардың;
6) теңіз кемелерінің;
7) қосалқы бөлшектердің;
8) пестицидтердің (улы химикаттардың);
9) асыл тұқымды малдың барлық түрлері мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтардың импорты бойынша қосылған құн салығы осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.
Аталған тауарлар тізбесін және оны түзудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе Қазақстан Республикасының мұқтажын жаппайтын тауарлар енгізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері қосылған құн салығын төлеушінің кейіннен өткізуге арналғандарын қоспағанда, мыналардан:
1) мүлікті қаржы лизингіне беруден;
2) бұрын импорт режимінде әкелінген тауарды кері экспорт режимінде қайтарудан басқа әкелінетін тауарларына қатысты қолданылады.
3. Қосылған қүн салығын төлеуші кеден органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесін, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлардың импорты бойынша төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын көрсету жөніндегі және көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалану туралы міндеттемені табыс етеді.
Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысанда үш дана етіп толтырылады.
Міндеттеме негізінде тауарларды еркін айналысқа шығару белгіленген тәртіппен кеден төлемдерін және акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді де төлеген жағдайда, қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.
4. Міндеттемеде көрсетілген қосылған құн салығының сомасы сонымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген және есептемеге жатқызылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.
5. Осы баптың 6-тармағында көрсетілгендерді өткізуден басқа, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды кейіннен өткізуге қосылған құн салығы салынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу күнінен бастап талап қоюдың өткен мерзімінің ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде өсімпұлдарды есепке жаза отырып, тауарлар әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап төленуге тиіс.
6. Тауарлардың импорты кезінде қосымша құн салығы есепке жатқызу жолымен төленген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады.
41-тарау. Қосылған құн салығы бойынша
бюджетпен өзара қатынас
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 251-бап өзгертілді
251-бап. Есепке жатқызылған салық сомасы салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасынан асып кеткен жағдайларда бюджетпен өзара қатынас
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, есепке жатқызылған салық сомасының салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасынан асып кетуi қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердiң есебiне жатқызылады.
2. Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша осы баптың 1-тармағында аталған асып кету сомасы, егер де мына шарттар орындалатын болса:
1) қосылған құн салығын төлеушi нөлдiк ставка бойынша салық салынатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) тұрақты өткізудi жүзеге асырып отырса;
2) қайтарып алуға өтiнiш берген айдың алдындағы үш айдың әрқайсысы үшiн нөлдiк ставка бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналым өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымның кемiнде 70 процентi болса, қосылған құн салығын төлеушiге осы Кодекстің 252-бабында белгiленген тәртiппен қайтарылады.
3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген шарттар орындалмаған жағдайда, асып кеткен сома қосылған құн салығын төлеушiге оның өткен салық кезеңдерi үшiн қосылған құн салығы бойынша мiндеттемелерiн есепке ала отырып, нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымының мақсаттары үшiн пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлiгiнде қайтарылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес қайтарылуға тиiс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезiнде қосылған құн салығын төлеушiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ашылған банк шоттарына валюталық түсiм түсiрген не Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлiк) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушiге берiлген тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты есепке алынады.
Қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты болған жағдайда, сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) шарттың (келісім-шарттың), сондай-ақ сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операция бойынша экспортталған тауарлардың қосылған құн салығын төлеушіге сатып алушы берген тауарлар бойынша импорттық жүк кеден декларациясының болуы есепке алынады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4-1 тармақпен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Осы бапқа сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезінде кеден органының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен нысанда және тәртіппен ұсынылған Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде әкету фактісін растайтын мәліметтері есепке алынады.
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауапты болады.
5. Егер нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдары бар қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығының сомасын қайтару туралы салық органына өтiнiш жасамаса, онда осы баптың 2-тармағында аталған асып кету сомасы есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңiнде қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебiне есепке жатқызылады.
6. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жағдайлардан басқа мынадай жағдайларда:
1) грант қаражаттары есебiнен алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) берушiлерге осы Кодекстiң 253-бабында көзделген тәртiппен төленген;
2) дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге ресми пайдалануға, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiне, олармен бiрге тұратын отбасыларының мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулердi) берушiлерге осы Кодекстiң 254-бабында көзделген жағдайларда төлеген қосылған құн салығы;
3) бюджетке артық төленген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 39 және 40-баптарында белгiленген тәртiппен қайтарылуға тиiс.
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 252-бап өзгертілді ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 252-бап жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
252-бап. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
бойынша қосылған құн салығын қайтару
1. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару салық органы қосылған құн салығын төлеушінің уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықты қайтару туралы өтінішін алған кезден бастап алпыс жұмыс күні ішінде және:
1) салық кезеңі ішіндегі қосылған құн салығы жөніндегі декларация;
2) осы Кодекстің 223-бабына сәйкес тауарларды экспорттық растау үшін қажетті құжаттар;
3) осы Кодекстің 224-1-бабына сәйкес тауарлардың арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткізілгенін растау үшін қажетті құжаттар;
4) өзі өндірген тауарларды осы Кодекстің 224-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушіге өткізгенін растау үшін осы Кодекстің 224-2-бабының 3-тармағына сәйкес қажетті құжаттар;
5) өзі өндірген тауарларды осы Кодекстің 224-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілерге өткізгенін растау үшін осы Кодекстің 224-2-бабының 4-тармағына сәйкес қажетті құжаттар;
6) салық органы жүргізген салықтық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының дұрыстығын растау не осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайда, салықтық тексеру актісіне салық органының қорытындысы негізінде жүргізіледі.
Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығын қайтару тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2. Қосылған құн салығын қайтару:
1) қосылған құн салығын осы салықты төлеушінің аталған салық пен салықтың басқа да түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен жүргізіледі.
Егер заңды тұлға қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, онда қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын оның құрылымдық бөлімшесінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен де жүргізіледі.
Егер заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын заңды тұлғаның осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен де жүргізіледі;
2) тауарлардың импорты кезінде төленуге тиіс қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу;
3) осы Кодекстің 221-бабына сәйкес төленуге тиіс қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу;
4) қосылған құн салығын төлеушінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегі болмаған жағдайда қосылған құн салығын қайтару оның дербес салық төлеушілер болып табылатын құрылымдық бөлімшелерінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу;
5) қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына ақша аудару жолымен жүргізіледі;
6) қосылған құн салығын төлеушінің салық берешегі болмаған жағдайда, салық төлеуші қосылған құн салығын салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы уақыттағы төлемдер есебіне есепке жатқызу жолымен қайтаруды талап етуге құқылы.
3. Қосылған құн салығын қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына қайтару оның салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.
Егер заңды тұлға қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, қосылған құн салығын банк шотына қайтару оның құрылымдық бөлімшелерінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегі болмаған кезде де жүргізіледі.
4. Егер салықтық тексеру жүргізілген мерзім ішінде қарсы салықтық тексеру жүргізілген кезде анықталған бұзушылықтар жойылмаса, қосылған құн салығын төлеушіге салықты қайтару солар бойынша бұзушылықтар анықталмаған не жойылған сомалар шегінде жүргізіледі.
Егер бұзушылықтар салықтық тексеру аяқталғаннан кейін жойылса, салықты қайтару уәкілетті орган белгілеген нысанда және тәртіппен салықтық тексеруді жүргізген салық органының қорытындысы негізінде салықтық тексеру өткізусіз жүргізіледі.
Осы бапқа сәйкес расталған, бірақ белгіленген мерзімдерде қайтарылмаған қосылған құн салығының сомасына қайтару мерзімі бұзылған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставканың 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшін қарсы тексеру тағайындау туралы шешім уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мынадай жағдайлар:
1) қарсы тексерулер:
бұл салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтаруға өтініш берген кезінің алдындағы он екі ай кезең ішінде аталған салық төлеушіге айына кемінде бір рет тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асырған берушілерге;
электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметін берушілерге;
осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталған кезде жүргізілмейтіні;
2) камералық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтары анықталған берушілер (Қазақстан Республикасының аумағында экспортталған тауарлар өндірісі мен айналымы процесіне қатысқан тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші салық төлеушілерді қоса алғанда) міндетті қарсы тексеруге жататыны;
3) егер қосылған құн салығын төлеушінің берушісі салық төлеушілердің мониторинг жүргізуіне тиіс болса, салық қызметі органдары осы Кодекске сәйкес осы берушілер ұсынатын салық есептілігінің негізінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауы мүмкін екендігі ескеріле отырып қабылданады.
5. Осы бапта көзделген қосылған құн салығы:
1) шағын бизнес субъектілері;
2) шаруа (фермер) қожалықтары;
3) ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушілерге қайтарылмайды.
6. Нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын және олар бойынша өтініш берілген айналымдар жасалған салық кезеңінен кейін он екі ай өткен соң салықты қайтару туралы өтініш берген қосылған құн салығын төлеушілерге осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.
253-бап. Грант қаражаттары есебiнен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару
1. Грант қаражаттары есебiнен алынатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлерге төленген қосылған құн салығын, егер бiр мезгiлде мынадай шарттар сақталса:
1) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) алынатын грант қаражаттары мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желісі бойынша берiлсе;
2) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тек грант мақсаттарын iске асыру үшiн ғана алынса;
3) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету грант алушымен не грант мақсаттарын жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісім-шартқа) сәйкес жүзеге асырылса, салық органдары отыз жұмыс күнi ішiнде қайтарады.
2. Осы бапқа сәйкес грант алушыларға қосылған құн салығын қайтару осы Кодекстің 252-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тәртiппен, қосылған құн салығы грант қаражаттары есебiнен төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жүргiзiледi. Қосылған құн салығының грант қаражаттары есебiнен төленгенiн растайтын құжаттардың тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 254-бап өзгертілді
254-бап. Қосылған құн салығын Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге қайтару
1. Осы Кодекстің 251-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын қайтару Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда мұндай қайтару көзделген жағдайда жүргiзiледi.