4) Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөнiнде шаралар қолданады және қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласындағы нормативтiк құқықтық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
5) iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн кадрлармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
6) iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi мен қызметшiлерiн аттестаттаудан өткiзедi;
7) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi;
8) iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн жарақтандыруды қамтамасыз етедi;
9) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында өңірлік ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi құруды және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
10) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысуды қамтамасыз етедi, құқықтық тәртiптiң жай-күйi мен iшкi iстер органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі iс-шаралар туралы қоғамдық пiкiрдi зерделейдi;
11) iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң жұмылдыру даярлығы бойынша, бейбiт уақытта төтенше жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, iшкi iстер органдары арнаулы бөлiмшелерiнiң толық және дер кезiнде жұмылдыруға тұрақты даярлығын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларын орындалуын қамтамасыз етедi;
12) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес мәселелерi бойынша қоғамдық бірлестiктермен, ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен өзара iс-қимыл жасайды;
13) мемлекеттік қорғауға жататын объектiлердi күзетудi, күзет қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, жөндеудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметiн бақылауды қамтамасыз етедi;
14) өңiрдегi қылмыстың алдын алу мен оған қарсы күрестiң жай-күйi туралы тұрғын халықты хабардар етедi;
15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмысты ашуды және тергеудi, сондай-ақ алдын ала жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып, қылмыстық жазаны атқарудан және өтеуден жалтарып жүрген адамдарды, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды iздестiрудi жүзеге асырады;
16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар берудi жүзеге асырады;
17) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар беру ережелерiнiң сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
18) тiкелей облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) басқару деңгейiне жататын бөлiмшелердiң күшiмен тиiстi әкiмшiлiк бірлiк аумағында қоғамдық тәртiптi сақтауды және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
19) жол қозғалысы ережелерi мен жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жататын өзге де нормативтердiң сақталуын, көлiк құралдары иелерінің мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтуiн бақылауды жүзеге асырады, оларды мемлекеттік тiркеу және есепке алу арқылы жол қозғалысына қатысуға жiбередi, көлiктердi пайдаланушы адамдарды, соның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланушы адамдарды тiркейдi және есепке алады, емтихан қабылдайды және көлiк құралдарын басқару құқығына арналған куәлiктер бередi, жол қозғалысын реттейдi;
20) iшкi iстер органдары ұстаған, қамауға алған адамдарды айдап алып жүрудi қамтамасыз етедi;
21) уақытша ұстау оқшау бөлмелерiнiң, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты орны және құжаттары жоқ адамдарға арналған арнаулы қабылдау-бөлу орындарының, қызмет жануарларына арналған питомниктердiң жұмыс iстеуiн және оларға бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
22) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
24) халықаралық шарттар негiзiнде iшкi iстер органдарының қарауына жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
25) заңсыз көшi-қонның алдын алу, азаматтық, көшiп кету, көшiп келу, шетелдiктермен жұмыс мәселелерiн қарау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
26) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) iшкi iстер органдары:
1) қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi, ашады және тергейдi, iшкi iстер органдарының қарауына жататын қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асырады, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, қылмыстық жазаны атқарудан және өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен адамдарды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда адамдарды iздестiрудi ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2) қоғамдық тәртiптi сақтауды, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды анықтауды, олардың алдын алу мен жолын кесудi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретiнiң шегiнде әкiмшiлiк iс жүргiзудi, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтауды және оның жолын кесудi, жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау мен қадағалау жасауды, шетелдiктермен және азаматтыққа қабылдау және одан шығу, шетелге тұрғылықты тұру үшiн кету туралы өтiнiш берген адамдармен жұмысты жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдарына жүктелген өзге де мiндеттердi шешедi;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар берудi жүзеге асырады;
4) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар беру ережелерiн сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) қылмыс жасады деп сезiк туғызған адамдарды, сондай-ақ оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу таңдап алынған адамдарды заңға сәйкес қамау және ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
6) ұсталғандарды және қамалғандарды айдап апаруды жүзеге асырады;
7) уақытша ұстау оқшау бөлмелерiнiң, қабылдау-бөлу орындарының, арнаулы қабылдау орындарының, қызмет жануарларына арналған питомниктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
8) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) кадрларды iрiктеудi, орналастыруды жүзеге асырады, аттестаттау жүргiзедi, көтермелейдi, жазалайды, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде жұмылдыру даярлығы мен азаматтық қорғаныс ic-шараларын орындайды;
10) мемлекеттік күзетке жататын объектiлердi күзетудi жүзеге асырады;
11) қорғау нұсқамасын шығарады;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
09.12.1998 ж. № 307-1 ҚР Заңымен; 05.04.1999 ж. № 360-1 ҚР Заңымен; 11.06.2001 ж. № 208-11 ҚР Заңымен; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара);2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi
1. Iшкi iстер министрлігін Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi басқарады.
2. Iшкi iстер министрi:
1) iшкi iстер органдарына басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде ішкі істер органдары жүйесінің құрылымы мен штат санын белгілейді;
3) ішкі істер органдары жүйесінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібін белгілейді;
3-1) Ішкі әскерлер қолбасшысы қызметіне тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне кандидатура ұсынады;
4) Iшкi iстер министрлігінiң атынан iшкi iстер органдары орындауға мiндеттi актiлер, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде өзге мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар орындауға мiндеттi актiлер шығарады.
5) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2008.05.07. № 63-IV ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiктерi
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында iшкi iстер органдарымен бірлесiп, қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
2) қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өңiрлiк бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен лимиттер шегiнде облыстық бюджеттер және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерi есебiнен қамтылатын әкiмшiлiк полицияның штат санын ұстауды қамтамасыз етедi;
4) жанар-жағармай материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдарының коммуналдық қызмет көрсетуге, электр энергиясына, жылу беруге және байланыс қызметiне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, аумақтық органдар аппараттарына электрондық почта қызметiн көрсетуге жұмсалатын шығындарды қоспағанда, қызметтiк үй-жайлары мен көлiк құралдарын ұстауды, оларға қызмет көрсетудi және жөндеудi қамтамасыз етедi;
5) учаскелiк полиция инспекторларын олар қызмет көрсететiн учаскелерде жиhазбен, байланыс құралдарымен жабдықталған жұмысқа арналған үй-жаймен, сондай-ақ көлiк құралдарымен қамтамасыз етедi;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың деңгейінде спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн жерлерде шыны ыдыстағы өнiмдердi сатуға шектеу қояды;
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң аумағында iшкi iстер органдарымен бірлесiп, қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтауды қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң аумағында әкiмшiлiк учаске халқының пiкiрiн ескере отырып, учаскелiк полиция инспекторларын тағайындау үшiн iшкi iстер органдарымен бірлесiп, жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) ұйымдастырады;
3) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деңгейінде спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн жерлерде шыны ыдыстағы өнiмдердi сатуға шектеу қояды;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР 11.06.2001 ж. № 208-11 Заңымен 7-бап өзгертiлдi; 2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7-бап. Iшкi iстер органдары лауазымды адамдарының iшкi әскерлермен өзара iс-қимылы
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтарында орналасқан iшкi әскерлер бөлiмшелерiнiң, бөлiмдерi мен құрамаларының командирлерiне қатысты, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң құрылымына кiрмейтiн өзге де iшкi iстер органдары мен бөлiмшелерiнiң басшыларына қатысты, ал төтенше жағдайлар кезiнде - оларға берiлген барлық күштер үшiн аға оперативтiк бастықтар болып табылады.
ҚР 09.12.1998 ж. № 307-1 Заңына сәйкес 8-бап өзгертiлдi
8-бап. Iшкi iстер органдарының өзге де мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, лауазымды адамдармен және азаматтармен өзара iс-қимылы
1. Iшкi iстер органдары:
1) өзге құқық қорғау органдарымен, соның iшiнде анықтама мен тергеудi жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдармен;
2) қоғамдық тәртiптi қорғау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде халықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасайды.
2. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, қоғамдық тәртiптi сақтауда, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде, қылмыс пен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуда, анықтауда, жолын кесуде, ашуда және тергеуде iшкi iстер органдарына жәрдем жасауға мiндеттi.
2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-бап. Iшкi iстер органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
1. Iшкi iстер органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері құрайды.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2 Тарау Iшкi iстер органдарының өкiлеттiгi
10.07.1998 ж. № 283-1; 09.12.1998 ж. № 307-1; 16.07.2001 ж. № 244-11; 09.08.02 ж. № 346-II; 10.06.03 ж. № 433-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 25-III (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 26-III; 2008.05.07. № 63-IV (бұр.ред.қара); 2009.28.08 № 192-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгертiлдi; 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi
1. Iшкi iстер органдары алдарына қойылған мiндеттерге сәйкес және өздерiнiң құзыретi шегiнде:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қайшы қол сұғудан қорғауға;
2) қоғамдық тәртiптi қорғауға және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, соның iшiнде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жәрдемiмен, ұйымдар мен азаматтардың ерiктi қатысуымен қорғауға және қамтамасыз етуге;
3) қылмыстың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және ашуға;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге;
5) «Жедел iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстардың алдын алуға, анықтауға және ашуға, iшкi iстер органдары жүйесiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларында заңдармен белгіленген режимдi сақтауға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi. Бұл ретте жедел iздестiру шараларын жүзеге асыру құқылы iшкi iстер органдарының бөлiмшелерi мен қызметкерлерiнiң тiзбесiн Iшкi iстер министрлігі белгiлейдi;
6) алдын ала тергеуді жүзеге асыруға, анықтама жүргiзуге;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөніндегі iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға;
8) қылмыстық процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың өмiрiн, денсаулығын, ар-намысын, қадiр-қасиетiн және мүлкiн қорғау жөнiнде заңдарда көзделген шараларды қолдануға;
9) қылмыс жасаған, бірақ анықтамадан, тергеуден және соттан бой тасалаған, қылмыстық немесе әкiмшiлiк жазаларын атқарудан және өтеуден жалтарған, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдарды iздестiруді жүзеге асыруға және заңмен көзделген өзге де жағдайларға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді және ұрланған мүлiктi iздеудi жүзеге асыруға;
10) заңдарда белгіленген тәртіппен жедел-іздестіру және тосқауыл қою шараларын, қылмыс жасаған адамдарды ұстау жөніндегі операцияларды жүргізуді жүзеге асыруға, сондай-ақ өзге де құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға оларды жүргізуде және жүзеге асыруда жәрдем көрсетуге;
11) iздестiру, тергеу және өзге де заңмен көзделген iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде соттардың ұйғарымдарын, судьялардың қаулыларын, прокурордың, тергеушiнiң және анықтамашының жазбаша тапсырмаларын орындауға;
11-1) атқарушылық іс жүргізу органдарына орындау құжаттарын мәжбүрлеп орындатуда көмек көрсетуге;
12) әкiмшiлiк жазалауларды орындауға, әкiмшiлiк қамауға алынғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге;
12-1) прокурордың азаматтар мен лауазымды адамдарды мәжбүрлеп жеткізу (күштеп әкелу) туралы қаулыларын орындауға, сондай-ақ прокурордың өз құзыретi шегiнде шығарған өзге де жазбаша тапсырмалары мен талаптарын орындауға;
13) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысуға, құқық тәртібінiң жай-күйi мен iшкi iстер органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі шаралар туралы қоғамдық пiкiрдi зерделеуге;
14) авария, өрт, дүлей апат және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жою кезiнде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;
15) құқыққа қайшы қол сұғудан, жазатайым және оқыс оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ денсаулығы мен өмiрi үшiн қауiптi дәрменсiз немесе өзге де күйдегi азаматтарға көмек көрсетуге;
16) заңдарға сәйкес төтенше немесе әскери жағдай режимiн қамтамасыз етуге қатысуға, соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындауға;
17) iшкi iстер органдарының қорғаныстық-жұмылдыру даярлығын, бейбiт кезең мен соғыс уақыты жағдайында төтенше ахуалдар туындаған кезде олардың жұмысының тұрақтылығын арттыру, Iшкi iстер министрлігі арнаулы бөлiмшелерiнiң толық және дер кезiнде жұмылдыруға тұрақты әзiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға;
18) тармақшаға өзгерістерді қара - 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңы (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
18) жол жүрісі ережелерінің және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзге де нормативтердің сақталуын және механикалық көлік құралдары және олардың тіркемелері иелерінің міндетті техникалық байқаудан уақтылы өтуін бақылауды жүзеге асыруға; мемлекеттік тіркеу және есепке алу тәртібін айқындауға, сондай-ақ жеңіл, жүк автомобильдерін және автобустарды, олардың базасында жасалған арнаулы автомобильдерді қоса алғанда; мотоциклдер мен мотороллерлерді, автомобильдердің құрамында жүруге арналған тіркемелерді мемлекеттік тіркеуді және есепке алуды жүргізуге, оларды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуге, оларды пайдаланушы, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланушы адамдарды тіркеуді және есепке алуды жүргізуге, оларды жүргізу және троллейбустар мен трамвайларды жүргізу құқығына емтихан қабылдауға және куәлік беруге, жол жүрісін реттеуге;
19) мемлекеттік өрттен қорғау қызметі органдарына меншіктің барлық нысандарындағы объектілерде өрт қауіпсіздігі жай-күйіне бақылау жасауды жүзеге асыруда жәрдем көрсетуге;
20) қару мен оқ-дәрiлердiң (жауынгерлік оқ-дәрілерді қоспағанда)сатып алынуына, сақталуына, оларды тасымалдауға, алып жүруге, әкелуге, әкетуге және пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға, қару мен оқ-дәрілерді, жарылғыш және күшті әсер ететін улы заттарды, есiрткiлік құралдарды, психотроптық заттарды, солар тақылеттестерді, прекурсорларды, радиоактивтi материалдар мен заттарды ұстаудың және олардың жұмыс істеуінің белгіленген ережелерінің сақталуын бақылауға; әкiмшiлiктiң қатысуымен аталған заттар, нәрселер, материалдар тұрған үй-жайларды тексеруге; қаруды есепке алуға және заңда көзделген жағдайларда алып қоюға; азаматтардағы қару, оқ-дәрiлер мен олар сақталатын орындарды оларды қолдану ережелерiнiң сақталуын бақылау мақсатында тексеруге; қару мен оқ-дәрiлердi сақтау және пайдалану ережелерi бұзылған, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа жағдайларда ұйымдар мен азаматтардан оларды алып қою туралы мәселе қоюға;
21) заңдарға сәйкес ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша лицензиялар және рұқсаттар беруді жүзеге асыруға;
22) мемлекеттік маңызы бар объектiлер мен түзеу мекемелерiн күзетудi қамтамасыз етуге; ұйымдарды күзетудiң жай-күйiн бақылауға;
23) жаппай тәртiпсiздiктердi, соның iшiнде түзеу мекемелеріндегі жаппай тәртiпсiздiктердi тыюға, әскери қарауылдардың күзетуiнен қашқан сотталғандарды iздестiруді жүзеге асыруға қатысуға;
24) ұсталғандарды, қамауға алынғандар мен сотталған адамдарды күзетуге және айдап апаруға;
25) азаматтар мен лауазымды тұлғалардың шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың олар үшiн белгiленген келу, кету, болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттi өту ережелерiн сақтауын бақылауға;
25-1) Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін талдауға және оған болжам жасауға;
25-2) халықтың көші-қоны мәселелері және босқындар мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіруге;
25-3) келген оралмандарды тіркеуді, есепке алуды жүзеге асыруға;
25-4) оралман мәртебесін беруден және оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуден бас тарту туралы шағымдарды қарауға;
26) арнаулы және әскери тасымалдарды ұйымдастыруға;
27) карантиндiк, санитарлық және экологиялық iс-шараларды, оның iшiнде төтенше жағдайлар кезiнде өткізуге қатысуға;
28) денсаулық сақтау мекемелерiне шақыру бойынша келуден жалтарған алкоголизм, нашақорлық, уытқұмарлық, жыныс ауруларына шалдыққан немесе иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарды олардың ұсыныстары бойынша айдап алып келудi жүзеге асыруға;
29) иесiз қалған мүлiк пен қазыналардың тиiстi мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қарауына берiлгенге дейiн сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шұғыл шаралар қолдануға; табылған және iшкi iстер органдарына тапсырылған құжаттардың, заттардың, құндылықтардың және басқа мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, оларды меншiк иелерiне қайтару не белгiленген тәртiппен сату жөнiнде шаралар қолдануға;
30) шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен, халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық шарттары негiзiнде ынтымақтастық жасауға;
30-1) кәмелетке толмағандардың арасында қылмыскерліктің алдын-алу мақсатында: бас бостандығынан айыру орындары мен жабық үлгідегі арнаулы білім беру ұйымдарынан босатылғандардың; қылмыс жасаған кезінде заңға сәйкес жасы толған соң қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін жасқа толмағандардың; спиртті ішімдіктерді, есірткілік құралдар мен уытты заттарды қолданатындардың; әкімшілік жазалау шараларын қолдану көзделген өзге де құқық бұзушылықтар жасағандардың есебін жүргізуге және оларға ықпал ету шараларын қолдануға;
30-2) азаматтық материалдарын ресiмдеудi қамтамасыз етуге;
30-3) заңды тұлғалардың шетелдiк жұмыс күшiн тарту, шетелдiктердiң елде болуына рұқсат беру ережелерiн сақтауына қатысты қызметiн бақылауға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың шет елге шығуын және шетелдiктердi тұрғылықты тұруға қалдыруды шектеу туралы шешiм қабылдауға;
30-4) кез келген жасалған немесе әзiрленiп жатқан, соның iшiнде өздерiнiң қарауына жатпайтын құқыққа қарсы қастық жасау туралы арыздар мен хабарламаларды қарауға, оларды тiркеуге, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау, қоғамдық қауiптi зардаптарға жол бермеу жөнiнде уақтылы шаралар қолдануға; қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде әкiмшiлiк қамауға алу таңдап алынған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшiн уақытша ұстау оқшаулау бөлмелерi болуға;
30-5) құқық тәртібін қорғау жөніндегі мiндеттердi шешудi, соның iшiнде әкiмшiлiк қадағалауға алынған және алдын алу ықпалы жасалуға тиiс адамдарды, қайталап жасауы күшейтiлген жауаптылыққа әкелiп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдарды есепке алуды қамтамасыз ететiн мамандандырылған есепке алуды, ақпарат жүйелерiн құруға және пайдалануға; есепте тұратын адамдардың мiнез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;