1272. Ескерту сигнал ақпаратының санатына дереу назар аударылуын талап ете отырып, экипаж мүшелерінің жедел қимылдарын талап етпейтін ақпарат жатады. Ескерту сигналдарына құзырындағы уақыты tp >15 секунд болатын сигналдар жатады.
1273. Құлақтандыру сигнал ақпаратының санатына жүйелердің қалыпты жұмысын, экипаж мүшелерінің жұмысы алгоритмінің орындалғандығын көрсететін және басқа да ақпарат жатады. Құзырындағы уақытының шамасы бойынша құлақтандыру ақпараты реттелмейді.
1274. Сигнал беру жүйесі мынадай функцияларды атқаруы тиіс:
1) туындаған жағдайға (болған оқиғаға) байланысты дер кезінде экипаж мүшелерінің назарын аударту қажет. Ол үшін қажеттілігіне қарай назар аудартудың мынадай күшті әсер ету сигналдары қолданылады:
тональдығы, тембрі және ұзақтығы әртүрлі дыбыс сигналдары, мысалы, «зуммер» сияқты;
тактиль сигналдары;
жарқылдау режимінде жұмыс істейтін жарық сигнал құрылғыларының сигналдары;
2) сигнал ақпараты болған жағдайдың мағынасын ашатындай, яғни айқын болуы қажет. Ол үшін:
жарық сигналдары құрылғыларының жазулары мен символдары;
тілдік хабарламалардың мәтіндері;
дыбыс сигналдарының тональдығы, тембрі және ұзақтығы;
индикаторлардың сигнал элементтері;
тактиль сигналдары;
жарық сигнал беруі бар ауыстырғыштардың жазулары қолданылады;
3) осы жағдайда қажетті іс-қимылдардың ұйымдастырылуына көмектесу. Ол үшін:
жарық сигналдары құрылғыларының жазулары мен символдары;
тактиль сигналдары;
тілдік хабарламалардың мәтіндері қолданылады.
1275. Сигнал беру құралдары арқылы беріліп отырған ақпараттың дұрыс қабылдануы қоршаған ортаның әсер ету жағдайларында (экипаж кабинасындағы шуыл мен діріл, ішкі және сыртқы байланыс бойынша сөйлесу, жарықтандыру жағдайлары және т.б.) ұшу барысындағы барлық кезеңдерде және режимдерде қамтамасыз етілуі қажет.
1276. Сигнал ақпаратының берілуі әртүрлі құралдардың және олардың жұмыс режимінің үйлесуімен қамтамасыз етілетін оны ұсыну әдісі сигнал ақпаратының санатын ескеруге және бортта туындаған жағдайға сәйкес келуі қажет.
1277. Ұшудың барлық кезеңдері мен режимдерінің қалыпты және айрықша жағдайларында экипаждың әрбір мүшесіне берілетін сигнал ақпаратының көлемі уақтылы болған оқиғаны ұғынуды және қажетті іс-қимыл туралы шешім қабылдауды қамтамасыз ететіндей, сондай-ақ әрбір экипаж мүшесінің назарына салмақтың мөлшерден көп түсуін болдырмайтындай болуы қажет.
Интегралды сигнализатор және ауданды бақылау таблоларын, әсіресе ұшып көтерілу және қону режимдерінде, сондай-ақ күш-қуат қондырғысы мен функционалдық жүйелерді бақылау үшін қолдану ұсынылады.
Нақты жағдай немесе бір өлшем бойынша жабдықтың істен шығуы туралы ақпаратты беру және назар аударту үшін бір мезгілде үш сигнал құрылғысынан артық қолдануға болмайды.
1278. Шолу сигнал ақпараты ӘК экипажы мүшелеріне берілетін сигнал ақпаратының негізгі түрі болуы қажет. Дыбыс және тактиль сигналдары, сондай-ақ тілдік хабарламалар шолу сигнализаторларымен бірге қолданылуы қажет.
1279. Авариялық сигналдық ақпарат:
1) назар аудартудың күшті әсер ету сигналын қосуы қажет. Бұл ретте экипаж мүшесінің түрлі рецепторларына әсер ететін сигнал құралдарының кемінде екі түрі қолданылуы тиіс;
2) экипаждың кемінде екі мүшесі қабылдауы қажет. Бұл ретте авариялық жарық сигнал құрылғысы экипаждың кемінде екі мүшесінің жұмыс орындарына орнатылуы қажет;
3) мүмкіндігінше ескерту сигнал ақпараты экипажды логикалық операцияларды орындаудан босата отырып, өңделген күйінде ұсынылуы қажет;
4) ӘК-нің жерден көтерілуі барысында ұшу жағдайларының күрделенуінен де ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін оның жүйелері мен агрегаттарының жерден көтерілуге жай-күйінің дайын еместігін сипаттайтын сигналдар қолданылуы қажет;
5) ең аз дегенде ӘК қонуға конфигурациясының дайын еместігі туралы экипажға хабарлайтын қонуға ӘК дайын еместігі туралы сигнал беру қолданылуы қажет;
6) өзара жазба мәтіні мен тілдік хабарлама арқылы, сондай-ақ тиісті приборлардың көрсеткіштерімен (оларға қайшы келмеуі тиіс) келісілуі тиіс.
1280. Сигнал ақпараты анықталып ұғынылғанда, ал оның пайда болу себебі жойылмаған жағдайда күшті әсер ететін назар аударту сигналының туындаған жағдайы туралы шолу сигнал ақпаратын сақтай отырып тоқтатылу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте сызбаның басқа басқару сигналын алу үшін бастапқы күйіне автоматты түрде оралуы қамтамасыз етілген болуы қажет.
Пайдалану шектеулері мен ең күрделі режимдерге шығу туралы сигнал беру үшін күшті әсер ететін назар аударту сигналының ажыратылу мүмкіндігін болдырмау қажет.
1281. Сигнал беру құралдары және оларды басқару экипаж мүшелерінің тарабынан сигналдың берілмеуі немесе іске қосылған жағдайда оларды қабылдау мүмкін еместігіне әкелетін қателіктерді болдырмайтындай етіп жүргізілуі тиіс.
Дыбыс сигналдарын реттеуге жол берілмейді.
1282. Экипаж жүйеге кіретін барлық сигнал беру құралдарының дұрыстығына бақылау жүргізу мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс.
1283. Жарық сигнал құрылғыларындағы жазбалар мен символдар және тілдік құлақтандыру аппараты арқылы берілетін тілдік хабарламалар мынадай талаптарға жауап беруі қажет:
берілетін ақпараттың мазмұны туындаған жағдайдың немесе оқиғаның сипатын экипаждың біржақты ұғынуын қамтамасыз етуі қажет:
тілдік хабарлама сөздерінің тұжырымдары мен құрылу тәртібінің жарық сигнал құрылғысының тиісті жазбасымен сай болу мүмкіндігі қамтамасыз етілген болуы қажет;
туындаған жағдайда экипаждың іс-қимылдары бойынша ұсынымдар жасалатын іс-қимылды (мысалы, «Жантаюды басқар», «Шассиді шығар» және т.б.) көрсете отырып басталуы қажет.
191. Шолу сигнал беру қойылатын талаптар
1284. Жарықпен сигнал беру үшін үш негізгі: қызыл, сары және жасыл түстерді:
жарықпен сигнал берудің қызыл түсі тек қана авариялық сигнал ақпаратына;
сары түсті ескерту сигнал ақпаратына;
жасылды құлақтандыру сигнал ақпаратына қолдану көзделеді.
Бұдан басқа, маркерлерді ұшып өту туралы немесе функционалдық жүйелердің жұмыс режимі туралы ақпаратты беру үшін көрсетілгендерге қосымша ретінде осы жүйелердің пульттарында ақ және көк түсті сигналдарды қолдануға жол беріледі
1285. Жарық сигнал ақпараты оңай ажыратылуға тиіс және экипаж мүшелерінің көздерін шағылыстырмауы қажет.
1286. Автоматты түрде және (немесе) қолмен жүзеге асырылатын жарық сигналдарының жарықтығын орталықтандырылған түрде «күндізгі» режимнен «түнгі» режимге және кері қарай ауыстыру қамтамасыз етілуі қажет.
Бұл ретте жарық сигналдарының өздігінен «түнгі» режимге ауысып кетуін болдырмайтын шаралар қолданылуы қажет.
Авариялық сигнал ақпаратының жарықтығын реттеудің қажеті жоқ.
Жарық сигнал ақпаратының жарықтығын экипаж мүшелерінің жұмыс орындары аймағы бойынша реттеуге жол беріледі.
1287. Авариялық жарық сигналдары, сондай-ақ орталық сигнал шамдары және аудандастыру таблосының сигналдары жарқылдау режимінде берілуі қажет. Жарық сигналдарының жарқылдау режиміндегі жұмысы 2-ден 5 Гц-ке дейінгі жиілікте жүзеге асырылуы қажет.
1288. Сигнал жазбалары түсті әріптер арқылы күңгірт реңде орындалуы қажет.
1289. Егер ұшу жарамдылығының нормалары бойынша электр механикалық приборлар мен индикаторлардың алдыңғы жақ бөлігінде істен шыққандығын білдіретін сигнал беру талап етілетін болса, онда оны түсетін сигнал жалаушаларының (планкаларының) немесе осы жағдайда индикатордың алдыңғы бөлігінің бір бөлігін жауып тұратын пердешелердің көмегі арқылы қамтамасыз ету қажет.
192. Дыбыс сигнал беру құралдарына қойылатын талаптар
1290. Дыбыс сигналдары тональды дыбыс сигналдары немесе тілдік хабарламалар түрінде 200-4000 Гц дыбыс жиіліктері диапазонында берілуі қажет.
Тональды дыбыс сигналының көрсетілген диапазонның кемінде екі аластатылған жиілігінен тұратын сигнал болуы ұсынылады.
1291. Кабинадағы тональды дыбыс сигналдарының жалпы саны болған оқиғаның немесе туындаған жағдайдың сипатын қатесіз ұғынуға мүмкіндік беретіндей қамтамасыз етілген болуы қажет.
1292. Екі тональды дыбыс сигналдарын бір мезгілде беру кезінде оларды екі бөлек сигнал ретінде ұғынуға мүмкіндік қамтамасыз етілген болуы қажет. Осыған байланысты, тональды дыбыс сигналдарының жиіліктерін (жиіліктердің үйлесуі) көрсетілген диапазонның ішінен таңдаған кезде олардың аластатылуы, сондай-ақ сигналдардың тиісті кодталуы көзделуі тиіс.
1293. Бір оқиға немесе жағдай туралы сигнал беру үшін тілдік және тональдық дыбыс сигналдарын бір мезгілде беруге жол берілмейді.
1294. Тілдік құлақтандыру аппараты арқылы берілетін хабарламалар әйел адамның даусымен берілуі тиіс және кемінде екі рет қайталануы қажет. Бұл ретте датчиктен сигнал болған жағдайда хабарламаларды өшіріп тастау, сондай-ақ қайталап тыңдау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
1295. Тілдік құлақтандыру аппаратын пайдаланған кезде сигнал хабарламаларын беру үшін олардың мәтіні 13 сөзден аспауы тиіс. Бұл ретте ақпараттың бортта не болғандығы жайлы хабарламадан басталып, ал сонан кейін экипаждың іс-қимылдары бойынша ұсынымдар туралы хабарламамен жалғасуы ұсынылады.
193. Тактильдік сигнал беру құралдарына қойылатын талаптар
1296. Тактиль сигнализаторы (ӘК-де оны қолданған жағдайда) ұшу режимі бойынша пайдалану шектеулеріне шыққандығы туралы экипажды ескерту үшін қолданылуы қажет. Бұл ретте штурвалда немесе бағанада орнатылған тактиль сигнализаторы авариялық сигнал ретінде тек рұқсат берілген шабуыл бұрышына (ақос) және (немесе) ең жоғары оң пайдалану салмағына (nymaxэ) шыққандығы туралы сигнал беру үшін ғана қолданылуы қажет.
1297. Тактиль сигналдарын пилоттың екеуі де ұғынуы қажет. Тактиль сигнализаторына басқару штурвалындағы талап етілетін бағыттың сигнал беруін қамтамасыз ету ұсынылады.
1298. Тактиль сигнал беру сезімдерге ауыр әсер етпеуі қажет.
194. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш
1299. Осы Норманың 203-235-тарауларында көмекші газ турбиналы қозғалтқыштарға қойылатын талаптар жазылған. Осы талаптарды орындау күтіліп отырған пайдалану жағдайларында көмекші газ турбиналы қозғалтқышының ұшу жарамдылығын қамтамасыз ету үшін міндетті болып қолданылмайды.
Ескертпе: осы Норманың 194-219-тараулары турбокомпрессорлық стартерлерге таралмайды.
1300. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың осы Норманың 194-219 -тарауларына сәйкестігі техникалық құжаттаманы, есептеулерді, стендтік, жер бетіндегі және ұшу сынақтарын, сондай-ақ пайдалану тәжірибесін талдау негізінде белгіленуі қажет:
1) осы тарау талаптарының көлемінде - көмекші газ турбиналы қозғалтқышты «ӘК-ге орнатқанға дейін» сертификаттау кезінде;
2) осы Норма талаптарының көлемінде - ӘК сертификаттау кезінде. Сертификаттаудың аталған кезеңінде осы тарауында айтылған талаптарды қанағаттандыратын көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың «ӘК орнатқанға дейін» сертификаттау кезіндегі ұшу сынақтары бөлігінің оң нәтижелері есептеледі;
3) осы тарау талаптарының көлемінде - сериялық шығарылатын және жөндеуге жататын көмекші газ турбиналы қозғалтқыштарды бақылау кезінде.
1301. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышқа арналған техникалық құжаттамада Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулық, негізгі деректер мен пайдаланудың күтіліп отырған жағдайлары көрініс табуы тиіс. Көрсетілген мәліметтер көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың сынақтары, куәландыруы және пайдалануы кезіндегі оның ресми мәртебесін құрайды. Күтіліп отырған пайдалану жағдайлары осы Норманың 203-235-тарауларының талаптарына сай екендігін растайтын көмекші газ турбиналы қозғалтқыш және оның детальдары сынақтарының бағдарламаларын әзірлеуге негіз болуы тиіс.
1302. Күтіліп отырған пайдалану жағдайларында ұшу жарамдылығын анықтау үшін көмекші газ турбиналы қозғалтқышы, оның конструкциясы мен агрегаттарының элементтерінің сипаттамаларына және сынақтарына есептеулер атмосфералық жағдайларда жүргізілуі қажет. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышының 4500 м биіктікке дейінгі ұшу сипаттамалары жоғары температура кезіндегі ылғалдылықты түзете отырып көрсетілуі қажет.
1303. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышта дайын бұйымдарды қолдану олардың көмекші газ турбиналы қозғалтқышында жұмыс істеу жағдайларын ескере отырып, осы бұйымдарды дайындаушылармен келісілуі қажет.
1304. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш сертификатталуы үшін:
1) агрегаттарының, жүйелерінің, коммуникацияларының және датчиктерінің толық жиынтығы;
2) көмекші газ турбиналы қозғалтқышты пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге қажетті техникалық құжаттаманың кешені;
3) көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулық пен Техникалық қызмет көрсету регламентінде көзделген техникалық қызмет көрсетудің орындалуын қамтамасыз ететін борттық құрал-сайманның, керек-жарақтардың, бақылау-өлшеу және диагностикалық аппаратураның кешендері;
4) Техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес техникалық қызметті орындау үшін қажетті қосалқы агрегаттардың, детальдардың және шығын материалдардың кешендері ұсынылуы қажет.
1305. Электр энергиясын тұтынатын көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың агрегаттары мен жүйелері осы Норманың талаптарына сәйкес келуі қажет.
1306. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш - қысылған ауа мен электр энергиясының көзі болып табылатын және ӘК қозғалыс күшін хабарлауға арналмаған, ӘК бортында орнатылған, ӘК қызмет көрсетуге арналған барлық онда орналастырылған агрегаттары бар газ турбиналы қозғалтқыш.
1307. Тәжірибелі көмекші газ турбиналы қозғалтқыш деп мемлекеттік сынақтан өтпеген көмекші газ турбиналы қозғалтқышты айтамыз.
Ескертпе: көмекші газ турбиналы қозғалтқышты мемлекеттік сынақтан өткізу Жарамдылығы туралы куәлікті ресімдеу үшін көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың «ӘК-ге орнатылғанға дейінгі» сертификатталуын белгілейтін нормативтік-техникалық құжаттаманың және осы Норманың талаптарына көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың сәйкестігін растау мақсатында ресми комиссия жүргізетін тәжірибелі көмекші газ турбиналы қозғалтқышты өткізуі.
1308. Сериялық көмекші газ турбиналы қозғалтқыш сериялық өндірісте және негізгі деректері, өлшемдері, конструкциясы бойынша мемлекеттік сынақтан өтіп, Жарамдылығы туралы куәлік алған көмекші газ турбиналы қозғалтқышта қолданылатын материалдарға сәйкес дайындалатын көмекші газ турбиналы қозғалтқыш.
1309. Түрлендірілген көмекші газ турбиналы қозғалтқыш деп көмекші газ турбиналы қозғалтқышының сипаттамалары мен ұшу жарамдылығына едәуір әсер ететін конструкциялық өзгерістері бар сериялық көмекші газ турбиналы қозғалтқышты дамыту болып табылатын көмекші газ турбиналы қозғалтқышты айтамыз.
1310. Жөнделген көмекші газ турбиналы қозғалтқыш деп оның одан арғы пайдалануын жөндеу аралық ресурс шегінде қамтамасыз ететін күйге дейін жөнделген, сериялық көмекші газ турбиналы қозғалтқышты айтамыз.
1311. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың күтіліп отырған пайдалану жағдайлары төменде көрсетілген ұшу өлшемдерін (режимдерін), көмекші газ турбиналы қозғалтқышқа сыртқы ортаның жай-күйі мен әсер ету параметрі мен пайдалану факторларын, сондай-ақ пайдалану циклі кезеңінде олардың өзгеруін қамтиды. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың пайдалану циклі күтіліп отырған белгіленген жұмыс режимдерін және көмекші газ турбиналы қозғалтқыштағы ауыспалы процестерді (іске қосу, режимдік жұмыс және ұшардың алдында және ӘК қонғаннан кейін жерде тоқтату; іске қосу, режимдік жұмыс және қажет болған жағдайда ұшу барысында тоқтату), сондай-ақ бір пайдалану цикліне қатысты техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізу барысындағы барлық режимдерді қамтуы қажет.
1312. Ұшу өлшемдері (режимдері):
1) ұшу биіктігі;
2) ұшу жылдамдығы (М саны);
3) кеңістіктегі көмекші газ турбиналы қозғалтқыш кіндіктемелерінің жантаю бұрыштары;
4) салмақтың мөлшерден көп түсуі.
1313. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышқа қоршаған орта жай-күйінің және әсер ету өлшемдері:
1) барометрлік қысым, атмосфералық ауаның температурасы мен ылғалдылығы;
2) желдің бағыты мен жылдамдығы;
3) электрлік әсерлер;
4) көмекші газ турбиналы қозғалтқышқа кіре берісте түсетін құстардың, мұз бөліктерінің, бұршақтың, судың (жаңбырдың) мөлшері, массасы және жылдамдығы.
1314. Пайдалану факторлары:
1) көмекші газ турбиналы қозғалтқыш ресурстары (сағаттардағы және пайдалану циклдеріндегі), қызмет мерзімі (күнтізбелік уақыт);
2) қозғалтқыштың жұмыс режимдері, бір пайдалану циклі барысында осы режимдерге шығудың саны мен реті және белгілі бір режимдердегі (оның ішінде мүмкін болған жағдайда авторотация режиміндегі) жұмыстың рұқсат етілген үздіксіз және жалпы ұзақтығы, сондай-ақ ауыспалы процестер туралы мәліметтер;
3) ұшу бейінінің сипаттамасы;
4) ұшу биіктігі мен жылдамдығы бойынша іске қосу аралықтары;
5) ауа мен қуат жинау шамасы;
6) ұшақтың ауа жинағышындағы қысымның толық жоғалуы;
7) көмекші газ турбиналы қозғалтқышқа кіре берістегі ауа ағынының біркелкі еместігі;
8) отынның, майдың, қондырмалардың, техникалық сұйықтықтар мен газдардың қолданылатын маркалары;
9) көмекші газ турбиналы қозғалтқышқа кіре берістегі отынның температурасы мен қысымы;
10) көмекші газ турбиналы қозғалтқыш агрегаттарының, соның ішінде іске қосу құрылғысындағы энергиямен қуаттандыру өлшемдері;
11) өзіне қатысты аймақтарды көрсете отырып, көмекші газ турбиналы қозғалтқышты орналастыратын бөлімдегі температура;
12) ұшу-қону жолағы және ӘК тұрақ орнының төсемі мен жай-күйі;
13) көмекші газ турбиналы қозғалтқышқа қызмет көрсетудің кезеңділігі мен түрлері;
14) пайдалану барысында қозғалтқыш детальдарындағы механикалық зақымдардың шамасы;
15) ӘК көмекші газ турбиналы қозғалтқышты, соның ішінде қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету ерекшеліктерін белгілейтін жинақылаудың ерекшеліктері;
16) механикалық қоспалармен және еркін сумен (көмекші газ турбиналы қозғалтқышқа кіре берістегі) отынның ластануы.
1315. Негізгі детальдардың нақты тізбесі көмекші газ турбиналы қозғалтқышты жеткізу және оның прототипін пайдалану тәжірибесін ескере отырып, қауіпті салдарға әкелуі мүмкін істен шығуды талдау негізінде анықталады.
195. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш конструкциясы
1316. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш конструкциясы осы тараудың талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
1317. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш жүйелері мен агрегаттарын қоса алғанда белгіленген ресурс пен қызмет мерзімі аралығындағы күтіліп отырған пайдалану жағдайларында апаттық жағдайлардың туындауына әкелетін қауіпті зардаптары бар жабдықтардың істен шығуы ӘК бір сағат ұшуы кезінде болуы мүмкін емес оқиға ретінде бағаланатындай етіп жобалануы және жасалуы қажет. Осы талаптың орындалуын растау нақты сызба мен нақты конструкцияны, ұзақ мерзімді пайдалану барысындағы осындай конструкциялардың беріктігін статистикалық бағалау материалдарын, сондай-ақ осы конструкцияның сынақ нәтижелерін талдау негізінде жүргізілуі қажет.
1318. Көмекші қозғалтқыш конструкциясы және оның автоматикасы рұқсат еткен қалыптасқан режимдерінде, сондай-ақ ауыспалы процестерінде де күтіліп отырған пайдалану жағдайларында және көмекші газ турбиналы қозғалтқыштағы ең жоғары шамамен ауаның жиналуын күрт азайтқанда немесе тоқтатқанда (0,5 - 1 секунд ішінде) компрессордың помпажы туындамау қажет. Күтпеген факторлар нәтижесінде (мысалы, болуы екіталай ақаудың көмекші қозғалтқышта пайда болуы, экипаждың мүмкін болатын қателіктері және т.б.) ұшу барысында туындайтын помпаж қауіпті зардаптары бар көмекші қозғалтқыштың істен шығуына әкелмеуі қажет.
1319. Көмекші қозғалтқыш ауа жиналатын жүйенің герметизациясы бұзылған жағдайда газ температурасының мөлшерден тыс артып кетуінен, сондай-ақ авариялық жағдайларда қуат алу тез тоқтаған кезде роторлар айналысы жиіліктерінің мөлшерден тыс артып кетуінен қорғалуы тиіс.
1320. Жұмыс істеп тұрған, сондай-ақ жұмыс істемей тұрған көмекші құрал ұшу барысында техникалық құжаттамада айтылған дірілдер мен салмақтың түсуін көтеруі қажет.
1321. Ұшу барысында авторотациялау кезінде және іске қосардың алдында (жерде және ұшу барысында) көмекші газ турбиналы қозғалтқыш роторының рұқсат берілген айналыс жиілігі техникалық құжаттамада көрсетілуі қажет.
Ескертпе: егер көмекші қозғалтқышта ротордың кері авторотациясына рұқсат берілмеген болса, онда ол техникалық құжаттамада көрсетілуі тиіс.
1322. Техникалық құжаттамада көмекші қозғалтқыштың қалыпты жұмысына кепілдік беретін ену және шығу арналарындағы қысымның жоғалуы, қысымның және ауаны жылытудың рұқсат берілген пульсациясы, көмекші қозғалтқышқа кіре берістегі қысымдар мен температуралар өрістерінің біркелкі еместігі бойынша талаптар айтылуы қажет.
1323. Көмекші қозғалтқышты жетілдіру тарихы мен оның прототипін немесе аналогын пайдалану тәжірибесін ескере отырып, көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың функционалдық істен шығу себептері мен салдарларына талдау жүргізілуі тиіс. Көмекші қозғалтқыш конструкциясында, дайындалу технологиясында және техникалық қызмет көрсету жөніндегі құжаттамасында қауіпті салдарға әкелуі мүмкін істен шығулар бойынша:
1) осындай істен шығуларды алдын алу бойынша;
2) қауіпті салдарлары бар істен шығулардың туындауына әкелуі мүмкін көмекші қозғалтқыштың ақаулары мен зақымдарын уақтылы анықтау және жою жөнінде арнайы шаралар көзделген.
Істен шығуларды осылай талдау кезінде талаптардың орындалғандығын көрсету қажет.
1324. ӘК көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың күтілген жинақталуы кезінде олардың бір-бірін ауыстыруы қамтамасыз етілген болуы қажет. Бұл ретте көмекші қозғалтқыштың жекелеген агрегаттарының немесе конструкциясының басқа элементтерінің орындарын ауыстыруға жол беріледі.
1325. Істен шығуы қауіпті салдарларға әкелуі мүмкін көмекші газ турбиналы қозғалтқыш детальдары техникалық құжаттаманы пайдалана отырып, осы детальдардың шығарылуы туралы қажетті мәліметтерді алуға болатындай етіп таңбалануы қажет. Осы детальдардың шығарылуына арналған техникалық құжаттамада оларды бақылаудың аса жоғары көлемі көзделген болуы қажет.
1326. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың өртке қарсы қорғанысы кезінде көмекші қозғалтқышта:
1) өрттің пайда болуы мен таралуының алдын алатын конструктивтік шаралар;
2) жануы мүмкін болатын бөліктерінде жанармай сұйықтықтары мен олардың буларының жиналуын болдырмас үшін құрғату жұмыстары;
3) көмекші қозғалтқышты шұғыл ажырату құрылғысы көзделген.
Көмекші қозғалтқышта отқа төзімді немесе жоғары температуралардың әсерінен қорғалуы тиіс элементтер:
1) қозғалтқышты ажыратуға байланысты басқару органдарының элементтері;
2) ішінде отыны, майы немесе олардың булары бар құбырлар немесе ыдыстар (бактар);
3) өрт кезінде немесе өрттен кейін көмекші қозғалтқышқа бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті деп танылған қозғалтқышты ажырату құралдары органдарындағы басқару жүйелерінің және басқа жүйелердің электр өткізгіштері;
4) өрт кезінде жоғары температуралардың әсерінен бұзылуы көмекші газ турбиналы қозғалтқышта орналасқан бөлімге ауаның берілуіне әкелуі мүмкін ауа өткізгіштері.
Көмекші қозғалтқыш жинақталғанда:
1) май және отын жүйелері агрегаттарын мүмкіндігінше көмекші қозғалтқыштың ыстық бөліктерінен тыс жерге орналастыру;
2) ауаны май жүйесінің суфлирлеу қуыстарынан көмекші қозғалтқыш орналасқан бөлімге жібермей, атмосфераға жіберу көзделген болуы қажет.
196. Беріктігі
1327. Көмекші қозғалтқыш детальдарындағы статикалық және динамикалық кернеулер, деформациялар мен түскен салмақтар, сондай-ақ оның ілінген және агрегаттардың бекітілуі тұсындағы дірілдер пайдалану тәжірибесі мен арнайы сынақ нәтижелерін ескере отырып белгіленген, конструкцияның осындай ерекшеліктерінің, қолданылған материалдардың және қабылданған шығару технологиясының кезінде белгіленген көрсеткіштерден аспауы қажет.
1328. Компрессордың немесе турбинаның жұмыс күрекшесінің үзілуі, сондай-ақ оның үзілуі нәтижесінде (басқа күрекшелердің қирауы, ротор дисбалансының ұлғаюы, жергілікті температураның көтерілуі және т.б.) туындайтын қайталама құбылыстар қауіпті зардаптарға әкелмеуі қажет.
1329. Қирауы кезінде көмекші газ турбиналы қозғалтқыш корпустарының ішіндегі қирауларды оқшауландыру қамтамасыз етілмеген көмекші газ турбиналы қозғалтқыш роторларының дискілері ең жоғары пайдалану және күтіліп отырған пайдалану жағдайларында түсетін механикалық және жылу салмақтарына төтеп беру үшін жеткілікті дәрежеде берік болуы қажет.