238. Әуе винтінің ұшу сынақтары
1573. Әуе винті белгіленген режимдерде және қозғалтқыштағы ауыспалы процестер кезінде тексеру және пайдалану жағдайларында ӘК тексеру әуе винтінің жұмыс қабілеттілігі мен негізгі, тіркелген тіректер мен оның қалақтарын орнату бұрыштарын таңдаудың дұрыстығын, сондай-ақ әуе винтінің басқа да ұшу-пайдалану сипаттарының, оның реттеу, басқару жүйелерінің және жұмысын бақылау құралдарының талаптар мен техникалық құжаттама деректеріне сәйкестігін тексеру.
Сынақтар жерде және ұшуда сынақтар жүргізгенде, олар:
1) әуе винтінің айналу жиілігін реттеудің орнықтылығы мен дәлдігі және қозғалтқыш тексерілетін барлық белгіленген режимдегі осьтік әуе винтінің айналу жиілігінің әр түрлігін;
2) әуе винті қалақтарының бұрылу механизмінің жұмыс қабілеттігі және оның айналу жиілігін, оның ішінде ең жоғары шамасын реттеудің сапа сипаттамасы мен әуе винтінің айналу жиілігінің қозғалтқыштағы ауыспалы процестері кезінде, ол тексерілетін іске қосуды қоса алғанда, оның тепе-теңдік мәндеріне ауытқу ұзындығы;
3) қалақтарды флюгерлік жағдайға енгізу жүйелері бар мәжбүрлі (қолмен) қосулар кезінде және ұшудың барлық үлгілік кезеңдерінде одан шығару кезінде қозғалтқыш деңгейлес және маневрлерде тексерілетін әуе винтінің қалақтарының бұруы тетігінің жұмыс қабілеттілігін;
4) әуе винтінің қалақтарын орнатуда флюгерлік бұрышты таңдау дұрыстығын бағалауы тиіс. Тексеру тік ұшудың бір жұмыс істемейтін қозғалтқышпен 10%-дан аспайтын жылдамдық диапозонында барлық диапозонда, сондай-ақ ең үлкен қол жетерлік жылдамдықта әуе винті не айналады, не 0,5с-1 аспайтын жиілікпен жұмыс бағытына айналатынын көрсетуі тиіс;
5) әуе винтінің қалақтарын орнатудың ең аз бұрышын таңдаудың дұрыстығы, жердегі жағдайда (ӘК-нің тұрақтығы кезінде):
бір валды қозғалтқышты қалыпты іске қосу;
жердегі аз режимде май жүйесінің жылу алмастырушының жеткілікті үрлеуін;
жердегі аз газды режимде ӘК дөңгелектері тежегіштерінің сенімді жұмысын және рөлді бұруда ӘК басқару ыңғайлығын ескере отырып таңдалған өлшем шегіндегі тартқышы;
6) әуе винтінің жұмысын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі бағалануға тиіс. Сынақтар кезінде крейсерлік ұшуда әуе винтінің ұзақ жұмысының қалақтардың бұрылу тетігінің жұмыс қабілеттігіне және қозғалтқыштағы ауыспалы процестері кезінде және әуе винтінің қалақтарының флюгерлік жағдайға енгізу және одан шығару кезіндегі реттеу мен басқару жүйелерінде әсерін бағалаған жөн. Тексеруді 400С-тан жоғары атмосфералық ауа температурасы кезінде РП-да көрсетілген жоғары крейсерлік режимінде кем дегенде 2 сағат бойы немесе осы режимдегі, ал 2 сағаттан кем болса, пайдаланудағы ең жоғары мүмкін болатын жұмыс ұзақтығының ішінде жұмыстар кейін жүргізген жөн.
1574. Әуе винті элементтерінің тербелісті жүктемесін тексеру ӘК-де әуе винтін пайдалану жағдайы шыдамдылық талаптары бойынша жол берілмейтін оның элементтерінің тербелісті жүктемесінің деңгейін осыншама арттыруға алып келмейтіндігін растауға тиіс. Жүктемелерді (кернеулерді) анықтауды жүргізу қажет.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, оларды:
1) қозғалтқыштың жұмыс режимдерінің пайдалану диапазонындағы жердегі жағдайларды және ең жоғары бұруы мүмкін (рұқсат етілетін) бұрыштың жылдамдықтарына айналу бұрыштары мен ӘК басқару кезінде әуе винті элементінің тербелісті жүктемесінің сипаты мен деңгейі;
2) тексерілетін ӘК ұшуы және қозғалтқыш жұмыстарының барлық режимдеріндегі және ол сондай-ақ қозғалтқышты ажырату және іске қосу кезінде әуе винті элементінің тербелісті жүктемесінің сипаты мен деңгейі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде әуе винті элементінің тербелісті жүктемесінің деңгейіне мынадай факторлардың әсері бағалануы тиіс:
1) жердегі желді жағдайлар;
2) тексерілетін және қатар орналасқан әуе винтіне олардың айналу жазықтықтары жабылған немесе осы әуе винтіне жақын орналасқан жағдайдағы жұмыс режимдерінің үйлесуі.
Тербелісті жүктемені анықтауға арналған тексеруге әуе винтінің қанаттары, сондай-ақ валдары, корпусы және тізбесі әуе винтінің осы үлгісінің ұшу сынағының нәтижелерінің негізінде анықталуы тиісті басқа элементтер мен баламалы конструкциясы бар әуе винтін бабына келтіру тәжірибесі жатады.
1575. ӘК әуе винтінің жұмыс жағдайларында тексеру жүйелердің текшелік сынақтарын оның ұшу сынақтарын есептеудің нәтижелерін растауға және олардың жиынтығын ӘК РОП сәйкес мұз қату жағдайларындағы пайдалану кезінде олардың жиынтығын көрсетуге тиіс, мұндай жағдайда, әуе винтінің жұмысын бұзушылық және қалдық мұз түзудің қозғалтқышпен ӘК ұшу пайдалану сипаттамаларына және олардың конструкциясына беріктігіне әсерінің қауіпті салдарының туындауы мүмкін емес.
Тексеруді мұз қату жағдайларында бақылайтын жердегі және ұшу сынақтарымен жүргізген жөн. Сынақтар ӘК барлық қозғалтқыштарының қалыпты жұмысы кезінде, сондай-ақ қозғалтқышты ажыратқан кезінде пайдалану үшін ұсынылғандарға сәйкес келетін жылдамдықтарда ұшу биіктігінің диапазонындағы бағдарламамен белгіленген сынақтар жүргізуі тиіс. Бұл ретте қозғалтқыштың пайдалану диапазоны қабылдаған жұмысының әртүрлі режимдеріндегі олардың өзгерісі:
1) әуе винтіне мұз қатуға қарсы жүйесінің жұмыс қабілеттілігі (жылытылатын элементтердің жылулық жай-күйі, жылыту жүйесінің өлшемдері және т.б. мұз қатуға қарсы жүйесінің үлгісіне қарай) және оны басқару мен бақылау құралдарын пайдалану ерекшеліктері;
2) мұз қатуға қарсы жүйесі жұмысының қозғалтқыш өлшеміне әсері;
3) мұз қату жағдайларындағы мұз қатуға қарсы жүйесінің тиімділігі, қалдық мұз түзудің әуе винті мен қозғалтқыштың бірлескен жұмысына әсері;
4) әуе винтінен ағу тетігі мен қалақтарынан мұз бөлігін алу мүмкіндігі және олардың қозғалтқыш пен ӘК элементтеріне түсу салдарлары бағалануы тиіс.
1576. Сынақтар кезінде мұз қатуға қарсы жүйесін қосу ұзақтығының кідірісі 1 минут, мұз қату жағдайларында тексеріліп әрбір отырған режимдегі ұшу ұзақтығының әуе винтінен ағу тетігі мен қалақтарынан мұздың бір бөлігін алудың мүмкін болатын салдарларына әсері бағалануы тиіс.
1577. ӘК үшін әуе винтінің қол жетімсіз теріс бұрамынан қорғаудың қамтамасыз етілгендігін тексеру:
1) әуе винтінің қол жетімсіз теріс тартымынан қорғау жүйелерінің жұмыс қабілеттілігі мен кедергіден қорғалғыштығы;
2) жүйелердің ұшу-пайдалану сипаттамаларын техникалық құжаттамасының деректеріне сәйкестігі;
3) қуатты қондырғының қалыпты жұмысы кезінде, сондай-ақ қозғалтқыштың істен шығулары мен әуе винтін реттеу және басқару жүйелеріндегі істен шығулар кезінде ӘК үшін қол жетімсіз теріс тартымның туындауының мүмкін болмауы;
4) қорғанғыштық жүйелерді бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі расталуға тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) әуе винтінің қалақтарын флюгирлеу жүйелерінің жұмыс қабілеттілігі, теріс тартым шектеулері, қалақтардың осы жүйелер жұмысқа кірісуге тиісті режимдерінде қуатты қондырғыны қалыпты жұмысы кезіндегі және қозғалтқыш пен әуе винтін реттеу мен басқару жүйелерінің істен шығулары кезіндегі аралық жағдайын шектеу бағалануы тиіс. Сонымен бірге, ұшудың өлшемдері (режимдері) бойынша жүйелердің сенімді жұмыс істеп кету шекаралары, анықталуға тікелей немесе жанама тәсілмен әуе винтінің қалақтарының көтерудің аралық және минималды бұрыштары тіректеріндегі жағдайы кезінде әуе винтінің авторотация режиміндегі қуатты қондырғы шартының өзгеруі (егер ұшуда минималды бұрышты пайдалану РП-да көзделген болса) бағалануы тиіс;
2) жүйенің жұмысқа кірісуі көзделмеген қозғалтқыштың қалыпты жұмысы режимдерінде оның жұмыс істеп кетуін болдырмайтын автоматты флюгирленетін жүйе датчиктерінің жұмыс істеп кету өлшемдері бойынша қорлардың жеткіліктілігі;
3) ӘК үшін қол жетімді теріс тартымның авторотациясы кезіндегі шамасын ескере отырып, әуе винтінің қалақтарын орнатудың аралық бұрышын таңдаудың дұрыстығы, қозғалтқыштың орнықты жұмысының қамтамасыз етілгендігі, сондай-ақ аз газды ұшу және аз газды жердегі екінші айналымға кету жағдайларындағы мүмкіндік уақытының техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкестігі;
4) әуе винтінің қол жетімсіз теріс тартымының пайда болуынан ӘК корғаудың қамтамасыз етілгенді, қорғалатын жүйелердің жұмыс істеп кетуінің орнықтылыққа әсері ӘК басқарылымы мен ұшу сипаттамалары, сондай-ақ аралық бұрыштық тіректері бар әуе винтінің қалақтарының алыну сәйкессіздігінің ӘК жүгіруі кезіндегі орнықтылығы мен басқарылымдығына әсері;
5) әуе винтінің қорғанғыштық жүйелері бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде атмосфералық ауа температурасының оның өзгеріс диапазонына әсерін, егер осы әсер елеулі деп күтілетін болса, бағалаған жөн.
1578. Әуе винті кері қимылдайтын жұмыс режимін және оның ӘК сипаттамасына әсерін тексеру:
1) кері қимылдайтын тартым жүйесінің жұмыс қабілеттілігін;
2) қозғалтқыш пен әуе винті жүйесінің орнықтылығы және олардың кері қимылдайтын тартым режиміндегі өлшемдерінің техникалық құжаттама деректеріне сәйкестігін;
3) кері қимылдайтын әуе винтінің ӘК жағдайы мен ұшу сипаттамаларына қол жетімсіз әсерінің болмауы;
4) әуе винтінің кері қимылдайтын тартым жүйесін бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігін растауы тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынқатармен жүргізген жөн, олардың:
1) кері қимылдайтын тартым жүйесі мен оның жұмысын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі, кері қимылдайтын режим жұмысын пайдалануға рұқсат етілген ұшудың сол бір кезеңдердегі жүйені жұмысқа қосу және ажырату жағдайында белгіленген режимдердегі жұмыстың орнықтылығы мен өлшемі;
2) кері қимылдайтын тартым режимдерінде жұмыс істеп тұрған ауалық бұрамдардың қуатты қондырғының көршілес қозғалтқыштарының жұмысы мен өлшеміне әсері;
3) кері қимылдайтын тартым мен оның сипаттамалары жүйелері жұмыстың, оның ішінде максимальді теріс тартымға жету уақыты мен симметриялық әуе винті кері қимылдайтын режимге көшудің сәйкестігі ӘК жағдайы мен ұшу сипаттамаларына әсері;
4) әуе винтінің біреуінің кері қимылдайтын режимінің қосылмауы қонғаннан кейінгі оның жүгіруі кезінде ӘК жай-күйіне әсері бағалануға тиіс. Тексерудің қажеттігі осындай істен шығуды алдын ала талдау мүмкіндігі мен салдарларының негізінде белгіленеді.
Сынақтар кезінде анықталған жердегі жел жағдайлары мен атмосфералық ауа температурасының әсері (егер ол елеулі түрде күтілетін болса) бағалануы тиіс. Әуе винтінің ұшу циклының өлшемдерін тексеру.
1579. Пайдаланудың күтілетін жағдайлары үшін сынақ циклын нақтылау мақсатында ӘК осы үлгісінің қозғалтқышындағы әуе винтінің ұшу циклының өлшемі анықталуы тиіс. Көлемі ұшу сынықтарының бағдарламасымен айқындалады.
1580. Әуе винтінің пайдалану технологиялылығын тексеру ӘК пайдалану жағдайларында ыңғайлы, қауіпсіз және бақыланатын қарау, техникалық қызмет көрсету және әуе винтінің, оның бөлшектері, тораптары мен агрегаттарын Техникалық пайдаланым регламенті және Техникалық қызмет көрсету регламенті нұсқаларына сәйкес ауыстырудың қамтамасыз етілгендігін көрсетуі тиіс.
Техникалық қызмет көрсету регламенті нұсқалған тұрақ жағдайларында және басқа жағдайларда тікелей ӘК жүргізілуі тиісті тексеру кезінде:
1) ыңғайлы, қауіпсіз, бақылаулы қарау, техникалық қызмет көрсету және әуе винтінің, оның агрегаттары мен жүйелеріне талаптары мен техникалық пайдаланым регламенті және техникалық қызмет көрсету регламенті нұсқауларына сәйкес ауыстырудың қамтамасыз етілгендігін;
2) ӘК қуатты қондырғы жиынтығында қолданылатын әуе винтінің өзара алмасымдылығын;
3) әуе винтін сақтау мен сақтамаудың қамтамасыз етілгендігін бағалаған жөн.
Тексеруді ӘК пайдаланудың әртүрлі климаттық жағдайларда жүргізген жөн.
239. Сериялық және жөндеу әуе винттерінің сынақтары
1581. Сериялық және жөндеу әуе винттері өткізу және бақылау зертханалық сынақтарынан және іріктеп алуларға және қосымша сынақтардан өтуге тиіс. Жөндеу әуе винтінің сынақтар кезінде өткізу және бақылау сынақтары бағдарламаларында нұсқалғандардан өзгешеленетін сынақтардың әдістері, талаптары мен көлемдері көзделуі мүмкін.
1582. Сериялық және жөндеу әуе винтінің сынақтары мен іріктеп алулардың оларды бөлшектегеннен кейінгі бөлшектердің жай-күйін зерттеген көлемі, егер конструкциясының, сапасының және жасанды бақылаудың жетістігі көрсетілген болса, қысқартылуы мүмкін, сондай-ақ сынақтардың әдістемесі РП-да нұсқалған қызмет көрсету ережелерінің сақталуы мен әуе винтінің жөндеуаралық ресурсының ішіндегі жұмыс қабілеттілігін сақтау кезінде қамтамасыз етіледі.
1-ескертпе: сынақтар көлемінің кез келген қысқартуы әуе винтінің жұмыс қабілеттілігі нашарлаған жағдайларда немесе оның конструкциясына елеулі өзгерістер енгізу кезінде қайта қаралуы мүмкін.
2-ескертпе: жөндеулік бұрамдар сынақтарының көлемі сериялық әуе винті сынақтарының көлемінен ерекшеленуі мүмкін.
3-ескертпе: аз топтамалармен әуе винтінің өндіру кезінде сынақтардың көлемі мен оларды іріктеу саны қысқартылуы мүмкін.
240. Өткізу және бақылау сынақтары
1583. Әуе винттері (сериялық және жөндеу) мынадай:
1) жасау және жинау сапасын тексеру;
2) өлшемдер мен сипаттамалардың техникалық құжаттамада белгіленген деректерге сәйкестігін тексеру;
3) әуе винтінің (бақылау сынақтарын жүргізу кезінде) қабылдау мақсатында бағдарлама бойынша зертханалық текшелерде өткізу және бақылау сынақтарынан өтуі тиіс.
Ескертпе. Тиісті негіздер жағдайында өткізу және бақылау сынақтары біріктірілуі мүмкін.
1584. Сынақтар жалпы талаптарға сәйкес өткізу және бақылау сынақтарының бағдарламаларында көрсетілген бірізділік жағдайларында, сондай-ақ мынадай қосымша ережелерге сәйкес өткізілуі тиіс:
1) егер өткізу сынақтарының барысында тізбесі техникалық құжаттамада келтірілген қандай да бір негізгі торапты немесе бөлшекті ауыстыру қажеттілігі туындаса, осы сынақтар немесе олардың бөлшектері келісілген көлемде қайталануы тиіс;
2) егер өткізу сынақтарының барысында қандай да бір конструкциялық элементті немесе бөлшекті ауыстыру қажеттілігі туындаса, онда мұндай ауыстыруға, егер ол сынақтар деректерінің нәтижелеріне әсер етпесе, рұқсат етілуі мүмкін.
1585. Өткізу және бақылау сынақтарының бағдарламасы ең аз дегенде мыналарды:
1) әуе винтінің қадамын өзгерту тетігінің жұмыс істеуін сынауды;
2) қорғанғыштық құрылғылардың икемділігін тексеруді;
3) герметикалықты тексеруді;
4) ішкі қуыстардың тазалығын тексеруді;
5) қалақтардың геометриялық көлемдерін тексеруді;
6) статикалық теңгерімді жүргізуді қамтуы тиіс.
241. Қосымша сынақтар және ресурстардың ұлғаюы
1586. Кезеңдік (комиссиялық) және техникалық сынақтарды қамтитын қосымша текшелік сынақтарға топтамалық өндірістің әуе винті өтуі тиіс.
1587. Әуе винтінің текшелік сынақтары қозғалтқыштың комиссиялық сынақтарымен бірлесуі мүмкін. Оларды бірлестіру мүмкін болмаған жағдайда, зертханалық текшелердегі әуе винтінің тетігінің конструкциялары мен бөлшектерінің қуатты элементтеріне динамикалық сынақтар жүргізілуі тиіс. Бөлшектердің тізбесі, сондай-ақ зертханалық-текшелік сынақтардың бағдарламасы жасалуы тиіс. Осы үлгідегі әуе винтінің қанаттары тиісті бағдарламалар бойынша динамикалық сынақтардан өтуі тиіс.
1588. Белгіленген күнтізбелік мерзім ішінде сериялық зауыт шығаратын әуе винтінің партиясы, егер партиядан өздігінен таңдалған әуе винтінің комиссиялық сынақтардан табысты өтті деп танылса, ал ақауын табу оның одан әрі пайдалануға жарамдылығын растаса, пайдалануға жіберілуі мүмкін.
1589. Енгізілуі беріктік сипаттамасына әсер етуі мүмкін жаңа конструкциялары немесе өндірістік-технологиялық іс-шаралары бар әуе винттері, егер сынақтардың қанағаттанарлық нәтижелері алынса, пайдалануға жіберілуі мүмкін.
1590. Ресурстардың ұлғаюы осы Норманың 44-47 тарауларына сәйкес жүргізілуге тиіс.