Экипаж мүшелерін ұшу бағытына қарсы артқа қаратып орналастыруға жол берілмейді.
Ескертпе. Егер Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықта бортинженердің жұмыс орнындағы қызметі оң жақ бортта да, сол сияқты ұшқыштардың жұмыс орындарының арасында да көзделген болса, онда оған:
екі жұмыс орнында да оған жұмыс істеуге ыңғайлы болуын;
ілінбелі белдіктерді қажет болмаса ағытпай-ақ бір жұмыс орнынан екіншісіне жылжуға ыңғайлы болуын қамтамасыз етуі қажет.
1237. Пилоттарға күтіліп отырған пайдалану жағдайларындағы барлық маневрлер кезінде және барлық режимдерде оларға ыңғайлы болуын қамтамасыз ететін, жеткілікті түрде кең ауқымды көлеңкесіз, бұрмаламай кабинадан шолуға мүмкіндік беруді қамтамасыз етуі қажет. Қос пилоттың жұмыс орындарында нысана сызығының шартты жағдайындағы ұшқыштардың көздерін табуға бақылау жасауды қамтамасыз ететін құралдар болуы қажет. Күтіліп отырған пайдалану жағдайларына байланысты ішкі және сыртқы кабиналық кеңістікті күндіз және түнде шолуға қиындық туғызатын түрлі сәулелердің көзге шағылысуын болдырмау қажет. Атмосфералық жауын-шашыннан маңдайлық әйнектің бетін тазалауға арналған құрылғылар ішкі кабиналық кеңістікті шолуға жеткілікті мүмкіндікті қамтамасыз етуі қажет.
1238. Кабинадағы барлық жазулар өздеріне қатысты элементтерде (тұтқаларда, тумблерлерде және т.б.) орналасуы тиіс және күтіліп отырған пайдалану жағдайларына байланысты күндіз де, түнде де қараған кезде анық, айқын болуы қажет. Мәтін бойынша қысқартылған жазулар олардың мағынасын түсіндіруге байланысты түрлі түсінік тудырмауы тиіс.
185. ӘК-ні күш-қуат қондырғысын және жабдықтарды басқару органдарын экипаждың жұмыс орындарына орналастыру
1239. Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарында орнатылып және ұшу барысында қолданылатын ӘК, күш-қуат қондырғысының және жабдықтардың басқару органдарына экипаж мүшелерінің қолдары жете алатындай және ілінбелі белдіктерді қажет болмаса ағытпай-ақ олардың жұмыс орындарынан көрінетіндей болуы қажет.
1240. Ең жиі қолданылатын, оның ішінде ең күрделі ұшу кезеңдері (мысалы, пилоттарға - қонуға бет алғанда және қону кезінде) барысында, сондай-ақ күрделі және авариялық жағдайларда қолданылатын басқару органдары әрбір экипаж мүшесіне қолжетімді және шолу жасай алатын олардың жұмыс аралық аймақтарындағы ең ыңғайлы орындарда орналасуы қажет. Бұл ретте басқару органдарының орналасуы ӘК жерден көтерілуі барысында, қонуға бет алғанда, қонуы кезінде және Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулық бойынша іс-қимылдарды орындау үшін екінші айналысқа кеткенде пилоттар штурвалдардағы қолдарын ауыстырып жатпайтындай етіп таңдау қажет.
Екінші пилоттың штурвал тұтқасында орнатылған басқару органдары бірінші пилоттың штурвал тұтқасындағы олардың орналасуына қатысты «айнадағыдай» орналасуы қажет.
1241. Жекелеген жағдайларда резервтік (апаттық) басқару органдарын (иінтіректерді, ауыстырғыштарды, сақтандырғыштарды) тек экипаж құрамында ұшуды басқарудан бос адам болған жағдайда ғана, пилоттардың жұмыс орындарынан тыс жерге орналастыруға жол беріледі.
1242. Ұшу барысында экипаж мүшелері үздіксіз пайдаланатын басқару органдары (пилоттарға - штурвал, басқыштар, қозғалтқыштарды басқару иінтіректері) басқару процесінде антропометрикалық талаптарды сақтай отырып орналасуына және пилоттардың ең аз шаршауын сондай-ақ экипаждың креслоларына қатысты жылжып отыруы қажет.
1243. Басқару органдарының орналасуы, тұтқаларының нысаны және көлемі барлық ұшу режимдерінде және айрықша жағдайларда оларды тез танып, қатесіз қимылдауды қамтамасыз етуі қажет.
Түрлі мақсаттағы басқару органдарының бір-бірінен айырмасы (мысалы, нысаны, түсі бойынша және т.б.) болуы қажет. Апаттық басқару органдарының тұтқалары немесе олардың қорғаныш құрылғылары қызыл түске боялуы қажет. Оның басқа түспен қоса қолдануына жол беріледі.
1244. Кездейсоқ жылжуы айрықша жағдайларға алып келуі мүмкін басқару органдарын кабинаға орналастыру кезінде олардың қалпы кенеттен (кездейсоқ) өзгеріп кетпес үшін ондайды болдырмайтын шаралар көзделуі қажет. Бұл үшін басқару органдарын пайдалануға кедергі келтірмейтін әрі оларды тануға қиындық туғызбайтын оқшаулау құрылғыларын орнату қажет.
1245. Ұшу барысында бірнеше экипаж мүшелері пайдаланатын басқару органдарының тұтқаларын кабинаның барлығына ортақ аймағында не болмаса міндеттеріне осы тұтқаларды басқару кіретін экипаж мүшелерінің жұмыс орындарында орналастыру қажет.
1246. Әрбір экипаж мүшесі пайдаланатын басқару органдарын әрбір жылжуы кабинаның конструкциясына, басқа басқару органдары қалыптарының мүмкін болатын комбинацияларына және экипаж мүшелерінің киімдеріне қандай да болмасын кері әсері болмайтын оның креслосына қатысты басқару органының қажетті толық және кедергісіз жылжуын қамтамасыз ететіндей орналастыру қажет.
1247. Түрлі қозғалтқыштардың (мысалы, қозғалтқышты басқару иінтірегі, қозғалқыштардың реверсивті құрылғыларын басқару иінтіректері, қозғалқыштардың тоқтату иінтіректері), сондай-ақ резервіленген жүйелердің бірдей басқару органдары және де олардың тұтқаларының орындалуы қозғалтқышқа немесе резервтелінген жүйенің бөлігіне тиесілігін анықтау барысында қиындық туындамайтындай етіп орналастырылған болуы қажет.
Қозғалтқыштарды басқару иінтіректері мен қозғалқыштардың реверсивті құрылғыларын басқару иінтіректерінің өзара орналасу қалыптары аттас иінтіректердің барлығын бірге, сондай-ақ әрқайсысын жеке басқаруға (осы Норманың 975-тармағы) мүмкіндік қамтамасыз етуі қажет.
1248. Басқару органдарының жылжу бағыты ӘК-де көрсетіп отырған олардың әсеріне сай бола отырып, индикациялау приборларының көрсеткіштерімен көру жағынан және функционалдық жағынан сәйкес келуі қажет.
Айналмалы қозғалыспен қимылға келтірілетін басқару органдарының тұтқалары (гидравликалық, оттегі және ауа крандарынан басқасы) ажыратылған қалыптан толықтай іске қосылғанға дейін сағат тілі бойынша жылжып отыруы қажет.
Негізгі басқару органдарының жылжу бағыты мынадай талаптарға сәйкес келуі қажет:
1) биіктік рулі - штурвалды (бағананы) артқа қарай (өзіңе қарай) - тік көтерілуге;
2) элерондар - штурвалды сағат тілі бойынша оңға қарай - оңға қарай жантаюға;
3) бағыттау рулі - оң басқышты алға қарай - оң жақ бұрылысқа;
4) тұрақтандырғыш - ауыстырғышты алға қарай (жоғары қарай) - шүйілуге;
5) қозғалтқышты басқару иінтірегі - артқа қарай (өзіңе қарай) - тіке тартымның (қуаттың) азаюына;
6) қозғалтқыш реверсін басқару иінтірегі - артқа қарай (өзіңе қарай) - кері тартымның (қуаттың) артуына;
7) шасси - басқару иінтірегін төмен қарай, артқа қарай (өзіңе қарай) - шығаруға;
шасси шығарылуын түймешелермен басқарғанда:
алдыңғы түймеше - жинауға;
артқы түймеше - шығаруға;
8) жалғас қанаттар, алғы қанатшалар - басқару иінтірегін төмен қарай, артқа қарай (өзіңе қарай) - шығаруға.
186. Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарында орнатылған приборлар мен сигнализаторларды орналастыру
1249. Экипаж мүшелерінің прибор тақтасының иілу бұрышы онда орнатылған приборларды және сигнализаторларды пайдаланғанда олардың жеткілікті қолайлы болуын қамтамасыз етуі қажет.
1250. Прибор тақтасының дірілі приборлар көрсеткішін барлық ұшу кезеңінде есептеуге қиындық туғызбауы қажет.
1251. Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарында орнатуға арналған приборлар мен сигнализаторлардың орындарын олар беретін ақпараттың маңыздылығын ескере отырып таңдау қажет.
Бұл ретте:
ұшу қауіпсіздігі үшін маңыздылығына (мысалы, негізгі пилотаждық-навигациялық приборларды ұшқыштың прибор тақтасының жоғарғы және ортаңғы аймақтарында орналастыру) байланысты топтастыру;
функционалдық мақсаты, яғни бір функционалдық жүйеге (мысалы, күш-қуат қондырғысының жұмысына бақылау жасайтын приборларды маңайына орналастыру) қатыстығы бойынша топтастыру;
қолдану уақыты, яғни ұшу барысында немесе жерде жекелеген ұшу кезеңдерінде белгілі бір уақыт тәртібі және т.б. бойынша топтастыру қолданылуы мүмкін.
1252. Экипаж мүшелерінің прибор тақталарында орнатылған приборлар мен сигнализаторлар күндізгі және түнгі ұшу жағдайларында олардың жұмыс орындарынан жақсы көрініп тұруы қажет. Бұл ретте экипаж мүшелеріне өздерінің негізгі жұмыс отырысын сәл өзгертуге жол беріледі. Приборлардың көрсеткіштерін экипаж мүшелері жоғары дәрежедегі дәлдікпен еш бұрмалаусыз қабылдап отыруы қажет.
Сигнал берудің көрінетін құралдарының ақпаратын экипаждың тиісті мүшесі еш бұрмалаусыз және осы функционалдық жүйенің немесе бақылау жасалып отырған өлшемнің жағдайы туралы қате түсінік туғызбай қабылдауы қажет. Экипаж мүшелеріне өз жұмыс орындарынан Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулық бойынша олар жұмысын бақылайтын күш-қуат қондырғысының приборлар көрсеткіштерін дұрыстап көруін және оларды бақылауға ыңғайлы болуын қамтамасыз ету қажет.
1253. Пилоттардың жұмыс орындарындағы пилотаждық-навигациялық приборлардың орналастырылуы төменде айтылатын талаптарға сәйкес болуы қажет.
1254. Негізгі пилотаждық-навигациялық приборлар тобын құрайтын ең маңызды пилотаждық-навигациялық приборлар әрбір пилоттың прибор тақтасында пилотқа қарсы, штурвал көлеңкелемейтін және барлық уақытта оның көз алдында тұратын орталық учаскесінің жоғарғы және төменгі бөліктерінде орналасуы қажет.
Топтың ішіндегі негізгі пилотаждық-навигациялық приборлар мынадай тәртіппен орналасуы қажет:
1) прибор тақтасының жоғарғы бөлігіндегі орталық орында ӘК-нің кеңістіктегі орнын (жантаю және тангаж бұрышын) көрсететін негізгі пилотаждық прибор орналасуы қажет;
2) негізгі пилотаждық прибордың астында онымен бір тік кіндіктемеде ұшу бағытын көрсетіп отыратын негізгі навигациялық прибор орналасуы қажет.
Ескертпе: негізгі пилотаждық және навигациялық приборлардың ұшқыштың креслосы симметриясының тік жазықтығынан 30 мм-ден аспайтын бірдей шамаға бір мезгілде жылжуына жол беріледі;
3) негізгі пилотаждық прибордың сол жағында онымен бір деңгейде ұшудың әуедегі (прибор) жылдамдығын көрсетіп отыратын прибор орналасуы қажет;
4) негізгі пилотаждық прибордың оң жағында онымен бір деңгейде ӘК тік көтерілу немесе тік түсу жылдамдығын көрсетіп отыратын прибор орналасуы қажет;
5) тік жылдамдық көрсеткішінің астында ұшудың барометрлік биіктігін көрсетіп отыратын негізгі прибор орналасуы қажет.
Негізгі пилотаждық-навигациялық приборлар тобын бірінші және екінші ұшқыштардың прибор тақталарына бірдей орналастырып, ұшқыштардың прибор тақталарында орнатылған басқа негізгі приборлардан айыратындай етіп ақ түсті контур сызықпен белгілеу қажет.
Негізгі пилотаждық-навигациялық приборлар тобына жатпайтын приборларды орнату ӘК басқарудағы олардың рөлін және ұшу барысындағы қауіпсіздікке байланысты олар бақылайтын өлшемдердің маңыздылығын, сондай-ақ олардың негізгі пилотаждық-навигациялық приборлар тобымен байланысын ескере отырып жүргізіледі:
1) биіктік өлшемдерін индикациялайтын приборлар негізгі биіктік өлшегіштің маңына орнатылады;
2) навигациялық өлшемдерді индикациялайтын приборлар негізгі навигациялық прибордың маңына орнатылады, сонымен бірге курстық өлшемдерді беретін индикаторлар басымдыққа ие;
3) жылдамдық өлшемдерін индикациялайтын приборлар негізгі жылдамдық приборының маңына орнатылады;
4) резервтік приборлар тиісті негізгі пилотаждық-навигациялық приборлардан ең аз қашықтықтағы прибор тақтасында орнатылады. Резервтік радиокөкжиек бірінші ұшқыштың прибор тақтасының оң жақ жоғары бөлігінде, ӘК-нің кеңістіктегі орнын көрсетіп тұратын негізгі прибордың маңында не ұшқыштардың ортаңғы прибор тақтасының сол жақ жоғары бөлігінде орналасуы қажет. Сонымен қатар екінші ұшқыш оны көріп отыруы қажет.
Күш-қуат қондырғысының негізгі бақылау приборларын ұшқыштардың ортаңғы прибор тақтасында топтастырып орналастыру қажет. Бұл ретте олардың топ ішінде өзара орналасуы қозғалтқыштардың ӘК орналасуына сай болуы қажет:
түрлі қозғалтқыштардың бірдей жұмыс өлшемдеріне бақылау жасайтын приборлар қозғалтқыштардың ӘК орналасу тәртібі бойынша бір көлденең қатарда - солдан оңға қарай орналасуы қажет;
бір қозғалтқыштың түрлі жұмыс өлшемдеріне бақылау жасайтын приборлар бақыланатын өлшемдердің маңыздылығына байланысты тәртібі бойынша бір тік қатарда - жоғарыдан төмен қарай орналасуы қажет.
Ескертпе: қиыстырылған приборларды қолданған жағдайда оларды осы индикатор немесе параметр қай қозғалтқышқа жататындығын анықтау барысында мүмкін болатын қателіктерге бой алдырмайтындай етіп орналастыру қажет.
1255. Пилоттар берілген режимдерге қозғалтқыштардың шығуын бақылау үшін қолданатын қозғалтқыштар жұмысының негізгі бақылау приборлары пилоттардың ортаңғы прибор тақтасында орналасуы қажет және негізгі жұмыс отырысының сәл өзгерген жағдайында көрініп тұруға тиіс.
Егер экипаж құрамына бортинженер кіретін болса, қозғалтқыштар жұмысының басқа бақылау приборларын (прибор тақтасында тиісті сигнал беру орнатылған жағдайда) пилоттардың прибор тақтасынан тыс жерде орналастыруға болады.
1256. ӘК-де жеке жұмыс орны бортинженердің прибор тақтасында күш-қуат қондырғысының қажетті бақылау приборлары мен индикаторлары, сондай-ақ бортинженердің функционалдық міндеттеріне сәйкес басқа ұшақ жүйелерінің бақылау приборлары, индикаторлары және сигнализаторлары орнатылған болуы қажет.
1257. Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарындағы жарық сигнал құралдарын жинақылау олар беретін ақпараттың маңыздылығын (осы Норманың 1269-тармағы) ескере отырып орындалуы қажет.
1258. Жарық сигнал таблоларының әрбір тобы немесе блогы мына қағидаттардың бірі бойынша құралуы қажет:
бір функционалдық кешенге (мысалы, қозғалтқышқа) тиесілігі;
бір мезгілде қолданылуы (мысалы, қонуға бет алғанда);
уақыт резерві (авариялық, ескерту).
1259. Авариялық жарық сигнал құрылғыларын экипаж мүшесінің негізгі жұмыс қалпынан көрініп тұратындай етіп орналастыру қажет. Ескерту жарық сигнал құрылғыларын, сондай-ақ орталық сигнал шамдарын (бұдан әрі - ОСШ) тиісті экипаж мүшелерінің жұмыс орындарынан шолуға ыңғайлы аймақтарда орналастыру қажет, бұл ретте бас қимылын өзгертуге жол беріледі.
1260. ОСШ және авариялық жарық сигнал құрылғылары бірінші және екінші ұшқыштардың прибор тақталарында бірдей орналасуы қажет.
Орталық сигнал шамдарын ортаңғы прибор тақтасының жоғары бөлігінде орналастыруға жол беріледі.
187. Күш-қуат қондырғысы мен көмекші күш-қуат қондырғысының жұмысын бақылау құралдары
1261. Осы тараудың талаптары газ турбиналы қозғалтқыштары бар ӘК күш-қуат қондырғысы мен көмекші күш-қуат қондырғысын бақылауға және басқаруға қажетті ақпаратпен экипажды қамтамасыз ететін өлшеу, индикациялау және сигнал беру құралдарына қолданылады.
1262. Күш-қуат қондырғысы мен көмекші күш-қуат қондырғысы жұмысын бақылау құралдарының сипаттамалары нақты қозғалтқыш пен ӘК пайдалану құжаттамасына сәйкес олардың қамтамасыз етуі қажет.
188. Күш-қуат қондырғысының бақылау құралдарына қойылатын талаптар
1263. Күш-қуат қондырғысының жұмысын бақылау үшін ӘК-де мыналар орнатылуы қажет:
әрбір қозғалтқыш роторларының айналу жиілігін өлшеуге және индикациялауға арналған тахометр;
әрбір қозғалтқыш газының температурасын өлшеуге және индикациялауға арналған термометр;
әрбір қозғалтқыш отынының массалық сағат бойынша жұмсалуының шапшаң көрсеткішін өлшеуге және индикациялауға арналған шығыс өлшегіш. Жергілікті әуе желілерінің ӘК шығыс өлшегішті орнатпаса да болады;
әрбір қозғалтқыштың багындағы майдың мөлшерін өлшеуге және индикациялауға арналған май өлшегіш. Экипаж кабинасына май өлшегіштік индикаторын орнатпаса да болады;
әрбір қозғалтқыштың май жүйесіндегі майдың қысымын өлшеуге және индикациялауға арналған манометр;
әрбір қозғалтқыш майының температурасын өлшеуге және индикациялауға арналған термометр;
рұқсат берілген діріл деңгейінен асқандығын білдіретін сигнал беру әрбір қозғалтқыштың діріл деңгейін өлшеу және индикациялау құралдары немесе әрбір қозғалтқыштың рұқсат берілген діріл деңгейінен асқандығын білдіретін сигнализаторлар;
әрбір бактағы немесе бір-бірімен жалғасқан бактардың тобындағы отынның мөлшерін және ӘК-дегі отынның жиынтық мөлшерін өлшеуге және индикациялауға арналған құралдар (жүйе);
роторлардың айналу жиілігінің рұқсат берілген көрсеткіштерінен асқандығын сигнал беру құралдары;
газ температурасының рұқсат берілген көрсеткіштерінен асқандығын сигнал беру құралдары;
отынның резервтік қалдығын сигнал беру құралдары;
қозғалтқышқа кіре берістегі отынның ең төменгі қысымын сигнал беру құралдары;
әрбір қозғалтқыштың отын сүзгішіндегі ең жоғарғы рұқсат берілген отын қысымының өзгеруін сигнал беру құралдары;
май багында қалған майдың ең төмен қалдығын сигнал беру құралдары. Бір приборда майдың мөлшерін индикациялау мен майдың ең төмен қалдығын сигнал беру қоса атқаруға жол беріледі. Жергілікті әуе желілерінің ӘК сигнал беру болмауы мүмкін;
майдың ең төменгі қысымын сигнал беру құралдары;
әрбір қозғалтқыштың майында жоңқаның пайда болғандығын сигнал беру құралдары;
күш-қуат қондырғысының өрт шығуы қауіпті бөлімдерінде өрт сигнал беру құралдары;
қызып кеткенде өрт туғызуы мүмкін ақаулы жағдайда қозғалтқыштың ішкі май немесе суфлирленетін аралықтарында қызып кету сигнал беру құралдары;
әрбір қозғалтқыштың мұздануын сигнал беру құралдары. Егер қозғалтқыштың ауа жинағышының орналасуы немесе қозғалтқыш конструкциясы мұзданудың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығарады деп көрсетілсе, онда мұздану сигнализаторларын орнатпаса да болады;
айдайтын және асыра айдайтын сорғылардың, қиылыс қуатты крандарының және өрт сөндіру крандарының жұмысын сигнал беру құралдары;
компрессорға сұйықтық бүркудің іске қосылғандығын және ажыратылғандығын сигнал беру құралдары, егер қозғалтқышта осындай жүйе орнатылған болса;
әрбір қозғалтқыш помпажын сигнал беру құралдары.
1264. Турбореактивті қозғалтқыштары бар ӘК осы Норманың 1263-тармағында көрсетілген құралдардан басқа, реверсивті құрылғымен жабдықталған әрбір қозғалтқыштың реверсивті құрылғылары қалпының сигнализаторлары орнатылуы қажет.
Турбореактивті қозғалтқыштары бар ӘК әрбір қозғалтқыш тартымын немесе оны сипаттайтын параметрін өлшеу және индикациялау құралдарын орнату ұсынылады.
1265. Турбовинтті қозғалтқыштары бар ӘК-де осы Норманың 1263-тармағында көрсетілген құралдардан басқа:
1) әрбір қозғалтқыштың айналу сәтін өлшеу және индикациялау құралдары;
2) әрбір қозғалтқыштың басқару реттегішінің қалпын өлшеу және индикациялау құралдары;
3) реверсивті құрылғымен жабдықталған әрбір қозғалтқыштың әуе винтінің реверсивті тартымын басқару жүйесінің іске қосылуын сигнал беру құралдары;
4) автоматты флюгерлеу жүйесімен жабдықталған әрбір қозғалтқыштың әуе винті қалақтарын автоматты флюгерлеу жүйесінің іске қосылуын сигнал беру құралдары орнатылуы қажет.
Ескертпе: жергілікті әуе желілерінің ұшағындағы күш-қуат қондырғысының жұмысын бақылауға арналған приборлар мен сигнализаторлар тізбесінің өзгертілуі немесе қысқартылуы мүмкін.
189. Көмекші күш-қуат қондырғысының жұмысын бақылау құралдарының құрамына қойылатын талаптар
1266. Көмекші күш-қуат қондырғысының жұмысын бақылау үшін ӘК-де:
қозғалтқыш роторының айналу жиілігін өлшеуге және индикациялауға арналған тахометр;
қозғалтқыш газының температурасын өлшеуге және индикациялауға арналған термометр;
қозғалтқышқа кіре берістегі (шыға-берістегі) майдың температурасын өлшеуге және индикациялауға арналған термометр;
қозғалтқыш роторының айналу жиілігінің рұқсат берілген көрсеткіштерінен асқандығын сигнал беру құралдары;
газ температурасының рұқсат берілген көрсеткіштерінен асқандығын сигнал беру құралдары;
қозғалтқышқа кіре берістегі майдың ең төменгі қысымын сигнал беру құралдары;
қозғалтқышқа кіре берістегі отынның ең төменгі қысымын сигнал беру құралдары;
май багында қалған майдың ең төмен қалдығын сигнал беру құралдары;
күш-қуат қондырғысының өрт шығуы қауіпті бөлімдерінде өрт сигнал беру құралдары;
қозғалтқыштың қуат алуға мүмкіндік беретін режимге шығуын сигнал беру құралдары орнатылуы қажет.
1267. ӘК осы Норманың 178 және 179-тарауларында көрсетілгенге қосымша, егер ӘК нақты қозғалтқышы үшін Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулықта айтылған шектеулер шегінде қозғалтқыш пайдалануын қамтамасыз ету үшін қажет болса, күш-қуат қондырғысы мен көмекші күш-қуат қондырғысы жұмысын бақылау құралдары орнатылуы қажет.
1268. Электрмен жабдықтаудың негізгі қуат көздері ажыратылғанда немесе істен шыққанда авариялық қуат көздерінен мынадай күш-қуат қондырғысы мен көмекші күш-қуат қондырғысы жұмысын бақылау құралдары:
осы Норманың 178 пен 179-тарауларында көрсетілген сигнал беру құралдары;
қадамдық қозғалтқыштар мен көмекші күш-қуат қондырғысы қозғалтқышының газ термометрлері (бұдан әрі - ККҚҚ);
қадамдық қозғалтқыштар мен ККҚҚ қозғалтқышының тахометрлері;
турбовинтті қозғалтқыштары бар ӘК арналған айналу мезетінің өлшегіші.
1269. Егер нақты қозғалтқышқа және осындай жағдайда ӘК арнайы шектеулер көзделген болса, онда осы Норманың 1267-тармағына сәйкес басқа да күш-қуат қондырғысы мен көмекші күш-қуат қондырғысы жұмысын бақылау құралдары.
190. Ішкі кабинаның сигнал беру жабдықтары
1270. Осы тараудың талаптары ӘК орнатылған және шолу, дыбыс және тактиль сигнал беру құралдары түрлерінің көмегімен ӘК туындаған жағдай туралы экипаж мүшелерін құлақтандыруға арналған сигнал беру құралдарына қолданылады.
Ескертпе: сигнал беру құралы - экипаж құрамындағы адамдардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін, сигнал беретін құрылғы. Осындай құрылғыларға жекелеген сигнал беру құралдарын да, сондай-ақ сигнал беру жүйелерін де жатқызуға болады.
Сигнал берудің көзбен көретін құралдары жарық сигнал құрылғыларының, жарық сигнал беру бар ауыстырғыштардың (шамдардың-түймешелердің), бленкерлердің, жалаушалардың (планкалардың) немесе электр механикалық пердешелердің көмегі арқылы сигналдар беруге арналады.
Дыбыспен сигнал беру құралдары тональды дыбыс сигналдарын (мысалы, сиренаның, қоңыраудың, зуммердің көмегі арқылы) немесе тілдік хабарламаларды беруге арналады.
Тактильдік сигнал беру құралдары терінің механикалық рецепторларына және бұлшық ет-буын рецепторларына әсер ету арқылы экипаж мүшелеріне қажетті ақпаратты беруге арналады.
1271. ӘК-де орнатылған ішкі кабина сигнал беру құралдары ақпараттың мынадай үш (сигнал) санатының берілуін қамтамасыз етеді: авариялық, ескерту және құлақтандыру. Сигнал беру санаттарын анықтау айрықша жағдайлардың және олардың қауіптілігі дәрежесінің туындау мүмкіндігіне байланысты оқиғалар туралы ақпаратқа, сондай-ақ туындаған жағдайдың дамуын алдын алуға немесе тоқтатуға әлі де мүмкін болатын сәтке дейін, ол туралы сигнал ақпаратының пайда болған сәтінен бастап экипаж ие болып отырған tp реакциясы уақытының шамасына сүйене отырып жүргізіледі.
Авариялық сигнал ақпаратының санатына экипаж тарапынан күттірмейтін іс-қимылдар талап ететін айрықша жағдайлардың туындау мүмкіндігіне байланысты оқиғалар туралы ақпарат жатады. Авариялық сигналдарға ӘК қозғалысының өлшемдері (мысалы, ақос, nу mах э) бойынша пайдалану шектеулеріне таяғанын немесе жеткенін сипаттайтын және олар үшін tр <15 секунд болатын сигналдар жатады.