344. ӘК бустерлік жүйенің бас тартуы кезінде авариялық бустерлік басқаруға көшумен болмай қоймайтын бустерлік басқаруды қолдану кезінде мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:
бас тартуға алып келетін ұшудың ic жүзіндегі өзгеріссіз режимінен 20-10 секунд бойы сақтау;
апатты бустерліксіз басқаруға жол беретін ұшу режиміндегі ӘК көшіру мүмкіндігі;
қажеттілік кезінде жетек пен жүктеме құрылғысын синхронды тоқтату;
көшу сәтінде штурвалда және педальдарда туындайтын барынша күш-жігерлерді сенімді шектеу.
Осы Норманың 123-тармағында керсетілген күш-жігерлерден аспайтын жұмыс істемейтін күш жетегі кезіндегі үйкеліс пен демпфированиядан штурвал мен педальдардағы күш-жігер.
53. ӘК тұрақтылық, басқарушылық сипаттамаларын жақсарту және шектеулі режимдерді шектеу жүйелері
345. Тұрақтылық пен басқарушылықтың сипаттамаларын жақсартудың және шектеулі режимдерді шектеудің автоматты жүйелерін ӘК қолдану жағдайында олар осы Нормалардың талаптарына жауап беруі тиіс.
Ұшудың қауіпсіздігі автоматты жүйелерсіз қамтамасыз етілуі мүмкін емес жағдайда бұл жүйелердің бас тартуы ic жүзіндегі болмайтын оқиғаларға жатуы тиіc.
346. Басқару тетіктері мен органдарына әсер ететін шектеулі режимдерді шектеу жүйелерін ӘК қолдану жағдайында бұл жүйелердің бас тартуы жағдайында оларды ұшқыштың «күштеуі» мүмкіндігі көзделуі тиіс, бұл ретте күштеу күш-жігері Осы Норманың 88, 89-тармақтар талаптарын ескере отырып, таңдалуы тиіс.
54. Теңгеру жүйесі
347. Триммерлік тетіктерді жылжыту жылдамдығы мен диапазондары, қол және автоматты теңгерме (автопилотқа жатпайтын) жүйелерінен басқарылатын және ауыстырылатын тұрақтандырғыш мәндермен шектелуі тиic, олар мыналармен қамтамасыз етіледі:
ұшқыштың ӘК қалыпты, қозғалыссыз самғауы;
басқарылатын және ауыстырылатын тұрақтандырғышпен триммерлі тетіктермен басқару жүйелеріндегі кез келген бас тарту жағдайында ұшудың шарттары күрделілендірілгенге қарағанда нашар жағдайдың туындауы мүмкіндігін болдырмауы.
Триммерлік тетіктерді немесе тұрақтандырғыштың шеткі жағдайда бас тарту кезінде оларды басқару жүйeлepiнің, оның ішінде, шеткі жағдайда олардың жылжуын тудыратын жүйелердің бас тартуы кезінде егер триммерлік тетіктер мен тұрақтандырғышты жылжыту диапазондары бip ұшқыштың бас тартуы самғаумен қамтамасыз етілсе, триммерлер мен тұрақтандырғышты басқару жүйелерінің мұндай бас тартуы ic жүзінде болмайтын оқиғаларға жатуы тиic.
55. Басқарудың электр-арақашықтық жүйесі
348. ӘК рулдерімен электр-арақашықтық басқару конструкциясы осы Нормалардың талаптарына жауап беруі тиіс. Осы Норманың 50 және 51-тараулар талаптарын орындауды қамтамасыз етпейтін басқарудың электр-арақашықтық жүйесі механикалық басқарумен резервтелуі тиіс.
349. Электр-арақашықтық басқарудан механикалық резервтің басқаруға көшу кезінде басқару тетіктеріндегі күш-жігердің шамасы осы Нормада көрсетілгеннен аспауы тиic. Бұл ретте, авариялық жағдайдың туындау мүмкіндігі болмауы тиіс.
350. Егер, ол механикалық басқарумен резервтелмесе, басқарудың электр-арақашықтық жүйесінің электрлік қоректендіруі толық (тіптен қысқа мерзімді) тоқсыздануын болдырмайтын резервтелуі болуы тиic.
351. Әлсіз ток дабылдарын пайдаланатын басқарудың электр-арақашықтық жүйесі (егер ол механикалық резервтелмесе) әртүрлі сыртқы әсер етулердің жағдайында (мысалы, электрмагниттік өpic, статикалық разрядтар, найзағайлардың, дірілдердің соққысы және т.б.) жұмыс қабілетін сақтауы тиic.
56. Тежегіштің жалғасқанатша, алғақанатша және аэродинамикалық құралдармен басқару жүйелері
352. Тежегішті жалғасқанатша, алға қанатша және аэродинамикалық құралдармен басқару жүйесі осы Норманың талаптарына сәйкес келуі тиіс. Жалғасқанатша мен алға қанатша жағдайларының көрсеткіштері және (немесе) сигнализаторларын жалғасқанатша мен алға қанатшаларды басқару тұтқасының жанында орналасуына ұсыным беріледі. Көрсеткіштерде ұсынылатын жағдайлардың белгілері болуы тиіс.
353. Жалғасқанатша мен алға қанатшалардың жылдамдығы оларды шығару мен жинау кезінде ерекше жағдайдың туындауы мүмкіндігін болдырмайтын мәнмен шектелуі тиіс.
354. Қарама қарсы қанаттардағы жалғасқанатша мен алға қанатшалардың қозғалысы егер, олардың симметриялық емес ауытқуы кезінде ерекше жағдай туындаса, синхронизациялануы тиic. Синхронизация құралдарын қолдану кезінде жалғасқанатша мен алға қанатшалардың симметриялық емес ауытқуына алып келетін синхронизация құралдарында кез келген бас тарту кезіндегі авариялық нашар жағдай туындауының мүмкіндігін болдырмайтын шараларды көздеуі тиic.
355. Бұл жүйелердегі бір немесе eкі дәйекті бас тартулар кeзіндeгі тeжeгіштepдің жалғасқанатша, алға қанатша және аэродинамикалық құралдарымен басқару үшін электр-арақашықтық жүйелерін қолдану кезінде авариялық нашар жағдайға алып келетін басқару үстіндегі өздігінен ауытқу болуы тиіс емес.
57. Басқару жүйелерінің элементтері
356. Басқару жүйесінің тетіктерін, тартқыштарын, тростарын, шынжырларын және басқа да бөлшектерін орналастыру басқа бөлшектермен олардың жанасуын және ӘК конструкциясы элементтерімен басқару жүйесінің жылжымалы бөлшектерінің сүйкелісі, сондай-ақ жүйеге бөгде заттардың түсуі мүмкіндігі болмауы тиіс. Механикалық басқару жетектері элементтерінің ажыратылу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар көзделуі тиіс.
357. Рулдеумен, элерондармен, интерцепторлармен және тұрақтандырғыштармен басқару жүйелерінде винттік кесудің ұзындығы мен тростар мен реттелетін тартқыштар тендерлерін бұрау тереңдігін бақылау мүмкіндігі көзделуі тиіс.
358. Тростық жүйелер пайдаланудың күтілетін жағдайында оларды жылжытудың барлық жұмыс диапазондарындағы тростарды тартудағы өзгерістер ӘК басқарудың сипаттамаларын нашарлатпайтындай жобалануы тиіс.
359. Тростық жүйенің роликтері мен барабандары тростардың үзілуінің алдын алатын қорғау құрылғыларымен жабдықталуы тиіс. Әрбір ролик роликтің ребордына тростың сүйкелісін болдырмау үшін +3о аспайтын шектегі тростың жалпақтығында орналасуы тиіс.
360. Басқару органдарының шеткі жағдайлары есептік жүктемелерге шыдайтын бекітпелермен шектелуі тиіс. Басқару органдарының ауытқу бұрыштарының шектеушілері рулдік беттің жанында немесе бустерлерде орналасуы тиіс.
361. Егер ӘК жерде оны қою кезінде рулдерді, элерондарды және тұрақтандырғышты кідірту үшін құрылғысы (басқарылатын және ауыстырылатын тұрақтандырғыш кезінде) болса, кідіртілген рулдермен, элерондармен және тұрақтандырғышпен ӘК ұшу мүмкіндігі, ұшудағы құрылғыны өздігінен енгізу болмауы тиіс. Рулдерді (мысалы, струбициндарды) кідіртудің сыртқы құрылғыларын қолдану жағдайында кідіртілген рулдермен ӘК ұшуын болдырмайтын шаралар қабылдануы тиіс. Тұрақтағы жел қозғалысы кезінде қайтып айналмайтын бустерлік басқарудағы рулдік беттерді демпфирлеу әдетте, күш жетектерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
362. Басқару жүйесінің конструкциясы техникалық қызмет көрсету кезінде монтаждаудың, құрастырудың және реттеудің, сондай-ақ бұрыс жұмыс істеудің мүмкіндігін болдырмайтындай болуы тиic.
363. ӘК басқару жүйесін пайдаланудың мәлімделген күтілетін жағдайларында жұмыс icтеу шарттарынан белгіленген ресурс жұмыс icтеу қабырғаларындағы сынақ зертханаларының нәтижелері бойынша орнатылуы тиіс. Сынақ зертханаларының бағдарламалары жүйелердің жұмыс icтеу жағдайын ескеруі тиic.
58. Әуе кемесінің шассиі
364. ӘК шассиі пайдаланудың мынадай күтілетін жағдайларында қамтамасыз етуі тиіс:
1) қозғалуы, жылдамдауы, рулдеуі маневрленуі және сүйретуі кезінде ӘК басқарушылығы;
2) тапсырылған кластағы әуеайлақтардың ұшу-қону жолағына 1800 қа ӘК бұрылу мүмкіндігі;
3) рулдеуі, қозғалуы және жылдамдауы кезінде туындайтын серпіндік жүктемелердің амортизациясы.
365. Шасси және оның бөлшектері шассидің өздігінен түсіп қалуы мен рұқсат етілетін пайдалану жүктемесі кезінде бөлшектерді ашу немесе жабу және жерде, ӘК қозғалысы, оның ішінде, оны сүйреу кезінде жинақтау мүмкіндігін болдырмайтындай шығарылған және жиналған жағдайларда автоматты түрде сенімді бекітілуі тиіс.
366. Шасси жасанды жамылғы немесе рұқсат етілгеннен кем емес қаттылықтағы топырақ (әуеайлақтың класына байланысты) бойынша ұшуды пайдалану Басшылығында келісілген ең көп рұқсат етілген рулдік массамен ӘК сүйреуді жүргізуге мүмкіндік беретін құрылғысы болуы тиіс.
367. Шассиді жинау жүйесінде жерде шассиді жинау мүмкіндігін болдырмайтын бұғаттау болуы тиіс.
368. Жинауды және шассидің барлық тіректерін шығаруды басқару қарапайым және барлық жағдайда тіркеуі бар бір басқарушы орган жүзеге асыруы тиic. Басқарушы органның тіркеу құрылғысының конструкциясы шассиді қасақана шығару және жинау мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Шассиді шығару немесе жинауды орындау үшін талап етпейтін қарапайым операцияларының саны сақтау құрылғысының жылжуын қоса, екіден астам болмауы тиic.
369. Шассидің доңғалақтарының, тежегіштерінің және шиптерінің сипаттамасы ӘК ұшу-қону сипаттамаларына сәйкес келуі және пайдаланудың мынадай күтілетін жағдайларында қамтамасыз етуі тиіс:
1) кідіртілген доңғалақтармен ұзақ тұру және ең көп рұқсат етілген рулдік массамен ӘК жүргізу;
2) ең көп рұқсат етілген ұшу массасымен және жылдамдығымен ұшу;
3) температуралық шектеулері бар доңғалақтардың, тежегіштердің және шиналардың элементтерін қыздырусыз қарқынды тежеу кезінде ең көп рұқсат етілген қону массасымен және жылдамдығымен қону;
4) үздіксіз ұшу процесінде олардың бұзылуы және жануынсыз доңғалақтардың жедел тежеуі кезінде ең көп рұқсат етілген ұшу массасымен тоқтатылған ұшу;
5) қозғалысты орындау процесінде олардың бұзылуы мен жануынсыз доңғалақтардың жедел қарқынды тежеуі кезінде ұшуды пайдалану Басшылығында көзделген қанаттың бас тартқан механизациясымен қону.
370. Доңғалақтар мен тежегіштердің конструкциясы тежегішке судың, кірдің және майдың түсуі кезінде олардың жұмыс қабілетін қамтамасыз етуі (немесе олардың тусуінен сенімді қорғаныс болуы тиic) тиic.
371. Тежегіш пен доңғалақтың барлық белгіленген тағайындалған ресурсы ішінде тежегіштердің сипаттамасы осы Нормалардың талаптарын орындауды қамтамасыз eтуі тиіс.
372. Тежегіштердегі фрикциялық күш-жігерлер шамасының ауытқуы және доңғалақтар мен шиналардың пайдалану дисбалансы экипаж жұмысының жағдайын нашарлатуға алып келетін ӘК конструкциясының дірілін тудыруы тиіс емес.
373. Барлық тежегіш доңғалақтары шекті температураның асу сигнализаторларымен жабдықталуы тиіс. Камерасыз шиналармен доңғалақтардың температуралық бұзылудан шинаны сақтайтын құрылғысы болуы тиіс.
374. Пайдаланудың күтілетін жағдайларында техникалық пайдалану бойынша Басшылығында көрсетілген шиналардың рұқсат етілген тозуы кезінде осы Нормада көрсетілген жердегі ӘК басқарылуы мен тұрақтылығының сипаттамасы қамтамасыз етілуі тиіс.
375. ӘК шассидің авариялық шығару жүйесімен және толық шығарылған жағдайда оны тіркеумен жабдықталуы тиic. Бұл жүйе оның электрқоректендіру көздерінің немесе шығарудың негізгі жүйесінің бас тартуынан кейін өз функциясын сенімді орындайтындай жасалуы тиic.
376. ӘК шассиді шығару қажеттілігі, шасси тіректерінің жағдайы мен шығарылған жағдайдағы шассидің, кем дегенде біреуінің тіркемеуі туралы сигналмен жабдықталуы тиic.
377. Егер, олар шығарылмаса, шассиді шығару қажеттілігі туралы сигнал беру бір біріне жұмыс істейтін екі канал бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
тапсырылған ұшу жылдамдығына жету және аз кезінде және;
тапсырылғаннан төмен барлық қозғалтқыштарды басқару иінтірегінің жағдайы кезінде жұмыс істейтін арна бойынша.
Ескертпе: Тапсырылған аспаптық жылдамдықтың шамасы ӘК әрбір нақты түріне қолданылатындай орнатылуы және пилоттау техникасындағы ауытқулар мен жылдамдық датчигінің кемшіліктері, қону массасының мүмкін болатын вариацияларын ескере отырып, ауытқымаған қону механизациясымен ӘК қону кезінде кіру уақытында дабылдың жұмыс icтеуі қамтамасыз етілуі тиіс. Тапсырылған жылдамдықтың жоғары шегі шеңбер бойынша ұшуда дабылдың жалған жұмыс icтеуі мүмкіндігін болдырмайтындай айқындалуы тиіс. ӘК әpбip нақты типі үшін қозғалтқыштарды басқару иінтірегі тапсырылған жағдайы ұшу және екінші шеңберге кету процесінде сигналдың жұмыс icтеуін болдырмауы тиic, сонымен бірге бұл уақытта, бұл жағдай екі және үш (төрт) қозғалтқыштары бар ӘК сәйкесінше бір (екі) жұмыс істемейтін қозғалтқышымен қонуға кіру кезінде сигнал берудің жұмыс icтеуін қамтамасыз eтуі тиіс;
қону тетігінің ауытқу процесінде жұмыс істейтін қону тетігінің каналы бойынша (қону тетігін шығару каналындағы басқарушы сигнал беру кезінде).
378. Шассиді шығару қажеттілігі және шығарылған жағдайдағы шасси тірегінің кем дегенде біреуін тіркемеу туралы жарық сингал беру жұмыстың жылтыр режиміндегі «Шассиді босат» жарық тақтайшасының (ескерту сигнал беру санаты) жануымен жүзеге асырылады. ӘК сигнал берудің орталықтандырылған жүйесінің болуы кезінде «Шассиді босат» жарық таблосы тұрақты режимде жұмыс icтеуі және ескертетін сигналдардың жалпы панелінде орналасуы тиіс. ӘК сөйлеу командалары жабдығымен жабдықтау кезінде сигнал беру ретінде «Шассиді босат» командасын көздеуге ұсыныс беріледі.
379. Шассидің жағдайы туралы жарық сигнал беру әpбip шасси тірегінің шығарылған жағдайының (хабарландыратын сигналдардың санаты) және әрбір шасси тірегінің аралық жағдайының (ескертетін сигнал беру санаты) жарық сигнал беру бергіштері жүзеге асыруы тиіс. Жиналған жағдайдағы әрбір тірек шассиін тіркеу кезінде шасси жағдайы туралы жарық сигнал беруі болмауы тиіс (жарық сигнализаторы жарықтанбауы тиіс).
380. Жарық сигнал беру түсі мен анықтығы талаптарға сәйкес келуі тиіс. «Шассиді босат» жарық тақтайшасының және жарық сигнализаторының шамдарын бақылау мүмкіндігі, сондай-ақ жанып кеткен шамдарды және ұшудағы сақтағышты ауыстыру мүмкіндігі көзделуі тиіс. Борттық авариялық көзден шасси сигнал беруінің электр қоректендірілуі қамтамасыз етілуі тиіс.
59. ӘК доңғалақтарын тежеу жүйелері
381. ӘК доңғалақтарын тежеу жүйелері пайдаланудың жағдайларында мыналарды қамтамасыз eтуі тиіс:
1) тұру, рулдеу, маневрлеу, қозғалу, тоқталған ұшу, тіркеу кезінде және қозғалар алдында доңғалақты сенімді тежеу;
2) шассидің негізгі тіректерінің тежегіш доңғалақтарын бір мезгілде, сондай-ақ дифференциалды тежеу мүмкіндігі;
3) ұшқаннан кейін шассидің барлық тіректерінің доңғалақтарын тоқтату (қажеттілік кезінде);
4) тұрақтағы ӘК кесімді тежеу.
382. Доңғалақтардың бip немесе бірнеше тежегіштерінің құбыр өткізгіштері бұзылған жағдайда гидрожүйеден жұмыс сұйықтығының ағып кету шамасы қалған доңғалақтар тeжeгіштepiнің жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ете алатындай шектелуі тиic.
383. Доңғалақтар тежегіштерін басқару қарапайым, ыңғайлы және ӘК басқару жөніндегі басқа операцияларды орындауға кедергі келтірмеуі тиіс.
384. Доңғалақтарды тежеу жүйесі бip қосымша операцияға рұқсат берілетін жылдам тежеу режиміне көшуді қоспағанда қандай-да бip дайындық немесе бақылау операцияларынсыз басқарушы органдарды (педальдер, гашеткалар) жылжытумен ғана жұмыс icтеуге кірісуі тиіс.
385. Бip ұшқыштан екінші ұшқышқа тежегіштерді басқаруды беру қарапайым болуы және ешқандай-да қолмен ауысуларды талап етпеуі тиіс.
386. Тежегіш доңғалақтармен ӘК қондыру мүмкіндігін болдырмайтындай шаралар көзделуі тиіс немесе тежегіш доңғалақтармен қону күрделіден нашар жағдайға алып келмеуі көрсетілуі тиіс.
387. Доңғалақтарды тежеу жүйесі пайдаланудың күтілетін жағдайында барлық ұсынылған Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың тежегіш құралдарын пайдалану кезінде оның электрқоректендіру жүйесі мен көздерінің кез келген элементін бұзу немесе бip жолғы бас тарту тежегіштерді қосуға жол беретіндей кез келген жылдамдықта бас тарту кезінде 1,5 есе астамға тежегіш жолын ұлғайтуға алып келмейтіндей резервтелуі тиіс.
Резервтеу электрқоректендірудің оқшауланған (автономды) көздері бар авариялық жүйемен немесе қатар жұмыс істейтін тәуелсіз жүйені қолданумен жүзеге асырылуы мүмкін.
388. Егер, тежеудің резервтік жүйесі электрқоректендіру көздері шектелген болған жағдайда, Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулық ұсынған ұшып-қону жолағымен оны жүргізу және қозғалу кезінде ӘК тоқтату үшін жеткілікті толық тежеулер санымен қамтамасыз етілуі тиic.
389. Резервтік және авариялық жүйелерді пайдалану жүргізу, қону және тоқталған ұшуда ӘК жылдамдығының барлық пайдалану диапазонында шиналарды бұзуға алып келетін «юза» доңғалағын тудырмауы тиic.
390. Жұмыс істемейтін газға қарсы автоматика кезінде негізгі және резервтік жүйелерден тежеу кезінде доңғалақтардың тежегіштеріндегі қалыптасқан қысым оған ұсынылып отырған күш-жігерге және басқарушы органдардың жұмыс барысына шамамен тең болуы тиіс.
Оның жұмысының барлық көзделген режимдерінде басқарушы органдардың тежеу жүйесін пайдалану шамадан тыс күш-жігерлерді ұшқыштан талап етпеуі тиic.
391. Негізгі және резервтік жүйелерден доңғалақтарды кідірту және жылдамдату уақытында барлық типтердегі ӘК үшін рулдеу және қозғалуда ӘК тежегіші мен басқарушылығының қолайлы сипаттамаларын қамтамасыз ету жағдайларынан, басқарылмайтын алдыңғы тірекпен ӘК үшін - қозғалу кезінде айқындалуы тиic. Бұл ретте, доңғалақтарды толық кідірту және жылдамдату пайдаланудың күтілетін жағдайында 1,5 секундтан аспауы тиic.
Ескертпе: Тежегіш жүйесінің талап етілетін жедел әсер етуін қамтамасыз ету үшін сырттағы ауаның минус 300-тан төмен температурасы кезінде жүргізу алдындағы ұзақ тоқтаулар кейін тежегішті қосумен оны қозғалтуға жол беріледі.
392. Тежегіш жүйелерінің басқарушы органдарындағы бос жүріс жалпы жүрістен 25% астам болмауы және бастапқы жұмыс жүрісіндегіге қарағанда аз күшеюмен таңдалуы тиic.
393. Негізгі тежегіш жүйесіндегі газға қарсы құрылғының болуы егер, пайдаланудың күтілетін жағдайында жер бойынша қозғалу кезінде ӘК басқарушылық сипаттамасының нашарлауы мен шиптің бұзылуы болмаған кезде көз жеткізілмесе, міндетті.
394. Тежегіштермен басқару жүйесінде бас тартулардың туындауы туралы экипажды ақпараттандыратын және жүйенің ақаусыздығына көз жеткізуге мүмкіндік беретін бақылау аспаптары мен сигнал беру болуы тиіс.
Егер, басқарудың арнайы тетіктерін немесе сатылы жүктеулерді енгізумен байланысты емес жүйе жұмыстары режимдерінің автоматты өзгеруі көзделмесе, аталған өзгерістің жарықтық сигнал беру көзделуі тиіс.
60. Гидравликалық және пневматикалық жүйелер
395. Гидравликалық және пневматикалық жүйелері көрсетілген жетектердің жұмысы көзделетін барлық режимдерде ӘК басқа жүйелеріне кіретін жетектердің қоректендіру функциясын сенімді орындауды қамтамасыз етілетін пайдаланудың күтілетін жағдайларында құрастырылуы тиіс.
396. Гидравликалық және пневматикалық жүйелері қысымы көздерінің қуаты Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес олардың бір мезгілдегі жұмысымен неғұрлым қолайсыз үйлесімдігі кезінде пайдаланушы жүйелердің жұмыс қабілетін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы тиіс. Осы қуаттың бөлігі аккумулятордан алынған кезде, оның энергия сыйымдылығы олардың арасындағы уақыттың қажетті интервалдарымен жұмыс циклдарының (операцияларының) тұтынатын санын орындау үшін жеткілікті болуы тиіс.
397. Экипаждың кабинасында мыналар көзделуі тиіс:
1) әрбір жүйедегі қысымды бақылау жүйесі;
2) гидробактағы жұмыс сұйықтығының саны мен үрлеу қысымын бақылау немесе сигнал беру құралдары;
3) әрбір жүйенің бас тартуы туралы сигнал беру;
4) авариялық көздерді қосу сигнал беру (бақылау);
5) Жүйе элементтерінің нығыздау қысымынан жоғары жұмыстың әртүрлі режимдеріндегі (оның ішінде, өтпелі процестер кезінде, сұйықтық пен газдың жылулық көлемді ұлғаюы кезінде, жүйе элементтерінің кез келгенінің бас тартуы кезінде, сондай-ақ оны тексеру процесінде) жүйедегі қысымның артуын болдырмайтын шаралар көзделуі тиіс.
398. Гидравликалық және пневматикалық жүйелері ӘК өртті немесе жарылысты тудырмауы және оларға қолданылатын өрт қауіпсіздігіне талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
399. Жүйенің сұйықтықпен (газбен) ластануы себебі бойынша бас тартулар мен ақаулықтардан жүйелердің агрегаттарын қорғау үшін өткізбейтін және қайта өткізетін құрылғылармен тазарту сүзгілерімен жабдықталуы тиіс. Бұдан басқа, компрессорлардан қоректендіру көздерімен пневматикалық жүйеде су мен майды газдан алып тастау үшін қалдықсақтауыш көзделуі тиіс.
400. Гидравликалық және пневматикалық жүйелері ағып кету жағдайында мынадай жолмен орындалуы, орнатылуы немесе (және) қорғалуы тиіс:
1) белгіленген концентрацияға улы гидросұйықтық немесе оның буы экипаж бен жолаушылардың кабиналарына өте алмауы тиіс;
2) улы емес сұйықтықтың экипаж бен жолаушылардың кабинасына түсуі ұшу жағдайларын күрделілендіруден нашар жағдайға алып келмеуі тиіс.
401. Егер гидросораптың ӘК қозғалтқышынан жетегі бар болатын болса, онда жұмыс сұйықтығының болмауынан бас тартуды қоса, гидросораптың кез келген мүмкін болатын бас тартуы қозғалтқыштың жұмыс қабілетінің бұзылуына алып келмеуі тиіс.
402. Гидравликалық және пневматикалық жүйелері резервтеу қағидаты бойынша орындалуы тиіс. Гидравликалық және пневматикалық жүйелерін резервтеудің қысқалығы талаптарды орындауды қамтамасыз ету мақсатымен (тұтынушыларды тамақтандыру бөлігінде) олар қызмет көрсететін тұтынушыларға қойылатын талаптармен айқындалуы тиіс.
403. Герметикалыққа, беріктікке және тығыздыққа (нығыздыққа) және бұзылуға агрегаттардың, қосылу арматурасының және құбыр өткізгіштердің сынақтары, сондай-ақ герметикалыққа жүйенің сынағы жүргізілуі тиіс.
Ескертпе: Сыртқы жүктемелерден және жұмыс денесінің қысымынан шоғырландырылған жүктемеге ұшыраған жүйелердің агрегаттары соңғыларын ескере отырып, сыналуы тиіс.
61. ӘК жолаушылар кабиналары, багаж-жүк бөліктері және жүк кабиналары
404. Жолаушылар кабиналары, багаж-жүк және жүк жабдықтары осы Норманың талаптарына сәйкес болуы қажет.
405. Багаж-жүк бөлімдері мен жүк кабиналары осы Норманың талаптарына жауап беретін багаж бен жүкті бекіту (арқандау) құралдарымен жабдықталуы тиіс.
406. Жолаушыларға қол жетімді жолаушылар кабинасындағы технологиялық люктер арнайы құрылғылармен (құралмен) ғана ашылуы тиіс.
407. Буфеттердегі, асханалардағы, әжетханалардағы және вестибюльдердегі едендердің конструкциясы (кіреберіс есіктері маңында) ылғал өткізбейтін болуы тиіс.
408. ӘК орнатылған саумен жабдықтау және кәріз жүйесі коррозиялы-тұрақты материалдардан дайындалуы және ӘК конструкциясына, агрегаттары мен коммуникацияларға ылғалдың түсуін болдырмауы тиіс. Сумен жабдықтау жүйесі судың (құйылған) сапасын нашарлатпауы тиіс.
409. ӘК багаж-жүк бөліктері мен жүк кабиналары едендері осы бөліктер мен кабиналардан ӘК басқа бөліктеріне сұйықтықтың енуінің мүмкіндігін ең азға алып келетін қорғау құралдарымен жабдықталуы тиіс.
ӘК конструкциясына олардың кездейсоқ түсуі кезінде сұйықтық пен ылғалды бақылау мен алып тастау мүмкіндігі көзделуі тиіс. Багаж-жүк бөліктерінің аумағындағы агрегаттар мен коммуникациялар сұйықтық пен ылғалдықтың түсуінен қорғалуы тиіс.
410. Кіру есіктері, авариялық шығулар және салатын люктер өздігінен, сондай-ақ оларды қасақана ашуды болдырмайтын бекіту құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.
411. Кіру есіктері, авариялық шығулар мен салатын есіктер жабық (ашық) жағдайдағы дабылмен, сондай-ақ бекітетін құрылғылардың жағдайын индикациялаумен жабдықталуы тиіс.
62. Герметикалық кабиналар, ауа қысымын кондиционерлеу және реттеу жүйелері
412. Ауаны кондиционерлеу жүйесі жердегі пайдаланудың күтілетін жағдайларында, сондай-ақ ұшудың барлық кезеңдері мен режимдерінде кабинадағы оның өзгерістерінің, температурасының, ылғалдылығының, газ құрамының және ауа қозғалысының жылдамдығы бойынша талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Талаптар герметикалық және герметикалық емес кабиналардағы ӘК қолданылады.
413. ӘК кабинасындағы, оның ішінде, ауаны кондиционерлеу жүйесінен шығуға ауа мынадай санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беруі тиіс. Көміртегінің тотығы 20 мг/м3-дан, азоттың тотығы - 5 мг/м3-дан, отынның буы (көміртегіне қайта есептегенде) - 300 мг/м3- дан, ароматикалық көмірсутегілер - 5 мг/м3-дан, синтетикалық майлау майларының булары мен аэрозольдары - 2 мг/м3-дан, минералдық майлау майларының булары мен аэрозольдары - 5 мг/м3-дан, фторорганикалық қосылыстар 0,5 мг/м3-дан (фторлы сутегіне қайта есепте), формальдегид - 0,5 мг/м3-дан, альдегид (жиынтықты) - 0,6 мг/м3-дан аспауы тиіс. Биіктеу мен төмендеудің уақытын қоса, үш сағатқа дейін ұшу ұзақтығымен 7000 м астам биіктіктің ауа қабатындағы кабинаның орташа өлшемді озоны 0,2 мг/м3-нен аспауы тиіс.