39. Қолайсыз әуеде ӘК динамикалық жүктелу жағдайлары
277. ӘК беріктігі қолайсыз әуеде ұшу және отырғызу кезінде жүктеменің динамикалық әсері ескеріле отырып, қаралуға тиіс.
278. Ұшудың барлық биіктігі мен жылдамдығы Vmax max дейін және тиісті пайдалану тепе-теңдігі мен ӘК сол немесе өзге бөлігінің беріктігіне қатысты аса қолайсыз тиелген кезде де ӘК ұшу массасының барлық диапазоны қарастырылуға тиіс. Өсу қарқындылығының желілік учаскесімен бір мәрте тік екпіннің әсерін қарау керек (19-сурет).
Өсу учаскесінің ұзындығы қабылданады L≥30м. Екпіннің жоғары қарқындылық мәнін ӘК ауырлық орталығы арқылы өтетін фюзеляждің көлденең қимасында жүктемені өсірудің максимальді мәні Δnу тең болатындай анықтау керек. Алайда екпіннің индикаторлық жылдамдығы бір жарым шекті мәннен аспауы тиіс.
19-сурет.
279. Үздіксіз атмосфералық турбуленттіктің динамикалық әсерін тік және бүйірлі бағытта қарау керек.
Көлденең ұшуда оның мәнінен қосымша тік және бүйірлік бағытта жүктеменің кез келген түрін барынша пайдалана өсіруді /\Р (майыстыратын сәттер, жергілікті жүктеме және т.б..)
40. Қону кезінде ӘК динамикалық жүктелу жағдайлары
280. Қону және ұшу массасына сәйкес келетін жүктелу нұсқалары кезінде көрсетілген Еш пос және Е'ш жағдайлар арасындағы орташа қалыпта дөңгелектердің айналуын ескере отырып, негізгі шассиге ӘК қону қарастырылуы тиіс. Бастапқы уақытта көтеру күшін ӘК ауырлық күшіне тең деп қабылдау қажет. Аэ және Аmах болғанда ӘК амортизациялық жүйесі сіңірілуі тиіс жұмыстың екі мәні кезінде есептеу керек.
Аэ пайдалану жұмыстарын амортизациялық жүйе сіңірген кезінде mпос қонуды ұшу-қону жолағының жазықтығы туралы пневматика үйкеліс коэффициентінің u=0 және u=0,8 екі мәні кезінде қарастыру керек. Аmах үлкен жұмысты амортизациялық жүйе сіңірген кезінде m пос отырғызуды үйкеліс коэффициентінің u=0 және u=0,5 екі мәні кезінде қарастыру керек.
41. Флаттерден, басқару органдарының дивергенциясынан, реверсінен, «ӘК - автоматты басқару жүйесі» жүйесінің әуесерпінді тербелісі мен шиммиден қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
281. Флаттерден, басқару органдарының дивергенциясынан, реверсінен, «ӘК - Автоматты басқару жүйесі» жүйесінің аэросерпінді тербелісі мен шиммиден қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша арнайы зерттеулер (есептер, модельдерді сынау, планер мен Автоматты басқару жүйесі жиілік сынау, ұшу сынағы) жүргізілуге тиіс. Осы зерттеулердің көлемін дайындаушы белгілейді.
282. ӘК ұшу массасының барлық диапазонында және ұшудың барлық биіктігінде флаттердің туындау мүмкіндігі 1,2 есеге ұлғайған Vmax max, жылдамдыққа дейін болмауы тиіс. Осы талап конструкцияның бастапқы нұсқасында да, флаттердің критикалық жылдамдығына әсер ететін оның кейбір параметрлері өзгерген кезде де орындалуы тиіс.
Осы параметрлердің тізбесі мен олардың өзгеру дәрежесін дайындаушы осыған ұқсас конструкциялардың флаттерінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәжірибесінің негізінде және арнайы зерттеу жүргізу нәтижелері бойынша белгілейді.
Егер жүргізген зерттеулер нәтижесінде мынадай жағдайлардың бipi орын алса:
кемінде 1,25 Vmax max ұшу жылдамдығы кезінде флаттер туындаса;
ұшатын сызбасы өзгеше, не флаттердің критикалық жылдамдығы айқындаушы параметрге күрт байланысты болса;
есеп нәтижелері мен эксперименттік зерттеулер арасында түсініксіз сәйкессіздік болса, флаттерден ӘК қауіпсіздігін ұшу арқылы тексеру қажет.
283. Барлық биіктіктерде дивергенцияның критикалық жылдамдығы
Vкр.див ≥ 1,2max max.
шартын қанағаттандыруға тиіс.
284. Барлық ұшу бөлшектерде басқару органдары реверсінің критикалық жылдамдығы мына шарттарды қанағаттандыруы тиіc:
V max max≤600 км/сағ болғанда Vкр.див ≥1,2 V max max
V max max≥600 км/сағ болғанда Vкр.див ≥1,2 V max max +100 км/сағ
V max max≥600 км/сағ жылдамдықта аз запас қабылдауға рұқсат етіледі, онда қорды азайту мүмкіндігі ұшу сынақтарының нәтижелеріне негізделуі керек.
285. ӘК барлық ұшу массасының диапазонында және барлық биіктіктер мен жылдамдықтарда Vmax max дейін кемінде 3,0 ажыраған контурдың жиілік сипаттамасының годограф модулі бойынша және кемінде 900 фаза бойынша «ӘК Автоматты басқару жүйесі» жүйесінің аэросерпінді орнықтылығының қоры қамтамасыз етілуге тиіс. Егер модуль бойынша немесе фаза бойынша қор көрсеткендерден аз болса, «ӘК - Автоматты басқару жүйесі» жүйесінің аэросерпінді ауытқуларынан ұшу қауіпсіздігі ұшу сынақтарымен расталуға тиіс.
286. Шимми. Ұшу-қону жолағы бойынша ӘК массалары мен жылдамдықтарының барлық диапазонында ұшу және қону кезінде шасси дөңгелектерінде шиммидің болмауы қамтамасыз етілуге тиіс.
Шиммидің жоқтығы есептермен және жылжымалы таянышы бар қауғада шасси тіректерін сынаумен расталуға тиіс. Егер есептермен немесе арнайы параметрлермен ұшу сынақтары процесінде шиммидің қауіпсіздігі сенімді түрде дәлелденсе, дайындаушының шешімі бойынша сынақ жүргізбеуге рұқсат етіледі.
42. Әуе винтінің флаттері
287. «Классикалық» флаттерден әуе винтінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық ұшу режимдерінде 20%, қарағанда кемінде Vmax max асатын жылдамдықта және 20% қарағанда барынша рұқсат ететін шамадан асатын винттің айналу жиілігіндe флаттер туындамауы қажет.
Осы талаптарды орындау аэродинамикалық құбырда осындай модельді есептеумен немесе динамикалық сынаумен расталуға тиіс.
Ескертпе: Металл қалақтары бар қарапайым құрастырылған әуе винттері үшін «классикалық» флаттерден қауіпсіздікті растау талап етілмейді.
288. Бip жерде жұмыс icтеген кезде «жыртатын» флаттерден әуе винтінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін л < 1,37 шарты орындалуға тиіс.
«Жыртатын» флаттерден әуе винтінің қауіпсіздігі:
тұғырықты жағдайда винттің осындай моделін динамикалық сынау;
заттай винтті зауыттық тұғырықты және ұшу сынағы жолымен тексеріледі.
Осы сынақтардың нәтижeлepiн талдау негізінде л рұқсат етілген шамаға қойылатын талаптар нақтылануы мүмкін.
43. Температуралық беріктікке және статистикалық сынақтарға қойылатын талаптар
289. Қозғалтқыштың қандай да бip елеулі температуралық ықпалына ұшырайтын ӘК-нің конструкция элементтерінің беріктігі бұл ықпалдардың әсерін ескере отырып тексерілуі тиіс. Қозғалтқыш ағыны шығуымен жанасатын ӘК конструкциясы панелдерінің беріктігі бұл ағындардың жүктеме шамасына әсерін ескере отырып, сондай-ақ ол туындатқан температура әсерін ескере отырып, айқындалуы тиіс.
290. Тәжірибелі және сериялы ӘК арнайы бағдарламамен статистикалық сынақтардан өткізу керек.
291. Сынақ бағдарламасына осы осы Норманың 27-40 тарауларында жазылған беріктікке қойылатын талаптарда көзделген және ӘК негізгі бөліктері үшін есептелетін жүктелу оқиғалары, сондай-ақ беріктікті есептеу сенімді шешім бермейтін ӘК конструкциясының барлық бөліктері мен элементтерінің сынағы қосылуға тиіс.
292. Статикалық сынақ процесінде 67%-ға дейін есептік жүктеме тиелген кезінде ӘК конструкциясының қарбалас жай-күйін тексеру үшін жеткілікті көлемде мұқият тензометрия жүргізілуге тиіс.
293. ӘК бөліктерін статикалық сынау, әдетте есептік жүктеменің 100%-на дейін немесе қиратылғанға дейін жүргізілуге тиіс. Қиратылғанға дейін сынақ өтетін жүктелу оқиғалары есептеу және ӘК түрлі бөліктеріне статикалык сынақ жүргізу кезектілігінің орындылығы ескерілген жобалау тәжірибесінің негізінде таңдап алынады.
100% есептік жүктеме кезінде жекелеген элементтердегі кернеу қирауға жақын бірнеше есептік оқиғаларда статикалық сынақ кезінде ӘК қандай да бip бөліктерін тексеру қажет болған кезде есептік оқиғалардың біреуінде жүктемені 100%-ға дейін, ал қалғандарында 90-80% есептік жүктемеге жеткізу керек. Бұл ретте, сынақ 80%-ға дейін есептік жүктемемен жүргізілгенде қарбалас жай-күй 67% есептік жүктемеден асатын жүктеме кезінде тензометрия жолымен тексерілуге тиic.
294. Жоғары температураның елеулі әсерін есептеу көрсететін ӘК үшін конструкцияның панельдері мен элементтерінің беріктігі қыздырып та, қыздырмай да статикалық сынақпен тексерілуге тиіс.
44. Сынақтарды өткізу шарттары
295. Статикалық сынақ өткізу кезінде таратылған жүктемемен қаптаманы және барлық алмалы-салмалы элементтерді: люктің қақпақтары мен жармасын, жатықтар мен басқаларын жүктеу қажет.
296. Сынақ басталар алдында ӘК барлық бөліктерінің үсті мұқият тексерілуге және жапырылған, қатпаршақ және кедір-бұдыр түріндегі барлық өндірістік ақаулар белгіленуге тиіс.
297. Сынақтан өткізілетін конструкцияны алдын ала тартудан кейін (40-50 % есептік жүктемеге дейін) есептік (қирататын) жүктемеден 67%-ға дейін жүк тиеп, содан кейін бастапқы жай-күйге дейін жеңілдету керек.
67% есептік жүктемеге тең жүк алынғаннан кейін, конструкцияның күшке түсетін элементтерінде көзге көрінетін қалдық деформациялар болмауы тиic. Конструкцияға кейіннен жүк салуды осы жағдай үшін бағдарламада көрсетілген жүк салуға дейін жүргізуге керек. Конструкцияға 90% - дейін барынша аз жүк тиеген кезде кейбір жерлерде ӘК қирауына әкеп соқтыратын әуе ағыны болған кезде бұзушылықтар болмауға тиіс.
Ескертпе: Егер статикалық сынақ кезінде деформациялар байқалған жүк тиеуге сәйкес келетін режимдер жүргізілген ұшу сынақтары кезінде ӘК осы бөлігінде қандай да бip деформацияның жоқтығы дәлелденсе, статикалық сынақ кезінде алынған қалдық деформацияларды ӘК беріктігін бағалау кезінде назарға алмауға болады.
298. Дайындаушы таңдап алған және сынақ бағдарламасында көрсетілген жүк тиеу жағдайы (жағдайлары) үшін пайдаланушылық жүктеме кезінде басқару жүйелерінде олардың жұмыс icтеп тұрған кезінде қажалудың жоқтығы тексеріледі.
299. Тәжірибедегі ӘК сынау кезінде және сериялы ӘК бірінші сынау кезінде сынақ процесінде орын алған барлық бұзушылықтарға толық талдау жасалуға тиіс және бұзылған жерлердегі материалдардың қасиеттері сызбаларда көрсетілген кондициондық және геометриялық мөлшермен салыстырулар ескеріле отырып, конструкцияның беріктігінің жеткіліктігі туралы немесе конструкцияға немесе әзірлеу технологиясында өзгepicтep енгізу қажеттігі немесе дұрыстығы туралы қорытынды жасалуға тиic.
Топтамалы өнімдерді бақылаудағы сынақтан өткізу кезінде 100 % есептік жүктемеден үлкен немесе тең жүк тиеу кезінде бұзушылықтың себебін талдауды жүргізбеуге рұқсат етіледі.
45. Ұшу сынақтарына қойылатын талаптар
300. Ұшу сынақтары осы үлгідегі Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулық, ұшағына рұқсат етілген режимде ұшу қауіпсіздігінің беріктік негіздерін растау мақсатында өткізіледі. Көрсетілген мақсат:
ұшу кезінде күтілетін пайдалану жағдайында ӘК конструкциясы мен оның жекелеген бөліктерінде жүктелудің заңдылығы мен ерекшеліктерін зерттеумен, зертханада сынау кезінде де қабылданған есептермен салыстыру арқылы және қажет жағдайда ұшу сынақтары материалдарының негізінде соңғысына түзетулер енгізу арқылы;
шекті режимге қол жеткізе отырып, ұшуды орындау арқылы;
қажет кезде флаттерден, реверстен, дивергенциядан, ӘК Автоматы басқару жүйесімен аэросерпінді орнықтылығын жоғалтудан қayiпciздікті зерттеу бойынша, сондай-ақ белсенді басқару жүйесінің тиімділігін жүктелумен және серпінді тербелістердің (егер мұндай жүйе ӘК орнатылса) демпфирленуін анықтау бойынша арнайы ұшу сынақтарын жүргізу арқылы;
ӘК пайдаланудың барлық режимінде жүктелудің қайталануын зерттеу арқылы қол жеткізуге тиіс.
301. Ұшу сынақтарының режимі оған қол жеткізу үшін ұшқыштың қатты күш салуынсыз және ерекше пилот жасау шеберлігінсіз осы режимге қол жеткізу мүмкін болмайтын беріктік және аэродинамика шарттары немесе конструкциялық ерекшеліктері бойынша шектеулер кедергі жасамайтындай бекітілуге тиіс.
302. Ұшу сынақтары нәтижелерінің негізінде, қажет болған жағдайда, Ұшуды пайдалану нұсқаулығына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
303. Жердегі және ұшу жағдайында әуе винті конструкциясының элементтеріне әсер ететін жүктемелер (кернеулер) өлшенуге тиіс. Тензометрлеуді барлық режимдерде орындау керек. Осы сынақ кезінде тензодатчиктерді орналастыру сызбасы тұғырықты сынақтар кезінде әуе винтін есептеу және тензометрлеу нәтижелерінің негізінде айқындалуға тиіс. Өлшеу әдістемесі (тензометрленетін винттердің саны, жазбаның ұзақтығы, ұшу саны және басқалары) әуе винті элементтерінің кернеулік жай-күйінің деңгейі туралы және әсер ететін жүктеменің (кернеудің) қайталануы туралы шынайы аппарат алуды қамтамасыз етуге тиіс. Жүктемелерді (кернеулерді) өлшеуде алынған нәтижелер тиісті жүктеу жағдайларында берілетін шарттарға келтірілуі керек.
46. Конструкцияның тозу беріктігінің шарттары бойынша ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
304. ӘК конструкциясы пайдалануда қайталанатын жүктеме мен температураның әсерімен апаттың ахуалға тікелей әкелуі мүмкін белгілі бір оның зақымдалатын уақыты (тағайындалған ресурс) ішінде барынша мүлтіксіз болуға тиіс.
ӘК тиісті конструкциясын жасаумен қатар, осы талаптарды қанағаттандыру өндірістік-технологиялық әзірлеу және жөндеу процестерімен, техникалық қызметтермен және белгіленген ережелерді әpi шарттарды сақтаумен қамтамасыз етілуге және есептеу нәтижелерімен, нақты пайдалану шарттарын, соның ішінде әсер ететін жүктемелерді зерттеумен, төзімділігі мен өміршеңдігін (зақымдану қауіпсіздігін) зертханада сынау нәтижелерімен және осы үлгідегі ӘК және (немесе) осыған ұқсас үлгідегі ӘК пайдалану тәжірибесімен расталуға тиіс.
Ресурстарды анықтаған кезде конструкцияның тозу әcepi мен температураның, коррозияның, сондай-ақ уақытпен, пайдалану және сақтау шарттарымен байланысты конструкцияға тән басқа да өзгерістердің әсерінен туындайтын конструкцияның беріктік қасиетінің азаю мүмкіндігі ескерілуге тиic. Пайдалану процесінде конструкцияның қажу беріктігінің төмендеуіне (коррозия, тозу, кездейсоқ механикалық зақымдалулар) әкелетін бақылаудағы факторлардың анықталуын қамтамасыз ететін конструкцияның жай-күйін жүйелі бақылау жүзеге асырылуға тиic.
305. ӘК конструкциясының ресурсы конструкциялық элементтердің ресурсы бойынша анықталады. Оның қирауы немесе зақымдарының пайда болуы апаттық ахуалға тікелей әкеп соқтыруы мүмкін. Ұшу қayiпciздігінe тікелей қауіп төндірмейтін конструкция элементтерінде бұзушылықтар немесе зақымдар барлық конструкцияда ресурстарды орнату кезінде назарға алмауға болады. Егер пайдалану процесінде ауыстырылуы мүмкін конструкцияның жекелеген элементтері үшін өз ресурсы болса, конструкция үшін жалпы ресурстарды осы элементтердің ресурстарын ескермей орнату керек.
306. Есептер мен тәжірибенің негізінде орнатылатын конструкция орнының тозу беріктігі бойынша қауіпті ӘК жеткілікті төзімділігін қамтамасыз ету жобалау сатысында-ақ (талап етілетін ресурс ескеріле отырып) көзделуге тиіс. Бұл ретте тиісті материалды таңдауға, конструкцияның жалпы кернеулігіне, кернеу концентрациясын барынша азайту мүмкіндігіне, конструкцияның элементтерін әзірлеу және оларды жинау технологиясының ұтымдылығына, дайындалатын өнімнің сапасын бақылау жүйесінің сенімділігіне, сондай-ақ тиісті конструктивтік-технологиялық ic-шараларды пайдалану негізінде төзімділікті барынша арттыруға назар аударылуы тиic.
Ic-шаралардың тиімділігі жекелеген конструктивтік элементтердің (түйіндер, жапсарлар, панельдер, бөліктер және басқалар) төзімділігін зертханада сынаумен тексерілуге тиic.
307. ӘК жобалау кезінде негізгі қуатты конструкцияның өміршеңдігін (қауіпсіз зақымдау) қамтамасыз ететін шаралар көзделуі тиіс, атап айтқанда:
мүмкіндігінше ӘК пайдалану процесінде, әсіресе кернеу концентрациясы жоғары жерлерде және тозу зақымданулары туындауы ықтималық аймақтарда конструкцияның қуатты негізгі элементтерін тексеру немесе аспап арқылы бақылаудан өткізу жағдайы қамтамасыз етілуге тиіс;
тексеру (аспап арқылы бақылау) кезінде қалдық беріктік пен конструкцияның қаттылығы зақымдануды біртіндеп тапқан сәтке дейін ӘК пайдалану қауіпсіздігі жеткілікті болу үшін ықтимал тозу зақымдауларының барынша баяу даму мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс;
Пайдалану процесінде тексеру (аспап арқылы бақылау) үшін қол жетпейтін не тозу зақымдануларының тиімсіз жоғары даму жылдамдығымен сипатталатын конструкцияның орындары үшін, сондай-ақ тозу зақымдану қауіпті аэросерпінді құбылыстарға (флаттер, дивергенция және т.б.) әкеп соқтыруы мүмкін орындар үшін.
308. Жобалау процесіндегі жұмыс нәтижелері бойынша ӘК пен конструкцияның тозу беріктігін есептік бағалау және тозу беріктігі пайда болу мүмкіндігін болжау негізінде талап етілетін ресурсты өңдеу мен шарттарына (ic-шараларына) талдау жүргізілуге тиic.
309. Тозу беріктігінің шарттары бойынша конструкцияның қауіпсіздігі ӘК пайдаланудың мынадай кезеңдерінде расталады:
1) бастапқы тағайындалған ресурсты орнату кезінде тұрақты пайдалануды бастар алдында;
2) бұрын орнатылған ресурсты әзірлеу шамасы бойынша пайдалану процесінде. Бұл ретте конструкцияның жүктелу шарттары мен оның тозу беріктігінің сипаттамасы туралы шынайы мәліметтерді арттыру, пайдалану шарттарын анықтауды талдау және есептеу негізінде және пайдалану тәжірибесінің жинақталуына қарай белгіленген ресурстың (ресурсқа дейін есептен шығарғанға дейін) ұлғайтылған мәнін біртіндеп (кезең-кезеңмен) орнату жүргізіледі.
Бастапқы белгіленген ресурстың және есептен шығарылғанға дейін ресурстың мәні күтілетін пайдалану жағдайында көрсетілгендерге сәйкес келуге тиіс.
310. Белгіленген ресурстарды орнатудың барлық кезеңіндегі жұмыстың нәтижелері бойынша дайындаушы мен тапсырыс беруші белгіленген тәртіппен пайдалану және жөндеу құжаттамасына тиісті нұсқаулар мен ұсынымдар енгізуге міндетті.
47. Белгіленген ресурсты бекіту
311. ӘК конструкциясының жазғы сағаттар санымен және ұшу санымен немесе жұмыс icтeу циклдері санымен көрсетілетін белгіленген ресурсы мыналардан аспауы тиic:
Конструкцияның шыдамдылығы шарттары бойынша;
конструкцияның тоқтаусыз жұмыс icтеуін (қауіпсіз зақымдануын) есепке ала отырып.
312. Конструкцияның шыдамдылығы шарттары бойынша пайдаланудағы жол берілген жұмыс істеу жалпы конструкцияның шыдамдылығын зертханалық сынақтардың және (немесе) шыдамдылыққа жүктеме беру шарттары бойынша және мүмкін болатын әлсіз жерлерді ұстап тұру конструкцияны жалпы сынаулар шарттарына жақындайтын нәтижелерінің негізінде анықталады.
Шыдамдылыққа сынақтар пайдаланудағы қаралатын конструкцияның тиісті сыртқы әсер етулерге және жүктемелерге, сыртқы әсер етулер мен ауыспалы жүктемелер жиынтығында жүргізіледі. Осындай сынақтарын жүргізу мүмкін болмағанда конструкцияға қоса берілмейтін жүктемелер және (немесе) сыртқы әсер етулер тиісті түрде бағалануы тиіс.
Шыдамдылық сынақтарға мыналар тартылады:
Қанат, оның ішінде элерондар, жабылғыштар, қанат алдылары және қанатты тетіктендіретін басқа да элементтер;
Қанатты басқару құралдары (тұрақтандырғыш, киль, биіктік пен бағыттау рулдері);
Герметикалық кабинасы және оны шыныландыратын элементтері бар фюзеляж;
шасси, оның ішінде дөңгелек және тежегіш;
ӘК басқару жүйесі;
қозғалтқыштар астындағы қондырғы.
Ескертпе 1: шыдамдылыққа сынақтарға конструкцияның сонымен қатар басқа да бөліктері, негізгі қуатты схемасына кipeтін агрегаттар мен құрылғылар, егер олардың ұшудағы немесе жердегі қозғалысы кезіндегі бұзылулары тікелей ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін болса, тартылуы тиіс.
Ескертпе 2: конструктивтік элементтердің (панелдердің, тораптардың және т.с.) сынақтарының нәтижелерін есепке алатын оңтайлы есептік-экспериментальдік әдістермен шыдамдылық сипаттамаларын анықтау кезінде осы әдістер түзету коэффициентінің ауқымды факторды және натурлық конструкцияның және үлгінің жүктемелі-бұзушылық жағдайына сәйкес дәрежесін есепке ала отырып айқындалатын мәңгіліктілігіне негізделген шамадан тұруы тиіс.
Ескертпе 3: шыдамдылық сынақтарына статикалық сынақтардан өткен конструкциялар жіберілмейді.
Шыдамдылық сынақтарының бағдарламасы ауыспалы жүктемелер шамасының және жүктеме беру циклдері санының үйлесімі ресурсқа әсер eтуі мүмкін пайдалану жағдайында орын алған жүктеме берудің барлық режимдерін бейнелеуі тиіс.
Егер сынақтар бағдарламасы жүктеме сатыларының шектелген санымен конструкциялардың жүктеме беруін көздейтін болса, онда таңдалынған сатылар сипаттамалары тоза бастаған зақымданудың барынша үлкен үлесін енгізетін жүктемелер режиміне мүмкіндігінше жақын сәйкес болуы тиіс.
Бұл ретте тиісті есеппен конструкциялар орындарының тоза бастаған беріктігі бойынша қауіпті орындар үшін сынақтар және пайдалану кезіндегі жүктемелер арасында тоза бастаған зақымдану даму кезеңіндегі мәннен тоза бастаған зақымдану туындағанға дейінгі кезеңдегі шамалардың мүмкін болатын айырмаларын, сондай-ақ пайдалану шарттарының мүмкін болатын шашыраңқы өлшемдерін есепке ала отырып, баламалар айқындалуы тиіс.
Ескертпе: Сынақтар мен шамалар баламалары пайдалану тәжірибесінің және шыдамдылық зертханалық сынақтары нәтижелерін салыстырмалық талдауының және ӘК паркінің техникалық жай-күйі бойынша деректердің негізінде нақтылауға тартылуы тиіс.
Шыдамдылыққа сынақтар бағдарламасы мыналарға негізделуі тиіс:
Тіркеп сүйреу режимін, ұшуға рулмен бағыттауды, жерде қозғалтқыштарды байқап көруді, жүрісті, биіктік жиынын, крейсерлік режимдегі ұшуды, төмендетуді, қонуға кірісуді, жүгіруді және тұраққа қарай бұруды, олардың ұзақтығын (созылуын) және көрсетілген режимдердің әрқайсысын сипаттайтын басқа өлшемдер жиынын есепке ала отырып, қоса алғанда үлгілік ұшу (немесе оларды жүзеге асырудың бірлескен қатыстық үлестерімен үлгілік ұшу жиыны);
ұшудың әрбір биіктіктерін және ӘК пайдаланудың тиісті трассаларының әртүрлі географиялық аудандарын есепке ала отырып атмосфералық турбуленттілікке әсер етуден туындаған жүктемелердің қайталануы;
осы үлгідегі ӘК пайдалану негіздерімен және ережелерімен байланысты маневрлік жүктемелердің қайталануы;
қозғалтқыштардың жүктемелерінің қайталануы ұшып-қону, қозғалтқыштардың жұмыс істеу және жер бетінде қимылдау кездерінде (меңгеруі, үдету, жүрісі);
қанат тетіктері құралдарын және ӘК ауада және жерде тежеудің әртүрлі тәсілдерін пайдалану кезінде, сондай-ақ әртүрлі тектегі автоматикалық құрылғыларды қолдану мен ұшыру кезінде жүктемелердің қайталануы;
қалыпты пайдалану процесіндегі және жөндеуден кейінгі ондағы ауаны сығулар кезінде герметикалық кабинадағы артық қысымның қайталануы.
Ескертпе 1: Жалпы конструкцияны немесе оның жекелеген бөліктерін сынаулар бағдарламасы, сонымен қатар мынадай түрдегі жүктемелерді есепке алуы тиіс, винт ағынынан немесе реактивті қозғалтқыштан, аэросерпінді қысымнан жоғары жиілікті жүктемелер, конструкцияны біркелкі емес қыздырудан жүктемелер, дөңгелектердің жайсыздығынан жүктемелер және басқалары, егер де жүргізілген талдаудың немесе қолда бар тәжірибе негізінде осы жүктемелер қарастырылатын конструкцияның ресурсына әсер eтуі мүмкін болса.
Ескертпе 2: Қуатты конструкцияның жылжымалы элементтерінің шыдамдылығына сынақтар кезінде (шығару және шассиді, жабылғыштарды және басқаларын жинау жүйесі) егер жүргізілген талдаудың немесе қолда бар тәжірибенің негізінде тең бөлінулерде тозу мен тот басудың әсерін, осы әсер елеулі болуы мүмкін екендігі белгіленсе қозғалыстың кинематикасымен байланысты жүктемеліліктің өзгерістерін есепке алу мақсатында ауыспалы жүктемелер мен қозғалыстардың қажетті үйлесімі жүзеге асырылуы тиіс.
Бip бағдарлама бойынша бірегей конструкцияның зертханалық сынақтары кезінде алынған шыдамдылықтың тиісті сипаттамаларына пайдалануға жіберілетін жүктеме сынақтар циклдерінің (блоктарының) П орташа санының суммарлық коэффициентімен анықталады.
Ескертпе: әртүрлі бағдарламалар бойынша сынақтар нәтижелері болған кезде бірыңғай бағдарламаға тиісті қайта есептеуден кейін пайдалануға жол беріледі.
Сенімділіктің П суммарлық коэффицентінің шамасы мынадай анықталады:
П = П1П2П3П4
Осы шығармаға кіретін коэффициенттер саны төменде келтірілген нұсқамаларға сәйкес қолданылады.
Сынақтар бағдарламасы құрылымының пайдаланудағы нақты жүктемелер сипаттамасының шыдамдылығына сәйкестігі деңгейін есепке алатын П коэффициентінің шамасы мыналарға тең қабылданады:
П1 = 1,0 сынақтар бағдарламасы кезінде олардың шамасы бойынша да, сол сияқты олардың әрекетінің бірізділігі бойынша да пайдалануда қайталанатын жүктемелердің жиынтығын бейнелейтіндер жеткілікті түрде толық кездеседі;
П2 = 1,5 пайдалануда қайталанатын жүктемелер жиынтығы бұл ретте тиісті есептік әдістерді пайдалану арқылы жүктемелердің тұрақты амплитудасымен шартты циклдердің сынақтар бағдарламасында бірізділікке келтірілуі.
Ескертпе. егер тұрақты амплитудасы бар жүктемелер циклі оның тоза бастаған зақымдануын айқындайтын конструкцияның сипатты жүктеме алуын барынша көрсететін болса П1 коэффициентінің шамасы тиісті негіздеме болғанда 1 < П1< 1,5 диапазонында қабылдануы мүмкін.
Бұзу қаупінің деңгейінің есепке алатын П2 коэффициент шамасы:
П2 = 1 тең қабылданады, егер сынақтар және (немесе) есеппен тоза бастаған өзінің бастапқы дамуында тоза бастаған зақымдану ұшудан кейінгі тексеру кезінде және (немесе) техникалық қызмет көрсетудің барынша аз кезеңдігіндегі регламенттерді жүргізу кезінде тиімді табылуы мүмкін екендігін көрсетсе.