2. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен ақпарат беру нотариаттық іс-әрекеттер құпиясын жария ету болып табылмайды.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Нотариустың қызметiн шектеу
1. Нотариустың:
1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға;
2) шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу кезiнде делдалдық қызмет көрсетуге;
3) өкiлдi органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус мiндеттерiн орындауға құқығы жоқ.
2. Жеке практикамен айналысатын нотариустың жалдама қызметкер ретiнде еңбек қатынастарында болуға құқығы жоқ.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
20-бап. Нотариаттық округ
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiске сәйкес бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағы нотариаттық округ болып танылады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Нотариустың қызмет ету аумағы
1. Нотариаттық округ шегіндегі мемлекеттік нотариустың қызмет ету аумағын аумақтық әдiлет органы белгiлейдi.
2. Нотариаттық аумақ шегiнде жекеше нотариустың қызмет ету аумағын нотариаттық палатамен бiрлесе отырып, аумақтық әдiлет органы белгiлейдi. Аумақтық әдiлет органы халыққа мемлекеттік және жекеше нотариустардың қызмет ету аумағын үнемi хабарлап отырады.
3. Нотариустың қызмет ету аумағы осы Заңның 34-бабы 1-тармағының 3, 4, 5-тармақшаларында, сондай-ақ 54-бапта көзделген iс-әрекеттердi жасаған жағдайда сақталады. Басқа жағдайлардың бәрiнде жеке және заңды тұлғалардың нотариаттық iс-әрекеттер жасату үшiн кез келген нотариусқа жүгiнуге құқығы бар.
4. Нотариаттық iс-әрекеттер жасауға арналған үй-жай осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген тәртiп бойынша белгiленген аумақ шегiнде болуға тиiс.
5. Нотариаттық iс-әрекеттер мемлекеттік нотариат кеңсесiнiң үй-жайынан тыс және жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалуы керек.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-бап. Нотариустың жеке мөрi, мөртаңбалары мен бланкiлерi
Нотариустың өзiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, сондай-ақ мемлекеттік кеңсесiнiң атауы (мемлекеттік нотариустың мөрi) не нотариус лицензиясының нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiлген (жекеше нотариустың мөрi) жеке мөрi, электрондық цифрлық қолтаңбасы куәландыру жазбаларының мөртабандары мен жеке бланкiлерi болады.
Жекеше нотариустың мөрі туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 ақпандағы № 16 Бұйрығың қара
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
23-бап. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын аттестациялау
Осы Заңның 1-бабындағы 2-тармақтың 2) тармақшасында аталған адамдар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бекiтетiн Аттестация туралы ережеге сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасау құқығын алу үшiн аумақтық әдiлет органында аттестациядан өтедi.
24-бап. Нотариустың және нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдардың жауапкершiлiгi
1. Нотариус және осы Заңмен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдар заңсыз әрекеттер жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық, тәртiптiк және өзге де түрде жауапты болады.
2. Жеке практикамен айналысатын нотариус өзiнiң кәсiптiк мiндеттерi мен әдеп нормаларын бұзған жағдайда оны нотариаттық палата Нотариустың ар-ождан кодексiне сәйкес жауапқа тартуы мүмкiн.
25-бап. Нотариаттық iс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тарту шағымдану
Нотариаттық iс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға түскен шағымдарды азаматтық iс жүргiзу заңдарының нормаларына сәйкес соттар қарайды.
3-тарау. Нотариаттық палата
26-бап. Нотариаттық палата
1. Нотариаттық палата жеке практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, сондай-ақ нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшiн құрылатын коммерциялық емес, кәсiптiк, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
2. Нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және жарғымен реттеледi. Нотариаттық палата заңды тұлға болып табылады және заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.
3. Қазақстан Республикасының әрбiр облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бiр нотариаттық палата құрылады.
4. Аумақтық нотариаттық палаталар қауымдастық (одақ) нысанындағы Республикалық нотариаттық палатаға бiрiгуге құқылы.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 11.06.03 ж. № 437-II ; 2010.15.07. № 337-ІV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 27-бап өзгертілді
27-бап. Нотариаттық палатаның өкiлеттiгi
1. Нотариаттық палата:
1) жекеше нотариустерге жалпы басшылық жасап, олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;
2) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды, нотариаттық iстi дамытуға оларға көмек көрсетiп, жәрдем бередi;
3) жекеше нотариустар нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
4) жекеше нотариустың лицензиясының күшiн тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы ұсыныс енгiзедi;
5) нотариаттық iс-әрекет жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруды ұйымдастырады;
5-1) жекеше нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзу жағдайлары туралы аумақтық әділет органдарын хабардар етеді;";
6) жекеше нотариустарды сынақтан өткізу мен оқытуды ұйымдастырады;
7) өз мүшелерiнiң қызметiне байланысты iстер бойынша сот белгiлеген сараптама шығындарын өтейдi;
8) жекеше нотариусты кәсiптiк мiндеттерi мен әдептi бұзғаны үшiн Нотариустың ар-ождан кодексiне сәйкес жауапқа тартады;
9) жекеше нотариустардың қызметтiк iс-әрекеттерiне азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарайды.
2. Нотариаттық палата жекеше нотариустың жасаған iс-әрекеттерiнiң заңдылығы туралы мәселенi қараған кезде нотариустан жасалған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтердi, ал қажет болған жағдайларда өз түсiнiктемелерiн, соның iшiнде кәсiптiк әдептiң сақталмауы туралы мәселелер бойынша түсiнiктемелерiн табыс етудi талап етуге құқылы.
3. Нотариаттық палата жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша Республикалық нотариаттық палата мен аумақтық әдiлет органына қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде өзiнiң қызметi туралы ақпарат берiп отырады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
28-бап. Нотариаттық палатаның жарғысы
1. Нотариаттық палатаның жарғысында мыналар көзделуге тиiс:
1) атауы, қызметiнiң мақсаттары мен негiзгi түрлерi;
2) палатаның құқықтары мен мiндеттерi;
3) мүше болу мүшелiктi тоқтата тұру және одан айрылу шарттары мен тәртібі;
3-1) мүшелердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi;
4) басшы органдарды құру тәртібі, олардың атқаратын қызметтерi мен өкiлеттiк мерзiмi;
5) мүлiктiң қалыптасу көздерi мен мүлiк пен табысты пайдалану тәртібі;
6) жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
7) палатаны қайта құру мен тарату тәртібі, таратылған жағдайдағы мүлiктiң тағдыры.
2. Нотариаттық палатаның жарғысында заңдарға қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкiн.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-бап. Республикалық нотариаттық палатаның өкiлеттiгi
1. Республикалық нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және оның жарғысымен белгiленедi. Республикалық нотариаттық палата заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.
2. Республикалық нотариаттық палата:
1) нотариаттық палаталардың қызметiн үйлестiрiп отырады;
2) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның iшiнде шетелдiк және халықаралық ұйымдарда нотариаттық палаталар мен нотариустардың мүдделерiн бiлдiредi;
3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң нотариат мәселелерi бойынша заң жобалары жөніндегі және сарапшылық қызметiне қатысады;
4) нотариустарды оқытуды ұйымдастырады;
5) нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысады және нотариат мәселелерi жөнiнде әдiстемелiк материалдар әзiрлейдi;
6) Нотариустың ар-ождан кодексiн әзiрлеп, бекiтедi;
7) заңдарға және халықаралық шарттарға қайшы келмейтiн өзге де қызметтi жүзеге асырады.
3. Республикалық нотариаттық палата Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде өз қызметi туралы жыл сайын ақпарат берiп отырады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 29-1-баппен толықтырылды
29-1-бап. Жеке нотариаттық архив
Жеке нотариаттық архив аумақтық нотариаттық палатаның филиалы болып табылады.
Жеке нотариаттық архив ұлттық архивтық қор және архивтер туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
4-тарау. Нотариаттық қызметке ақы төлеу
ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.16.11 № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 30-бап өзгертілді
30-бап. Нотариаттық iс-әрекеттерге ақы төлеу
1. Мемлекеттік нотариат кеңсесiнде жұмыс iстейтiн нотариус пен аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі аппаратының лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген ставкалар бойынша мемлекеттік баж алады.
2. Жекеше нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттерге ақы Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттік баж мөлшерiне сәйкес келетiн ставкалар бойынша төленедi.
3. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасы консулдық мекемесiнiң лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен және мөлшерде консулдық алым алады.
5. Жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген нотариаттық iс-әрекеттерге ақы төлеу жөніндегі жеңiлдiктер бұл адамдарға жеке практикамен айналысатын нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде де қолданылады.
6. Нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн нотариус өзiнiң жұмыс орнынан тыс жерге барған жағдайда мүдделi адамдар оған нақты көлiк шығыстарын өтейдi.
7. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5-тарау. Нотариустың қызметiн бақылау.
Әдiлет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыретi
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді), 2009.28.08. № 192-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 31-бап өзгертілді
31-бап. Нотариустың қызметiн бақылау
1. Жасалған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және мемлекеттік нотариустың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы жүзеге асырады.
2. Жеке практикамен айналысатын нотариустың жасаған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң заңдылығын және iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы мен нотариат палатасы жүзеге асырады.
Бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен бiрлесiп белгiлейдi.
3. Нотариустың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының салық заңдарын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасы салық қызметiнiң органдары жүзеге асырады.
3-1. Нотариустың заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы жүзеге асырады.
4. Әдiлет органы мен нотариаттық палатаның лауазымды адамдары нотариус қызметiн тексеру кезiнде мәлiм болған нотариаттық iс-әрекеттер жасау құпиясын сақтауға мiндеттi. Құпияны жария еткенi және нотариусқа келтiрген зияны үшiн бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
5. Нотариаттық қызметтi жүзеге асыруға кiрiскен жекеше нотариустың жұмысын тексеру ол нотариаттық iс-әрекеттi жүзеге асыра бастағаннан кейiн кем дегенде алты айдан кейiн және бiр жылдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi және одан кейiн әрi кеткенде жылына бiр рет жүргiзiледi.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.15.07. № 337-ІV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 32-бап өзгертілді
32-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң нотариатты реттеу саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:
1) аумақтық әдiлет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне басшылықты, оны үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;
2) нотариустардың Нотариаттық iс-әрекеттердi жасау тәртібі туралы нұсқаулық әзiрлейдi және бекiтедi;
3) Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы нотариаттық iс жүргiзу жөнiнде нұсқаулық әзiрлейдi және бекiтедi;
4) Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ереже әзiрлейдi және бекiтедi;
5) Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы ереже әзiрлейдi және бекiтедi;
6) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмi туралы ереженi әзiрлеп, бекiтедi;
7) Жекеше нотариустарды есеп алып тiркеу тәртібі туралы ереже әзiрлейдi және бекiтедi;
7-1) әрбiр нотариаттық округ бойынша нотариустардың санын бекiтедi;
8) нотариат мәселелерi бойынша әдiстемелiк, нұсқамалық және түсiндiрмелiк материалдар әзiрлейдi;
9) нотариустардың қызметiн лицензиялайды;
10) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзедi және лицензия берiлген адамдар туралы мәлiметтердi ведомстволық баспа басылымында жариялайды;
11) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру және оның күшiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, сондай-ақ нотариустардың лицензияларын айыру туралы талаптарға бастамашылық етедi;
12) нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және нотариустар куәландыратын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысанын белгілейді;
13) жеке практикамен айналысатын нотариустардың аттестациядан өту тәртібін бекiтедi;
14) Республикалық нотариаттық палатаның келісімi бойынша нотариустардың қызметiн бақылау тәртібін бекiтедi;
15) кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ереженi бекiтедi;
16) осы Заңға сәйкес өз құзыретi шегiнде нотариаттық қызметтi реттеудi жүзеге асырады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара) ; 11.06.03 ж. № 437-II 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.28.08. № 192-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 33-бап өзгертілді
33-бап. Аумақтық әдiлет органының нотариатты реттеу саласындағы құзыретi
1. Аумақтық әдiлет органы:
1) мемлекеттік нотариаттық кеңселердi ашады және таратады;
2) азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік нотариустардың қызметтiк iс-әрекеттерiне өтiнiштерiн қарайды;
2-1) жекеше нотариустардың осы Заңның 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастырады және өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтарған және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзған жекеше нотариустарға шаралар қолданады;
3) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарына әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
4) мемлекеттік нотариустар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдары жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және олардың iс жүргiзуiнiң жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;
4-1) нотариустың заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
5) нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы ұсыныстар енгiзедi;
6) жекеше нотариусты жауапқа тарту туралы нотариаттық палатаға ұсыныс енгiзедi;
7) жекеше нотариустардың келу сипатындағы есептiлiк тiркеуiн жүргізеді;
8) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес нотариустардың жеке мөрлерiн жасауға тапсырысты жүзеге асырады және оларды бередi;
9) халыққа мемлекеттік және жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы ұдайы хабарлап отырады;
10) нотариаттық iс-әрекет жасауға уәкiлеттi аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарын аттестациялауды жүргiзедi;
11) осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік нотариатты оңтайландыру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырады.
2. Аумақтық әдiлет органы нотариаттық палатамен бiрлесiп:
1) нотариаттық округтегi жекеше нотариустардың қызмет аумағын белгiлейдi;
2) Әдiлет министрлігіне бекiтуге нотариаттық округтегi нотариустардың саны туралы ұсыныс енгiзедi;
3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған адамдардың резервiн қалыптастырады және жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшiн конкурстық iрiктеудi жүргiзедi; резервтi қалыптастыруға арналған құжаттар нотариаттық палатаға ұсынылады және сонда сақталады;
4) нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады;
5) нотариустарға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
6) нотариаттық практиканы қорытады;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың жекеше нотариустардың iс-әрекеттерiне өтiнiштерiн қарайды;
8) жеке практикамен айналысатын нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығына және оның iс жүргiзу ережелерiн сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады;
9) нотариаттық қызметтi жүзеге асыратын жекеше нотариустарға аттестаттау жүргiзедi.
10) тиiстi нотариаттық округте қызметi тоқтатылған нотариустың жеке мөрiн жою және құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық мұрағатқа беру жөніндегі, сондай-ақ егер нотариус лицензиясының күшi тоқтатылған жағдайда лицензиарға беру үшiн лицензияны алып қою жөнiнде шаралар қабылдайды.
2 Бөлiм Нотариаттық iс-әрекеттер және оларды жасау ережелерi
6-тарау. Нотариус пен уәкiлеттi лауазымды адамдар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1; 29.03.00 ж. № 42-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 34-бап өзгертілді
34-бап. Нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер
1. Нотариус мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:
1) мәмiлелердi куәландырады;
2) шаруашылық серiктестiктерiнiң құрылтай құжаттарын куәландырады;
3) мұраға сенімгерлiк басқарушыны тағайындайды;
4) мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;
5) ерлi-зайыптылардың және ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi;
6) мүлiктi иелiктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;
7) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;
8) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
9) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге дұрыс аударылғанын куәландырады;
10) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;
11) азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады;
12) құжаттардың берiлген уақытын куәландырады;
13) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi;
14) ақшаны депозитке қабылдайды;
15) ҚР Заңымен 13.11.98 ж. 29.03.00 ж. № 42-II алып тасталды
16) вексель наразылықтарын жасайды;
17) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;
18) теңiз наразылықтарын жасайды;
19) дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.
2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде нотариус жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн.
ҚР 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 35-бап өзгертілді
35-бап. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі аппаратының лауазымды адамы жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер
1. Елдi мекенде нотариус болмаған жағдайда аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі аппаратының нотариаттық iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi лауазымды адамы мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:
1) өсиеттердi куәландырады;
2) сенімхаттарды куәландырады;
3) құжаттар көшiрмелерiнiң және олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;
4) өтiнiштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
5) ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде жергiлiктi атқарушы органның лауазымды адамдары жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн.
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1; 29.03.00 ж. № 42-II Заңдарымен 36-бап өзгертілді
36-бап. Консулдық қызметтi жүзеге асыратын адамдар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер
1. Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландырады;
2) ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;
4) ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге де адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi;
5) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;
6) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
7) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырады;
8) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;
9) азаматтық белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады;
10) құжаттар берiлген уақытты куәландырады;
11) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi;
12) ақшаны депозитке қабылдайды;
13) ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
14) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;
15) теңiз наразылықтарын жасайды;
16) дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.
2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
37-бап. Нотариаттық түрде куәландырылған құжаттарға теңестiрiлген өсиеттер мен сенімхаттарды лауазымды адамдардың куәландыруы