ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтаруға берілген өтініште: агенттің атауы мен деректемелері, (салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК)), қайтару себебі, қате жіберілген төлем құжаттарының деректемелері (№, күні мен сомасы), сондай-ақ жеке зейнетақы шотынан қайтару мен қайтаруға жататын жеке сомалар жүргізілетін салымшының деректемелері көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиіс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, қайтаруға берілген өтінішке тиісті белгі қойылады.
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 16-1-тармақпен толықтырылды
16-1. ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2006.23.11. № 1116 Қаулысымен 16-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1350 Қаулысымен 16-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-2. Орталық қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтаруға агенттер мен банктерден алынған құжаттардың негізінде бес банктік күн ішінде қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтаруға арналған электронды өтінімді қалыптастырады. Өтінімде Орталық: жеке зейнетақы шотынан қайтару жүргізілетін салымшының (алушының) деректемелерін, қайтаруға жататын жеке сомалар мен қайтару себебін көрсетеді. Өтінімнің электронды түрі салымшының (алушының) өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды шығаруға келісетіні туралы өтінішінің электронды көшірмесімен бірге ақпарат көлігінің автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, тиісті жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1350 Қаулысымен 16-3-тармақпен толықтырылды
16-3. Егер қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға арналған өтініш Орталыққа зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударуды жүзеге асыру кезеңінде келіп түссе, Орталық:
1) агенттің хатында көрсетілген қате міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімақының түсуі фактісін тексереді;
2) қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімақының расталған түсімдері бойынша қайтарулардың болмауы фактісін тексереді;
3) қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтаруға арналған электронды өтінімді, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді.
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2006.03.08. № 736 (бұр. ред. қара); 2006.23.11. № 1116 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 17-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1350 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Жинақтаушы зейнетақы қоры Орталықтан қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтаруға арналған электронды өтінімді алып, оны алған күннен бастап он банктік күн ішінде Орталық өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, Орталыққа қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтаруды жүзеге асырады.
Қате есептелген зейнетақы жарналары және (немесе) өсімақыны зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударуды жүзеге асыру кезеңінде қайтару аударым сомасын алған күннен бастап он банктік күннің ішінде жүзеге асырылады.
18. Агентке қызмет көрсетуші банк электронды төлем тапсырмаларын осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес ресiмдеу кезiнде қате жiберген жағдайда, банк «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жiберiлген қателердi реттеу жөнiнде шаралар қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
19. Қызмет көрсететiн банктiң кiнәсiнен қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімақының сомаларын қайтаруға арналған өтiнiште: салық төлеушiнiң атауы мен тiркеу нөмiрi (СТН), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), банктiк сәйкестендiру коды (БСК), төлем құжаттарының көшiрмелерi, өткiзiлген күнi мен қайтару себебi көрсетiледi. Өтiнiш басшының, бас бухгалтердiң қолы қойылған және мөртаңбамен расталған болуы тиiс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, қайтаруға берілген өтінішке тиісті белгі қойылады.
ҚР Үкіметінің 2006.23.11. № 1116 Қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1343 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Қаулысымен 19-1-тармақ өзгертілді
19-1. Орталық Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айрылу және (немесе) жұмысынан айрылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылужағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімақы сомаларын есептеу, аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған жағдайда, Орталық қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға арналған өтінішпен жинақтаушы зейнетақы қорына жүгінеді.
ҚР Үкіметінің 2006.23.11. № 1116 Қаулысымен 19-2-тармақпен толықтырылды
19-2. Орталықтың қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімақы сомаларын қайтаруға арналған өтінішінде: Орталықтың атауы мен деректемелері (салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), қайтару себебі, қате жіберілген төлем құжаттарының деректемелері (№, күні мен сомасы), сондай-ақ жеке зейнетақы шотынан қайтару жүргізілетін салымшының (алушының) деректемелері мен қайтаруға жататын жеке сомалар көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2006.23.11. № 1116 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 20-тармақ өзгертілді
20. Жинақтаушы зейнетақы қорлары қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімақының сомаларын Орталықтың банктік шотына, жеке тұлғалардың тiзiмiн қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен қайтаруды жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1350 Қаулысымен 20-1-тармақпен толықтырылды
20-1. Инфляция деңгейі ескеріле отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы өтеу сомасын есептеу кезінде ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы қайтарылуға жатпайды.
21. ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакция (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1350 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
22. Орталық қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімақы әкеліп түскен күннен бастап үш банктік күн ішінде оларды агенттің өтінішінде көрсетілген деректемелерге сәйкес аударуды жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
23. Банк қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімақының сомалары Орталықтан келiп түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде, мiндеттi зейнетақы жарналарының қайтарылғаны туралы агенттi хабардар етуге тиiс.
4. Міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы
зейнетақы қорларына уақытылы аудармағаны үшін өсімақы төлеудің тәртібі
ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
24. Кiрiс іс жүзінде төленген және салымшы оны алған кезде агенттiң уақытында ұстап қалмаған (қоса есептемеген) және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын салық органдары өндiріп алады немесе агенттер кешiктiрiлген күн үшiн (Орталыққа төлем жасау күнiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмақымен мiндеттi зейнетақы жарналарын салымшылардың пайдасына аударуы тиiс.
Кірістерді төлейтін заңды және жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшін жауапкершілікте болады.
ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 25-тармақ жаңа редакцияда
25. Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны, (есептемегені) және аудармағаны үшін өсімақы төлеуді агенттер, кейін Орталық салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты қолданылатын жинақтаушы зейнетақы қорына аударуы үшін, Орталықтың төлем мақсатының коды «019» банктік шотына жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 23.12.99 ж. № 2010 Қаулысымен 26-тармақ өзгерді және толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
26. Төлеушiлер мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытында аудармағаны үшiн өсiмақы төлеудi мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге арналған осы Ереженің 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді. Агент банкке «төлем тағайындамасы» бағанында «кезеңге (айға/жылға) арналған міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармағаны үшін өсімақы» деп және тағайындау кодын көрсете отырып, Орталықтың банктік шотына өсімақы сомасының аударылғандығы туралы қағазға шығарылған төлем тапсырмасын тапсырады.
Әрбір төлем тапсырмасы, оған қоса берілетін жеке тұлғалар тізімі даналарының саны, сондай-ақ оларды беру мен сақтаудың тәртібі мен мерзімдері осы Ереженің 2-тарауында міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін белгіленген шарттарға ұқсас.
Агенттер өсімақыны уақытында аудармаған жағдайда, аудару жеке тұлғалардың тізімін қоса, әрбір ай үшін жеке-жеке МТ-102 нысанында төлем парағын ресімдей отырып жүргізіледі.
27. Қызметкерлерінің саны елу адамнан асатын агент өсімақы төлеу кезінде банкке осы Ережелердің 9-тармағында сипатталған форматта қағаздағы және электрондық көздегі жеке тұлғалардың қоса беру арқылы төлем тапсырмасын ұсынады.
28. Төлем тапсырмасына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша «жарна сомасы» бағанын қоспағанда, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу кезіндегі жеке тұлғалардың тізімі үшін осы Ереженің 9-тармағында көзделген деректемелерді қамтиды. Жарна сомасының орнына өсімақының тиісті сомасы көрсетіледі.
Жеке тұлғалардың тізімдерінде агент олар үшін зейнетақы жарналарын уақытында аудармаған салымшылар/алымшылар ғана көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 23.12.99 ж. № 2010 Қаулысымен 29-тармақ алынып тасталды
29. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 30-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
30. Банктер агенттер төлем тапсырмаларын көрсеткен кезде «төлем тағайындамасы» бағанында - «кезеңге (айға/жылға) арналған міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармағаны үшін өсімақы» деп және «019» төлем тағайындамасы кодын көрсете отырып, жеке тұлғалардың тізімін қоса беріп, форматы МТ - 102 электрондық төлем тапсырмаларымен Орталықтың банктік шотына өсімақы аударады.
ҚР Үкіметінің 1.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
31. Орталық ақшаны жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытында аудармағаны үшiн тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларына кешiктiрiлген әр күн үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде (төлеу күнiн қоса) өсiмақы төлейдi.
Орталық өсiмақы төлеу үшiн агенттiң төлем тапсырмасы негiзiнде әрбiр жеке тұлға бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезiнде жеке тұлғалардың тiзiмдерi үшiн осы Ереженiң 9-тармағында көзделген, деректемелері бар, «жарна сомасы» бағанын қоспай, жеке тұлғалардың тiзiмiн қоса отырып, форматы MT-102 электронды төлем тапсырмасын қалыптастырады. Жарна сомасының орнына тiзiмге сәйкес әрбiр жеке тұлға бойынша бөлiнген өсімақы сомасы көрсетiледi.
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
32. Жинақтаушы зейнетақы қорларының келіп түскен өсімақының сомаларынан комиссиялық сыйақы алуы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың негізіне сәйкес жүзеге асырылады.
33. Жинақтаушы зейнетақы қорлары алынған өсімақыны жеке тұлғалардың тізімдеріне сәйкес салымшылардың дербес зейнетақы шоттарына есептейді.
34. Жеке тұлғалардың тізімі қоса берілместен аударылған өсімақы агентке қайтаруға жатады, келесі аударым кезінде өсімақының сомасы кешіктірілген күндердің санына өседі.
5. Міндетті зейнетақы жарналарының аударылуына бақылау жасау
ҚР Үкіметінің 01.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 35-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
35. Міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытында аударылуына, сондай-ақ өсімақы мен айыппұлдардың төленуіне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық қызметі органдары жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 01.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 35-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. № 185 Қаулысымен 35-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 35-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 35-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-1. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек құралған кезде, салық органдары агенттерге осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кейіннен Орталыққа аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарламаны жібереді.
Агенттер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына:
осы Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіппен пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін;
Агенттердің банктік шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдері қоса берілген салық органының инкассалық өкімінің негізінде жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 01.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 35-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 35-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.11.03. № 178 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 35-2-тармақ өзгертілді
35-2. Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін алған кезде салық органы бенефициарды - Орталықты көрсете отырып, агенттің банктік шотына (шоттарына) инкассалық өкімдерді ұсынады.
Агенттің банктік шотына ұлттық валютамен ақша болмаған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу салық органдары ұлттық валютамен ұсынған инкассалық өкімдер негізінде агенттің банктік шоттарынан шетелдік валютамен жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 01.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 35-3-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 35-3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1350 Қаулысымен 35-3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-3. Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын агенттер жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін ұсынбаған кезде және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған кезде салық органдары агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
Салық органының агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп бекіткен нысан бойынша ұсынылады және банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым алған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 35-4-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.11.03. № 178 (бұр.ред.қара); 2008.31.12. № 1350 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 35-4-тармақ өзгертілді
35-4. Агентте банктік шот болмаған немесе агенттің банктік шоттарындағы ақша жеткіліксіз болған жағдайда салық органы касса бойынша шығыс операцияларын тоқтатады.
Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтату, кейіннен оларды салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрін жүзеге асыратын ұйымға ақша тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 35-5-тармақпен толықтырылды
35-5. Салық органының бухгалтерлік (кассалық) құжаттар бойынша (оның ішінде шетелдік валютада) көрсетілген қолма-қол ақшаны агенттен алып қоюы міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын қолма-қол ақша есебінен өндіріп алу деп танылады.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 35-6-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.31.12. № 1350 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 35-6-тармақ өзгертілді
35-6. Қолма-қол ақшаны алып қою салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша алып қою туралы актімен ресімделеді.
Сонымен бір мезгілде агент салық органы алып қойған қолма-қол ақша сомасының шегінде пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін осы Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіппен салық органына ұсынады.
Міндетті зейнетақы жарналарын банктік шот ашпастан төлеген кезде банктердің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуге байланысты шығыстар агенттің қаражаты есебінен жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 35-7-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 35-7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-7. Агенттен алып қойылған қолма-қол ақша алып қойылған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, оларды кейіннен Орталық тиісті жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуы үшін, салымшылардың (алушылардың) деректемелерін және олардың сомасын көрсете отырып, Орталыққа аудару үшін банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізуге жатады.
ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. № 2010 Қаулысымен 36-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 36-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 36- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1343 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Қаулысымен 36-тармақ өзгертілді
36. Агенттердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсімақы төленуін, жинақтаушы зейнетақы қорлары жүргізетін, міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомасының қайтарылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін, Орталық күн сайын өткен күн үшін өздері орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында агенттердің тіркелуін ескере отырып облыстары, аудандары бойынша келіп түскен тізілімдерді, сондай-ақ қайтарылған, қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімін және электрондық төлем тапсырымдарын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынады.
Мыналар жеке ұсынылады:
жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар банкке қолма-қол ақшамен енгізген, қате міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен тізілімдері мен қайтарылған тізілімдері:
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айрылу және/немесе жұмысынан айрылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған, аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері
Өздері орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында агенттердің тіркелуін ескере отырып, облыстар, аудандар бойынша қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен тізілімдері мен қайтарылған тізілімдері бойынша ай сайынғы есепті Орталық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ай сайын есептіден кейінгі айдың 5-күні ұсынады.
6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару жөніндегі құжаттарды сақтаудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 Қаулысымен 6-бөліммен және 37-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 37-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
37. Заңды тұлғалар - агенттер ұсталған және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы, оның iшiнде қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердi электронды және қағаз таратқыштарда заңнамада белгiленген тәртiппен сақтауға мiндеттi.
Заңды тұлғаны - мiндеттi зейнетақы агентті таратқан кезде мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстау және аудару туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа берiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.23.11. № 1116 Қаулысымен (2007.01.01. қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 1-қосымша өзгертілді
Міндетті зейнетақы жарналарын
есептеудің, ұстап қалудың (қоса
есептеудің) және жинақтаушы
зейнетақы қорларына
аударудың ережесіне
1-қосымша
Растау анықтамасы
__________________________________
(төлеушінің атауы)
міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде салымшы
деректемелерінің мынадай төлем тапсырмаларында қателер
кеткенін растайды:
Төлем тапсырмасының № | Төлем тапсырмасының күні | Төлем тапсырмасының референсі | Салымшының жеке сомасы | Т.А.Ә және туған күні (салымшының дұрыс емес деректемелері) |
| | | | |
Жарамды деп есептелсін
ӘЖК_____________________
Т.А.Ә_____________________
Туған күні_____________________
Бірінші басшы _____________________ (Т.А.Ә)
(қолы)
Бас бухгалтер _____________________ (Т.А.Ә)
(қолы)
Мөр орны
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 1-1-қосымшамен толықтырылды
1-1-қосымша ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2006.23.11. № 1116 (2007.01.01. қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен 1-2-қосымшамен толықтырылды
Міндетті зейнетақы жарналарын
есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің)
және жинақтаушы зейнетақы қорларына
аударудың ережесіне
1-2-қосымша
Қызметкерде (-лерде) міндетті зейнетақы жарналары
есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы
(болмауы) туралы растау анықтамасы
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қызметкерде (-лерде) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы (болмауы) туралы хабарлайды.
№ | Тегі | Аты | Әкесінің аты | Туған күні ЖЖЖЖААКК | Әлеуметтік жеке коды | Қызметкерде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы (болмауы) туралы ақпарат |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
М.О. ЗТМО аудандық (қалалық)
бөлімшесінің бастығы ____________________________
(Т.А.Ә., қолы)