2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 14-7) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
14-7) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын бекітеді;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 14-8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
14-8) шетелдік жұмыскерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру тәртібін, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша шетелдік жұмыскерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін экономиканың басым салаларының (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін айқындайды;
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) көшіп келушілерге медициналық көмек көрсетудің тәртібін бекітеді;
3) шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) этникалық қазақтар мен қандастарға техникалық және кәсіптік білім берудің, ортадан кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квотаға сәйкес білім гранттарын бөледі;
3) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шетелдегі жалпы білім беру мекемелерінде оқып жүрген этникалық қазақтарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
4) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Ұлттық қауіпсіздік органының құзыреті
1. Ұлттық қауіпсіздік органы:
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келуін және кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Сыртқы істер министрлігімен уақтылы ақпараттық алмасуды жүзеге асырады;
3) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына және шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуін келіседі;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тұрақты тұруына рұқсат беруді келіседі;
5) 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхаттарын келіседі;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ұлттық қауіпсіздік органдары көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына және шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуін; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың - Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат беруді, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхаттарын келісуден бас тарту үшін негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) қандастар мен көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмек алуын қамтамасыз етедi;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті аумақтарды қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға өңірлік квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;
6) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5) және 6-6) тармақшалармен толықтырылды; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1) этникалық қазақтардан қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
6-2) этникалық қазақтардан қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 6-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-3) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдайды;
6-4) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;
6-5) 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-6) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-7) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
6-7) Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияны құрады және оның қызметін ұйымдастырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
6-8) қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетеді;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 6-9) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6-9) «Ата жолы» картасын беру туралы шешім қабылдайды;
2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 6-10) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
6-10) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екені туралы шешім қабылдайды;
2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 6-11) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
6-11) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азамат тығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екені жөніндегі мәселелерді қарау үшін комиссия құрады;
7) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) қандас куәлігін береді;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшiп-қонушылардың балаларының бiлiм алу құқығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды;
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда
11) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде, өз аумағы және (немесе) басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды береді немесе ұзартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама береді;
12) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшiп келушiлердің уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат бередi;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қарайды және куәландырады;
14) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын қандастарға жұмысқа орналасуға, кәсiптiк даярлықтан өтуге, қайта даярлаудан өтуге және бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдем көрсетедi;
3) көшiп-қонушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк мекемелерден орын бередi;
4) қандастарға қазақ тiлiн және өздерiнiң қалауы бойынша орыс тiлiн үйрену үшiн жағдай жасайды;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстану үшін шақыруларын қабылдайды және бұл шақыруларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар береді, оларды ұзартады және кері қайтарып алады;
2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
4-3) жұмыс беруші мен еңбекші көшіп келуші арасындағы еңбек шарттарын тіркеуді жүзеге асырады;
5) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-тарау. Тарихи отанына оралу мақсатында көшіп келу
16-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17-1-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды; 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 19-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-1-бап. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстанғысы келетін этникалық қазақтар мен қандастардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы келіп түскен өтініштер негізінде алдағы жылға белгілейді.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 19-2-баппен толықтырылды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 19-2-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-2-бап. Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия
Этникалық қазақтардың қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға, ал қоныстандыру өңірлерінде оған қосымша қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініштерін қарау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады, оның құрамына мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-бап жаңа редакцияда
20-бап. Қандас мәртебесін беруден және ұзартудан және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту үшін негіздер
Жергілікті атқарушы орган қандас мәртебесін беруден және ұзартудан және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) үміткерлердің осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі;
2) этникалық қазақ мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
3) қандас мәртебесін беру және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш жасаған этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататындығы туралы өзге де ақпараттың болуы;
4) этникалық қазақтың «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге берілетін келісімінің болмауы;
5) қандастарды аумақтық-әкімшілік бірлікте қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы немесе этникалық қазақтың қоныстандыру үшін ұсынылған аумақтық-әкімшілік бірліктен бас тартуы.
21-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды; 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 21-1-бап өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-1-бап. Этностық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларын қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізудің ерекшеліктері
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қандас қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгеннен кейін келген, қандастың отбасы мүшелері, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары, сондай-ақ ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін Қазақстан Республикасында туылған балалар күнтізбелік бір жыл ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізіледі.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын қандастар, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары өздерінің отбасы мүшелерін қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішпен жергілікті атқарушы органдарға жүгіне алады және олардың осы Заңның 19-1-бабында айқындалған тәртіппен оған енгізілуге құқығы бар.
2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Егер қандастар, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары өз отбасы құрамында өзінің отбасы бар балаларын көрсетпесе, онда балаларының отбасы мүшелері қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына қандастардың өзінің отбасы бар балалары қайтыс болған, оларды ата-ана құқықтарынан айырған не олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алған жағдайда ғана қандастар отбасының құрамында енгізіледі.
Бұл ретте қандастың өзінің отбасы бар балалары қайтыс болған не оларды ата-ана құқықтарынан айырған жағдайларда, олардың кәмелетке толмаған отбасы мүшелерін қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін қандастар (қандастың жұбайы (зайыбы) олардың қорғаншысы (қамқоршысы) болуға міндетті.
22-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 23-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 23-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-бап. Қандастарға, этностық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне, оның ішінде қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларына ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Этностық қазақтар және олардың отбасы мүшелері, оның ішінде қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өзінің төлем қабілеттілігін растаудан босатылады.
2. Қандас мәртебесiн алған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi:
1) қандастарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегiн бейiмдеу және ықпалдастыру қызметтерiн көрсетумен;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын көлемде техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлiнген квотаға сәйкес бiлiм алу мүмкiндiгiмен;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтiк қорғалумен;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етіледі.
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қандастарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ шаруашылығы, саяжай құрылысы үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен беріледі.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұрғылықты жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау шығындарын өтеуді қамтитын біржолғы жәрдемақылар белгілеуі мүмкін. Жәрдемақыларды төлеудің тәртібі мен шарттарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде бекітеді.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1. Қандас мәртебесін алған және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде Қазақстан Республикасының халықаралық шартына және (немесе) кеден заңнамасына сәйкес көлік құралдарын қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған мүлкіне кедендік төлемдерді төлеуден босатылады.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды; 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 4-2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-2. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделетін мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне осы бапта көзделген мемлекеттік қолдау шараларынан басқа тұтыну кредитін және тұрғын үй құрылысына ипотекалық қарыз алу құқығы беріледі.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Қандастар немесе оның отбасы мүшелері оларды қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізгеннен кейін қайтыс болған жағдайда, мемлекеттік қолдау шаралары қандастарға немесе отбасы мүшелеріне олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанына қарамастан ұсынылады.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда; 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қандастар Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған бюджет шығындарын мерзімінен бұрын толық көлемде:
қандас мәртебесін алған сәттен бастап бес жыл ішінде қоныстандыру өңірінің шегінен тыс жерге өзінің еркі бойынша тұрақты тұруға өз бетінше кеткен;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайларда өтеуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігі екінші абзацының ережесі ғылыми дәрежесі бар қандастарға қолданылмайды.
24-бап. Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда