Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысы
(2010.17.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. ҚР 2007.11.10. № 928 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара).
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 481-жол алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң Ақпараттық-баспа орталығы» - «Қазстатақпарат» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 15, 153-құжат):
3-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | А. Есімов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1460 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.11.10. № 928 (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулысымен ҚР Статистика агенттiгi туралы ереже өзгертілді
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туралы
ереже
Жалпы ережелер
Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар.
Агенттіктің тізбесін Үкімет бекітетін ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында ашылатын шоттары, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі болады.
4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Агенттік, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының не оны алмастырушы адамның бұйрығымен ресімделген шешімдер қабылдайды.
7. Агенттіктің, оның аумақтық органдарын қоса алғанда, штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
8. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Сол жақ жағалау, «Министрліктер үйі».
9. Толық атауы -»«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Агенттікке Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
13. Агенттіктің өз қызметі саласындағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) статистикалык әдіснаманы қалыптастыру;
2) мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;
3) қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру.
ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
14. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы қалыптастырады;
4) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснаманы бекітеді;
5) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырады және жүргізеді;
6) ұлттық санақтардың бағдарламаларын әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
7) жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ оларды бекіту тәртібін бекітеді;
8) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
9) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді берген кезде статистикалық нысандармен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен оларды қамтамасыз етеді;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
10) әкімшілік деректерді статистикалық ақпаратты тузу және статистикалық тіркелімдерді өзекті ету үшін ғана пайдаланады;
11) мемлекеттік статистика органдарын статистикалық жіктеуіштерді уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастыру арқылы олармен қамтамасыз етеді;
12) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқорды жинақтауды, жүргізуді және оларды өзекті етуді қамтамасыз етеді;
13) мемлекеттік статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ұйымдастырады;
14) статистикалық ақпараттың сапасын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік статистика органдарының статистикалық қызметінің уәкілетті орган бекіткен ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснамаға сәйкестігіне сараптама жүргізеді және сараптама жүргізуге қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұратады;
15) уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша түсініктер береді;
16) мемлекеттік статистиканы жетілдіру мақсатында консультациялық-кеңесші органдарды құрады, олар туралы ережені уәкілетті органның басшысы бекітеді;
17) тексерулерді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
18) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және ынтымақтастық шеңберінде шарттар жасасады;
19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
15. Агенттік өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алуға;
2) үй шаруашылықтарынан олардың табыстары мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алуға;
3) статистикалық ақпаратты түзу кезінде бұрмалаушылыктар, қателер, ағаттықтар анықталған жағдайда алғашқы статистикалық деректердің дұрыстығын растау үшін респонденттерден қосымша ақпарат талап етуге;
4) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді бұрмалағаны анықталған кезде респонденттерден алғашқы статистикалық деректер қамтылған статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап етуге құқылы.
3. Агенттіктің жұмысын ұйымдастыру
16. Агенттік және оның аумақтық органдары Агенттіктің бірыңғай жүйесін құрайды.
17. Агенттікке басшылықты Агенттіктің жұмысына дербес жауап беретін төраға жүзеге асырады.
18. Агенттіктің төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Агенттік төрағасының оның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12 № 2292 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
19. Агенттіктің төрағасы:
1) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару саласындағы (аясындағы) саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
3) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
4) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Агенттікті білдіреді;
5) Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді;
6) Агенттіктің регламентін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттері мен стандарттарын бекітеді;
6-1) Агенттіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдағаны үшін дербес жауап береді;
7) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Қолданысқа енетін мерзімін қара
20. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Жауапты хатшы басқарады.
Қолданысқа енетін мерзімін қара
21. Агенттіктің жауапты хатшысы:
1) мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (аясында) Агенттіктің төрағасы қалыптастыратын саясатты іске асырады және оның тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
2) Агенттік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Агенттіктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Агенттіктің төрағасымен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Агенттіктің штат санының лимиті шегінде Агенттіктің, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық органдарының құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Агенттіктің төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Агенттіктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Агенттіктің төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің департаменттері мен басқармаларының басшыларын, Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын және басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттіктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
10) Агенттіктің төрағасымен келісім бойынша Агенттіктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
11) Агенттіктің төрағасымен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
12) Агенттіктің Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Агенттіктің төрағасы бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
13) Агенттіктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Агенттіктің төрағасына бекітуге ұсынады;
14) Агенттіктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Агенттік төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
15) Агенттіктің төрағасымен келіскеннен кейін Агенттікті қаржыландыру жоспарларын және Агенттіктің қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
16) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
17) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Агенттікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
19) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Агенттікті білдіреді;
20) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
22. Агенттік Төрағасының жанынан консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Агенттік Алқасының сандық және дербес құрамын Агенттіктің Төрағасы Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан бекітеді.
23. Агенттіктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелерінің құзыреті мен өкілеттіктерін, Агенттіктің регламенті мен Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері туралы ереже белгілейді.
4. Агенттіктің мүлкі
24. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптастырылады.
25. Агенттікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Агенттік өзіне бекітіп берілген мүлікті және егер заңмен өзгеше белгіленбесе, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.14.11 № 1063 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1460 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң
мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдары:
1. Ақмола облысының статистика департаменті
2. Ақтөбе облысының статистика департаменті
3. Алматы облысының статистика департаменті
4. Атырау облысының статистика департаменті
5. Шығыс Қазақстан облысының статистика департаменті
6. Жамбыл облысының статистика департаменті
7. Батыс Қазақстан облысының статистика департаменті
8. Қарағанды облысының статистика департаменті
9. Қызылорда облысының статистика департаменті
10. Қостанай облысының статистика департаменті
11. Маңғыстау облысының статистика департаменті
12. Павлодар облысының статистика департаменті
13. Солтүстiк Қазақстан облысының статистика департаменті
14. Оңтүстiк Қазақстан облысының статистика департаменті
15. Астана қаласының статистика департаменті
16. Алматы қаласының статистика департаменті
Мемлекеттік мекемелер - ақпараттық-статистикалық орталықтар:
1. Ақмола облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
2. Ақтөбе облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
3. Алматы облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
4. Атырау облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
5. Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
6. Жамбыл облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
7. Батыс Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
8. Қарағанды облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
9. Қызылорда облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
10. Қостанай облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
11. Маңғыстау облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
12. Павлодар облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
13. Солтүстiк Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
14. Оңтүстiк Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы
15. Астана қаласының ақпараттық-статистикалық орталығы
16. Алматы қаласының ақпараттық-статистикалық орталығы
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1460 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң
қарауындағы ұйымдардың
тiзбесi
1. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1460 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
күшi жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесi
1. «Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 наурыздағы № 325 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 10, 98-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң Ақпараттық-баспа орталығы» - «Қазстатақпарат» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 479 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 15, 153-құжат) 4-тармағы.
3. «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 40, 343-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы.
4. «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 30 наурыздағы № 325 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 16 тамыздағы № 912 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 27, 299-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 наурыздағы № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 25 маусымдағы № 708 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 26, 337-құжат).