Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 30 наурыздағы № 325 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 27.04.99 ж. № 479; 02.08.99 ж. № 1093; 03.09.99 ж.
№ 1301; 16.08.02 ж. № 912; 25.06.04 ж. № 708 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 31.12.04 ж. № 1460 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі туралы ереже;
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093; 16.08.02 ж. № 912 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігіне Төрағаның үш орынбасары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болуына рұқсат етілсін.
ҚР Үкіметінің 03.09.99 ж. № 1301 қаулысымен 3-тармақ алынып тасталды
3. алынып тасталды
4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 907 қаулысындағы 1-6-тармақтардың (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 33, 294-құжат) күші жойылған деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 30 наурыздағы
№ 325 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Статистика жөніндегі агенттігі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Yкімет құрамына кiрмейтiн, мемлекеттік статистика саласында басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және басқа да арнайы атқару және шешiм шығару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Агенттік мемлекеттік мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Агенттік азаматтық-құқықтық қатыстарға өз атынан кіреді.
Егер Агенттікке заңдарға сәйкес өкілдік берілетін болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Агенттік өз құзыретінің шегіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші болады.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Агенттіктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтедi.
6. Агенттіктің заңды мекен-жайы:
480008, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi" мемлекеттік мекемесi.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
9. Агенттіктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Агенттікке, Агенттіктің бақылау және қадағалау функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында, кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.
2. Агенттіктің функциялары, негізгі міндеттері
және құқықтары
10. Агенттік заңдарға сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) заңды және жеке тұлғалардың жиынтық статистикалық ақпарат қолы жетімді болуын қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасында статистиканы жетілдіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес мемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізеді және мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, статистикалық және талдамалық ақпаратпен қамтамасыз етеді;
4) салалық статистикалық байқаулар бағдарламаларын бекітудің негізінде статистикалық қызметпен шұғылданатын орталық атқарушы органдардың статистикалық қызметін үйлестіреді;
5) ел мен оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы деректердің ақпараттық-статистикалық базасының жинақталуын, оны жүргізуді және өзектілендіруді қамтамасыз етеді;
6) Мемлекеттік статистикалық регистрді, сондай-ақ жалпы статистикалық жіктегіштер мен техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты кодтау жүйесін жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
7) салалық статистикалық байқаулардың бағдарламасын келіседі және бекітеді, халық санағын жүргізеді, ұйымдарда конъюнктуралық сұрау салуларды, халықтың күнкөріс деңгейін зерделеу жөніндегі сұрау салуларды және басқа да арнайы зерттеулерді ұйымдастырады;
8) статистикалық есеп беру нысандарын, байқаулар мен сұрау салу анкеталарын әзірлейді және бекітеді, оларды ұсынудың тәртібін белгілейді;
9) статистикалық ақпаратты қолданылып жүрген шарттар бойынша міндеттемелерге сәйкес халықаралық ұйымдарға ұсынады, сондай-ақ шетелдермен статистикалық ақпарат алмасуды жүргізеді;
10) статистикалық жинақтарды, бюллетеньдерді, экономикалық шолуларды және басқа да статистикалық материалдарды басып шығарады және таратады;
11) мемлекеттік және коммерциялық құпиялардың сақталуын, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
12) статистикалық ақпарат жүйесінің дамуы мен жұмыс істеуінің, оның республиканың және халықаралық ұйымдардың басқа да ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылының аса маңызды проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастырады;
13) мемлекеттік статистика органдары қызметкерлерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіптік біліктілігін көтеруді ұйымдастырады;
14) Қазақстан Республикасының заңдарымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
11. Агенттіктің негізгі міндеттері:
1) мемлекеттің саясатты жүргізу және мемлекеттік статистикаға басшылық жасау;
2) ғылыми методология мен халықаралық стандарттардың негізінде бірыңғай статистикалық ақпарат жүйесінің жұмыс істеуін және оны жетілдіруді қамтамасыз ету;
3) статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, анықтығы мен жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
4) елімізде болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму процестерін жан-жақты және объективті түрде зерделеу, қорыту және талдау болып табылады.
12. Агенттіктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) заңды тұлғалардан кәміл мемлекеттік статистикалық есеп берулерді статистикалық жұмыстардың жоспарында белгіленген мерзімдерде және көлемдерде тегін алуға;
2) заңдарда белгіленген жағдайларда жеке тұлғалардан статистикалық қорыту және талдау үшін олардың экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметі туралы кәміл ақпарат алуға;
3) ұйымдардың лауазымды тұлғаларын мемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізуге тартуға;
4) өз құзыретінің шегінде шетелдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдердің жеке тұлғаларымен мемлекеттік статистиканың мәселелеріне байланысты халықаралық шарттар жасасу және келіссөздер жүргізуге;
5) мемлекеттік статистиканы жетілдіру мен қызметін үйлестірудің неғұрлым маңызды проблемаларын шешу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар, халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, басқа да ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен, олармен келісім бойынша ведомствоаралық ғылыми-методологиялық және сараптау кеңестерін, сондай-ақ жұмыс топтарын құру жөнінде ұсыныс енгізуге;
6) Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде кеңестер, семинарлар, конференциялар және халықаралық симпозиумдар өткізуге;
7) өз өкілеттігінің шегінде ұйымдардағы бастапқы есеп пен статистикалық есеп беруді бақылауды, олар алған деректердің ақиқаттығын тексеруді жүзеге асыруға;
8) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік статистика мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілер шығаруға;
9) мемлекеттік органдарға олар қабылдаған, статистика саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді тоқтату немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;
10) бейіндік және өзге де тақырып бойынша статистикалық жұмыстар жүргізуге, сондай-ақ статистикалық ақпаратты заңды және жеке тұлғаларға сатуды жүзеге асыруға;
11) Агенттікке ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың құрылтайшысы болуға және олардың жарғыларын бекітуге, оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне иелік етуге және пайдалануға;
12) Агенттікке ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныс енгізуге;
13) өзіне заңдармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Агенттіктің мүлкі
13. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттардан, сондай-ақ құны Агенттіктің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
14. Агенттікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15. Агенттіктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзіне бекітілген мүлікке өзге де тәсілдермен билік етуге құқығы жоқ.
Агенттікке заңдармен белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
16. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Агенттік төрағасының оның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
17. Төраға Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, аумақтық органдардың, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді
18. Агенттіктің төрағасы осы мақсатта:
1) өзінің орынбасарларының, Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттігі мен міндеттерін белгілейді;
2) заңдарға сәйкес Агенттіктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Агенттікті білдіреді;
4) Агенттiктiң құрылымы және Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
5) заңдарда белгіленген тәртіппен Агенттіктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
6) Агенттіктің бұйрықтарына қол қояды;
7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда
19. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын Төраға бекiтедi.
20. Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары болады.
Агенттіктің, тізбесін Үкімет бекітетін, ведомстволық бағыныстағы аумақтық органдары болады.
Аумақтық органдардың және заңдарда белгіленген жағдайларда ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын Агенттіктің төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
21. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 30 наурыздағы
№ 325 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 27.04.99 ж. № 479 қаулысымен тізбе толықтырылды
ҚР Үкіметінің 25.06.04 ж. № 708 қаулысымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасының Статистика
жөніндегі агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың
Тізбесі
"Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
"Алматы экономика және статистика институты" жабық акционерлік қоғамы
"Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпарат-баспа орталығы - Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)