Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 1063 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 683-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде «басқармасы» деген сөз «департаменті» деген сөзбен ауыстырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 14 қарашадағы
№ 1063 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің қайта аталатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Ақмола облысының Статистика басқармасы Ақмола облысының Статистика департаментіне.
2. Ақтөбе облысының Статистика басқармасы Ақтөбе облысының Статистика департаментіне.
3. Алматы облысының Статистика басқармасы Алматы облысының Статистика департаментіне.
4. Атырау облысының Статистика басқармасы Атырау облысының Статистика департаментіне.
5. Шығыс Қазақстан облысының Статистика басқармасы Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаментіне.
6. Жамбыл облысының Статистика басқармасы Жамбыл облысының Статистика департаментіне.
7. Батыс Қазақстан облысының Статистика басқармасы Батыс Қазақстан облысының Статистика департаментіне.
8. Қарағанды облысының Статистика басқармасы Қарағанды облысының Статистика департаментіне.
9. Қызылорда облысының Статистика басқармасы Қызылорда
облысының Статистика департаментіне.
10. Қостанай облысының Статистика басқармасы Қостанай облысының Статистика департаментіне.
11. Маңғыстау облысының Статистика басқармасы Маңғыстау облысының Статистика департаментіне.
12. Павлодар облысының Статистика басқармасы Павлодар облысының Статистика департаментіне.
13. Солтүстік Қазақстан облысының Статистика басқармасы Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаментіне.
14. Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаментіне.
15. Астана қаласының Статистика басқармасы Астана қаласының Статистика департаментіне.
16. Алматы қаласының Статистика басқармасы Алматы қаласының Статистика департаментіне.