Қайтадан мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімі тіркелген күнінен бастап I санаттағы объектілер үшін - бір айдан, II, III және IV санаттардағы объектілер үшін он жұмыс күнінен аспауға тиіс.»;
2-тармақтағы «екi аптадан» деген сөздер «бес жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 72-бапта:
2-тармақта:
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың эмиссиялар нормативтерiнiң жобаларына қорытындысын;»;
6) тармақшадағы «бағдарламасының жобасын» деген сөздер «бағдарламасын» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «нотариалды куәландырылған» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың эмиссиялар нормативтерiнiң жобасына қорытындысын;»;
4) тармақшадағы «бағдарламасының жобасын» деген сөздер «бағдарламасын» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «нотариалды куәландырылған» деген сөздер алып тасталсын;
14) 74-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өтiнiмдер беру қолданыстағы рұқсат мерзiмi аяқталғанға дейiн не жаңа объект пайдалануға берiлгенге дейiн I санаттағы объектілер үшін екі айдан кешіктірілмей, ал II, III және IV санаттардағы объектілер үшін бір айдан кешіктірілмей жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «бір айдан» деген сөздер «күнтізбелік он бес күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Рұқсат беретін орган қабылданған өтінімдерді өтінім тіркелген күннен бастап I санаттағы объектілер үшін - екі айдан аспайтын мерзімде, ал ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін бір айдан аспайтын мерзімде қарайды. Қарау қорытындылары бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беріледі.»;
15) 75-баптың 1-тармағының 2), 3) тармақшалары және 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
16) 76 және 87-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«76-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың қолданылу мерзiмдерi
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар қолданыстағы рұқсатта көрсетiлген, табиғат пайдаланудың қолданылатын технологиялары мен шарттары өзгергенге дейiнгі, бірақ бес жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.»;
«87-бап. Экологиялық аудитор
1. Аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін экологиялық тәуекелдерді анықтауға, бағалауға және олардың қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеуге бағытталған тәуелсіз тексеруді жүзеге асыратын жеке тұлға экологиялық аудитор болып табылады. I санаттағы аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін осы Кодекстің 40-бабына сәйкес тексеру қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылады.
2. Экологиялық аудитор экологиялық аудиторлық қызметтi дара кәсiпкер немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметкерi ретiнде жүзеге асыруға құқылы.»;
17) 88-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Экологиялық аудиторлық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, аудиттелетін субъектілер қызметінің экологиялық қауіпсіздігін анықтау мен бағалауға бағытталған, олардың шаруашылық және өзге де қызметін тәуелсіз тексеруді жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады.
I санаттағы аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін осы Кодекстің 40-бабына сәйкес тексеру қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылады.»;
18) 129-баптың 1-тармағындағы «және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген» деген сөздер алып тасталсын;
19) 130-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын әзiрлеуге және оны қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу шеңберінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретін органға ұсынуға;»;
20) 132-баптың 8-тармағы және 208-бап алып тасталсын;
21) 220-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасында:
«, өрт қауiпсiздiгi» деген сөздер алып тасталсын;
«уәкілетті органдардың» деген сөздер «уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «, өнеркәсiп қауiпсiздiгi» деген сөздер алып тасталсын;
22) 221-баптың 13-тармағындағы «және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен» деген сөздер алып тасталсын;
23) 224-баптың 4-тармағындағы «, өнеркәсiп қауiпсiздiгi» деген сөздер алып тасталсын;
24) 262-баптың 12-тармағындағы «, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар» деген сөздер алып тасталсын.
4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат):
1) мазмұнындағы 527-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«527-бап. Есептеу, төлеу және салық есептілігін ұсыну тәртібі»;
2) 135-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) білім беру қызметін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөнінде қызметтер көрсету;»;
3) 471-бапта:
кестеде:
1.1., 1.2.-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.1. | Электр және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату | 10 |
1.2. | Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін (технологиялық) жобалау және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін (технологиялық) жобалау, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану | 10 |
»;
1.4.-жол алып тасталсын;
1.6.-жолдың 2-бағанындағы «Электрмен» деген сөз «Энергиямен» деген сөзбен ауыстырылсын;
1.7.-жол алып тасталсын;
1.9.-жолдың 3-бағанындағы «230» деген цифрлар «100» деген цифрлармен ауыстырылсын;
1.10., 1.11., 1.12., 1.13.-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.10. | Ядролық материалдармен жұмыс істеу | 50 |
1.11. | Радиоактивті заттармен, радиоактивті заттары бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу | 10 |
1.12. | Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу | 5 |
1.13. | Атом энергиясын пайдалану саласында көрсетілетін қызметтерді ұсыну | 5 |
»;
1.14.-жолдың 3-бағанындағы «230» деген цифрлар «50» деген цифрлармен ауыстырылсын;
1.16.-жолда:
2-бағандағы «жарылыстардың» деген сөз «сынақтардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-бағандағы «50» деген цифрлар «10» деген цифрлармен ауыстырылсын;
1.17.-жолдың 3-бағанындағы «230» деген цифрлар «10» деген цифрлармен ауыстырылсын;
1.18. және 1.20.-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.18. | Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау | 5 |
»;
«
1.20. | Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану | 10 |
»;
1.21.-жол алып тасталсын;
1.27., 1.28.-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.27. | Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және өткізу | 20 |
1.28. | Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөнінде қызметтер көрсету | 20 |
»;
1.29.-жолдың 2-бағаны «реттеуді,» деген сөзден кейін «жаңғыртуды, орнатуды,» деген сөздермен толықтырылсын;
1.33.-жолда:
2-бағанындағы «атыс қаруы» деген сөздер «қару» деген сөзбен ауыстырылып, «, суық қаруды, сондай-ақ газды қару мен оның патрондарын», «сатып алу,» деген сөздер алып тасталсын;
3-бағанындағы «3 (10)**» деген цифрлар «10» деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1.33-1.-жолмен толықтырылсын:
«
1.33-1. | Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу | 3 |
»;
1.34.-жолда:
2-бағанындағы «сатып алу» деген сөздер «пайдалану» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-бағанындағы «3 (10)***» деген цифрлар «10» деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1.34-1.-жолмен толықтырылсын:
«
1.34-1. | Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу | 3 |
»;
1.36.-жол алып тасталсын;
1.41.-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.41. | Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету | 10 |
»;
1.42.-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзу»;
1.45., 1.45-1., 1.45-2., 1.45-3., 1.45-4., 1.45-5., 1.50.-жолдар алып тасталсын;
1-53.-жолдың 2-бағанындағы «(мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа)» деген сөздер алып тасталсын;
1.55., 1.56., 1.57.-жолдар алып тасталсын;
1.58.-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Туроператорлық қызмет»;
1.62.-жолдың 3-бағанындағы «80 (40)****» деген цифрлар «80 (40)*» деген цифрлармен ауыстырылсын;
1.79.-жолдың 2-бағанындағы «Жобалау-іздестіру» деген сөздер «Іздестіру» деген сөзбен ауыстырылсын;
1.81.-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
»;
1.82.-жол алып тасталсын;
1.84.-жолдың 2-бағанындағы «, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді» деген сөздер алып тасталсын;
1.92.-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.92. | Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету | 10 |
»;
1.93.-жол алып тасталсын;
ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескерту:
* банк операцияларына байланысты қызметті лицензиялау үшін лицензиялық алым ставкалары:
екінші деңгейдегі банктер үшін - АЕК-тің 80 еселенген мөлшері;
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін АЕК-тің 40 еселенген мөлшері.»;
4) 524-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«524-бап. Жалпы ережелер
1. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн алынады.
2. Көлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерiндегi салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушiлер туралы мәлiметтер бередi.»;
5) 527-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«527-бап. Есептеу, төлеу және салық есептілігін ұсыну тәртібі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлемақы мөлшерi төлемақы ставкалары, кеменің регистрлық тоннадағы жалпы сыйымдылығы және кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланудың нақты мерзiмi негiзге алына отырып, бірақ күнтiзбелiк бір ай үшiн төлемақы мөлшерiнен кем емес болып айқындалады.»;
2-тармақтағы «көліктік бақылау мәселелері жөніндегі» деген сөздер «көлік саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «рұқсат құжатын алғанға дейін» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтағы «рұқсат құжатында көрсетілген» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Төлемақы төлеушілер кеме жүзетін су жолдарын пайдалану жері бойынша салық органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей төлемақы жөнінде декларация тапсырады.»;
6) 627-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы бірінші бөлігінің жиырма үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау мен өткізу шарттарын сақтау;».
5. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат):
1) 6-баптың 5) тармақшасындағы «қызметтің біліктілік талаптары мен оны лицензиялау тәртібін» деген сөздер «қызметке қойылатын біліктілік талаптарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 1-тармағының 49) тармақшасындағы «қағидаларының» деген сөз «Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 18-бапта:
1-тармақтағы «Медициналық қызметтер көрсетудi, профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың әдiстерi мен құралдарын (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтер), дәрiлiк», деген сөздер «Дәрілік» деген сөзбен ауыстырылып, «, тағамға биологиялық активтi қоспаларды» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «Көрсетiлетiн қызметтердiң,» деген сөздер «Медициналық қызметтер көрсетудiң, профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың әдiстерi мен құралдарының (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтердің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
7) тармақшадағы «көрсетiлетін қызметтерді,», «, тағамға биологиялық активтi қоспаларды» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензия болмаған кезде көрсетілетін қызметтерді жарнамалауға;»;
4-тармақтағы «Көрсетiлетін қызметтердің, дәрілік», деген сөздер «Дәрілік» деген сөзбен ауыстырылып, «, тағамға биологиялық активтi қоспалардың» деген сөздер алып тасталсын;
4) 21-баптың 7-тармағының 16) тармақшасы, 62-баптың 10-тармағы және 90-баптың 4-тармағының 11) тармақшасы алып тасталсын.
6. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат):
17-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтеді;».
7. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат):
1) 7-баптың екінші бөлігі «кезінде» деген сөзден кейін «, темір жол көлігін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 9-баптың тоғызыншы және оныншы бөліктері алып тасталсын;
3) 25-баптың екінші бөлігінде:
6) тармақшадағы «лицензиялық ережелер мен нормалардың» деген сөздер «Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша алып тасталсын.
8. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат):
1) 2-баптың бесінші абзацындағы «монополияға қарсы орган белгілеген тарифтер бойынша» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың алтыншы бөлігіндегі үшінші сөйлем алып тасталсын;
3) 14-баптың сегізінші бөлігі алып тасталсын;
4) 15-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлға жарғысының (ережесінің) және (немесе) оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқаларын беру»;
бірінші бөліктегі «заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын» деген сөздер «заңды тұлға жарғысының (ережесінің) және (немесе) оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» деген сөздер «Заңды тұлға жарғысының (ережесінің) және (немесе) оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» деген сөздер «заңды тұлға жарғысының (ережесінің) және (немесе) оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «заңды» деген сөз «жарғының (ереженің) телнұсқасын беру жағдайларын қоспағанда, заңды» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-баптың екінші бөлігінде:
5) тармақша алып тасталсын;
7) тармақшадағы «аралық және тарату баланстарын» деген сөздер «тарату балансын» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақша алып тасталсын;
6) 16-1-баптың екінші бөлігі алып тасталсын.
9. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
27-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын.
10. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар, № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат):
1) 5-1-бапта:
1-тармақта:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының және ішкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша рұқсаттардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады»;
36-3) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының және ішкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша рұқсаттардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады»;
2) 10-баптың 1-тармағының 20) тармақшасындағы «және күшті әсер ететін улы» деген сөздер алып тасталсын;
3) 11-баптың 1-тармағының 33) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«33) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды;
жеке тұлғаларға:
азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, әкелуге, әкетуге;
заңды тұлғаларға:
жарылғыш материалдарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға;
азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдаланып жасалған бұйымдарды сақтауға, тасымалдауға;
азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге;
есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында объектілерді және үй-жайларды пайдалануға;
атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін, штемпель-граверлеу кәсіпорындарын ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттар беруге;».
11. «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат):
7-баптың сегізінші абзацы алып тасталсын.
12. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., №1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат):
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Оңалтуды және конкурсты басқарушылар
1. Оңалту рәсiмiн және конкурстық iс жүргiзудi жүзеге асыру мақсатына қол жеткiзу үшiн оларды жүргiзу кезеңiнде төлемге қабілетсіз және дәрменсiз борышкердiң барлық органдары оны басқарудан шеттетiледi және борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер оңалтушы не конкурстық басқарушыға (таратушыға) берiледi.
Оңалтушы және конкурстық басқарушылар (таратушы) борышкердi басқарудың бiрден-бiр органы ретiнде әрекет етедi және өз өкiлеттiктерiн борышкердiң тұрған жерi бойынша жүзеге асыруға мiндеттi.
Осы тармақтың ережелерi осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
3. Оңалтуды және конкурсты басқарушылардың құқықтары мен міндеттері, оның iшiнде сыйақы алуға құқығы, дәрменсiз борышкердiң iстерi мен мүлкiн басқару жөніндегі өкiлеттiктер көлемi осы Заңмен және уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша кредиторлар комитетiнің олармен жасасқан келiсiмімен реттеледi.
4. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылардың қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органда тіркелген дара кәсiпкер оңалтуды және конкурсты басқарушы болып тағайындалады.
Осы тармақтың талаптары осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында және 55-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
Осы Заңда оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларға жүктелген өкілеттіктерді өзге тұлғаларға беруге болмайды.
5. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органда тіркеуден өту үшін мынадай: