1) дара кәсіпкер ретінде тіркелу;
2) жоғары заң немесе экономикалық білімінің болуы;
3) білім беру ұйымдарында оңалтуды, конкурсты басқарушылар, сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру бойынша даярлықтан өту;
4) экономикалық, қаржы, есептік-талдамалық, бақылау-тексеру, құқық қызметі салаларының бірінде не заңды тұлғаның бірінші басшысы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы талаптары белгіленеді.
Он алтыншы - жиырма үшінші абзацтары осы Заң қолданысқа енгізілген сәтте олардың тіркелуін банкроттық саласындағы уәкілетті орган өзінде бар деректер негізінде жүргізетін, тиісті лицензия негізінде қызметін жүзеге асыратын оңалтуды, конкурсты басқарушыларға, сырттай байқау әкімшілеріне қолданылмайды
6. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркеуден өту үшін дара кәсіпкер уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) жоғары заң және (немесе) экономикалық білімі туралы дипломдардың көшірмелерін;
4) оңалтуды, конкурсты басқарушылар, сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру бойынша даярлықтан өткенін растайтын, білім беру ұйымы берген құжаттың көшірмесін;
5) еңбек қызметін, оның ішінде жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмесін;
6) өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша, оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы;
7) өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген медициналық анықтамаларды тапсырады.
Уәкілетті органға құжаттардың көшірмелері салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бірге не құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылады.
Уәкілетті органға тапсырылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттардың қабылданған күні көрсетіле отырып, өтініш берушіге беріледі (жіберіледі).
Уәкілетті органда тіркелу кезінде ұсынылған құжаттардың дәйектілігі үшін дара кәсіпкер Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Уәкілетті орган тіркеуді осы тармақта бергіленген құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Уәкілетті орган осы тармақта көзделген мерзім ішінде өтініш берушіге - тіркелгені туралы растауды, ал тіркеуден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша бас тартудың себептері көрсетілген дәлелді жауап жібереді.
7. Уәкілетті орган мынадай:
1) осы баптың 6-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар тапсырылмаған;
2) өтініш беруші осы бапта белгіленген талаптарға сай болмаған;
3) өтініш берушіге қатысты осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын, заңды күшіне енген сот актісі болған;
4) өтініш беруші бұрын осы баптың 8-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша тіркеуден шығарылған.
Осы тармақшаның ережелері осы баптың 8-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тіркеуден шығарылған өтініш берушіге үш жыл бойы қолданылады;
5) өтініш берушінің заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болған;
6) өтініш беруші сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған жағдайларда тіркеуден бас тартады.
8. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген тұлғаны тіркеуден шығаруды уәкілетті орган мынадай:
1) тіркеуден шығару туралы өтініш ұсынылған;
2) осы Заңның осы бабы 12-тармағының 1) тармақшасында және (немесе) 41-1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бір жыл ішінде бірнеше рет шеттетілген;
3) еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан шеттетілген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның осы бабы 12-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 41-1-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша шеттетілген;
4) тіркеу кезінде оның дәйексіз мәліметтер ұсыну фактісі анықталған жағдайларда жүргізеді.
9. Тіркеу туралы өтініште көрсетілген деректер өзгерген кезде, уәкілетті органда тіркеуде тұрған тұлға уәкілетті органға өзгерістер туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
10. Осы Заңның 2-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдардың банкроттық рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде уәкiлеттi орган оңалтуды басқарушыны - табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен, тиiстi орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша, ал қала құраушы кәсiпорындар бойынша - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті әкімімен келiсiм бойынша тағайындайды.
11. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар етiп:
1) осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында және 55-бабының 2-тармағында көзделгендерден басқа жағдайларда борышкер немесе кредитор әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамын;
2) осы Заңның осы бабы 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес дәрменсіз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетілген және (немесе) 41-1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сырттай байқау рәсімін жүргізуден шеттетілген сәттен бастап бір жыл өткенге дейін шеттетілген тұлғаны;
3) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн бір жылдан астам басқа заңды тұлғаның басшысы болған адамды.
Аталған шарт осындай шешiм қабылданған күннен кейiнгi бес жыл бойы қолданылады;
4) егер серiктестiк, акционерлік қоғам не кооператив дәрменсiз борышкер немесе оның кредиторы болса, осындай шаруашылық серiктестiкке қатысушылар, акционерлік қоғамның акционерлерi, кооператив мүшелерi. Осы тармақшаның ережесi осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды;
5) жұбайы (зайыбы), осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың жақын туыстарын тағайындауға болмайды.
12. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларды уәкілетті орган:
1) кредитордың немесе борышкердің мүдделеріне залал келтірген олардың осы Заңда белгіленген талаптарды бұзушылықтары тексеру нәтижелері бойынша анықталған;
2) өз өкілеттіктерін орындау: қайтыс болуы; бір айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздығы; сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі, хабарсыз кеткен деп танылуы не қаза болған деп жариялануы; оларға қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі салдарынан мүмкін болмаған;
3) тіркелу кезінде олардың дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған;
4) өзі тағайындалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде кредиторлар комитетімен келісім жасамаған не кредиторлар комитетімен жасалған келісім бұзылған жағдайларда дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттетуге тиiс.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларды дәрменсіз борышкердiң мүлкi мен істерін басқарудан бір жыл ішінде бірнеше рет шеттету және (немесе) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша шеттету оларды барлық борышкерлерге қатысты осы Заңда көзделген өкілеттіктерді орындаудан бір мезгілде шеттетуге әкеп соғады.
13. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар банкроттық рәсімдерде дәрменсіз борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан өз еркі бойынша босату туралы өтініш ұсынған кезде кредиторлар комитетінің келісімімен босатылады. Өтінішке кредиторлар комитетімен келісілген олардың қызметі туралы есеп және кредиторлар комитетінің келісімі қоса беріледі.
Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар жүктелген өкілеттіктерді орындаудан шеттетілген немесе босатылған жағдайда жаңадан тағайындалған оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушы алдыңғылардың құқық мирасқорлары болып табылады.»;
2) 10-1-баптың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
3) 10-2-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды тіркеуді және оларды тіркеуден шығаруды жүргізеді;»;
3) тармақша «тағайындайды» деген сөзден кейін «және шеттетеді (босатады)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) тіркеуге, тіркеуден шығаруға, тіркелген тұлғаның деректеріне өзгерістер енгізуге арналған өтініштердің нысандарын, сондай-ақ тіркелгендігін растау және тіркеуден бас тарту нысандарын белгілейді;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) оңалтуды және конкурсты басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету тәртібін белгілейді;»;
4) 10-3-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органда тіркелген тұлғаларды есепке алу;»;
5) 41-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«41-1-бап. Сырттай байқау
1. Кредитордың не уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша сот сырттай байқау рәсiмiн енгізу туралы iс қозғау жөнiнде ұйғарым шығарады.
Борышкерге қатысты сырттай байқау рәсiмi:
1) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредитор немесе сырттай байқау рәсiмiн қолдануға келiсiм бiлдiрген кемiнде үш кредитор, оның iшiнде өтiнiш берушi болған кезде;
2) борышкердiң төлем қабiлетi болмаған кезде үш айдан бір жылға дейiнгi мерзiмге енгiзiлуi мүмкiн.
Бұл ретте, өтiнiш берушiнiң ұсынысы бойынша кредиторлардың болуын борышкерден кредиторлары және олардың мүлiктiк талаптарының мөлшерi туралы мәлiметтi талап ету арқылы сот белгiлейдi.
Соттың сырттай байқауды енгізу туралы ұйғарымында уәкiлеттi органға бес күн мерзiмде сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тапсырылатыны туралы көрсетiледi.
Сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Сырттай байқау әкiмшiсi қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органда тіркелген дара кәсiпкер сырттай байқау әкімшісі болып тағайындалады.
Сырттай байқау әкімшісі өз өкілеттігін борышкердің орналасқан жері бойынша жүзеге асыруға міндетті.
Сырттай байқау әкімшісі етіп осы Заңның 9-бабының 11-тармағында көрсетiлген тұлғаларды тағайындауға болмайды.
Осы Заңда сырттай байқау әкімшісіне жүктелген өкілеттіктерді өзге тұлғаларға беруге болмайды.
3. Сырттай байқау әкімшісін уәкілетті орган:
1) кредитордың немесе борышкердің мүдделеріне залал келтірген олардың осы Заңда белгіленген талаптарды бұзушылықтары тексеру нәтижелері бойынша анықталған;
2) өз өкілеттіктерін орындау: қайтыс болуы; бір айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздығы; сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі, хабарсыз кеткен деп танылуы не қаза болған деп жариялануы; оларға қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі салдарынан мүмкін болмаған;
3) тіркелу кезінде олардың дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған;
4) өзі тағайындалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде кредиторлар комитетімен келісім жасамаған не кредиторлар комитетімен жасаған келісім бұзылған жағдайларда шеттетуге тиiс.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша сырттай байқау әкімшісін сырттай байқау рәсімін жүргізуден бір жыл ішінде бірнеше рет шеттету және (немесе) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша шеттету оны барлық борышкерлерге қатысты осы Заңда көзделген өкілеттіктерді орындаудан бір мезгілде шеттетуге әкеп соғады.
4. Сырттай байқау әкімшісі сырттай байқау рәсімін жүргізуден өз еркі бойынша босату туралы өтініш ұсынған кезде кредиторлар комитетінің келісімімен босатылады.
Өтінішке кредиторлар комитетімен келісілген оның қызметі туралы есеп және кредиторлар комитетінің келісімі қоса беріледі.
Сырттай байқау әкімшісі жүктелген өкілеттіктерді орындаудан шеттетілген немесе босатылған жағдайда жаңадан тағайындалған сырттай байқау әкімшісі алдыңғылардың құқық мирасқоры болып табылады.
5. Сырттай байқау енгiзiлген кезде мынадай салдар туындайды:
1) кредиторлардың борышкерге қатысты кез келген талаптары осы Заңда көзделген сырттай байқау рәсiмi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;
2) борышкердiң лауазымды тұлғаларына өздерiне тиесiлi акцияларды, борышкер мүлкiндегi үлестерiн иелiктен шығаруға тыйым салынады;
3) борышкердiң кепілге қойылған мүлкінен, оның ішінде соттан тыс тәртіппен өндіріп алуға тыйым салынады.
6. Сотқа сырттай байқауды енгізу туралы өтiнiш берген кезде кредитор салық қызметiнiң тиiстi органына хабарлама жiбередi.»;
6) 49-баптың 3-тармағындағы «борышкер әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамына» деген сөздер «борышкер басшысына, санацияға қатысушыға немесе ол ұсынған адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 55-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Санацияға қатысушы барлық кредиторлардың талаптарын олармен келiсiлген мерзiмде қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алуы мүмкiн. Мұндай жағдайда санацияға қатысушы немесе осы Заңның 9-бабының 4, 5 және 6-тармақтарында белгiленген талаптар қолданылмайтын, ол ұсынған адам оңалтуды басқарушы болып тағайындалады.
Бұл ретте санацияға қатысушыға немесе ол ұсынған адамға осы Заңда белгіленген оңалтуды басқарушының құқықтары мен міндеттері қолданылады.».
13. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат):
36-баптың 4-1-тармағындағы «, қызмет түрлерін лицензиялаудың ережелерін» деген сөздер алып тасталсын.
14. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
18-3-баптың 2-тармағындағы «тiркеудi және» деген сөздер алып тасталсын.
15. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат):
1) 6-баптың 3) тармақшасындағы және 7-баптың 4) тармақшасындағы «лицензиялау ережелерін және аудиторлық қызметті» деген сөздер алып тасталсын;
2) 21-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «аудиторлық қызметті лицензиялау ережелері мен» деген сөздер алып тасталсын.
16. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
29-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекцияға жинау, экспонаттау құқығына;»;
үшінші абзац «сату,» деген сөзден кейін «пайдалану,» деген сөзбен толықтырылсын.
17. «Өсiмдiктер карантинi туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж. № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат):
13-бапта:
2-тармақтың төртінші бөлігінің бірінші абзацындағы «әкелгенге дейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей» деген сөздер «әкелу үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «карантинге жатқызылған өнiмдi тиеп-жөнелтудiң болжамды мерзiмiнен он бес тәулiк бұрын» деген сөздер алып тасталсын;
4-1-тармақтың екінші бөлігінде:
«, сондай-ақ» деген сөз «және» деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
«өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторға карантинге жатқызылған өнiмдi оны жөнелтудiң болжамды мерзiмiнен бес күн бұрын бередi» деген сөздер «өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторға карантинге жатқызылған өнімді ұсынады» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001ж. № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
1) 9-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;»;
2) орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
19. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат):
1) 15-баптың 7-тармағы алып тасталсын;
2) 19-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «немесе лицензия беру ережелерi» деген сөздер алып тасталсын.
20. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 77-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
23-баптың 13) тармақшасы, 23-1-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы және 24-1-бап алып тасталсын.
21. «Өлшем бірлiгiн қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағының 13) тармақшасындағы «өлшем бірлiгiн қамтамасыз ету саласында лицензиялауды жүзеге асырады,» деген сөздер алып тасталсын;
2) 16-1-баптың 1-тармағындағы «лицензиялау және» деген сөздер алып тасталсын;
3) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Өлшем бірлiгiн қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеу
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеудi, өлшемдердi орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттауды Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы, техникалық реттеу туралы және өлшем бірлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметтiң осы түрiне аккредиттелген заңды тұлғалар жүзеге асырады.».
22. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат):
1) 9-2-баптың бірінші бөлігінде:
үшінші абзацтағы «рұқсат құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қосқанда) беру, нормативтік құқықтық актілердің» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзац «ұсынуға» деген сөзден кейін «, рұқсат беру құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қосқанда) беруге» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 21-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «негiзделуге тиiс.» деген сөздер «негiзделуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) мемлекеттік орган рұқсаттарды, лицензияларды және өзге де рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда олардың автоматты түрде берілетіндігін қамтуға тиіс.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) рұқсат беру құжаттарын (салық патенттерін қоспағанда) беруге және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыруға;»
23. «Сақтандыру қызметi туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат):
38-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын.
24. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет - астық қабылдау кәсіпорындары астық сақтау бойынша жүзеге асыратын қызмет;»;
13-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13-3) астық экспорттаушы - астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;
2) 4-бапта:
1) тармақшадағы «астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу» деген сөздер «астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялық бақылау;»;
3) 5-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;»;
6-1) тармақша алып тасталсын;
4) 6-бапта:
1-1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;»;
2-1) тармақша алып тасталсын;
2-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2) астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндетті сақтауын бақылау;»;
20) тармақша алып тасталсын;
5) 6-1-баптың 1-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;»;
9) тармақшаның екінші абзацындағы «лицензиядан кейінгі» деген сөздер алып тасталсын;
10) тармақшадағы «астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту» деген сөздер «астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;