21) мақта тұқымы - шиттi мақтаны бастапқы өңдеу кезiнде алынған мақта ұрығы;
22) мақта шаруашылығы - өсiмдiк шаруашылығының мақта өндiру жөніндегі саласы;
23) мамандандырылған ауыспалы мақта егiсi - бір ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң жер пайдалану аумағындағы егiстiк жердiң құрылымында мақтаның үлесi жетпiс пайыздан аспайтын жағдайда, өсiмдiктер аурулары мен зиянкестердiң жиналуына кедергi болатын, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыруға, шиттi мақтаның өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға әсер ететiн, мақтаның басқа ауыл шаруашылығы дақылдарымен ғылыми негiзделген кезектестiрiлiп егiлуi;
24) өңдеу шарты - шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеу жөніндегі жария шарты;
25) сақтау шарты - шиттi мақтаны сақтаудың жария шарты;
26) сарапшы ұйым - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес мақта талшығы сапасына сараптама жасауды және мақта талшығы сапасының паспортын берудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
27) шиттi мақта - тұқымынан ажыратылмаған талшық;
28) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу - шитті мақтаны мақта талшығы, тұқым, линт, талшықты қалдықтар (құрамдарында үлік бар және мамық бар) етіп тазалау жөніндегі технологиялық операциялар кешені;
29) шиттi мақтаның сапасына сараптама жасау - сынаманы iрiктеу мен сынақтан өткізудi, шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктi ресiмдеудi қамтитын шиттi мақта сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi;
30) шиттi мақтаны өңдеудiң жанама өнiмдерi - тұқым, линт, талшықты қалдықтар (құрамында үлiк және мамық бар);
31) шиттi мақтаны сақтау - шиттi мақтаны қабылдау, сақтау және беру жөніндегі технологиялық операциялар кешенi;
32) шиттi мақта өндiрiсi - шиттi мақта өсiруге бағытталған агротехнологиялық iс-шаралар кешенi.»;
2) 4-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау;»;
3) 6-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;»;
4) тармақшаның екінші абзацы алып тасталсын;
4) 7-бапта:
5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет;»;
16) тармақшадағы «шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу» деген сөздер «мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) тармақшаның екінші абзацы алып тасталсын;
5) 8-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;»;
5) тармақшада:
екінші абзацтағы «белгіленген тәртіппен бекітілген шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелеріне сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мақта өңдеу ұйымдарын тексеру актілерін ресімдеуді;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұру, сондай-ақ мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы сотқа талап-арыз беру;»;
6) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мақта өндірумен айналысатын ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің, мақта өңдеу ұйымдары мен сервистік-дайындау орталықтарының қызметі»;
7) 13-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мақта өңдеу ұйымы лицензияның негізінде мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтерді көрсетеді.
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы жоқ заңды тұлғаның өз атауында, тауар таңбаларында, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамасында «мақта өңдеу ұйымы», «мақта тазалау зауыты», «мақта қабылдау пункті» деген сөздерді немесе одан туындайтын сөздерді пайдалануға құқығы жоқ.»;
4-тармақтың 1) тармақшасындағы «шитті мақтаны талшықты мақта етіп сапалы бастапқы өңдеуді» деген сөздер «мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 15-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің үшінші абзацындағы «шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеуге» деген сөздер «мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақта өңдеу ұйымдары мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет және мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметіне байланысты емес қызмет операцияларының есебін жеке-жеке жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.»;
2-тармақтағы «шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті» деген сөздер «мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 16-баптың 2-тармағындағы «шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу,» деген сөздер «мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету,» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 19-баптың 1-тармағы 2) тармақшасындағы «шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметін» деген сөздер «мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 26-баптың 2-тармағындағы «шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу» деген сөздер «мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 29-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы, 30-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу» деген сөздер «мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету» деген сөздермен, 31-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу» деген сөздер - «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету» деген сөздермен, 36-баптың 4-тармағындағы және 38-баптың 4-тармақшасындағы «шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу» деген сөздер «мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын.
50. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар):
1) 1-баптың 39) тармақшасындағы «ветеринарлық куәлiк,» деген сөздер алып тасталсын;
2) 6-баптың 1-тармағының үшінші абзацы және 7-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
3) 18-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген санитарлық паспорты бар,» деген сөздер алып тасталсын.
51. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 138-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 1-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
2) 7-баптың 6-тармағының 5) тармақшасындағы «тоқтатуға;» деген сөз «тоқтатуға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақшасы және 8-тармағы алып тасталсын.
52. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат):
1) 4-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;»;
2) 5-баптың 8) тармақшасының төртінші абзацындағы «рухани», «(діни оқу орындары)» деген сөздер тиісінше «діни», «(діни оқу орындары) береді.» деген сөздермен ауыстырылып, бесінші абзац алып тасталсын;
3) 6-бапта:
2-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ мамандандырылған және арнаулы білім беру бағдарламаларын іске асыратын жалпы білім беретін мектептердің білім беру қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт бойынша мамандандырылған және арнаулы жалпы білім беру бағдарламаларын және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік аттестаттаудан өткізеді;
7-2) білім беру қызметін (лицензиялауды талап етпейтін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін) жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есебін жүргізеді;»;
3-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім берудің жалпы білім бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды, сондай-ақ арнаулы және мамандандырылған жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізеді;
6-2) білім беру қызметін (лицензиялауды талап етпейтін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін) жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есебін жүргізеді;»;
4-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды (арнаулы және мамандандырылған жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын жалпы білім беретін мектептерді қоспағанда) лицензиялауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің (арнайы және мамандандырылған жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын жалпы білім беретін мектептерді қоспағанда) жалпы білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын (спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда) іске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік аттестаттаудан өткізеді;
6-2) білім беру қызметін (лицензиялауды талап етпейтін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін) жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есебін жүргізеді;»;
4) 35-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;
5) 40-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Білім беру ұйымдарында білім беру қызметін жүргізу құқығы:
1) лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін - егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, лицензия алған сәттен бастап және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиядан айыру немесе оны жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап;
2) лицензиялауды талап етпейтін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап туындайды.»;
6) 57-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Білім беру ұйымдарының филиалдары лицензиялауға жататын білім беру қызметінің кіші түрлерін қоспағанда, білім беру қызметін жүзеге асыруға құқылы.»;
7) 59-баптың 1-тармағындағы, 3-тармағының 3) тармақшасындағы, 8-тармағындағы
«білім беру саласындағы заңнамасының талаптарына және білім беру қызметін лицензиялау ережелеріне», «білім туралы заңнамасын және білім беру қызметін лицензиялау ережелерінің» деген сөздер тиісінше «білім беру саласындағы және лицензиялау туралы заңнамасының талаптарына», «білім туралы және лицензиялау туралы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 65-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша» деген сөздер алып тасталсын.
53. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат):
32-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Дүлей зілзала, эпидемия, эпизоотия кезінде, сондай-ақ негізгі қызметін одан әрі жалғастыруға кедергі келтіретін шектеулер болған кезде мемлекеттік монополия субъектісіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша негізгі қызметін қайтадан жүргізгенге дейін технологиялық тұрғыдан негізгі қызметіне жақын өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқық беріледі.».
54. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
7-баптың 3) тармақшасы, 11-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацы және 18-бап алып тасталсын.
55. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
3-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сауда биржаларының, брокерлер мен дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;».
56. «Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат):
3-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
57. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 62-бапта:
3-тармақта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сараптамалық қорытындыларды тиiстi мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік орган тиiстi сараптаманы жүргiзуге қажеттi құжаттардың толық пакетiн берген кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Экологиялық сараптама Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Келiсiмшарт жобасын жұмыс бағдарламасымен сәйкестендіруді олар келiп түскен күннен бастап құзыреттi орган - бір ай iшiнде, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары он жұмыс күні ішінде жүргiзедi.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Келісімшарт жасасуға үміткер тұлға құжаттарды ұсынған күннен бастап келiсiмшарттың түпкілікті мәтіні мен жұмыс бағдарламасын сәйкестендіруді құзыреттi орган - екі айдан кешіктірмейтін мерзімде, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары он бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жүргiзедi.»;
2) 64-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «бір ай» деген сөздер «он бес жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 65-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағалау жұмыстары сатысына көшуге рұқсатты құзыреттi орган - бір ай iшiнде, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары он бес жұмыс күні ішінде береді.»;
5-тармақтың үшінші бөлігіндегі «бір ай» деген сөздер «он бес жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жобаларға өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды қарау және бекіту мерзiмi тиiстi өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың жобасы орталық комиссияға келiп түскен күннен бастап - бір айдан, өңiраралық комиссияға келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиiс.»;
4) 66-бапта:
7-тармақтың үшінші бөлігіндегі «он бес» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жобаларға өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды қарау және бекіту мерзiмi тиiстi өзгерiстердің және (немесе) толықтырулардың жобасы орталық комиссияға келiп түскен күннен бастап - бір айдан, өңiраралық комиссияға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиiс.».
2-бап.
1. Осы Заң, осы Заңның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 45-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 12-тармағы 1) тармақшасының он алтыншы - жиырма үшінші абзацтары осы Заң қолданысқа енгізілген сәтте олардың тіркелуін банкроттық саласындағы уәкілетті орган өзінде бар деректер негізінде жүргізетін, тиісті лицензия негізінде қызметін жүзеге асыратын оңалтуды, конкурсты басқарушыларға, сырттай байқау әкімшілеріне қолданылмайды.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметін және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын лицензиаттар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап он екі айдың ішінде осы Заңның 1-бабы 27-тармағы 7) тармақшасының және 48-тармағының 22) тармақшасы жиырма төртінші абзацының талаптарына сәйкес лицензияларын қайта ресімдеуге міндетті.
Лицензияны қайта ресімдеу, егер құрылыс мердігерлігі шарты осы Заңның 1-бабы 27-тармағының 7) тармақшасы және 48-тармағы 22) тармақшасының жиырма төртінші абзацы қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған болса, мұндай шарттың міндеттемелерді орындауға қатысты талаптарын өзгертуге әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы шілденің 15-і.
№ 461-IV