екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, -
үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 248-бап өзгертілді
248-бап. Радиоактивтi материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу
1. Радиоактивтi материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) адам өз қызмет бабын пайдаланып;
г) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолдана отырып, не осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып жасалса -
мүлкi тәркiленiп не онсыз төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
а) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдана отырып немесе осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып;
б) ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер -
в) алып тасталды
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 249-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
249-бап. Радиоактивтi материалдармен жұмыс iстеу ережелерiн бұзу
1. Радиоактивтi материалдарды сақтау, пайдалану, есепке алу, көму, тасымалдау ережелерiн және олармен жұмыс iстеудiң басқа да ережелерiн бұзу, егер бұл әрекеттердiң кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелуi мүмкiн болса, -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
31.05.02 ж. № 327-II ҚР Заңымен; 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 250-бап өзгертілді
250-бап. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы
1. Кедендiк бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалана отырып, тауарларды, атап айтқанда есірткі заттарды, психотроптық, күштi әсер ететiн, улы, уландырғыш, радиоактивтi немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылғыш құрылғыларды, атыс қаруы мен оқ-дәрiлердi, жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлерiн, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшiн пайдаланылуы мүмкiн материалдар мен жабдықтарды кеден одағының кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу не заңсыз өткізу-
мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) лауазымды адам өз қызмет бабын пайдалана отырып;
в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып;
г) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша ;
д) есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде жасалса, -
мүлкі тәркіленіп,жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, өте ірі мөлшерде жасалған, есірткі немесе психотроптық заттарға байланысты әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес; 2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 251-бап өзгертілді
251-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру
1. Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшы мылтығынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, бiреуге беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру -
айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл сала отырып не онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған немесе бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер -
үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi ұйымдасқан топ жасаса -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Суық қаруды алып жүру, аңшылық кәсiпшiлiкке байланысты болатын реттердi қоспағанда, қанжарларды, фин пышақтарын немесе басқа да суық қаруды заңсыз алып жүру немесе сату -
жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл сала отырып не онсыз бiр жылға дейiнгi мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көрсетiлген заттарды өз еркiмен тапсырған адам, егер оның әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара) Заңдарына сәйкес 252-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 252-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
252-бап. Қаруды заңсыз жасау
1. Атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерiн заңсыз жасау немесе жөндеу, сол сияқты оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жару құрылғыларын заңсыз жасау -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасалған немесе бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер -
үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi ұйымдасқан топ жасаса -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Газ қаруын, суық қаруды, оның iшiнде лақтырғыш қаруды заңсыз жасау -
екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсетісішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көрсетiлген заттарды өз еркiмен тапсырған адам, егер оның әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 253-бап өзгертілді
253-бап. Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау
Атыс қаруын оны басқа адамның пайдалануы үшiн жағдай туғызған ұқыпсыз сақтау, егер ол ауыр зардаптарға әкеп соқса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не нақ сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 254-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
254-бап. Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі мiндеттердi тиiсiнше атқармау
1. Атыс қаруын, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттарды немесе жару құрылғыларын күзету тапсырылған адамның өз мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, егер бұл олардың ұрлануына немесе жойылуына не өзге ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса -
екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Жаппай қырып-жоятын қаруды не жаппай қырып-жоятын қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдарды немесе жабдықтарды күзету жөніндегі мiндеттердi тиiсiнше орындамау, егер ол ауыр зардапқа әкеп соқса немесе олардың пайда болу қаупiн тудырса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 255-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
255-бап. Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу
1. Атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерiн, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар немесе жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сияқты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдарды немесе жабдықтарды ұрлау не қорқытып алу -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:
а) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаса;
б) әлденеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолдану, не осындай күш қолданбақшы болып қорқыту арқылы;
г) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалса -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:
а) ұйымдасқан топ жасаса;
б) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдану немесе осындай күш қолданбаумен қорқыту арқылы жасалса -
в) алып тасталды
мүлкiн тәркiлеп, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
256-бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу
1. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға жауапты адамның өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзуы, егер ол абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекеттік iрi зиян келтiруге әкеп соқса -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бас бостандығын екi жылға дейiнгi мерзiмге шектеуге, не белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсыздан кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 257-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 257-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
257-бап. Бұзақылық
1. Бұзақылық яғни қоғамды анық құрметтемеуiн бiлдiретiн азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз iс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртiптi тым өрескел бұзушылық -
екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет, егер оны:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) өкiмет өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қорғау жөніндегі мiндеттi атқарушы немесе қоғамдық тәртiптi бұзуға тыйым салушы өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты болса;
в) бірнеше рет жасаса, -
жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Атыс қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы бейiмделген басқа да заттарды қолданып немесе қолдану әрекетi арқылы жасалған бұзақылық -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 258-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
258-бап. Тағылық
Тағылық, яғни үйлердi немесе өзге де ғимараттарды жазулармен немесе суреттермен, немесе қоғамдық адамгершiлiктi қорлайтын өзге де iс-әрекеттермен қорлау, сол сияқты көлiкте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлiктi қасақана бүлдiру -
жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
10-тарау. Халықтың денсаулығына және адамгершiлiкке қарсы қылмыстар
05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңымен; 31.05.02 ж. № 327-II ҚР Заңымен ; 2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 259-бап өзгертілді
259-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату
1. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1-1. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау, дайындау, өңдеу, жөнелту не өткізу -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2-1. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатында ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау, дайындау, өңдеу, жөнелту не өткізу-
мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізудi:
а) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса;
б) әлденеше рет;
в) есiрткi заттарға немесе психотроптық заттарға қатысты өте iрi мөлшерде ;
г) лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізудi:
а) ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса;
б) білім беру ұйымдарында жасаса;
в) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаса, -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өз еркiмен тапсырған немесе есiрткi заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетiлуi үшiн медициналық мекемеге өз еркiмен барған және есiрткi заттардың немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлiктi табуға белсендi көмек көрсеткен адам осы бап және осы Кодекстің 250-бабы (есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты бөлігінде) бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2. Есірткі заттар мен психотроптық заттардың мөлшері «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қоса берілген Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды және прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде белгіленеді.
2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен 260-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
260-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлау не қорқытып алу
1. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлау не қорқытып алу -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттердi:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса;
б) әлденеше рет;
в) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалану арқылы;
г) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолдану не осындай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса -
мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, оларды:
а) ұйымдасқан топ;
б) iрi мөлшерде есiрткi заттар немесе психотроптық заттар жөнiнде;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдану не осындай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса -
мүлкiн тәркiлеп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген өте ірі мөлшерде есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты жасалған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 261-бап өзгертілді
261-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтынуға көндiру
1. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтынуға көндiру -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
б) әлденеше рет жасалса, -
в) 2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
г) 2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер:
а) көрінеу кәмелетке толмаған адамға не екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса;
б) күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалса, -
жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
262-бап. Құрамында есiрткi заттар бар өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру
1. Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сорттарын өсiру -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттер:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
б) әлденеше рет;
в) iрi мөлшерде жасалса -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 263-бап жаңа редакцияда ; 2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен 263-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
263-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы
1. Есiрткi заттар немесе психотроптық заттар болып табылмайтын улы заттарды не оларды дайындауға немесе ұқсатуға арналған құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатымен заңсыз дайындау, ұқсату, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткізу, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды дайындау немесе ұқсату үшiн пайдаланылатын заттарды, құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатымен заңсыз дайындау, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткізу, -
алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, бiр адамның немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобының осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген немесе әлденеше рет жасаған әрекеттерi, -
бес жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Ұйымдасқан топ жасаған, осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен 264-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
264-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру
1. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаған, немесе әлденеше рет жасалған, немесе ұйымдасқан топпен жасалған дәл сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 265-бап өзгертілді
265-бап. Есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды ұстау ережелерiн бұзу
1. Есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды өндiру, жасау, ұқсату, сатып алу, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету, жөнелту не жою ережелерiн бұзу, егер бұл әрекеттi аталған ережелердi сақтау мiндетiне кiретiн адам жасаса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Есiрткi заттардың, психотроптық немесе улы заттардың ұрлануына не өзге елеулi зиян келтiрiлуiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 266-бап толықтырылды; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 266-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 266-бап өзгертілді
266-бап. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау
1. Қызметтің осы түріне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соқса, -
айлық есептік көрсеткіштің жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның үш айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.