«Қазақстан Эксимбанкi» ашық акционерлік қоғамының және «Медетшi қор»
жабық акционерлік қоғамы қызметiнiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы № 1267 Қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. «Қазақстан Эксимбанкi» ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Эксимбанк) Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 2 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратты (бұдан әрi - ғимарат) Эксимбанктiң Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң алдындағы мiндеттемелерiн өтеу есебiне заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық меншiкке қабылдау туралы ұсынысымен келiсiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiленген тәртiппен Эксимбанкпен кредиттер, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша республикалық бюджет алдындағы Эксимбанктiң берешегiн салыстыру актiсiне қол қойсын.
3. Эксимбанк (келiсiм бойынша) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі алдындағы бюджеттік кредиттер, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша ақшалай мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 10.02.04 ж. № 163а қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен ғимараттың нарықтық құнының сомасына «Медетшi қор» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қор) акцияларының қосымша эмиссиясын шығару туралы шешiм қабылдауды қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 10.02.04 ж. № 163а қаулысымен 5-тармақ алынып тасталды
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 4-тармағы орындалғаннан кейiн ғимаратты Қор акцияларының қосымша эмиссиясын төлеу есебiне Қордың жарғылық капиталына берудi жүзеге асырсын.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Қордың жарғысына оны «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес келтiру және Қор қызметiнiң негiзгi түрi бұрын республикалық бюджет қаражаты есебiнен берiлген кредиттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердi орындауға бағытталған қаражат бойынша берешектi республикалық бюджетке өндiріп алу деп анықтау мақсатында өзгерiстер енгiзудi қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (келiсiм бойынша) Қорға теңгемен және шетел валютасында банктік операциялардың мынадай түрлерiн жүргiзуге лицензиялар беру туралы мәселенi қарау ұсынылсын:
1) аудару операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;
2) қарыз алу операциялары: ақы төлеу, мерзiмділiк және қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанды кредиттер беру.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамаға сәйкес мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша кредит берушілермен келiсiм бойынша Эксимбанкпен және Қормен осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген қарыз алушылар тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, мемлекеттік қарыздар, оның iшiнде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бiрлесiп қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылатын қарыздар бойынша Эксимбанктiң құқықтары мен мiндеттемелерiн Қорға беру жөнiнде үш жақты келiсiмдер жасассын.
9. Эксимбанк (келiсім бойынша) Қорға бұрын оған қарыз алушылар өтеген «Жеңiл өнеркәсiп», «Темiр жол», «Құрылыс индустриясы» секторлық бағдарламаларының шеңберiнде Германия Федеративтiк Республикасын (бұдан әрi - KFW) қалпына келтiру жөніндегi кредит ведомствосы берген мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша негiзгi борышты аударсын.
10. Қор (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Эксимбанктен алынған сома бөлiгiнде KFW алдындағы мiндеттемелердi орындау жөніндегі кепiлдiктi берсiн.
11. Қазақстан Республикасының Қаржы, Әділет, Ауыл шаруашылығы, Көлiк және коммуникациялар министрлiктерi, Эксимбанк (келiсiм бойынша) және Қор (келiсiм бойынша) осы қаулының 8-тармағын орындау жөніндегі қажеттi шараларды қабылдасын.
12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қажет болған кезде осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген қарыз алушылар тартқан қарыздар туралы келiсiмдер (шарттар) бойынша кредит берушілердiң пайдасына Қазақстан Республикасының бұрын берiлген мемлекеттік кепілдiктерiнiң қолданылуын растасын немесе ауыстыруды жүргiзсiн.
13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Эксимбанктiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламалары шеңберiнде берiлген кредиттер жөніндегі, экономиканы қайта құру қорының қаражаты есебiнен берiлген кредиттер жөніндегі кредит шарттары бойынша, Эксимбанк пен «Бронетанк жөндеу зауыты» республикалық мемлекеттік кәсiпорны арасында жасалған 2000 жылғы 15 желтоқсандағы № 53-16/кд-в кредит шарты бойынша және түпкi қарыз алушылармен кепiл шарттары бойынша талап ету құқықтарын беру жөніндегі шараларды қабылдасын;
2) Қормен (келісім бойынша) олардың осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген кредиттер бойынша қарыз алушылардың берешегiн республикалық бюджетке өндiрiп алуды жүзеге асыру жөнiнде келiсiм жасассын;
3) Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламалары шеңберiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Эксимбанк арасында жасалған 1996 жылғы 12 ақпандағы № 96-1 және 1997 жылғы 3 наурыздағы № 1 кредит шарттарын бұзу жөніндегі шараларды қабылдасын.
14. Эксимбанк (келісiм бойынша) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне:
1) мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен таратылған қарыз алушылар жөніндегі;
2) осы қаулыға 3-қосымшада көрсетiлген мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша қарыз алушылар жөніндегі құжаттаманы берсін.
ҚР Үкіметінің 10.02.04 ж. № 163а қаулысымен 15-тармақ өзгертілді
15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi осы қаулының 3, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 тармақтары орындалғаннан кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен жарғылық капиталдың 100 (жүз) пайызы мөлшерінде «Қазақстан Эксимбанкi» ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн сатуды жүзеге асырсын.
16. Қоса берiлiп отырған осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
17. «Қазақстан Эксимбанкi» жабық акционерлік қоғамының кейбiр мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 5 сәуiрдегi № 403 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
18. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е.А. Досаевқа жүктелсiн.
19. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1267 қаулысына
1-қосымша
Эксимбанктiң олар бойынша құқықтары мен мiндеттемелерi
Қорға берiлетiн мемлекет кепiлдiк берген қарыздар
бойынша қарыз алушылардың тiзбесi
1. «Айт Отель» Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны» ашық акционерлік қоғамы.
2. «Окан Казинтер» Қазақстан-түрік бірлескен кәсiпорны» жабық акционерлік қоғамы.
3. «Отель Астана» Қазақстан-түрік бiрлескен кәсiпорны» ашық акционерлік қоғамы (АҚШ, Түркия кредит желілерi).
4. «Эмсаш-Инвест» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
5. «Премьер-медеу» қонақ үй кешенi» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
6. «Игiлiк» акционерлік қоғамы.
7. «Жеңiлөнеркәсiп» акционерлік компаниясы» ашық үлгiдегi акционерлік қоғамы.
8. «Мақсат» акционерлік қоғамы.
9. «Байланыс-Құрылысшы» мемлекеттік акционерлік компаниясы.
10. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң «Еңбек-Алмаз» және «Еңбек-Гранит» республикалық мемлекеттік кәсiпорындары).
11. «Екiбастұзкөмiр» мемлекеттік акционерлік қоғамы.
12. «Қазақстан темiр жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы.
13. «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамы.
14. «Рахат» қазақ - австрия бiрлескен кәсiпорны» жабық акционерлік қоғамы.
15. «Қазақ Аджанта Фарма Лимитед» бiрлескен кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
16. «Батыс» ашық акционерлік қоғамы.
17. «Өнiм» акционерлік қоғамы.
18. «Қамқор-холдинг» мемлекеттік акционерлік холдингтiк компаниясы.
19. «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
20. «Р.И.В.»фирмасы жауапкершілігi шектеулi серiктестiгi («РЕИЗ және К» фирмасының жауапкершілігi шектеулi серiктестiгi).
21. «ЭкоТИМ» жауапкершiлiгі шектеулi серiктестігі.
22. «Корпорация Базис-А» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігi.
23. «СФ Кереге» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
24. «Сусындар» ашық акционерлік қоғамы.
25. «Дудар» жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi.
26. «Өскемен құс фабрикасы» жабық акционерлік қоғамы.
27. «Ай-Дан-мұнай» жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi («Ай-Дан» жауапкершілiгi шектелген серiктестiгi).
28. «Жамбылбылғарыаяқкиiм» акционерлік қоғамы.
29. «Аққу» акционерлік қоғамы.
30. «Надежда» акционерлік қоғамы.
31. «Катализ» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігi.
32. «Ырысты-Алматы электрвагонжөндеу зауыты» акционерлік қоғамы.
33. «Пеноконцентрат» бiрлескен кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігі.
34. «Промпластмасса» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi («Аскам-Құрылыспластмасса» жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1267 қаулысына
2-қосымша
Эксимбанктiң олар бойынша құқықтары мен
мiндеттемелерi Қорға берiлетiн жобалардың
тiзбесi
1. Ирригациялық және дренаждық жүйелердi жетiлдiру.
2. Ақтау қаласындағы теңiз сауда портын қайта жаңарту.
3. Темiр жол көлiгiнiң қуатын дамыту.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi үшiн жабдықтарды беру.
5. Астана қаласында 240 төсектік аурухана кешенiн салу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1267 қаулысына
3-қосымша
Эксимбанк олар бойынша құжаттаманы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне
беретiн мемлекет кепiлдiк берген қарыздар
бойынша қарыз алушылардың тiзбесi
1. «Конденсат» акционерлік қоғамы.
2. «Кен дала» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1267 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1119 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
мынадай:
«21-15 «Медетшi қор» ЖАҚ»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-15 «Медетшi қоры» АҚ».
3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген бөлiмде:
мынадай:
«217-2 «Медетшi қop» ЖАҚ»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«217-2 «Медетші қор» АҚ».
4. «Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттік пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 8-жол алынып тасталсын.
5. «Отель Астана» Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны» ашық акционерлік қоғамы тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы № 923 қаулысында:
мәтіндегі «Қазақстан Эксимбанкi» деген сөздер «Медетшi қор» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесiнiң департаментi тартқан мемлекет кепiлдiк берген заемдарға қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 3 қыркүйектегi № 969 қаулысында:
мәтіндегі «Қазақстан Эксимбанкi» деген сөздер «Медетшi қop» деген сөздермен ауыстырылсын.