«Отель Астана» Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны» ашық акционерлік қоғамы тартқан мемлекет
кепiлдiк берген қарыздардың кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 тамыздағы № 923 Қаулысы
(2011.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 25.12.02 ж. № 1366 қаулысымен мәтіндегі «Қазақстанның Даму Банкi» деген сөздер «Қазақстан Эксимбанкi» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 18.12.03 ж. № 1267 қаулысымен мәтіндегі «Қазақстан Эксимбанкi» деген сөздер «Медетшi қop» деген сөздермен ауыстырылды
Мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау және қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында «Отель Астана» Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны» ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрi - «Отель Астана» ААҚ) төмен төлем қабiлеттiлiгiн назарға ала отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2011.29.04. № 465 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ) (келісім бойынша) және «Отель Астана» AAҚ-пен (келісім бойынша) бiрлесiп, келісімге (бұдан әрi - келісім) қол қоюды қамтамасыз етсiн, онда мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен бағытталатын қаражатты «Отель Астана» ААҚ-тың қайтару тәртібін, оның iшiнде:
2005 жылдан бастап 2022 жылды қоса алғанда негiзгi борыштың және сыйақының қайтарылуын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 832 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөніндегі қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес сыйақы есептеудi, бұл ретте 2004 жылды қоса алғанда есептелген сыйақыны негiзгi борышқа капиталдандыруды;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен акциялардың жыл сайынғы қосымша эмиссиясын жүргiзу және оларды мемлекеттік меншiкке беру жолымен «Отель Астана» AAҚ-тың жарғылық капиталын арттыруды;
акциялардың мемлекеттік пакетiн «Отель Астана» ААҚ-тың бас директорына сенiмгерлiк басқаруға берудi;
«Отель Астана» ААҚ-тың қаржы-шаруашылық қызметiнен түсетiн таза кiрiстi тек қана келісімдi орындауға жiберудi;
«Отель Астана» ААҚ-тың республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету мақсатында тиiстi кепiл келісімiн ресiмдеудi;
қарыз алушы - «Отель Астана» ААҚ-тың қаражаты есебiнен «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ-ға агенттiк сыйақы төлеудi көздесiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |