"Қазақстан Эксимбанкi" ашық акционерлiк қоғамының және "Медетшi қор"
жабық акционерлiк қоғамы қызметiнiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 1267 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 10.02.04 ж. N 163а қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Эксимбанкi" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Эксимбанк) Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 2 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратты (бұдан әрi - ғимарат) Эксимбанктiң Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң алдындағы мiндеттемелерiн өтеу есебiне заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық меншiкке қабылдау туралы ұсынысымен келiсiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен Эксимбанкпен кредиттер, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша республикалық бюджет алдындағы Эксимбанктiң берешегiн салыстыру актiсiне қол қойсын.
3. Эксимбанк (келiсiм бойынша) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi алдындағы бюджеттiк кредиттер, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша ақшалай мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 10.02.04 ж. N 163а қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен ғимараттың нарықтық құнының сомасына "Медетшi қор" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қор) акцияларының қосымша эмиссиясын шығару туралы шешiм қабылдауды қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 10.02.04 ж. N 163а қаулысымен 5-тармақ алынып тасталды
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 4-тармағы орындалғаннан кейiн ғимаратты Қор акцияларының қосымша эмиссиясын төлеу есебiне Қордың жарғылық капиталына берудi жүзеге асырсын.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қордың жарғысына оны "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес келтiру және Қор қызметiнiң негiзгi түрi бұрын республикалық бюджет қаражаты есебiнен берiлген кредиттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердi орындауға бағытталған қаражат бойынша берешектi республикалық бюджетке өндiріп алу деп анықтау мақсатында өзгерiстер енгiзудi қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (келiсiм бойынша) Қорға теңгемен және шетел валютасында банктік операциялардың мынадай түрлерiн жүргiзуге лицензиялар беру туралы мәселенi қарау ұсынылсын:
1) аудару операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару жөнiндегi тапсырмаларын орындау;
2) қарыз алу операциялары: ақы төлеу, мерзiмділiк және қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанды кредиттер беру.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамаға сәйкес мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша кредит берушілермен келiсiм бойынша Эксимбанкпен және Қормен осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген қарыз алушылар тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, мемлекеттiк қарыздар, оның iшiнде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бiрлесiп қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылатын қарыздар бойынша Эксимбанктiң құқықтары мен мiндеттемелерiн Қорға беру жөнiнде үш жақты келiсiмдер жасассын.
9. Эксимбанк (келiсім бойынша) Қорға бұрын оған қарыз алушылар өтеген "Жеңiл өнеркәсiп", "Темiр жол", "Құрылыс индустриясы" секторлық бағдарламаларының шеңберiнде Германия Федеративтiк Республикасын (бұдан әрi - KFW) қалпына келтiру жөніндегi кредит ведомствосы берген мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша негiзгi борышты аударсын.
10. Қор (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Эксимбанктен алынған сома бөлiгiнде KFW алдындағы мiндеттемелердi орындау жөнiндегi кепiлдiктi берсiн.
11. Қазақстан Республикасының Қаржы, Әділет, Ауыл шаруашылығы, Көлiк және коммуникациялар министрлiктерi, Эксимбанк (келiсiм бойынша) және Қор (келiсiм бойынша) осы қаулының 8-тармағын орындау жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қажет болған кезде осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген қарыз алушылар тартқан қарыздар туралы келiсiмдер (шарттар) бойынша кредит берушілердiң пайдасына Қазақстан Республикасының бұрын берiлген мемлекеттiк кепілдiктерiнiң қолданылуын растасын немесе ауыстыруды жүргiзсiн.
13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Эксимбанктiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламалары шеңберiнде берiлген кредиттер жөнiндегi, экономиканы қайта құру қорының қаражаты есебiнен берiлген кредиттер жөнiндегi кредит шарттары бойынша, Эксимбанк пен "Бронетанк жөндеу зауыты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны арасында жасалған 2000 жылғы 15 желтоқсандағы N 53-16/кд-в кредит шарты бойынша және түпкi қарыз алушылармен кепiл шарттары бойынша талап ету құқықтарын беру жөнiндегi шараларды қабылдасын;
2) Қормен (келісім бойынша) олардың осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген кредиттер бойынша қарыз алушылардың берешегiн республикалық бюджетке өндiрiп алуды жүзеге асыру жөнiнде келiсiм жасассын;
3) Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламалары шеңберiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Эксимбанк арасында жасалған 1996 жылғы 12 ақпандағы N 96-1 және 1997 жылғы 3 наурыздағы N 1 кредит шарттарын бұзу жөнiндегi шараларды қабылдасын.
14. Эксимбанк (келісiм бойынша) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне:
1) мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен таратылған қарыз алушылар жөнiндегi;
2) осы қаулыға 3-қосымшада көрсетiлген мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша қарыз алушылар жөніндегі құжаттаманы берсін.
ҚР Үкіметінің 10.02.04 ж. N 163а қаулысымен 15-тармақ өзгертілді
15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi осы қаулының 3, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 тармақтары орындалғаннан кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен жарғылық капиталдың 100 (жүз) пайызы мөлшерінде "Қазақстан Эксимбанкi" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатуды жүзеге асырсын.
16. Қоса берiлiп отырған осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
17. "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 5 сәуiрдегi N 403 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
18. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е.А. Досаевқа жүктелсiн.
19. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 18 желтоқсандағы
N 1267 қаулысына
1-қосымша
Эксимбанктiң олар бойынша құқықтары мен мiндеттемелерi
Қорға берiлетiн мемлекет кепiлдiк берген қарыздар
бойынша қарыз алушылардың тiзбесi
1. "Айт Отель" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлік қоғамы.
2. "Окан Казинтер" Қазақстан-түрік бірлескен кәсiпорны" жабық акционерлiк қоғамы.
3. "Отель Астана" Қазақстан-түрік бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлік қоғамы (АҚШ, Түркия кредит желілерi).
4. "Эмсаш-Инвест" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
5. "Премьер-медеу" қонақ үй кешенi" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
6. "Игiлiк" акционерлiк қоғамы.
7. "Жеңiлөнеркәсiп" акционерлiк компаниясы" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы.
8. "Мақсат" акционерлiк қоғамы.
9. "Байланыс-Құрылысшы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы.
10. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң "Еңбек-Алмаз" және "Еңбек-Гранит" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары).
11. "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы.
12. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы.
13. "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы.
14. "Рахат" қазақ - австрия бiрлескен кәсiпорны" жабық акционерлiк қоғамы.
15. "Қазақ Аджанта Фарма Лимитед" бiрлескен кәсiпорны" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
16. "Батыс" ашық акционерлiк қоғамы.
17. "Өнiм" акционерлiк қоғамы.
18. "Қамқор-холдинг" мемлекеттiк акционерлiк холдингтiк компаниясы.
19. "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
20. "Р.И.В." фирмасы жауапкершілігi шектеулi серiктестiгi ("РЕИЗ және К" фирмасының жауапкершілігi шектеулi серiктестiгi).
21. "ЭкоТИМ" жауапкершiлiгі шектеулi серiктестігі.
22. "Корпорация Базис-А" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігi.
23. "СФ Кереге" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
24. "Сусындар" ашық акционерлiк қоғамы.
25. "Дудар" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi.
26. "Өскемен құс фабрикасы" жабық акционерлiк қоғамы.
27. "Ай-Дан-мұнай" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi ("Ай-Дан" жауапкершілiгi шектелген серiктестiгi).
28. "Жамбылбылғарыаяқкиiм" акционерлiк қоғамы.
29. "Аққу" акционерлiк қоғамы.
30. "Надежда" акционерлiк қоғамы.
31. "Катализ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігi.
32. "Ырысты-Алматы электрвагонжөндеу зауыты" акционерлiк қоғамы.
33. "Пеноконцентрат" бiрлескен кәсiпорны" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігі.
34. "Промпластмасса" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi ("Аскам-Құрылыспластмасса" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 18 желтоқсандағы
N 1267 қаулысына
2-қосымша
Эксимбанктiң олар бойынша құқықтары мен
мiндеттемелерi Қорға берiлетiн жобалардың
тiзбесi
1. Ирригациялық және дренаждық жүйелердi жетiлдiру.
2. Ақтау қаласындағы теңiз сауда портын қайта жаңарту.
3. Темiр жол көлiгiнiң қуатын дамыту.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi үшiн жабдықтарды беру.
5. Астана қаласында 240 төсектік аурухана кешенiн салу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 18 желтоқсандағы
N 1267 қаулысына
3-қосымша
Эксимбанк олар бойынша құжаттаманы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне
беретiн мемлекет кепiлдiк берген қарыздар
бойынша қарыз алушылардың тiзбесi
1. "Конденсат" акционерлiк қоғамы.
2. "Кен дала" акционерлiк қоғамы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 18 желтоқсандағы
N 1267 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 59-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
мынадай:
"Жабық акционерлiк қоғам Медетшi қоры"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Акционерлiк қоғам Медетшi қоры".
2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
мынадай:
"21-15 "Медетшi қор" ЖАҚ"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"21-15 "Медетшi қоры" АҚ".
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiмде:
мынадай:
"217-2 "Медетшi қop" ЖАҚ"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"217-2 "Медетші қор" АҚ".
4. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 8-жол алынып тасталсын.
5. "Отель Астана" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамы тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 923 қаулысында:
мәтiндегi "Қазақстан Эксимбанкi" деген сөздер "Медетшi қор" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесiнiң департаментi тартқан мемлекет кепiлдiк берген заемдарға қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 3 қыркүйектегi N 969 қаулысында:
мәтiндегi "Қазақстан Эксимбанкi" деген сөздер "Медетшi қop" деген сөздермен ауыстырылсын.