Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесi туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 19 наурыздағы № 345 қаулысы
(2009.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының орнықты дамуға тиiмдi көшуi үшiн мемлекеттік саясатты қалыптастыру, ведомствоаралық үйлестiрудi және сектораралық ықпалдасуды күшейту жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсiн.
3. Мыналардың:
1) «Рио+10» тұрақты даму жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 430 қаулысының;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 922 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 37, 374-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістердiң 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 19 наурыздағы
№ 345 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.12.07. № 723 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 542 (бұр. ред. қара); 2007.16.03. № 202 (бұр. ред. қара); 2007.22.10. № 985 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрамы жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2009.29.10. № 1703 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі
кеңесінің құрамы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның бірінші орынбасары |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның орынбасары |
Бекнияз Болат Қабыкенұлы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық саясат және орнықты даму департаментінің директоры, хатшы |
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі |
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Бурлаков Леонид Николаевич | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Нығматулин Ерлан Зайроллаұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Бобров Владимир Яковлевич | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Астанина Лидия Александровна | - «Greenwomen» экологиялық жаңалықтар агенттігі қоғамдық кеңесінің төрайымы (келісім бойынша) |
Атаханова Қайша Якубқызы | - Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары экологиялық форумының төрайымы (келісім бойынша) |
Баталов Райымбек Әнуарұлы | - Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері форумының төрағасы (келісім бойынша) |
Бөгенбаева Ақмарал Жарасқызы | - «Қазақстан жастары конгресі» заңды тұлғалар ұйымының атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Дарынов Әуезхан Камешұлы | - «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аппарат басшысы (келісім бойынша) |
Есекин Болат Қамалбекұлы | - Азия-Тынық мұхит Экология және Даму кеңесінің мүшесі (келісім бойынша) |
Жұрынов Мұрат Жұрынұлы | - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының президенті (келісім бойынша) |
Корчевский Андрей Александрович | - Денсаулық сақтау және экожобалау орталығының директоры, Қазақстан экологиялық аудиторлар палатасының президенті, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің перспективалық даму және ғылым жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісім бойынша) |
Мұқашев Сиязбек Өнербекұлы | - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім бойынша) |
Сафронова Антонина Сегизмундовна | - Қазақстан Республикасының орнықты дамуы үшін қазақстандық табиғат пайдаланушылар қауымдастығының президенті (келісім бойынша) |
Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, төрағаның орынбасары |
Әшімов Нұрғали Сәдуақасұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі |
Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Құл-Мұхамед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі |
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі |
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы | - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы |
Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы | - Астана қаласының әкімі |
Рау Альберт Павлович | - Ақмола облысының әкімі |
Әшімбетов Нұржан Кемерұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша); |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 19 наурыздағы
№ 345 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
орнықты даму жөніндегі кеңесi туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Орнықты даму жөніндегі кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi органы болып табылады.
2. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты орнықты даму және мемлекеттік органдардың, жеке сектордың және қоғамдық ұйымдардың сектораралық ынтымақтастығы негiзiнде орнықты даму жөніндегі Дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн орындау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы дамуының экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық секторларының ықпалдасуына жәрдемдесу болып табылады.
3. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентінің кесiмдерiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Кеңес қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мен бағыттары
ҚР Үкіметінің 2009.29.10. № 1703 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Кеңестiң мiндеттерi:
1) орнықты даму мақсатына қол жеткізу жөнiнде елдiң және халықаралық қауымдастықтың күш-жiгерiн шоғырландыру үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық саясатының ықпалдасуына жәрдемдесу;
2) орнықты даму қағидаттарының стратегиялық жоспарлауға және әлеуметтiк-экономикалық дамуды басқаруға ықпалдасуына жәрдемдесу;
3) орнықты даму саласындағы шешiмдердi орындау, сондай-ақ орнықты дамудың мемлекеттік, салалық бағдарламаларын, аумақтарды дамытудың 5 жылға арналған бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың, қоғамның мүдделi топтарының қызметiне жәрдемдесу;
4) орнықты дамудың институционалдық құрылымдарының қызметiне жәрдемдесу;
5) ұлттық және халықаралық деңгейлерде орнықты даму саласында Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу болып табылады.
5. Кеңес функциялары мынадай бағыттар бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
1) өндiріс пен тұтынудың орнықты модельдерiн енгізу;
2) шөлейттенуге қарсы күрес;
3) экологиялық және гендерлік аспектiлердi ескере отырып, кедейлiкке қарсы күрес;
4) биологиялық әртүрлiлiктi және мәдени мұраны сақтау;
5) орнықты көлiк жүйелерiн дамыту;
6) шығарындыларды, оның iшiнде парник газдары мен озон бүлдiретiн заттарды азайту;
7) ауыз суға қол жеткізу, трансшекаралық, оның iшiнде су проблемаларын шешу;
8) жаңа және экологиялық қауiпсiз технологияларды пайдалану;
9) энергия тиiмділiгi және энергия үнемдеу;
10) радиациялық және химиялық қауiпсiздiк әрi қалдықтарды басқару;
11) халықтың денсаулығына экологиялық қатерлердiң алдын алу және азайту;
12) жаһандану және сауда;
13) орнықты даму жөніндегі бағдарламаларды әзiрлеу, білім беру және ақпараттық инфрақұрылым;
14) орнықты дамудың өңірлік проблемалары.
Орнықты даму мәселелерi жөніндегі мемлекеттік органдар мен жұртшылықты хабардар ету. Орнықты даму мәселелері бойынша жыл сайынғы есеп берудi дайындау және оны жариялау. Орнықты даму мақсатына қол жеткізу жөнiнде Қазақстанның прогресi туралы халықаралық ұйымдарға ақпарат беру.
Орнықты дамуға көшу жөніндегі прогресс мониторингi және бағалау әрi орнықты даму көрсеткiштерi мен индикаторларын әзiрлеу және енгізу жөніндегі ұсыныстарды енгізу.
Орнықты дамудың аумақтық және салалық жобаларын ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ орнықты даму жөніндегі модельдiк жобаларды әзiрлеуге жәрдемдесу.
3. Кеңес құрамы
6. Кеңес төраға, төрағаның орынбасары, оның мүшелерi мен хатшысының құрамында қалыптастырылады.
7. Кеңес мүшелерi мемлекеттік органдар басшылары мен өкiлдерiнен тағайындалады. Кеңес құрамына келісім бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, ғылыми, үкiметтiк емес, жеке және басқа да ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар мен мамандар енгiзiледi. Кеңестiң дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi.
8. Кеңес төрағасы:
1) Кеңестiң қызметiне оның отырыстарының аралығында жетекшiлiк жасайды;
2) Кеңестiң отырыстарына төрағалық етедi. Төраға болмағанда, оның тапсырмасы бойынша отырыстарға Кеңес төрағасы орынбасарларының бiрi төрағалық етедi;
3) Кеңестiң отырыстарында қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
4) әртүрлi кеңестерде, кездесулерде және халықаралық форумдарда Кеңестi бiлдiредi;
5) ҚР Үкіметінің 2005.12.07. № 723 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6) Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кесiмдерiмен және тапсырмаларымен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
9. Кеңес мүшелері ұсыныстар енгiзедi, ақпарат және басқа да материалдарды бередi, күн тәртiбіндегі мәселелердi және оның отырыстары шешімдерiнiң жобаларын талқылауға қатысады. Кеңес мүшелерi өзiнiң отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
10. Кеңес хатшысы:
1) Кеңес жұмысының жоспарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
2) Кеңес отырыстары күн тәртібінiң жобасын қалыптастырады;
3) Кеңес отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешiмдердiң жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
4) Кеңес мүшелерiн және халықаралық ұйымдардан шақырылған өкілдерді Кеңестiң кезектi отырысын өткізу орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабарландырады, оларды қажеттi материалдармен уақтылы қамтамасыз етедi;
5) Кеңес отырыстары хаттамаларының үзiндiсiн өз қолымен куәландырады.
4. Кеңес жұмысының тәртібі
11. Кеңес отырыстары қажеттiлiгiне қарай Кеңес төрағасы айқындаған мерзiмде тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Кеңес отырыстарында орнықты даму жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды орындау туралы есептер тыңдалады, Кеңес қызметiнiң қорытындысы мен нәтижелерi шығарылады. Күн тәртібіне сәйкес отырыстарда Кеңес есептердi қарайды және барлық қойылған мәселелер бойынша арнайы шешiмдер шығарады. Шешiм Кеңес мүшелерiнiң осы отырыста барлық қатысушыларының жалпы санының көпшілiк дауысымен қабылданады. Кеңес отырысына қатысушылардың дауыстары тең болған кезде төрағаның даусы шешуші болып табылады.
12. Кеңес шешiмдерi төраға қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiрі қосымшалар ретiнде хаттамаға қоса беріледi.
13. Кеңес өз құзыретi шегінде:
1) орнықты даму мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізуге;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға;
3) консультациялар мен ақпаратты беру үшiн сарапшыларды тартуға, орнықты даму мәселелерi жөніндегі жұмыстарды қарау және орындау үшiн жедел жұмыс топтарын құру жөніндегі ұсыныстарды енгізуге, халықаралық ұйымдар өкiлдерi мен бақылаушыларды шақыруға;
4) орнықты даму жөніндегі аумақтық кеңестердi құруға жәрдемдесуге, жұмыс туралы ақпаратты сұратуға, нәтижелердi қорытуға және орнықты даму жөніндегі аумақтық кеңестер мен өзге де консультативтiк-кеңесшi органдарының қызметiн жоспарлау жөніндегі ұсыныстарды енгізуге құқылы.
5. Кеңес қызметін қамтамасыз ету
14. Кеңес жұмыс органының функциясын Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жүзеге асырады.