Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесi туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 19 наурыздағы № 345 қаулысы
(2007.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 22 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының орнықты дамуға тиiмдi көшуi үшiн мемлекеттік саясатты қалыптастыру, ведомствоаралық үйлестiрудi және сектораралық ықпалдасуды күшейту жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсiн.
3. Мыналардың:
1) «Рио+10» тұрақты даму жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 430 қаулысының;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 922 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 37, 374-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістердiң 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 19 наурыздағы
№ 345 қаулысына қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.12.07. № 723 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр. ред. қара);
ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 542 (бұр. ред. қара); 2007.16.03. № 202 (бұр. ред. қара) қаулыларымен құрамы жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі
кеңесінің құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Кәрім Қажымқанұлы төраға
Мусин - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Аслан Есболайұлы орынбасары - Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі, төрағаның орынбасары
Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрлан Әбділдаұлы қорғау министрі, төрағаның орынбасары
Қарағұсова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлжан Жанпейісқызы халықты әлеуметтік қорғау министрі,
төрағаның орынбасары
Бекниязов - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Болат Қабыкенұлы қорғау министрлігі Экологиялық проблемалар,
ғылым және мониторинг департаментінің
директоры, хатшы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Көлік және
Серік Нығметұлы коммуникация министрi
Балиева - Қазақстан Республикасының Әділет министрi
Зағипа Яхияқызы
Дерновой - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Анатолий Григорьевич министрi
Ертісбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ермұхамет Қабиденұлы ақпарат министрi
Есімов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ахметжан Смағұлұлы шаруашылығы министрi
Ізмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Бақтықожа минералдық ресурстар министрi
Салахатдинұлы
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
Наталья Артемовна
Оразбақов - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Ғалым Ізбасарұлы сауда министрi
Тәжин - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Марат министрi
Мұханбетқазыұлы
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Жансейіт Қансейітұлы министрi
Мамин - Астана қаласының әкімi
Асқар Ұзақбайұлы
Бурлаков - Қазақстан Республикасының Парламентi
Леонид Николаевич Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Нығматулин - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Ерлан Зайроллаұлы Мәжілісі Экология және табиғатты пайдалану
мәселелері комитетінің төрағасы (келісім
бойынша)
Бобров - Қазақстан Республикасының Парламентi
Владимир Яковлевич Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Шалахметов - Қазақстан Республикасының Парламентi
Ғаділбек Мінәжұлы Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Сәрсенбай - Қазақстан Республикасы Президентінің
Нұрлан Алдабергенұлы Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және
ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік
инспекторы
Астанина - "Greenwomen" үкіметтік емес ұйымының
Лидия Александровна директоры
Атаханова - Қазақстан Республикасының Қоғамдық
Қайша Якубқызы ұйымдары экологиялық форумының төрайымы
Баталов - Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің
Райымбек Әнуарұлы форумы кеңесінің төрағасы
Дарынов - "Қазақстан фермерлер одағы" республикалық
Әуезхан Кәмешұлы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары
Есекин - Орталық Азияның Өңірлік экологиялық
Болат Қамалбекұлы орталығы "Іле-Балхаш бассейнін
ықпалдастыра басқару жоспарын әзірлеу"
жобасының менеджерi
Кәрімбаев Нұрсұлтан - Қазақстан жастар конгресі атқарушы
Тұрлыбекұлы директорының міндетін атқарушы
Жұрынов - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының
Мұрат Жұрынұлы президентi
Корчевский - Денсаулық сақтау және экожобалау
Андрей Александрович орталығының атқарушы директоры,
Қазақстандық экологиялық аудиторлар
палатасының президенті, Қазақстан
Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрінің перспективалық даму және ғылым
жөніндегі штаттан тыс кеңесшісi
Мұқашев - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар
Сиязбек Өнербекұлы федерациясының төрағасы
Сафронова - "Орнықты даму үшін қазақстандық табиғат
Антонина пайдаланушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар
Сегизмундовна бірлестігі директорлар кеңесінің төрағасы
Нәбиева - Қазақстанның, үкіметтік емес ұйымдары
Гулзи Әскенқызы конфедерациясының президентi
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 19 наурыздағы
№ 345 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
орнықты даму жөніндегі кеңесi туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Орнықты даму жөніндегі кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi органы болып табылады.
2. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты орнықты даму және мемлекеттік органдардың, жеке сектордың және қоғамдық ұйымдардың сектораралық ынтымақтастығы негiзiнде орнықты даму жөніндегі Дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн орындау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы дамуының экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық секторларының ықпалдасуына жәрдемдесу болып табылады.
3. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентінің кесiмдерiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Кеңес қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мен бағыттары
4. Кеңестiң мiндеттерi:
1) орнықты даму мақсатына қол жеткізу жөнiнде елдiң және халықаралық қауымдастықтың күш-жiгерiн шоғырландыру үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық саясатының ықпалдасуына жәрдемдесу;
2) орнықты даму қағидаттарының стратегиялық жоспарлауға және әлеуметтiк-экономикалық дамуды басқаруға ықпалдасуына жәрдемдесу;
3) орнықты даму саласындағы шешiмдердi орындау, сондай-ақ орнықты дамудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың, қоғамның мүдделi топтарының қызметiне жәрдемдесу;
4) орнықты дамудың институционалдық құрылымдарының қызметiне жәрдемдесу;
5) ұлттық және халықаралық деңгейлерде орнықты даму саласында Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу болып табылады.
5. Кеңес функциялары мынадай бағыттар бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
1) өндiріс пен тұтынудың орнықты модельдерiн енгізу;
2) шөлейттенуге қарсы күрес;
3) экологиялық және гендерлік аспектiлердi ескере отырып, кедейлiкке қарсы күрес;
4) биологиялық әртүрлiлiктi және мәдени мұраны сақтау;
5) орнықты көлiк жүйелерiн дамыту;
6) шығарындыларды, оның iшiнде парник газдары мен озон бүлдiретiн заттарды азайту;
7) ауыз суға қол жеткізу, трансшекаралық, оның iшiнде су проблемаларын шешу;
8) жаңа және экологиялық қауiпсiз технологияларды пайдалану;
9) энергия тиiмділiгi және энергия үнемдеу;
10) радиациялық және химиялық қауiпсiздiк әрi қалдықтарды басқару;
11) халықтың денсаулығына экологиялық қатерлердiң алдын алу және азайту;
12) жаһандану және сауда;
13) орнықты даму жөніндегі бағдарламаларды әзiрлеу, білім беру және ақпараттық инфрақұрылым;
14) орнықты дамудың өңірлік проблемалары.
Орнықты даму мәселелерi жөніндегі мемлекеттік органдар мен жұртшылықты хабардар ету. Орнықты даму мәселелері бойынша жыл сайынғы есеп берудi дайындау және оны жариялау. Орнықты даму мақсатына қол жеткізу жөнiнде Қазақстанның прогресi туралы халықаралық ұйымдарға ақпарат беру.
Орнықты дамуға көшу жөніндегі прогресс мониторингi және бағалау әрi орнықты даму көрсеткiштерi мен индикаторларын әзiрлеу және енгізу жөніндегі ұсыныстарды енгізу.
Орнықты дамудың аумақтық және салалық жобаларын ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ орнықты даму жөніндегі модельдiк жобаларды әзiрлеуге жәрдемдесу.
3. Кеңес құрамы
6. Кеңес төраға, төрағаның орынбасары, оның мүшелерi мен хатшысының құрамында қалыптастырылады.
7. Кеңес мүшелерi мемлекеттік органдар басшылары мен өкiлдерiнен тағайындалады. Кеңес құрамына келісім бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, ғылыми, үкiметтiк емес, жеке және басқа да ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар мен мамандар енгiзiледi. Кеңестiң дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi.
8. Кеңес төрағасы:
1) Кеңестiң қызметiне оның отырыстарының аралығында жетекшiлiк жасайды;
2) Кеңестiң отырыстарына төрағалық етедi. Төраға болмағанда, оның тапсырмасы бойынша отырыстарға Кеңес төрағасы орынбасарларының бiрi төрағалық етедi;
3) Кеңестiң отырыстарында қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
4) әртүрлi кеңестерде, кездесулерде және халықаралық форумдарда Кеңестi бiлдiредi;
5) ҚР Үкіметінің 2005.12.07. № 723 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6) Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кесiмдерiмен және тапсырмаларымен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
9. Кеңес мүшелері ұсыныстар енгiзедi, ақпарат және басқа да материалдарды бередi, күн тәртiбіндегі мәселелердi және оның отырыстары шешімдерiнiң жобаларын талқылауға қатысады. Кеңес мүшелерi өзiнiң отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
10. Кеңес хатшысы:
1) Кеңес жұмысының жоспарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
2) Кеңес отырыстары күн тәртібінiң жобасын қалыптастырады;
3) Кеңес отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешiмдердiң жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
4) Кеңес мүшелерiн және халықаралық ұйымдардан шақырылған өкілдерді Кеңестiң кезектi отырысын өткізу орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабарландырады, оларды қажеттi материалдармен уақтылы қамтамасыз етедi;
5) Кеңес отырыстары хаттамаларының үзiндiсiн өз қолымен куәландырады.
4. Кеңес жұмысының тәртібі
11. Кеңес отырыстары қажеттiлiгiне қарай Кеңес төрағасы айқындаған мерзiмде тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Кеңес отырыстарында орнықты даму жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды орындау туралы есептер тыңдалады, Кеңес қызметiнiң қорытындысы мен нәтижелерi шығарылады. Күн тәртібіне сәйкес отырыстарда Кеңес есептердi қарайды және барлық қойылған мәселелер бойынша арнайы шешiмдер шығарады. Шешiм Кеңес мүшелерiнiң осы отырыста барлық қатысушыларының жалпы санының көпшілiк дауысымен қабылданады. Кеңес отырысына қатысушылардың дауыстары тең болған кезде төрағаның даусы шешуші болып табылады.
12. Кеңес шешiмдерi төраға қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiрі қосымшалар ретiнде хаттамаға қоса беріледi.
13. Кеңес өз құзыретi шегінде:
1) орнықты даму мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізуге;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға;
3) консультациялар мен ақпаратты беру үшiн сарапшыларды тартуға, орнықты даму мәселелерi жөніндегі жұмыстарды қарау және орындау үшiн жедел жұмыс топтарын құру жөніндегі ұсыныстарды енгізуге, халықаралық ұйымдар өкiлдерi мен бақылаушыларды шақыруға;
4) орнықты даму жөніндегі аумақтық кеңестердi құруға жәрдемдесуге, жұмыс туралы ақпаратты сұратуға, нәтижелердi қорытуға және орнықты даму жөніндегі аумақтық кеңестер мен өзге де консультативтiк-кеңесшi органдарының қызметiн жоспарлау жөніндегі ұсыныстарды енгізуге құқылы.
5. Кеңес қызметін қамтамасыз ету
14. Кеңес жұмыс органының функциясын Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жүзеге асырады.