Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде осы баптың талаптары ескеріле отырып айқындалады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.
Еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің толық атауында «еншілес» деген сөзді көрсетуге және бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атын пайдалануға міндетті.
3. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы соңғы екі жыл ішіндегі залалдары (олар болғанда) уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асып кетпеген және өтініш берген күнге дейін соңғы үш ай ішінде пруденциялық нормативтерді сақтаған жағдайда еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға құқылы.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға еркін нысанда өтінішті табыс етеді және оған мынадай құжаттарды:
1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттарын, жарғыны бекіту туралы хаттамаларды;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органының еншілес ұйымды құру немесе сатып алу туралы шешімін;
3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпаратты;
4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымын және аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтерді;
5) бизнес-жоспарды табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;
6) еншілес ұйымды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;
7) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы туралы ақпаратты;
8) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
9) аудиторлық ұйымның есебін және сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігін;
10) жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымды сатып алған заңды тұлға туралы деректерді, оның ішінде қоса:
заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;
акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметтерді;
заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;
акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның сатып алған акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметтерді;
11) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің болуын растайтын құжаттарды;
12) еншілес ұйымды бақылауды және бақылау негіздерін растайтын құжаттарды қоса тіркейді.
5. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тарту үшін:
1) рұқсат алуға қажетті, осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етпеу;
2) еншілес ұйым басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 34-бабы 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтініш берген күнге дейінгі үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының көзделетін еншілес ұйымдардың болуы салдарынан пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
5) өтініш берген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты қолданылып жүрген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың болуы;
6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, соның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екендігін растайтын құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі;
7) еншілес ұйым қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жоспарлаған инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы клиенттерінің мүдделеріне нұқсан келуі көзделетін қаржылық салдарлар талдауы негіздер болып табылады.
6. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бас тартудың негіздері туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етуге міндетті.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
.8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) өзімен аффилиирленбеген тұлғаларға үш ай мерзімде иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне байланысты емес себептер бойынша еншілес ұйымды бақылауды иемденіп алған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның еншілес ұйымды иемденуге рұқсатын алу үшін осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.
9. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5)-8) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса тіркеле отырып беріледі.
Ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне тиесілі акцияларды (қатысу үлесін) өзіне қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға үш ай мерзімде иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қомақты қатысуды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына байланысты емес себептер бойынша сатып алса, ол осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның қомақты қатысуға рұқсатын алу үшін осы тармақта көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.
10. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, соның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екендігін растайтын, табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды
11. Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы рейтингтік агенттіктердің біреуінің ең аз талап етілетін рейтингісі болған кезде Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бола алады. Ең аз рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
12. Уәкілетті орган:
1) рұқсат берілуге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;
2) еншілес ұйым, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлға не сот қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен аталған ұйымдардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) еншілес ұйымды, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаны рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде бақылау белгілері болмаған;
4) еншілес ұйымның, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаның қызметі осы Заңның 48-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес болмауы анықталған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты өзі белгілеген тәртіппен кері қайтарып алады.
Еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарылып алынған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үш ай мерзімде еншілес ұйымның, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаның өздеріне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленбеген тұлғаларға иелігінен шығаруды жүргізуге және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
33-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары
мен өкілдіктерін құру, жабу
1. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның келісімінсіз, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесі шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - филиалдарын және өкілдіктерін ашуға құқылы.
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің филиалының немесе өкілдігінің әділет органдарында есептік тіркелген күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының және өкілдігінің есептік тіркелу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
3) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың ашылғаны жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылмайтын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орналасқан жерден тыс орналасқан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан сақтандыру қызметін жүзеге асыратын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы берген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін оқшауланған бөлімшесі. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен бірыңғай балансы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылмайтын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орналасқан жерден тыс орналасқан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін және сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын оқшауланған бөлімшесі.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарын ашудың міндетті шарттары:
1) «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аяқталған соңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша залал шекпеген қызметі;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалды әділет органдарында есептік тіркеген күннің алдындағы үш ай ішінде пруденциялық нормативтерді (активтерді әртараптандыру нормативін қоспағанда) сақтауы;
3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болмауы, сондай-ақ филиалды әділет органдарында есептік тіркеген күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының бірінші бөлігінде (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уәкілетті органға есептілікті не өзге де сұралатын ақпаратты ұсынуы мәселелері бойынша), бесінші, сегізінші, оныншы, он бірінші бөліктерінде, 174 және 175-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану түріндегі санкцияларды қолданбауы болып табылады.
6. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аяқталған соңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының залал шекпеген қызметі жағдайында өкілдік ашуға құқылы.
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 7 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға табыс етуге тиіс.
8. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасынан тыс жерде филиалдар мен өкілдіктер ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттің тиісті органындағы тіркеуді растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, олардың ашылғаны жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
9. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз өкілдігін уәкілетті органның келісімінсіз ашуға құқылы.
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 10 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
1) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өкілдігінің есептік тіркелу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
3) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметіне қолданылып жүрген лицензиясы бар екені туралы жазбаша растауын не сақтандыруды қадағалау органының жазбаша растау беру Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шыққан елдің заңнамасында көзделмегені туралы мәлімдемесін;
4) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігін ашуға қарсылық білдірмейтіні туралы жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының немесе беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;
5) сақтандыру ұйымының өкілдігі басшысының атына берілген нотариат куәландырған сенімхатты қоса тіркей отырып, өзінің ашылуы жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.
11. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын ашуға тыйым салынады.
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 12 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
12. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы, осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркей отырып уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 13 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің филиалын және (немесе) өкілдігін әділет органдарында (филиалдың немесе өкілдіктің қызметі Қазақстан Республикасынан тыс жерде тоқтаған кезде мемлекеттің тиісті тіркеу органында) есептік тіркеуден шығарған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын және (немесе) өкілдігін есептік тіркеуден шығарғанын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың қызметін тоқтатуы жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.
14. Осы баптың 2, 5-8, 10, 12-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын және (немесе) өкілдігі мен Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігін жабуды талап етуге құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 34-бап өзгертілді; 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 34- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара): 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
34-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және
сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне
қойылатын талаптар
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерінің бірінші басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқармасының бірінші басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру қызметін және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері болып танылады.
Бірінші басшы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері болып танылады.
2. Мыналар:
1) жоғары білімі жоқ;
2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызметтер көрсету және (немесе) қаржылық ұйымдардың аудитін жүргізу жөнінде қызметтер көрсету және (немесе) оларды реттеу саласында жұмыс стажы жоқ;
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) 4) тармақша өзгертілді
4) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
5) өзге қаржылық ұйымда басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді)
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз проценті тәуелсіз директорлар болуға тиіс.
Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс
4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келуі үшін:
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері және сақтандыру брокерінің бірінші басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді)
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма мүшелері, сақтандыру брокерінің бас бухгалтері және бірінші басшысының орынбасары лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.
Директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына қаржылық ұйым бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді)
5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органмен келіспей күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттілігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерінің және сақтандыру брокерінің міндеттерін уәкілетті органның келісімінсіз осы тармақта белгіленген мерзімнен асыра атқаруға (уақытша болмаған адамды ауыстыруға) тыйым салынады.