Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 153-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«153-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:
1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
3) тексеру жүргізу туралы хабарлау мерзімдерін сақтамау;
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптар мемлекеттік органның құзыретіне жатпаса, осындай талаптардың орындалуын тексеру;
5) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамалары тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды беруді талап ету;
6) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілердің, сынамалардың белгіленген нысан бойынша және (немесе) мемлекеттік стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және олардың зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар қолданысқа енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын санда іріктеп алынуы туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария ету және (немесе) тарату;
8) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерінен асып кету;
9) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 37-1-бабының 7-тармағы 2), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгілі бір мәселе бойынша, белгілі бір кезеңде бұрын тексеру жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаға қатысты көрінеу қайта тексеру жүргізу;
10) мемлекеттік бақылау мақсатында шығынды сипаттағы іс-шараларды жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен жүргізу;
11) жоспарлы тексеруді тағайындау кезінде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу;
12) тексерілетін субъектіге тексеру актісін ұсынбау, -
лауазымды адамға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші тармағында көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
2) 161-бапта:
екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
бесінші бөліктегі «бірінші - төртінші» деген сөздер «бірінші және төртінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 541-баптың бірінші бөлігінде:
«159» деген цифрлардан кейін «(екінші бөлігінде)» деген сөздер алып тасталсын;
«161 (төртінші» деген сөздер «161 (бірінші, төртінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
«163,» деген цифрлардан кейін «165,» деген цифрлармен толықтырылсын;
4) 543-бапта:
бірінші бөліктегі «159 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер, «165,» деген цифрлар алып тасталсын;
екінші бөлікте:
2) тармақшадағы «159 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер, «165,» деген цифрлар алып тасталсын;
3) тармақшадағы «159,», «165,» деген цифрлар алып тасталсын;
4) тармақшадағы «159, 165,» деген цифрлар алып тасталсын;
5) 544 және 557-баптардың бірінші бөлігіндегі «235 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
6) 570-1-баптың бірінші бөлігіндегі «159 (бірінші бөлігінде), 161 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздер, «165,» деген цифрлар алып тасталсын;
7) 634-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы «адамның» деген сөзден кейін «осы баптың 2-1-бөлігінің ережелерін ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген тексерудің нәтижесі кәсіпкерлік қызмет саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болып табылады.»;
8) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
екінші абзацтағы «159» деген цифрлардан кейін «(екінші бөлігі)» деген сөздер алып тасталсын;
жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтардағы «235 (екінші бөлігі),» деген сөздер алып тасталсын;
жиырма тоғызыншы абзацтағы «153,» деген цифрлар, «159 (екінші бөлігі), 161 (төртінші және бесінші бөліктері),» деген сөздер алып тасталсын;
отыз алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның (153, 356, 357-3-баптар);»;
елуінші абзац «127,» деген цифрлардан кейін «165,» деген цифрлармен толықтырылсын.
2. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 144-құжат; № 23, 173-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат):
1) 7-баптың 1-тармағының 27) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«27) мемлекеттік кедендік бақылау (кедендік бақылау) - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;»;
2) 17-1-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
3) 59-тараудың тақырыбындағы «тексеру» деген сөз «кеденнен кейінгі бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 459-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«459-бап. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды кеденнен кейінгі бақылау
1. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды кеденнен кейінгі бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексерулер жүргізудің түрлері, негіздері, мерзімдері мен тәртібі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленеді.
3. Кеденнен кейінгі бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.»;
5) 459-1-бап алып тасталсын;
6) 460 және 461-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«460-бап. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды бақылау
1. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды бақылау - кеден органы тауарлар мен көлік құралдарын жібергеннен кейін:
1) камералдық бақылау жүргізу;
2) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың қызметі туралы мәліметтерге мониторинг жүргізу;
3) ауызша сауал жүргізу;
4) түсініктемелер алу;
5) кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу жүйесін және олар бойынша есептілікті бақылау;
6) кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын түгендеу арқылы жүзеге асыратын кедендік бақылау нысаны.
2. Камералдық бақылау - кеден органы сыртқы экономикалық қызметке қатысушы немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға ұсынған кедендік декларациялардағы, тауарларға ілеспе және өзге де құжаттардағы мәліметтерді, бақылаушы органдардың мәліметтерін, сондай-ақ аталған тұлғаның қызметі туралы кеден органдарында бар басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерттеу және талдау арқылы жүзеге асыратын кедендік бақылау нысаны.
3. Мониторинг - сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың қызметі туралы ақпаратты жинау мен өңдеу.
4. Қазақсан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдарын жібергеннен кейін кеден органдарының лауазымды адамдары мұндай сауал жүргізу нәтижелерін жазбаша нысанда ресімдемей, адамдарға ауызша сауал жүргізуге құқылы.
5. Түсініктемелер алу - кеден органдарының лауазымды адамдарының декларанттардан және кеден шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдары туралы, сондай-ақ кеден ісі саласына қатысты өзге де ақпарат туралы мәліметтерді білетін өзге де адамдардан түсініктеме алуы.
Түсініктемелер жазбаша нысанда ресімделеді. Адамды түсініктемелер алу үшін шақыру туралы хабарламаға тиісті кеден органының басшысы қол қояды және ол шақырылатын адамға қолын қойғызу арқылы табыс етіледі.
6. Кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу жүйесін және олар бойынша есептілікті бақылау, мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен есепке алынуға жататын кезде, тауарларды шартты түрде жіберу кезінде қолданылады.
7. Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына, сондай-ақ өздеріне қатысты кедендік төлемдер мен салықтар төленбеген немесе кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жеңілдіктер берілген тауарларға түгендеу жүргізуге құқылы.
461-бап. Камералдық бақылауды жүргізу
1. Камералдық бақылауды жүргізу барысында кеден органы сыртқы экономикалық қызметке қатысушы немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға құжаттарының Қазақстан Республикасының кеден және сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген өзге де заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.
2. Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Кеден органдары камералдық бақылаудың нәтижелерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтерді өңдеу, жүйеге келтіру және кедендік бақылауды жүргізу кезінде тәуекел көрсеткіштерінің тізбесін қалыптастыру (қайта қарау) мақсатында пайдаланады.
3. Камералдық бақылауды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі не кеден сыртқы экономикалық қызметке қатысушының немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның объектілеріне бармастан, сондай-ақ «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдемей жүргізеді.
4. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға ұсынған кедендік жүк декларациялары, тауарларға ілеспе және өзге де құжаттар, сондай-ақ аталған тұлғаның қызметі жөнінде кеден органдарынан, басқа да мемлекеттік органдардан, шет мемлекеттердің осындай органдарынан, банктер мен банк ұйымдарынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған мәліметтер камералдық бақылау объектілері болып табылады.
5. Камералдық бақылауды жүзеге асыру кезінде мыналар:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға ұсынған және кеден органы жіберген кедендік жүк декларациялары, тауарларға ілеспе және өзге де құжаттар;
2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға ұсынған, кеден органы жіберген және кеден органы кеден ісі саласындағы уәкілетті органның немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің не кеденнің ақпараттық ресурстарынан алынған мәліметтерді талдау мен салыстыру негізінде іріктеп алған кедендік жүк декларациялары, тауарларға ілеспе және өзге де құжаттар, сондай-ақ аталған тұлғаның қызметі жөнінде кеден органдарынан, басқа да мемлекеттік органдардан, шет мемлекеттердің осындай органдарынан, банктер мен банк ұйымдарынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған мәліметтер;
3) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға ұсынған, кеден органы жіберген және айқындалмаған тәуекелді анықтау мақсатында бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып кездейсоқ іріктеу әдісімен таңдап алынған кедендік жүк декларациялары, тауарларға ілеспе және өзге де құжаттар зерделенуге жатады. Аталған әдіс арқылы кеден ісі саласындағы уәкілетті органның немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің не кеденнің ақпараттық ресурстарынан екі проценттен аспайтын құжаттарды іріктеп алу жүзеге асырылады.
Бақылауды жүзеге асырған кеден органы құжаттарды тіркеудің арнаулы журналында өздеріне қатысты камералдық бақылау жүргізілген құжаттарды тіркейді, ол нөмірленуге, байлап-қайымдалуға және кеден органының мөрімен бекітілуге тиіс.»;
7) 462-бап алып тасталсын.
8) 465 және 466-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«465-бап. Камералдық бақылаудың аяқталуы
1. Камералдық бақылау аяқталғаннан кейін кеден органының лауазымды адамдары:
1) камералдық бақылаудың жүргізілген орнын, актінің жасалған күнін;
2) камералдық бақылау жүргізген кеден органы лауазымды адамдарының лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (бар болғанда);
3) кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болғанда) не толық атауын;
4) кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының тұрған жерін, банк деректемелерін;
5) алдыңғы камералдық бақылау және бұрын анықталған Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы мәліметтерді;
6) кеден ісі саласында анықталған құқық бұзушылықтарды Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің тиісті нормаларына сілтеме жасай отырып, егжей-тегжейлі сипаттауды;
7) кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыны камералдық бақылаудың нәтижелерін көрсете отырып камералдық бақылау актісін жасайды.
2. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға камералдық бақылау актісін тапсырған күн камералдық бақылау мерзімінің аяқталған күні болып есептеледі.
3. Егер камералдық бақылау аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзу анықталмаса, камералдық бақылау актісінде тиісті жазба жасалады.
4. Камералдық бақылау актісіне құжаттардың көшірмелері, есеп-қисаптар және басқа да материалдар қоса тіркеледі.
5. Камералдық бақылау актісі бақылауды жүргізген кеден органы лауазымды адамдарының қолы қойылып, екі данада жасалады.
6. Камералдық бақылау актісі актілерді тіркеудің арнаулы журналында тіркеледі, ол нөмірленуге, байлап-қайымдалуға және кеден органының мөрімен бекітілуге тиіс.
7. Камералдық бақылау актісінің бір данасы кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға қолын қойғызу арқылы немесе актіні алу фактісін растайтын өзгеше тәсілмен беріледі.
8. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы камералдық бақылаудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының басшысы немесе уәкілетті лауазымды адамы камералдық бақылау актісіне тиісті жазба жасайды.
466-бап. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды кеденнен кейінгі бақылау нәтижелері бойынша шешім
1. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушысын кеденнен кейінгі бақылау аяқталғаннан кейін кеден органы кеденнен кейінгі бақылаудың нәтижелері туралы актіде көрсетілген нәтижелердің негізінде осы Кодекстің 350-бабында көзделген нысанда кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың есепке жазылған сомалары туралы хабарлама шығарады.
2. Хабарлама осы Кодекстің 350-бабында көзделген тәртіпке сәйкес кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға жіберіледі.
3. Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың есепке жазылған сомалары туралы хабарлама алған кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы оны осы Кодекстің 350-бабында белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
4. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде кеденнен кейінгі бақылаудың нәтижелеріне шағымдануға құқығы бар.».
3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат):
1) 14-баптың 1-тармағының 15) тармақшасындағы «қарау жатады.» деген сөздер «қарау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту жатады.»;
2) 145-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылау жерге түгендеу жүргізу, зерттеп-қарау, жерді пайдаланумен байланысты схемалар мен жобаларды әзірлеу, жердің мемлекеттік кадастрын және мониторингін жүргізу кезінде де жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.»;
4-тармақ алып тасталсын.
4. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат):
1) 4-баптың 57-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«57-1) орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;»;
2) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
3) 19-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.»;
4) 21-баптың 1-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік орман қорының жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсіруге бақылау жүргізу үшін белгіленген үлгідегі қызметтік куәлігін көрсете отырып, ұйымдарға бару;»;
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) осы Кодекстің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы қаулыларының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
3-2) мынадай:
осы Кодекс және Қазақстан Республикасы Үкіметінің орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы қаулылары бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы;
сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алынған орман ресурстарын, көлік құралдарын, оларды алу құралдарын алып қою туралы қаулыларды шығару;
3-3) тексеру нәтижелері туралы акт жасау;»;
5) 21-1-бап алып тасталсын.
5. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат):
1) мазмұнда:
49-1 - 49-3-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
2) 37-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
«28) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
3) 48-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.»;
4) 49-1, 49-2 және 49-3-баптар алып тасталсын;
5) 51-баптың 1-тармағында:
1) тармақша «мемлекеттік» деген сөздің алдынан «осы Кодекс және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуына «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеруді жүзеге асыруға,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада:
бірінші сөйлемде:
«нұсқамалар негізінде қызметтік куәлігін көрсете отырып» деген сөздер «мемлекеттік бақылау жүргізу үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тексеруді» деген сөз «бақылауды» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) су пайдаланудың белгіленген лимиттерінің, тіреуіш гидротехникалық құрылыстар режимінің, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын пайдалану қағидаларының, олардағы шаруашылық қызметтің белгіленген режимінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;