3-2) анықталған су ресурстарын пайдалану және оларды қорғау қағидаларын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығаруға;
3-3) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығаруға;
3-4) кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу арқылы келтірілген залалды өтеу туралы талап қоюға;».
6. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат):
1) мазмұнда:
119-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«119-бап. Инспекторлық экологиялық тексерулер»;
120 - 124-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
125-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«125-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылаудың өзге де нысандары»;
2) 1-баптың 1-тармағының 39) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«39) мемлекеттік экологиялық бақылау - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;»;
3) 17-бапта:
28-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:
«38) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
4) 119-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«119-бап. Инспекторлық экологиялық тексерулер
1. Инспекторлық экологиялық тексеру - мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауы туралы ақпаратты жинау мен талдау арқылы жүргізетін іс-шаралар кешені.
2. Инспекторлық экологиялық тексеруді жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, табиғат пайдаланушының қызметін тоқтата тұруға тиіс емес.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.»;
5) 120, 121, 122, 123 және 124-баптар алып тасталсын.
6) 125-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«125-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылаудың өзге де нысандары
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құрамына кіретін зертхана бақылауды қамтамасыз ету мақсатында тікелей табиғи объектілерде және ластау көздерінде талдамалық бақылауды жүзеге асырады.
2. Талдамалық бақылауды табиғат пайдалану объектісінің санитариялық-қорғаныш аймағынан тыс жерлерде жүзеге асыру үшін сынамаларды іріктеп алу кез келген уақытта тіркеусіз жүзеге асырылады.
3. Талдамалық бақылаудың нәтижелері табиғат пайдаланушылардың қоршаған орта сапасының нормативтерін сақтауын айқындайды және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталмауын негіздеу үшін пайдаланылады және қоршаған орта сапасының нормативтері шегінен асып кету фактілері бойынша тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеуге негіз болып табылады.
4. Камералдық бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тікелей орналасқан жері бойынша табиғат пайдаланушы табыс еткен есептілікті және басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негізінде жүзеге асырылады.
5. Табиғат пайдаланушының есептілігінде және басқа да құжаттарында қамтылған мәліметтер арасында қателіктер мен қайшылықтардың анықталуы тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеуге негіз болып табылады.».
7. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2009 жылғы 6 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 7 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 15-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
2) 16-бап мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
«25) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
3) 328-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«328-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылау»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.»;
4) 333-баптың екінші бөлігіндегі «тексеруді жүзеге асыру барысында белгілі болған (анықталған)» деген сөздер «Қазақстан Республикасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 334-бап алып тасталсын.
8. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар):
1) 556-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салықтық бақылау - Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық қызметі органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау.
2. Салықтық бақылау:
1) салықтық тексеру нысанында;
2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
3. Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:
1) салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;
2) бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуына бақылау;
3) акцизделетін тауарларға бақылау;
4) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;
5) мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына бақылау;
6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысаны шеңберінде:
1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;
2) салықтық нысандарды қабылдау;
3) камералдық бақылау;
4) ірі салық төлеушілердің мониториигі;
5) салықтық зерттеп-қарау жүзеге асырылады.
5. Салықтық тексеруді жүргізудің жалпы тәртібі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі мен мерзімінің ерекшеліктері осы Кодексте айқындалады.
7. Уәкілетті орган «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтаның нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 557-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының жетінші абзацындағы «туралы мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.» деген сөздер «туралы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) салықтық тексеру жоспары туралы мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.»;
3) 625-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
4) 627-бапта:
2-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мынадай:
салық органдарында тіркеу есебіне қою;
бақылау-кассалық машиналардың болуы;
этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер кезінде - нұсқамада көрсетілген аумақтың учаскесінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші;»;
4-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақта:
2) тармақшаның он үшінші абзацындағы «орындалуы мәселелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты салық қызметі органы жүргізетін тексеру.» деген сөздер «орындалуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он төртінші - жиырма сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша шағымын қарау;
төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға резидент еместің салықтық өтінішін қайта қарау туралы өтінішін қарау;
мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтау;
уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігіндегі қызметі;
салық органдарында тіркеу есебіне қою;
бақылау-кассалық машиналардың болуы;
этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;
бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін сақтау;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін лицензиялау қағидалары мен оларды өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау мәселелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты салық қызметі органы жүргізетін тексеру.
Мынадай:
салық органдарында тіркеу есебіне қою;
бақылау-кассалық машиналардың болуы;
этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектері бірлестіктерінің өкілдері осындай бірлестіктермен келісім бойынша тартылуы мүмкін.
Жеке кәсіпкерлік субъектері бірлестіктерінің өкілдері көрсетілген тақырыптық тексерулерді жүргізуі кезінде салық төлеуші құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Тақырыптық тексеру актісінде жеке кәсіпкерлік субъектерінің бірлестіктері өкілдерінің қатысу фактісі тіркеледі.».
3) тармақшадағы «және кешенді» деген сөздер «, кешенді» деген сөзбен ауыстырылып, «және қосымша» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақша алып тасталсын;
6-тармақ алып тасталсын;
9-тармақта:
1) тармақшадағы «салық қызметі органы тоқсан сайын» деген сөздер «уәкілетті орган жыл сайын» деген сөздермен ауыстырылсын.
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жоспардан тыс тексеру - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген, оның ішінде:
салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер бойынша;
салық төлеуші (салық агенті) бұрын тексерілген салық кезеңіне қосымша салық есептілігін осындай қосымша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында табыс еткен жағдайда;
салық қызметі органының бұрын жіберілген сұрау салулары бойынша алдыңғы салықтық тексеру барысында келіп түспеген жауап алынған жағдайда;
осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеуші (салық агенті) орындамаған жағдайда;
резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;
резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына байланысты;
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат қызметінің тоқтатылуына байланысты;
салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты;
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мерзімінің өтуіне байланысты;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелері бойынша;
қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау бойынша салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген талаптары негізінде;
резидент еместің төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтініші негізінде;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген міндеттерді банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы мәселелері бойынша;
соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша;
сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жүзеге асырылған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша;
салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағымын - осы шағымда көрсетілген мәселелер бойынша;
резидент еместің төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтінішін қайта қарау туралы өтінішіне байланысты;
олар бойынша лицензиар лицензия қолданысын тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәселесі бойынша;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның шешімі негізінде жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.
Осы баптың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жоспардан тыс тексерулер бұрын тексерілген кезең үшін жүзеге асырылады.»;
5) 628 және 630-баптар алып тасталсын;
6) 632-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мынадай:
салық органдарында тіркеу есебіне қою;
бақылау-кассалық машиналардың болуы;
этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексеру тағайындалған кезде нұсқамада аумақтың тексерілетін учаскесі, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тармақта көзделген мәліметтер көрсетілуге тиіс.»;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «және рейдтік салықтық» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мынадай:
салық органдарында тіркеу есебіне қою;
бақылау-кассалық машиналардың болуы;
этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін.»;
7-тармақ алып тасталсын;
7) 633-бапта:
3-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық қызметі органының салықтық тексеру жүргізуші лауазымды адамы, мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманың түпнұсқасын тапсырады.»;
4-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер жүргізілген кезде салық төлеушіге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызмет көрсететін қызметкеріне танысу үшін нұсқаманың түпнұсқасы көрсетіледі және оның көшірмесі тапсырылады.»;
8) 637-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «және қосымша» деген сөздер алып тасталсын;
9) 670-бапта:
2-тармақтағы «қосымша» деген сөз «тақырыптық» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «қосымша» деген сөз «тақырыптық» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 672-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «қосымша» деген сөз «тақырыптық» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 675-баптағы «Қосымша», «қосымша» деген сөздер тиісінше «Тақырыптық», «тақырыптық» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 685-баптағы «Қосымша», «қосымша» деген сөздер тиісінше «Тақырыптық», «тақырыптық» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат):
1) 19-бап мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 20-1-бапта:
5 және 6-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
10. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат):
1) 1-бапта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік көліктік бақылау (бұдан әрі - көліктік бақылау) - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде көлік саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;»;
алтыншы бөлік алып тасталсын;
2) 25-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-1-бап. Көлік саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Көлік саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 25-2-бап алып тасталсын.
11. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат):
6-бап мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.
Уәкілетті орган «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
12. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат):
12-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргізудің жыл сайынғы жиынтық жоспарын ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сайтына орналастырады.».
13. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат):
1) 5-1-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 11-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1-бап. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 11-2-бап алып тасталсын.
14. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 182-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 22, 170-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат):
1) 8-1-бап мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;