3. Соттың істі қосымша тергеуге немесе жаңадан сот қарауына жіберу туралы заңды күшіне енген қаулысына өтініш, наразылық олар заңды күшіне енген күннен бастап он бес тәуліктің ішінде берілуі мүмкін.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 462-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара)
462-бап. Заңды күшіне енген соттың үкімін, қаулысын қайта қарау туралы өтінішті, наразылықты беру тәртібі
1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініш, наразылық Жоғарғы Сотқа жазбаша түрде беріледі. Өтініште, наразылықта осы Кодекстің 407-бабында тізбеленген мән-жайлардан басқа, іс бойынша іс жүргізу кезінде заңды қандай бұзушылықтарға жол берілгені және ол бұзушылықтардың шығарылған сот шешімдерінде қалай көрініс тапқаны және шағым жасалып отырған сот актісін қайта қарау үшін осы Кодекстің 459-бабында атап тізбеленген қандай негіздердің бар екені көрсетілуге тиіс.
2. Өтінішке, наразылыққа шағым жасалып отырған сот шешімдерінің көшірмелері және өтініш, наразылық дәйектерінің негізділігін растайтын өзге де материалдар қоса тіркелуге тиіс.
3. Соттардың заңды күшіне енген үкімдеріне, қаулыларына берілген, өзге де мемлекеттік органдарға немесе қоғамдық ұйымдарға жолданған өтініштер Жоғарғы Соттың іс жүргізуіне қабылданбайды.
4. Осы Кодекстің 466-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініштің, наразылықтың берілуі олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
2005.30.12 № 111-III Р Заңдарымен 462-1- баппен толықтырылды; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 462-1-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара)
462-1-бап. Өтініштерді, наразылықты қарамай қайтару
1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініш, наразылық мынадай негіздер бойынша:
1) өтініш, наразылық осы Кодекстің 462-бабының талаптарына сай келмесе;
2) заңды күшіне енген осы сот актісіне өтінішті, наразылықты осы Кодекстің 460-бабына сәйкес шағым жасауға құқығы жоқ адамдар берсе;
3) өтініш, наразылық осы Кодекстің 461-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілсе;
4) өтініш, наразылық оларды мәні бойынша қарағанға дейін кері қайтарып алынса;
5) 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара)
6) өтініш, наразылық осы Кодекстің 458-бабының екінші бөлігіне сәйкес сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайтын сот актілеріне берілсе, олар берген адамдарға қайтарылуға тиіс.
2. Өтінішті, наразылықты қайтару үшін негіз болған осы баптың бірінші бөлігінің 1) - 2) тармақтарында көрсетілген кемшіліктер жойылған кезде, олар жалпы негіздерде жаңадан берілуі мүмкін.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 463-бап жаңа редакцияда ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 463-бап жаңа редакцияда
463-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішті алдын ала қарау
1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішті Жоғарғы Сот Төрағасының немесе алқа төрағасының тапсырмасы бойынша құрамы үш судьядан тұратын сот алдын ала зерделейді және қарайды. Қажет болған жағдайда қылмыстық іс талап етіліп алынуы мүмкін.
Егер істі талап етіп алу кезінде сот істі қабылдап алған болса және ол бойынша сот талқылауы басталса немесе қосымша тергеу жүргізіліп жатқан болса, соттың істі қосымша тергеуге немесе жаңадан сот қарауына жіберу туралы қаулысына өтініштің, наразылықтың дәйектерін тексеру үшін істі талап етіп алуға болмайды.
2. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініш келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде, ал іс талап етіліп алынған жағдайда - іс келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралады.
3. Өтініштің алдын ала қаралатын күні туралы прокурорға, сондай-ақ өтінішті берген тұлғаға хабарланады, алайда олардың келмеуі іс бойынша сот қадағалауы тәртібімен іс жүргізуді қозғаудың негізі бар немесе жоқ екендігі туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 464-бап жаңа редакцияда ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 464- бап жаңа редакцияда; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 464-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара)
464-бап. Өтінішті алдын ала қараудың нәтижелерi
бойынша қабылданатын қаулылар
1. Сот өтінішті алдын ала қараудың нәтижелері бойынша:
1) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау және өтінішті қылмыстық істі сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы;
2) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы;
3) өтінішті қайтару туралы қаулы шығарады.
2. Соттың өтініштіалдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарған қаулысында:
1) қаулының шығарылған күні мен орны;
2) өтінішті қараған және қаулы шығарған тиісті сот судьяларының тегі мен аты-жөні;
3) дау туғызған сот актісін көрсете отырып қаулы шығарылған іс;
4) өтінішті берген адам;
5) өтініште келтірілген дәлелдер;
6) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудың немесе одан бас тартудың не өтінішті оларды берген адамдарға қайтарудың негіздері;
7) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірі көрсетілуге тиіс.
3. Өтініштің алдын ала қаралу нәтижелері жөнінде оны берген тұлғаға хабарланады.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 465-бап жаңа редакцияда ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 465- бап жаңа редакцияда; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 465-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара)
465-бап. Қадағалау сатысының сот отырысын тағайындау
1. Қадағалау сатысы шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы соттың қаулысын алғаннан кейін тараптарға заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініштің көшірмесін, сот отырысын өткізу күнін, уақытын, орнын көрсете отырып, істің қадағалау сатысында қаралуы туралы хабарлама жібереді.
2. Қадағалау сатысындағы іс қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы қаулымен бірге іс қадағалау сатысына берілген не прокурор наразылығы келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралуға тиіс.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 466-бап жаңа редакцияда ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 466- бап өзгертілді
466-бап. Сот үкімінiң, қаулысының орындалуын тоқтата тұру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры iстi сұратып алумен бiр мезгiлде сот үкімінiң, қаулысының орындалуын қадағалау тәртібімен тексеру үшiн үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
05.05.00 ж. № 47-II; 11.07.01 ж. № 238-II; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 467-бап өзгертілді; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 467-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара)
467-бап. Істі қадағалау сатысында қараудың тәртібі, қадағалау сатысы сотының шешімдері
1. Қадағалау сатысының сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің өтініші (наразылығы) бойынша қайта қаралатынын, сот құрамына кімдердің енетінін және сот отырысы залында процеске қатысушылардың қайсысы келіп отырғанын хабарлауымен ашылады. Істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген өтініш (наразылық) берген тұлғаның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Прокурордың қадағалау сатысының сот отырысына қатысуы міндетті.
2. Мәлімделген бас тартулар мен өтініштер шешілгеннен кейін сот тыңдауды жалғастыру туралы не оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Сот істі тыңдауды жалғастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда төрағалық етуші өтініш (наразылық) берген процеске қатысушыға сөз береді. Егер мұндай қатысушылар бірнешеу болса, онда олар өздері ұсынған сөз сөйлеу кезектілігін соттың назарына жеткізеді. Егер олар өзара келісімге келе алмаса, онда сөз сөйлеу кезегін сот белгілейді.
3. Өтінішті (наразылықты) берген тұлға, өз пікірі бойынша, шағым жасалып отырған шешімнің неге байланысты заңсыз, негізсіз, әділетсіз болып табылатыны туралы дәлелдері мен дәйектерін айтып береді. Содан соң төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.
4. Егер өтінішті қорғау тарабы берген болса, онда алғашқы сөзді оның өкілдері болып табылатын процеске қатысушылар алады. Олардың сөз сөйлеу тәртібі өздері қол жеткізген уағдаластыққа сәйкес не ондай уағдаластық болмаған жағдайда, соттың шешімімен белгіленеді.
5. Егер өтінішті (наразылықты) айыптау тарабы берген болса, онда оның өкілдері бірінші болып сөз алады, содан соң төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.
6. Істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде сот осы Кодекстің 370-бабының талаптарын сақтай отырып, кеңесу бөлмесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) соттың үкімін, қаулысын - өзгеріссіз, ал оларды қайта қарау туралы өтінішті, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
2) бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың үкімін, бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардың қаулысын өзгертеді;
3) үкімнің және одан кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі қысқартады;
4) үкімнің және одан кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі жаңадан сот қарауына жібереді;
5) соттың үкімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдыра отырып, апелляциялық және кассациялық тәртіппен шығарылған қаулылардың күшін жояды.
Егер сот істі қабылдап алған болса және ол бойынша сот талқылауы басталса немесе қосымша тергеу жүргізіліп жатқан болса, соттың істі қосымша тергеуге немесе жаңадан сот қарауына жіберу туралы қаулысының күшін жою туралы шешім қабылдана алмайды.
7. Үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге осы Кодекстің 412-бабында көрсетілген мән-жайлар негіз болып табылады.
8. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың қаулылары, егер осы қаулы арқылы бірінші сатыдағы сот заңсыз және негізсіз шешім қабылдаған не жоғары тұрған сот іс бойынша осының алдындағы қаулылардың немесе үкімнің күшін заңсыз және негізсіз жойған немесе оларды өзгерткен деп танылған болса, не егер істі жоғары тұрған сотта қарау кезінде қабылданатын шешімнің дұрыстығына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін заңды елеулі түрде бұзуға жол берілсе, күші жойылуға немесе өзгертілуге жатады.
9. Егер істі кассациялық тәртіппен қарау кезінде істі заңсыз қысқартуға немесе сотталған адамның жазасын жеңілдетуге жол берілген болса, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық қаулының күшін жоюға және бірінші сатыдағы соттың үкімін, апелляциялық қаулыны өзгертіп немесе өзгертпей, күшінде қалдыруға құқылы.
10. Сот сотталған адамға тағайындалған жазаны жеңілдетуі немесе неғұрлым жеңіл қылмыс туралы заңды қолдануы мүмкін, бірақ ол жазаны күшейтуге не неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқылы емес, сондай-ақ сот талқылауының нысанасы болмаған фактілерді анықтауға немесе оларды дәлелденген деп есептеуге құқылы емес.
11. Іс жаңадан қарауға жіберілген жағдайда сот: айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, қандай да бір дәлелдемелердің дәйектілігі немесе дәйексіздігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ сот жасауы мүмкін тұжырымдарды алдын ала шешуге құқылы емес.
12. Сот үкімінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін істі қарайтын сот толық көлемінде тексереді. Сот актісіне өтініште (наразылықта) көрсетілмеген негіздер бойынша, сондай-ақ өздері жөнінде өтініш (наразылық) берілмеген басқа сотталған адамдарға қатысты өзгерістер енгізуге, егер бұл ретте сотталған адамдардың жағдайы нашарламайтын болса, өзі жөнінде өтініш берілген сотталған адаммен бірге қатысып жасалған қылмыстың саралануын өзгерткен кезде жол беріледі. Сот жағдайды нашарлататын шешімді тек прокурордың наразылығында немесе өтініште көрсетілген сотталған адамдарға қатысты ғана қабылдауға құқылы. Сот сотталған адамның жағдайын оның өтініші немесе оның қорғаушысының немесе өкілінің өтініші бойынша нашарлатуға құқылы емес.
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен мазмұн 467-1-баппен толықтырылды
467-1-бап. Адвокаттың қадағалау сатысындағы сотқа міндетті түрде қатысуының негіздері
Егер сотталушының жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылатын, жәбірленушінің (азаматтық талап қоюшының) өтініші, прокурордың наразылығы бойынша іс қаралып жатқан не іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және істі бірінші сатыда қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда, адвокаттың қадағалау сатысындағы сот отырысына қатысуы міндетті. Мұндай жағдайларда қорғаушыны шақыруға, тағайындауға, ауыстыруға, оның еңбегіне ақы төлеуге байланысты мәселелер осы Кодекстің 72-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 468-бап өзгертілді
468-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының мазмұны
Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық қаулы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуi тиiс. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысына iс бойынша шешiм қабылдаған барлық судьялар қол қояды.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен ; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара) 469-бап өзгертілді
469-бап. Iстi соттың үкімі мен қаулысының күшiн
жойған соң қарау
1. Заңды күшіне енген сот үкімінің немесе қаулысының күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға жатады. Төмен тұрған сатыдағы сот істі қайтадан қараған кезде қадағалау сатысындағы соттың нұсқаулары міндетті.
2. Iстi тиiсiнше бiрiншi, апелляциялық сатыдағы сот қараған кезiнде жазаны күшейтуге немесе мейлiнше ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға, егер алғашқы үкiмнiң немесе қаулының қадағалау тәртібімен жазаның жұмсақтығына орай немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты күшi жойылған жағдайда ғана жол берiледi. Бiрiншi сатыдағы соттың шығарған үкіміне iстi жаңадан талқылау кезiнде шағым жасалуы және жалпы тәртiппен наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 470-бап өзгертілді; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 470-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара)
470-бап. Соттың істі жаңадан қараған кезде шығарған үкімін және қаулысын қайта қарау туралы өтініш (наразылық) келтіру
Бұрынғы үкімнің немесе қаулының күшінің жойылуына байланысты шығарылған жаңа үкімді немесе қаулыны қайта қарау туралы өтініш (наразылық) соттың бірінші үкімінің немесе қаулысының күшін жою себептеріне қарамастан жалпы негіздерде берілуі мүмкін.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 470-1-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
470-1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысын тағайындау
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы келіп түскеннен кейін Жоғарғы Соттың Төрағасы жалпы отырысты шақырады. Жалпы отырыстың хатшысы жалпы отырыстың мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына жалпы отырыстың өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы хабарлайды.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 470-2-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
470-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының ұсынуды немесе наразылықты қарау тәртібі
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы ұсынуды немесе наразылықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы немесе Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ұсынуды не наразылықты енгізудің осы Кодекстің 458-бабының үшінші бөлігінде көзделген негіздері туралы баяндайды.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы көрсетілген негіздер болмаған кезде істі қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ал негіздер болған кезде істі мәні бойынша қарау үшін сот отырысын тағайындайды.
4. Істі мәні бойынша қарау судьяның ұсынудың мән-жайлары және негіздері туралы баяндамасымен не прокурордың наразылықтың мән-жайлары мен негіздері туралы баяндамасымен басталады. Істі одан әрі қарау осы Кодекстің 467-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
51-тарау. Жаңадан ашылған мән-жайларға
байланысты іс бойынша іс жүргізуді
қайта бастау
16.03.01 ж. № 163-II ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 471-бап өзгертілді
471-бап. Iс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi
1. Соттың заңды күшiне енген үкiмнiң, қаулысының күшi жойылуы және iс бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс жүргiзу қайта басталуы мүмкiн.
2. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi:
1) соттың заңды күшiне енген үкімінде анықталған жәбiрленушiнiң немесе куәгердiң айғақтарының, сарапшы қорытындысының көрiнеу жалғандығы, сондай-ақ заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан заттай айғақтардың, тергеу және сот iс-әрекеттерi хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрiнеу бұрыс жасалуы;
2) соттың заңды күшiне енген үкімінде анықталған анықтаушының, тергеушiнiң немесе прокурордың заңсыз және негiзсiз үкiм, қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық iс-әрекеттерi;
3) соттың заңды күшiне енген үкімінде анықталған судьялардың осы iстi қарау кезiнде жасаған, қылмыстық iс-әрекеттерi;
4) осы Кодекстiң 474-бабында көзделген тәртiппен тексеру немесе тергеу арқылы анықталған және прокурордың қорытындысында баяндалған, үкiм шығару кезiнде сотқа беймәлiм болған өзге де мән-жайлар сотталушының айыпсыздығы туралы немесе оның ауырлық дәрежесi жөнiнен өзi сотталғаннан гөрi өзге қылмыс жасағаны туралы не ақталған адамның немесе өзiне қатысты iс тоқтатылған адамның айыптылығын өз алдына немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бiрге айғақтайтын ұйғарымдар;
5) өзіне қатысты осы Кодекстің 315-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында белгіленген тәртіппен іс қаралған сотталушының, ол қылмыстық процесті жүргізуші органға келген жағдайда ерік білдіруі ;
6) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің соттың сот актісін шығару кезінде қолданған заңын конституциялық емес деп тануы болып табылады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң 1-3-тармақтарында аталған мән-жайлар үкiммен қатар соттың, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының мерзiмнiң ескiруiне орай, рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсiнiң нәтижесiнде, айыпталушының қайтыс болуына немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту жасына жетпегендiгiне байланысты қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулысы арқылы анықталуы мүмкiн.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 472-бап өзгертілді
472-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға
жататын қылмыстық iстер бойынша сот шешiмдерi
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша:
1) айыптау үкімі;
2) ақтау үкімі;
3) iстi тоқтату туралы қаулы қайта қаралуы мүмкiн.
473-бап. Iс жүргiзудi қайта бастаудың мерзiмдерi
1. Айыптау үкімін жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты сотталушының пайдасына қайта қарау ешқандай мерзiммен шектелмейдi.
2. Сотталушының қайтыс болуы ақтау мақсатында жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс жүргiзудi қайта бастауға кедергi болып табылмайды.
3. Ақтау үкімін, iстi тоқтату туралы қаулыны қайта қарау, сондай-ақ жазаның жұмсақтығы себебi бойынша немесе сотталушыға анағұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгi бойынша айыптау үкімін қайта қарауға қылмыстық жауаптылыққа тартудың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 69-бабында белгiленген мерзiмнiң ескiруi iшiнде ғана және жаңа мән-жайлардың ашылған күнiнен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей жол берiледi.
4. Жаңа мән-жайлардың ашылған күнi болып:
1) осы Кодекстiң 471-бабының екiншi бөлiгiнiң 1-3-тармақтарында көзделген жағдайларда - жалған айғақтар беруге, жалған дәлелдер ұсынуға, терiс аударма жасауға немесе iстi тексеру немесе қарау барысында жасалған қылмыстық iстерi үшiн кiнәлi адамдарға қатысты үкiмнiң (қаулының) заңды күшiне енген күнi;
2) осы Кодекстiң 471-бабының екiншi бөлiгiнiң 4-тармағында көзделген жағдайда - жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс жүргiзудi қайта бастау қажеттiгi туралы қорытындыға прокурордың қол қойған күнi есептеледi.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 474-бап өзгертілді
474-бап. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзу
1. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзудi қозғау құқығы прокурорға тиесiлi.
2. Азаматтардың өтiнiштерi, оның iшiнде процеске қатысушылардың осы iс бойынша өтiнiштерi, ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарламалары, сондай-ақ басқа қылмыстық iстердi тергеу және қарау барысында алынған деректер жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзудi қозғауға себеп болады.
3. Егер келiп түскен өтiнiште немесе хабарламада осы Кодекстiң 471-бабының екiншi бөлiгiнiң 1-3-тармақтарында көрсетiлген мән-жайларға байланысты шығарылған сот үкімінiң бар екендiгiне сiлтеме болса, прокурор өзiнiң қаулысымен жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзудi қозғайды, тиiстi тексеру жүргiзедi, үкiмнiң көшiрмесi мен оның заңды күшiне енгенi туралы соттың анықтамасын талап етедi.
4. Егер өтiнiште немесе хабарламада осы Кодекстiң 471-бабының екiншi бөлiгiнiң 4-тармағында аталған өзге де мән-жайлар көрсетiлсе, прокурор өз құзыретiнiң шегiнде жаңадан ашылған мән-жайға орай iс жүргiзудi қозғау туралы қаулы шығарады және алдын ала тергеу органына тергеудi жүргiзу туралы тапсырма бередi. Жаңадан ашылған мән-жайларды мұндай тергеу кезiнде осы Кодекстiң ережелерi сақтала отырып жауап алу, тексеру, сараптама жасау, сұрыптап алу және өзге де тергеу iс-әрекеттерi жүргiзiлуi мүмкiн.
475-бап. Прокурордың тексеру немесе тергеу аяқталғаннан
кейiнгi iс-әрекетi
1. Тексеру немесе жаңадан ашылған мән-жайды тергеу аяқталғаннан кейiн iс бойынша iс жүргiзудi қайта бастауға негiздер болған кезде прокурор iстi осы Кодекстiң 471-бабының екiншi бөлiгiнiң 1-3-тармақтарында көзделген жағдайларда өзiнiң қорытындысымен, үкiмнiң көшiрмесiмен және нақ осы баптың екiншi бөлiгiнiң 4-тармағында көзделген жағдайларда тергеу материалдарымен, бұл ретте осы Кодекстiң 471-бабының бiрiншi бөлiгiн басшылыққа ала отырып, тиiстi сотқа жолдайды.
2. Прокурор iс бойынша iс жүргiзуді жаңғыртуға негiздер болмаған кезде өзiнiң дәлелдi қаулысымен жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша өзi қозғаған iс жүргiзудi тоқтатады.
3. Iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы осы Кодекстiң 476-бабына сәйкес жаңадан ашылған мән-жайларға орай осы iс бойынша iс жүргiзудi жаңғырту туралы мәселенi шешуге құқылы сотқа шағымдану құқығын мүдделi адамдарға түсiндiре отырып, олардың назарына жеткiзiледi.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 476-бап өзгертілді; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 476-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара)
476-бап. Соттың іс бойынша іс жүргізуді жаңғырту туралы мәселені шешуі
1. Сот шешімдерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды үкім, қаулы шығарған бірінші сатыдағы сот жүзеге асырады. Егер іс бойынша апелляциялық немесе кассациялық сатылардың қаулысы шығарылған болса, сот шешімдерін қайта қарауды тиісінше көрсетілген сатылар жүзеге асырады. Егер іс қадағалау тәртібімен қаралған болса, сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау Жоғарғы Сотта қаралады. Тиісінше көрсетілген сот сатылары прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды қарайды.