3. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша неғұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза көзделетiн заңды қолдануға немесе жәбiрленушi (прокурор) осы негiздер бойынша шағым (наразылық) берген жағдайда ғана неғұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
ҚР 02.07.03 ж. № 451-II; 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2008.05.07 № 64-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 668-бап өзгертілді
668-бап. Осы Кодекстiң iс жүргiзу нормаларының едәуiр бұзылуы
1. Iс жүргiзу және оны қарау кезiнде осы Кодекс принциптерiнiң және iске қатысушы адамдардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларды тарылту, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу рәсiмдерiн сақтамау немесе iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге өзге жолмен кедергi келтiру арқылы заңды және негiзделген қаулы шығаруға ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн өзге де жалпы ережелерiнiң бұзылуы осы Кодекстiң iс жүргiзу нормаларының едәуiр бұзылуы деп танылады.
2. Iс жүргiзудiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi iс үшiн маңызы болуы мүмкiн жол берiлетiн дәлелдемелердi зерттеуден қате шығарып тастаудың немесе дәлелдемелердi зерттеуден негiзсiз бас тартудың; мiндеттi түрде зерттеуге жататын дәлелдемелердi зерттемеудiң нәтижесi болған кезде қаулының күшi жойылуға тиiс.
3. Егер:
1) осы Кодекстiң 577, 580, 581-баптарында көзделген негiздер болған жағдайда iс жүргiзу қысқартылмаған болса;
2) қаулыны әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi емес судья, орган (лауазымды адам) шығарса;
3) iс қатысуы заң бойынша мiндеттi болып табылатын қорғаушының қатысуынсыз қаралса немесе өзi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан адамның қорғаушы алу құқығы өзге де жолмен бұзылса;
4) өзi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан адамның ана тілін немесе өзi бiлетiн тiлдi және аудармашы қызметiн пайдалану құқығы бұзылса;
5) өзi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан адамға iстiң мән-жайлары туралы түсiнiктеме беру құқығы берiлмесе;
6) қаулыға осы Кодекстiң 651-бабының бесiншi бөлiгiнде аталған адамдардан қайсы бiреуiнiң қолы қойылмаса, қаулының барлық жағдайда күшi жойылуға тиiс.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде осы баптың үшiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында көрсетiлген iс жүргiзу нормаларының бұзылуына жол берiлгендiгiн анықтаған соң жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс бойынша қаулының күшiн жояды және iс жүргiзудi қысқартады.
5. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде iс жүргiзу нормаларының қандай да болсын өзгеше едәуiр бұзылуына жол берiлген болса, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс қарауды жүргiзе отырып, бұл орайда жол берiлген құқық бұзушылықты жоюға шаралар қолданады, сонан соң тиiстi мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының, төмен тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысының күшiн жояды және iс қараудың нәтижелерiн ескере отырып, жаңа қаулы шығарады.
669-бап. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық
бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды
тұлғаның мүлiктiк қаржы жағдайына сай келмеуi
1. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаны оның тым қатаңдығы салдарынан әдiл емес, жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сай келмейдi деп танып, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк жаза қолданудың жалпы ережелерiн басшылыққа ала отырып, жазаны жұмсартады.
2. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) кiнәлiге (заңды тұлғаға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулымен белгiленген неғұрлым қатаң жаза қолдануы мүмкiн, бiрақ оны осы негiз бойынша прокурор наразылық келтiрген немесе жәбiрленушi шағым берген жағдайда қолданады.
670-бап. Iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулының күшiн жою немесе оны
өзгерту
1. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс жүргiзудi қысқартудың негiзсiздiгiне жәбiрленушiнiң шағымы бойынша не прокурордың наразылығы бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығара отырып, iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулының күшiн жоюы мүмкiн.
2. Iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы өзi жөнiнде iс жүргiзу қысқартылған адамның шағымы бойынша қысқарту негiздемесi бөлiгiнде өзгертiлуi мүмкiн.
671-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым,
наразылық жөніндегі ұйғарымды жария ету
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөніндегі ұйғарым ол шығарылғаннан кейiн дереу жария етiледi.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөніндегі ұйғарымның көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн үш тәулiкке дейiнгi мерзiмде өзi жөніндегі iс бойынша қаулы шығарылған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, өзi шағым берген жағдайда немесе оның өтiнiшi бойынша жәбiрленушiге, наразылық келтiрген прокурорға тапсырылады немесе салып жiберiледi.
3. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөніндегі ұйғарым қаулыны орындаушы органның (лауазымды адамның), сондай-ақ өзi жөнiнде қаулы шығарылған адамның назарына ұйғарым шығарылған күнi жеткiзiледi.
40-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды
күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды
қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II; 02.07.03 ж. № 451-II ; 2007.02.03. № 270-III (бұр. ред. қара) ; 2008.05.07 № 64-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 672-бап өзгертілді
672-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды
күшiне енген қаулыларды және оларға шағымдарды,
наразылықтарды қарау нәтижелерi жөніндегі ұйғарымдарды
қайта қараудың ерекше тәртібі
Осы Кодекстің 674-бабының бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдардың наразылығы бойынша, мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттар және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар судьяларының шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша күшіне енген қаулылары, мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттар және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың судьяларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының қаулыларына шағым, наразылық бойынша аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының, жоғары тұрған соттар судьяларының ұйғарымдары, сондай-ақ осы Кодекстің 664-бабының бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайда судьялар (аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары) шығарған қаулылар сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін. Сондай-ақ судья (сот) осы Кодекстің 648-бабының 1-1-бөлігінде көзделген тәртіппен шығарған сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулылар, Жоғарғы Сот алқасының қаулыларын қоспағанда, сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.Соттың әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның не өзi жөнiнде әкiмшiлiк iс жүргiзу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына қарай қайта қарауына соттың немесе уәкiлеттi мемлекеттік органның қаулысы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде жол берiледi.
2007.02.03. № 270-III (бұр. ред. қара) Заңымен 673-бап өзгертілді
673-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларды
және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi
жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарауға құқықты соттар
Осы Кодекстiң 672-бабында аталған заңды күшiне енген қаулыларды және ұйғарымдарды облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың алқалары , ал осы Кодекстің 672-бабында көрсетілген сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істер бойынша қаулыларды жоғары тұрған инстанциядағы сот алқасы қайта қарауға құқылы.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 674-бап өзгертілді
674-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға
және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi
жөніндегі ұйғарымдарға наразылық келтiру
1. Осы Кодекстiң 672-бабында аталған заңды күшiне енген қаулыларға және ұйғарымдарға наразылық келтiру құқығы Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, облыстардың прокурорларына және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарларына берiлген.
2. Осы Кодекстiң 672-бабында аталған заңды күшiне енген қаулыларды және ұйғарымдарды қайта қарау туралы өтiнiштер жасауға әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның, жәбiрленушiнiң, аталған адамдардың қорғаушыларының, заңды өкiлдерi мен өкiлдерiнiң құқығы бар.
675-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата
тұру
1. Осы Кодекстiң 674-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың осы Кодекстiң 674-бабында аталған, заңды күшiне енген қаулыларға және ұйғарымдарға наразылық келтiруi бұл қаулылардың, ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрады.
2. Осы Кодекстiң 674-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың судья шығарған әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулыға наразылық келтiруi бұл қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 674-бап өзгертілді
676-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне
енген қаулыларды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында
қайта қарау
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының наразылығы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Алқасы заңды күшiне енген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кез келген iс бойынша қаулының, сол сияқты қаулыға шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi жөніндегі ұйғарымның (қаулының) заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеруге және қабылданған шешiмдi қайта қарауға құқылы.
41-тарау. Ақтау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды
адамның) заңсыз әрекеттерімен келтірілген
зиянды өтеу
677-бап. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның кiнәсiздiгiн тану
жолымен ақтау
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) ол жөнiнде осы Кодекстiң 580-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1)-7) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша iстi қысқарту туралы қаулы шығарған адам кiнәсiз деп есептеледi және олардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарына қандай да болсын шектеу қоюға болмайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамды ақтау және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде оған келтiрiлген зиянды өтеу жөнiнде заңда көзделген шаралардың бәрiн қолдануға тиiс.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) ҚР Заңдарымен 678-бап өзгертілді
678-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi
органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде
келтiрiлген зиянды өтеттiруге құқығы бар адамдар
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) кiнәсiне қарамастан, заңсыз әкiмшiлiк ұстау, әкiмшiлiк қамау, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану нәтижесiнде адамға келтiрiлген зиян республикалық бюджеттен толық көлемiнде өтеледi.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтетуге:
1) осы Кодекстiң 584-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың;
2) егер iс жүргiзу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болуына қарамастан басталса немесе олар анықталған кезден бастап қысқартылса, iс бойынша олар жөнiнде iс жүргiзу басталмауы тиiс, ал басталғаны осы Кодекстiң 580-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1)-7) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша қысқартуға жататын адамдардың құқығы бар.
3. Жеке тұлға қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттiру құқығы оның мұрагерлерiне көшедi.
4. Егер iс жүргiзу барысында адамның ерiктi түрде өзiне-өзi айып тағу жолымен шындықты анықтауға кедергi келтiргенi, сөйтiп осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған зардаптардың тууына ықпал еткенi дәлелденсе, оның зияны өтеуге жатпайды.
5. Осы баптың ережелерi нақ бұл баптың екiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында аталған мән-жайлар болмаған кезде адамға қолданылған әкiмшiлiк жазаның және басқа да әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларының күшi жойылған немесе ескiру мерзiмiнiң өтуiне, әкiмшiлiк жауаптылықты жоятын немесе әкiмшiлiк жазаны жұмсартатын заңның қабылдануына байланысты өзгерген жағдайларға қолданылмайды.
679-бап. Өтеуге жататын зиян
Осы Кодекстiң 678-бабында аталған адамдардың мүлiктiк зиянды толық көлемiнде өтетуге, моральдық зиян салдарын жойғызуға және барлық жоғалтқан немесе нұқсан келтiрiлген құқықтарын қалпына келтiртуге құқығы бар.
680-бап. Зиянды өтеттiру құқығын тану
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) адамды толық немесе iшiнара ақтау туралы шешiм қабылдап, олардың кейiн зиянды өтеттiру құқығын тануға тиiс. Iстi қысқарту туралы, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы қаулының көшiрмесi мүдделi адамға тапсырылады не поштамен жiберiледi. Сонымен бiрге оған зиянды өтеу тәртібі түсiндiрiлген хабарлама жiберiледi. Зиян өтемiне құқығы бар өлген адам мұрагерлерiнiң, туыстарының немесе асырауындағылардың тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер болмаған жағдайда олар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) жүгiнген күннен бастап бес күннен кешiктiрмей оларға хабарлама жiберiледi.
681-бап. Мүлiктiк зиянды өтеу
1. Осы Кодекстiң 678-бабында аталған адамдарға келтiрiлген мүлiктiк зиян:
1) олар айырылған жалақының, зейнетақының, жәрдемақының, өзге де қаражаттар мен табыстардың;
2) судья қаулысының негiзiнде заңсыз тәркiленген немесе өтемсiз алып қойылған мүлiктiң; мүлiктi қайтару мүмкiн болмаған жағдайда оның құны қайтарылады;
3) iстi шешуге уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) заңсыз қаулысын орындау үшiн салынған айыппұлдардың; iс жүргiзу шығындары мен әрекеттерге байланысты төлеген өзге де сомаларының;
4) адамның заң көмегiн көрсету үшiн төлеген сомаларының;
5) әкiмшiлiк жауапқа заңсыз тарту нәтижесiнде келтiрiлген өзге де шығындарының өтелуiн қамтиды.
2. Iс жүргiзумен байланысты осы Кодекстiң 584-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарды әкiмшiлiк қамауды атқару орындарында ұстауға жұмсалған сомаларды, iс жүргiзу шығындарын, сол сияқты осы адамдардың әкiмшiлiк қамауды атқару кезiнде қайсы бiр жұмыстарды орындағаны үшiн тапқан табысын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде келтiрiлген зиянның өтемiн төлеуге жататын сомадан шегерiп тастауға болмайды.
3. Осы Кодекстiң 678-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған адамдар осы Кодекстiң 652-бабында аталған құжаттардың көшiрмесiн зиянын өтеу тәртібі туралы хабарламамен бiрге алған кезде iстi қысқарту, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) мүлiктiк зиянын өтеу туралы талап қойып жүгiнуге құқылы. Егер iстi жоғары тұрған орган (лауазымды адам) немесе сот қысқартса, зиянды өтеу туралы талап заңсыз қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) жiберiледi. Егер судья қараған iстi жоғары тұрған сот қысқартса, зиянды өтеу туралы талап заңсыз қаулы шығарған судьяға жiберiледi. Кәмелетке толмаған адам ақталған жағдайда зиянды өтеу туралы талапты оның заңды өкiлi мәлiмдей алады.
4. Арыз түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған орган (лауазымды адам) қажет болған жағдайларда қаржы органдарынан және әлеуметтiк қамсыздандыру органдарынан есебiн сұрап ала отырып, зиянның мөлшерiн анықтайды, сонан соң инфляцияны ескере отырып, осы зиянды өтеуге төлем жасау туралы қаулы шығарады. Егер iстi сот қысқартса, аталған iс-әрекеттi iстi қараған судья жүргiзедi.
5. Елтаңбалы мөрмен куәландырылған қаулының көшiрмесi төлем жасауға мiндеттi органдарға ұсыну үшiн адамға тапсырылады немесе жолданады. Төлем тәртібі заңмен белгiленедi.
682-бап. Моральдық зиянның зардаптарын жою
1. Адамды ақтау туралы шешiм қабылдаған орган (лауазымды адам) келтiрiлген зиян үшiн одан ресми кешiрiм сұрауға мiндеттi.
2. Келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай өтемақы туралы талап-арыздар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен қойылады.
3. Егер адам әкiмшiлiк жауапқа заңсыз тартылса, ал бұл туралы мәлiметтер баспасөзде жарияланып, радио, теледидар немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, осы адамның талап етуi бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда - оның туыстарының немесе прокурордың талап етуi бойынша тиiстi бұқаралық ақпарат құралдары бiр ай iшiнде бұл туралы қажеттi хабарлама жасауға мiндеттi.
4. Осы Кодекстiң 678-бабында аталған адамдардың талап етуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) өздерiнiң заңсыз шешiмдерiнiң күшi жойылғаны туралы екi апта мерзiмде олардың жұмыс, оқу орнына, тұрғылықты жерiне жазбаша хабарлама жiберуге мiндеттi.
683-бап. Талаптар қою мерзiмдерi
1. Мүлiктiк зиянды өтеуге ақшалай төлем жасау туралы талаптарды осы Кодекстiң 678-бабында аталған адамдар осындай төлемдер жасау туралы қаулыны алған кезден бастап бiр жыл iшiнде қоя алады.
2. Өзге құқықтарды қалпына келтiру туралы талаптар құқықтарды қалпына келтiру тәртібі түсiндiрiлетiн хабарлама алынған күннен бастап алты ай iшiнде қойылуы мүмкiн.
3. Дәлелдi себептермен бұл мерзiмдердi өткiзiп алған жағдайда оларды мүдделi адамдардың арызы бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) қалпына келтiре алады.
684-бап. Заңды тұлғалардың зиянын өтеу
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерiмен заңды тұлғаларға келтiрiлген зиянды толық көлемiнде және осы тарауда белгiленген мерзiмде мемлекет өтейдi.
685-бап. Құқықтарды талап-арыз тәртібімен қалпына келтiру
Егер ақтау немесе зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылмаса не адам қабылданған шешiммен келiспесе, оның азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
42-тарау. Артықшылықтары және әкімшілік жауаптылықтан
қорғанышы бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері
686-бап. Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының әкiмшiлiк
жауаптылығы
1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын Қазақстан Республикасы Парламентi тиiстi Палатасының келісімiнсiз өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде алып келуге, сот тәртібімен қолданатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды.
2. Депутатты сот тәртібімен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға, алып келуге келісім алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына немесе Мәжілісiне тиiсiнше ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында, сондай-ақ депутатты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткізу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi.
3. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты сот тәртібімен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға келісім берсе, iс бойынша одан әрi iс жүргiзу осы бапта көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
4. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы алып келуге келісім берсе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң бұл шарасын депутатқа қолдану туралы мәселе осы Кодексте белгiленген тәртiппен шешiледi.
5. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты сот тәртібімен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға келісім бермесе, iс жүргiзу осы негiзбен қысқартылуға тиiс.
6. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы алып келуге келісім бермесе, депутатқа осы Кодексте белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң өзге шаралары қолданылуы мүмкiн.
7. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына қатысты сот тәртібімен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қараудың заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры жүзеге асырады.
687-бап. Президенттiкке, Парламент депутаттығына кандидаттардың
әкiмшiлiк жауаптылығы
1. Президенттiкке, Парламент депутаттығына кандидаттарды олардың тiркелген күнiнен бастап, сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн Орталық сайлау комиссиясының келісімiнсiз алып келуге, оларға сот тәртібімен қолданылатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды.
2. Президенттiкке, Парламент депутаттығына кандидаттарды әкiмшiлiк жауапқа тарту туралы ұсынысты Орталық сайлау комиссиясына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында Қазақстан Республикасының Бас прокуроры енгiзедi.
3. Бас прокурор Орталық сайлау комиссиясының шешiмiн алғаннан кейiн iстi одан әрi жүргiзу осы Кодекстiң 643-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
688-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi Төрағасының
немесе мүшелерiнiң әкiмшiлiк жауаптылығы
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшелерiн өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң келісімiнсiз алып келуге, сот тәртібімен қолданатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды.
2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшелерiн сот тәртібімен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға, алып келуге келісім алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасының Парламентiне тиiстi ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшелерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткізу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi.
3. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентiнiң шешiмiн алғаннан кейiн iстi одан әрi жүргiзу осы Кодекстiң 643-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
689-бап. Судьяның әкiмшiлiк жауаптылығы
1. Судьяны Қазақстан Республикасы Президентінің Республика Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген келісімiнсiз не Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 3) тармақшасында белгiленген жағдайда Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келісімiнсiз қамауға алуға, тұтқындауға, алып келуге, сот тәртібімен қолданатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды.
2. Судьяны сот тәртібімен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға, алып келуге келісім алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасының Президентiне, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында, судьяны әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткізу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi.