1) бірыңғай дистрибьютор аналогтары жоқ тауарлар тізбесін растау үшін сараптама ұйымына сұрау салуды бірыңғай дистрибьютордың тізімін алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жібереді;
2) сараптама ұйымы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасында аналогтары жоқ тауарлардың тізбесін жібереді;
3) бірыңғай дистрибьютор электрондық пошта арқылы екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасындағы әлеуетті өнім берушілерге - шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) өкілдеріне немесе отандық өндірушілерге беру шарттарын жасау мүмкіндігін растау мақсатында келіссөздер жүргізуге арналған шақыру хаттарын жібереді;
4) әлеуетті өнім беруші - шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) немесе отандық өндіруші он жұмыс күні ішінде беру шарттарын жасау бойынша келіссөздерге қатысатыны туралы растауды не себептері көрсетілген қатысудан бас тарту туралы хатты жібереді. Бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушінің негізделген өтініші бойынша растауды ұсыну мерзімін он бес жұмыс күніне дейін ұзартуға құқылы. Бұл ретте осы тармақшада белгіленген мерзімде жауаптың болмауы беру шарттарын жасау бойынша келіссөздерге қатысудан бас тарту ретінде бағаланады;
5) әлеуетті өнім берушілерден-шетелдік өндірушілерден (дайындаушы зауыттан) немесе отандық өндірушілерден түскен хаттардың негізінде бірыңғай дистрибьютор беру шарттарын немесе қолданыстағы өнім беру шарты болған жағдайда жоспарланып отырған қаржы жылына арналған қосымша келісім жасау мүмкіндігі тұрғысында келіссөздер жүргізеді;
6) шетелдік өндірушімен (дайындаушы зауытпен) беру шарттарын жасау жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілген жағдайда бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақыруды әлеуетті өнім берушіге жібереді. Өнім беру шартын жасасудан бас тартқан жағдайда бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушімен жүргізілген келіссөздер хаттамасы негізінде осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес екі кезеңдік тендер өткізеді;
7) әлеуетті өнім беруші - шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) немесе отандық өндіруші 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 331, 332-тармақтарына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады;
8) бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу үшін комиссия құрады;
9) әлеуетті өнім берушіден - шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) немесе отандық тауар өндірушіден аналогтары жоқ тауарларды бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу туралы шешім шетелдік валютада шарт жасалған жағдайда бос ақша қаражаты қорының болуы ескеріліп қабылданады;
10) бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың негізінде (әлеуетті өнім берушімен - шетелдік өндірушімен (дайындаушы зауытпен) немесе отандық тауар өндірушімен қолданыстағы өнім беру шарты - жоспарланған қаржы жылына арналған қосымша келісім болған жағдайда) бірыңғай дистрибьютор өнім беру шартын жасайды.
330. Осы параграфқа сәйкес сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп туындайтын жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 20-тармағының талаптарына сәйкес келеді.
331. Әлеуетті өнім берушіден - шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) аналогтары жоқ тауарларды сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор:
1) баға ұсынысын;
2) тіркелгенін растайтын қолданыстағы құжаттың көшірмесін немесе сараптама ұйымының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен расталған Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсынан үзінді не электрондық үкімет веб-порталы арқылы алынған уәкілетті органның Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелуге және қолдануға нотариат куәландырған рұқсатының көшірмесін;
3) беру кезінде жарамдылық мерзімі көрсетілген тіркеу куәлігіне сәйкес өндіруші немесе дайындаушы зауыт растаған дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды беру кестесін;
4) шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) құжатының заңдастырылған немесе апостиль қойылған не, егер шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) Қазақстан Республикасының аумағында өкілдігі (филиалы) болса, онда өкілдікті (филиал) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы (куәлікті) және өкілдік (филиал) туралы ережені;
5) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндіруге және (немесе) көтерме, бөлшек саудада өткізуге шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) құқығын растайтын құжаттардың заңдастырылған немесе апостиль қойылған көшірмелерін нотариат куәландырған мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасымен (бар болса);
6) GMP және GDP талаптарына сәйкестік сертификатының көшірмесін (бар болса);
7) уәкілетті адамның қол қою құқығын растайтын құжаттың көшірмесін сұратады.
Егер алдағы жылы шетелдік өндірушімен (дайындаушы зауытпен) шарт әрекет еткен жағдайда бірыңғай дистрибьютор осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды талап етпеуі мүмкін.
332. Әлеуетті өнім берушіден - шетелдік заңды тұлғаның филиалынан не Қазақстан Республикасында шетелдік өндірушінің заңды тұлғасы ретінде тіркелген еншілес компаниядан немесе фармацевтикалық компанияның тобына кірген және Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды экспорттауға уәкілетті адамнан сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор шетелдік заңды тұлғаның филиалынан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шетелдік өндірушісінің мекемесін растайтын құжаттарды қосымша сұратады.
Әлеуетті өнім берушіден - отандық өндірушіден аналогтары жоқ дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор 4) және 5) тармақшаларды қоспағанда, 331-тармақта аталған құжаттарды сұратады.
333. Отандық тауар өндірушіден немесе шетелдік өндірушіден аналогтары жоқ тауарларды бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде отандық өндірушімен немесе шетелдік өндірушімен (дайындаушы зауытпен), шетелдік заңды тұлғаның филиалымен не заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасында тіркелген еншілес компаниямен немесе фармацевтикалық компанияның тобына кірген заңды тұлғамен немесе Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды экспорттауға уәкілетті тұлғамен үш жылға дейінгі мерзімде өнім берудің азаматтық-құқықтық шарты жасалады.
334. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аналогтары жоқ тауарларды берудің үш жылдық шарты сатып алынатын тауарлардың жыл сайынғы ең төменгі саны және сатып алу бағасы үш жылдық кезеңге бекіте отырып, тауарлардың қажеттілігі мен сұранысының болжамы ескеріле отырып, мөлшері келіссөздер нәтижелері бойынша айқындалатын, әлеуетті өнім беруші жыл сайынғы қосымша жеңілдікті ұсынған жағдайда жасалуы мүмкін. Бұл ретте денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осындай тауарларға үш жылдық кезеңге арналған жыл сайынғы ең төмен қажеттілікті айқындайды және оны бірыңғай дистрибьюторға ұсынады. Бірыңғай дистрибьютор ең төмен қажеттілік туралы уәкілетті органның ақпараты негізінде аналогтары жоқ тауарлардың әлеуетті өнім берушісімен жыл сайынғы қосымша жеңілдіктің мөлшерін айқындау бойынша келіссөздер жүргізеді. Келіссөздердің нәтижелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган сатып алынатын тауарлардың жыл сайынғы ең төменгі санын және сатып алу бағасын үш жылдық кезеңге бекіте отырып өнім берудің үш жылдық шартын жасау және үш жылға шекті бағаны тіркеу туралы шешім қабылдайды. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушімен өнім беру шартын жасасады.
335. Шетелдік өндірушімен (дайындаушы зауытпен) шетелдік валютада аналогтары жоқ тауарларды өнім беру шартын жасаған жағдайда өнім беру шартының бағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жоспарланатын қаржы жылы осы валютамен бекітіледі.
Бұл ретте шарттың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша есептелген ұлттық валютадағы бағасы тиісті лот бойынша сатып алуға бөлінген сомадан және халықаралық патенттелмеген атауы және (немесе) саудалық атауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайды.
Тапсырыс берушінің қосымша өтінімдері бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өнім беру шартында көрсетілген валютамен тіркелген баға бойынша әлеуетті өнім берушіден - шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) жүзеге асырылады. Бұл ретте тапсырыс берушілер үшін прайс-парақтың бағасы валюта бағамына қарамастан тиісті қаржы жылына арналған сатып алу шарты бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін өзгеріссіз қалады.
336. Аналогтары жоқ тауарлардың өнім беру шарты:
1) халықаралық патенттелмеген атауы (құрамы) және сипаттамасы бойынша тиісті қаржы жылы міндеттемелерді орындағаннан кейін дәрілік заттардың немесе медициналық бұйымдардың аналогтары Қазақстан Республикасында тіркелген;
2) бірыңғай дистрибьютордың сатып алу тізімінен дәрілік заттар және медициналық бұйымдар алынып тасталған;
3) Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеудің қолданылу мерзімі тоқтатылған жағдайларда бұзылуға жатады.
8-параграф. Бір көзден сатып алу тәсілімен немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың (келісімдердің), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттардың негізінде, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы құрған халықаралық ұйымдардан немесе олар арқылы сатып алу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 337-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
337. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы құрған халықаралық ұйымдар арқылы бір көзден сатып алуды жүзеге асырады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатер төнген жағдайларда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енбейтін дәрілік заттарды сатып алуға жол беріледі.
338. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы құрған халықаралық ұйымдар арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде ол тауардың бағасы осы халықаралық ұйымның сатып алуды ұйымдастыру және (немесе) тауарларды беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуымен байланысты барлық шығыстарды жабу үшін қажетті қосымша алымдарға шығындарды қамтитын, бірақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайтын баға ұсынысын береді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы құрған халықаралық ұйым арқылы сатып алынған тауарды беруді жүзеге асыру кезінде тауарларға осы Қағидалардың 4-тарауының 20-тармағында белгіленген талаптар қойылмайды.
339. Тауарды Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы құрған халықаралық ұйым арқылы сатып алу кезінде Тауарды беру туралы келісімде көрсетілетін соманың мөлшерінде алдын ала төлем жасауға жол беріледі.
340. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы құрған халықаралық ұйым арқылы сатып алынған тауарды беру кезінде тауарларды берумен байланысты қосымша қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тартуға жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2017.13.12. № 829 Қаулысымен 8-1-параграфпен толықтырылды
8-1-параграф. Екі кезеңдік тендер қорытындысын шығару 2018 жылға өткен жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің олардың жалпы жылдық көлемінен тоқсан күнге дейінгі қажеттілігін бір көзден сатып алу тәсілінің тәртібі.
340-1. Осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес екі кезеңдік тендер қорытындысын шығару 2018 жылға өткен жағдайда бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің олардың жалпы жылдық көлемінен тоқсан күнге дейінгі қажеттілігін бір көзден сатып алу тәртібімен сатып алуға құқылы.
340-2. Хабарландыру берілетін екі кезеңдік тендердің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық қызметтердің жалпы жылдық көлемі бір көзден сатып алу тәртібімен сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің тиісті көлеміне азаяды.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 8-2-параграфпен толықтырылды
8-2-параграф. Есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттік квота бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) дәрілік препараттарды бір көзден алу тәсілімен сатып алу тәртібі
340-3. Есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттік квота бекітілгенге дейін бірыңғай дистрибьютор Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар фармацевтикалық көрсетілетін қызметті және (немесе) дәрілік препараттарды бір көзден алу тәсілімен олардың жалпы жылдық көлемінен тоқсан күнгі қажеттілікке дейін сатып алуға құқылы.
340-4. Жарияланатын екі кезеңдік тендердің Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерінің және (немесе) дәрілік препараттарының жалпы жылдық көлемі бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің және (немесе) дәрілік препараттардың тиісті көлеміне азайтылады.
9-параграф. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды өткізілмеді деп тану кезіндегі шешімдер
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 341-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
341. Егер бір көзден алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылса, бірыңғай дистрибьютор сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды қайталама өткізу туралы;
2) екі кезеңдік тендер және екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды қайталама өткізу шарттарын өзгерту туралы;
3) екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуға қатысқан әлеуетті өнім берушілердің қатарынан бірыңғай дистрибьютор айқындаған әлеуетті өнім берушіден бір көзден сатып алу тәсілімен қайталама сатып алуды жүзеге асыру туралы (бұл ретте бір көзден сатып алу тәсілімен қайталама сатып алуға осы Қағидалардың 14-тармағының біліктілік талаптарына сәйкес келетін, екі кезеңдік тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушілер жіберіледі);
4) тапсырыс берушілердің қажеттілігі болмаған жағдайда сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы.
Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру кезінде осындай шешімді лизинг беруші не денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.
17-тарау. Сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу
1-параграф. Сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру негіздемелері
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 342-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
342. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды осы Қағидалардың 316, 317, 318-тармақтарында көзделген жағдайларда сатып алу веб-порталы арқылы бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.
2-параграф. Сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
343. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу (осы Қағидалардың 314-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес сатып алуды қоспағанда) мынадай жүйелі іс-шаралардың орындалуын көздейді:
1) осы тәсілді қолдану негіздемесімен сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды өткізу туралы бірыңғай дистрибьютордың шешім қабылдауы;
2) сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу үшін комиссия, комиссия хатшысын құру;
3) әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақыруды жіберу;
4) шақыруда көзделген құжаттарды қоса бере отырып, сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы келісімін әлеуетті өнім берушінің сатып алу веб-порталы арқылы жіберу;
5) тендерлік комиссияның әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттарды сатып алу веб-порталы арқылы қарауы;
6) бағаны төмендету тұрғысында әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізу;
7) сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы сатып алу веб-порталына орналастыру.
344. Әлеуетті өнім берушіні сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақыру тәртібі, шарттары мен мазмұны осы Қағидалардың 16-тарауының 3-5-параграфтарына сәйкес айқындалады.
345. Әлеуетті өнім беруші сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақыруды алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға сатып алу веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды:
1) сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы келісімді немесе себептері көрсетілген қатысудан бас тарту туралы хатты;
2) тиісті лот бойынша сатып алуға бөлінген бағадан және халықаралық патенттелмеген атауы және (немесе) саудалық атауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайтын баға ұсынысын;
3) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін жібереді.
Құжаттар сатып алу веб-порталы арқылы электрондық көшірмелер түрінде, қажет болған кезде әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысының немесе уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған нотариат куәландырған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушінің негізделген өтініші бойынша құжаттарды ұсыну мерзімін күнтізбелік жиырма күнге дейін ұзарта алады. Осы тармақшада белгіленген мерзімде жауаптың болмауы сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысудан әлеуетті өнім берушінің бас тартуы ретінде бағаланады.
346. Осы Қағидалардың 345-тармағында көрсетілген құжаттарды әлеуетті өнім берушінің ұсыну мерзімі өткеннен кейін комиссия мүшелерін және сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіні бір мезгілде электрондық пошта арқылы хабардар ете отырып, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері сатып алу веб-порталында автоматты түрде ашылады.
347. Өтпеген екі кезеңдік тендерлер бойынша сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асырған кезде сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу үшін бірыңғай дистрибьютор шақырған екі кезеңдік тендердің қатысушысы, егер ол екі кезеңдік тендерге қатысуға жіберілсе, осы екі кезеңдік тендерге қатысушының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қайта ұсынбайды. Бұл ретте шақыруда қамтылған мәліметтер өтпеген екі кезеңдік тендердің талаптарына сәйкес келуге тиіс. Тауарды беру мерзімдерін ағымдағы қаржы жылының шегінде, бірақ сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізуге жұмсалған мерзімнен аспайтын өтпеді деп танылған екі кезеңдік тендердің хабарландыруында көзделген мерзімдерден ұзартуға рұқсат етіледі.
348. Өнім беру шартының бағасын төмендету тұрғысында келіссөздер жүргізу үшін комиссия хатшысы сатып алу веб-порталы арқылы әлеуетті өнім берушіге келіссөздерді жүргізу орны, күні, уақыты көрсетілген келіссөздерді жүргізуге шақыру жібереді.
Әлеуетті өнім беруші мұндай ұсыныстан бас тарта алады, ол бірыңғай дистрибьютордың өнім беру шартына қол қоюдан бас тартуы үшін негіздеме болып табылмайды.
349. Тендерлік комиссия әлеуетті өнім беруші құжаттарды ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысуға ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін осы Қағидалардың біліктілік талаптарына және талаптарына сәйкестік тұрғысында қарайды.
350. Комиссия хатшысы комиссия шешім қабылдаған күні комиссия мүшелеріне және сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге электрондық пошта арқылы бір мезгілде хабарлай отырып, бірыңғай дистрибьютордың сатып алу веб-порталында сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастырады және жариялайды, онда мыналар көрсетіледі:
1) күні мен уақыты;
2) шақыру нөмірі;
3) шақырудың атауы;
4) лоттың нөмірі;
5) лоттың атауы;
6) комиссияның құрамы және комиссияның хатшысы туралы деректер;
7) сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды өткізу негізі;
8) сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға шақырылған әлеуетті өнім берушінің атауы;
9) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы туралы ақпарат;
10) комиссияның дауыс беру нәтижесі және мынадай мәліметтер көрсетілген олар бойынша қабылданған шешімдер:
біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына (сатып алу ерекшеліктерін ескере отырып) сәйкес келетін/сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушінің атауы;
сатып алынатын тауарлардың атаулары, саны, бағасы және сомасы (бар болса) көрсетілген сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу жүзеге асырылатын әлеуетті өнім берушінің атауы;
11) сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған тауарлардың атаулары.
3-параграф. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды өткізілмеді деп тану негіздемелері
351. Сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу:
1) әлеуетті өнім берушінің құжаттары осы Қағидалардың талаптарына және сатып алу шарттарына сәйкес келмеген;
2) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген сатып алуға қатысуға байланысты шектеулері болған;
3) әлеуетті өнім беруші сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысудан бас тартқан жағдайларда өткізілмеді деп танылады.
18-тарау. Өнім беру шарттарын жасасу және орындау
1-параграф. Өнім беру шартын жасасу
352. Сатып алу қорытындысы шығарылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалған өнім беру шартының қол қойылған жобасын жеңімпазға, әлеуетті өнім берушіге жібереді.
Бірыңғай дистрибьютор шарттың жобасымен бір мезгілде жеңімпазға:
1) «CT-KZ» ішкі айналыс үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты (отандық тауар өндірушілер үшін);
2) екінші қаптамасының өлшеміне және салмағына; тасымалдау қорабындағы екінші қаптамаларының санына; тасымалдау қорабының өлшемі мен салмағына;тасымалдау және сақтау үшін паллеттерде тасымалдау қораптарын орналастыру нормаларына; талап етілетін сақтау және тасымалдау шарттарына қатысты өндіруші растаған дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың әрбір саудалық атауы бойынша ақпаратты ұсыну қажеттілігі туралы сұрау салуды жібереді.
Жеңімпаз немесе өнім беруші бірыңғай дистрибьютор сұрау салуды жіберген сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға сұрау салынған ақпаратты ұсынады.
353. Өнім беру шартының жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жеңімпаз, әлеуетті өнім беруші өнім беру шартына қол қояды және бірыңғай дистрибьюторға ұсынады немесе өнім беру шартының талаптарымен келіспейтіні немесе оған қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабарлайды.
Егер әлеуетті өнім беруші, жеңімпаз осы тармақта белгіленген мерзімде өнім беру шартына қол қоймаса бірыңғай дистрибьютор жеңімпаз өнім беру шартын жасаудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге қол қойылған өнім беру шартын жібереді. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші оған өнім беру шартын берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өнім беру шартына қол қояды және бірыңғай дистрибьюторға ұсынады.