4) әлеуетті өнім берушіні банкрот деп тану, оған қатысты банкроттық немесе тарату рәсімін жүргізу туралы сот шешімі болған;
5) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидаларда көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы дәйекті ақпарат ұсынбау фактісі анықталған жағдайларда толықтай қабылданбайды.
Тендерлік өтінім:
1) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағадан және саудалық атауына шекті бағадан жоғары болған;
2) уәкілетті органның Қазақстан Республикасына бір рет әкелуге рұқсаты ұсынылмаған немесе ондағы дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саны сатып алу хабарландыруында немесе шақыруда көрсетілген санға сәйкес келмеген;
3) ұсынылып отырған дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның сипаттамасы (жиынтығы) сатып алу хабарландыруында немесе шақыруда көрсетілген сипаттамаға (жиынтыққа), оның ішінде сараптамалық қорытындының негізінде сәйкес келмеген;
4) тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткен;
5) дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның Қазақстан Республикасына тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін және сатып алу хабарландыруына немесе шақыруға сәйкес мөлшерде әкелінгенін растайтын құжаттар ұсынылмаған;
6) осы Қағидаларға сәйкес лот бойынша кепілдікті қамтамасыз ету ұсынылмаған немесе кепілдікті қамтамасыз ету сомасы жеткіліксіз болған;
7) әлеуетті өнім беруші комиссия ескертуінің негізінде патенттік және өзге де құқықтарды бұзу фактісін немесе үшінші тұлғалардың талаптарын растаған немесе әлеуетті өнім беруші өтінімге толықтырудағы комиссияның мұндай ескертуін дауламаған жағдайларда жеке лот бойынша қабылданбайды.
5-параграф. Төмендетуге арналған аукцион
301. Бастапқы баға ұсынысы тендерлік өтінімдерді ашу сәтінде веб-порталда автоматты түрде ашылады.
Лоттың жалпы сомасына пайыздық арақатынаста көрсетілген дәрілік заттарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер үшін әлеуетті өнім беруші бастапқы, түпкілікті баға ұсыныстарын және (немесе) сыйақы мөлшерін төмендету жағына қарай өзгерткен жағдайда фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алу бойынша аукционды өткізу кезінде әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарының тиісті өзгерістері мен сыйақы мөлшерін ұсынады.
Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сыйақы мөлшерін өзгерту рәсімі баға ұсыныстарын өзгерту рәсіміне ұқсас.
302. Сатып алу веб-порталы сатып алынатын тауарлар (лоттар) бойынша бастапқы баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстырады және әрбір тауар (лот) бойынша бөлек ең төмен баға ұсынысын (бастапқы бағаны) айқындайды.
Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде дәрілік заттардың құны мен оларды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін сыйақы мөлшерінен тұратын фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің жиынтық құны ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып айқындалады.
303. Аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілер қатысады.
304. Аукцион әлеуетті өнім берушінің ең төмен бастапқы баға ұсынысынан бастап бастапқы баға ұсынысын аукцион қадамына төмендету жолымен өткізіледі.
305. Аукцион қадамы аукционға қатысушысының ең төменгі бастапқы бағасынан кемінде жарты пайызды (0,5) құрайды.
Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде аукцион қадамы аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан кемінде бес пайызды құрайды.
306. Егер әлеуетті өнім берушілер бірдей бастапқы баға ұсыныстарын ұсынса, басқа да бастапқы баға ұсыныстарынан бұрын келіп түскен бастапқы баға ұсынысы ең төменгі бастапқы баға ұсынысы болып танылады.
307. Аукцион өткізу кезінде аукционға қатысушылар ағымдағы ең төмен баға ұсынысын аукцион қадамы шегіндегі мөлшерге қарай төмендетуді көздейтін баға ұсыныстарын береді.
308. Егер осындай баға ұсынысын осы аукцион қатысушысы берген жағдайда, аукционға қатысушы ағымдағы ең төмен баға ұсынысынан төмен болатын баға ұсынысын бере алмайды.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 309-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
309. Аукцион веб-порталда аукционға жіберу хаттамасында көрсетілген жұмыс күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-де басталады.
Веб-портал әлеуетті өнім берушіге бағаны аукцион адымынан кем төмендетіп баға ұсынысын беруге автоматты түрде жол бермейді.
Аукцион кезінде баға ұсынысын беру уақыты аукцион басталған немесе бәсекелестің кезекті баға ұсынысы берілген сәттен бастап отыз минутты құрайды. Аукционға қатысушы лот бойынша оның бәсекелестері баға ұсыныстарын берместен бұрын немесе аукционның келесі адымы басталған сәтке дейін кезекті баға ұсынысын бере алмайды.
Егер аукционның барлық қатысушылары бір лот бойынша баға ұсыныстарын берсе, аукцион адымына уақыт есептеу бір лот бойынша аукционға жіберілген барлық қатысушылардың соңғысы баға ұсынысын берген сәттен басталады.
Сатып алу веб-порталы лоттар бойынша әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстырады және лот бойынша ең төмен баға ұсынысын жеке-жеке айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 310-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
310. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейін отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде біреуі бастапқы бағаны төмендетуге баға ұсынысын бермесе, осы лот бойынша аукцион аяқталады және баға ұсынысы лот бойынша аукционның бастапқы бағасы ретінде қабылданған әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы болып танылады. Егер бірнеше әлеуетті өнім берушілердің бастапқы баға үшін баға ұсынысы бірдей болса, өтінімі веб-портал арқылы ертерек берілген адам жеңімпаз болып анықталады.
Сатып алу веб-порталы аукцион қорытындысы бойынша ең төменгі баға ұсынысын ұсынған аукцион жеңімпазын автоматты түрде айқындайды.
Веб-портал жеңімпаздың аукционға іс жүзінде қатысқан және бастапқы бағаны ең болмағанда бір адымға төмендеткен бәсекелестерінің арасынан екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні анықтайды. Егер екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші жеңімпаздың бағасынан кейінгі бірдей ең төменгі бағаны берсе, олардың ішінен баға ұсынысын басқаларынан бұрын берген өнім беруші екінші орын алған болып анықталады. Қалған жағдайларда лот бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім беруші анықталмайды.
311. Әлеуетті өнім берушінің бағаны төмендетуге арналған әрбір ұсынысына әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысының немесе оның уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылуға тиіс. Әлеуетті өнім берушінің бағаны төмендетуге арналған баға ұсынысы бағаны төмендету сауда-саттықтарының ағымдағы ең төмен бағасынан төмендету қадамының шегінде төмен болуға тиіс және кері қайтарып алмайды немесе ұлғайту жағына қарай өзгертілмейді.
312. Екі кезеңдік тендердің қорытындылары туралы хаттама автоматты түрде қалыптастырылады және бір мезгілде комиссия мүшелерінің және екі кезеңдік тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің электрондық поштасына мынадай ақпараттан тұратын хабарландырумен аукционды өткізу аяқталған күні сатып алу веб-порталына орналастырылады:
1) екі кезеңдік тендердің нөмірі;
2) екі кезеңдік тендердің атауы;
3) ұйымдастырушының атауы;
4) ұйымдастырушының мекенжайы;
5) комиссияның құрамы, комиссияның хатшысы туралы деректер;
6) саны мен жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлардың атаулары, лоттардың нөмірлері;
7) аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен орналасқан жері (мекенжайы);
8) әлеуетті өнім берушілердің бастапқы ең төменгі баға ұсынысы;
9) аукционды бастау күні мен уақыты;
10) аукционды аяқтау күні мен уақыты;
11) сатып алынатын тауарлардың атаулары, саны, бағасы мен сомасы көрсетілген әрбір лот бойынша жеңімпаздардың атаулары (бар болса);
12) екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы (ол айқындалған жағдайда);
13) екі кезеңдік тендерді не оның жекелеген лотын өткізілмеді деп тану негіздемесі (мұндай жағдай туындаған кезде);
14) осы Қағидалардың 21-тарауына сәйкес лоттарды көрсете отырып, берудің ұзақ мерзімді шарты жасалатын отандық өндірушілер болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
15) осы Қағидалардың 18-тарауына сәйкес бір көзден сатып алу тәсілін қолданбай лоттарды көрсете отырып, осы Қағидалардың 27, 31 және 32-тармақтарына сәйкес өнім беру шарты жасалатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
16) лоттар көрсетілген беру шарттары жасалатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары.
6-параграф. Екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды өткізілмеді деп тану негіздемелері
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 313-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
313. Екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты осы Қағидалардың 300-тармағында белгіленген негіздемелер бойынша өткізілмеді деп танылады.
16-тарау. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу
1-параграф. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2017.13.12. № 829 Қаулысымен 314-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 314-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
314. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды бірыңғай дистрибьютор мынадай жағдайларда:
1) екі кезеңдік тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты бойынша өткізілмеді деп танылған кезде;
2) тапсырыс берушілерден дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың көлемін ұлғайту жағына қарай қосымша өтінім келіп түскен кезде, сондай-ақ сол қаржы жылы төмендемейтін қорды қалыптастыру және толықтыру үшін сатып алу кезінде;
3) екі кезеңдік тендердің жеңімпазы және екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (бар болса) белгіленген мерзімде өнім беру шартына қол қоймағанда;
4) өнім беру шарты немесе берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша өнім берушінің өз міндеттемелерін орындамауына, тиісінше орындамауына байланысты өнім беру шарты бұзылған кезде;
5) халықаралық патенттелмеген атауы (құрамы) және (немесе) сипаттамасы бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды (бұдан әрі - аналогтары жоқ тауарлар) әлеуетті өнім беруші - шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) немесе отандық тауар өндірушіден сатып алу кезінде;
6) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы құрған халықаралық ұйымдар арқылы сатып алу кезінде;
7) екі кезеңдік тендер қорытындысын шығару 2018 жылға өткен жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің олардың жалпы жылдық көлемінен тоқсан күнге дейінгі қажеттілігін сатып алу кезінде жүзеге асырады;
8) есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға берілетін мемлекеттік квота бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік препараттарды және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді тоқсан күнгі қажеттілікке дейін сатып алуды жүзеге асыру қажет болған кезде жүзеге асырады.
2-параграф. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 315-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
315. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу (осы Қағидалардың 314-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес сатып алуды қоспағанда) мынадай жүйелі іс-шараларды орындауды көздейді:
1) бірыңғай дистрибьютордың осы тәсілді қолдану негіздемесімен бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізу туралы шешім қабылдау;
2) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу рәсімін ұйымдастыру мен өткізу үшін комиссия құру;
3) әлеуетті өнім берушілерге бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақыру жіберу;
4) әлеуетті өнім берушінің бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақыру алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу жөніндегі келісімін немесе себептерін көрсете отырып қатысудан бас тарту туралы хатты жіберу. Бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушінің негізделген өтініші бойынша құжаттарды ұсыну мерзімін күнтізбелік жиырма күнге дейін ұзарта алады. Бұл ретте, осы тармақшада белгіленген мерзімде жауаптың болмауы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысудан бас тарту ретінде бағаланады;
5) әлеуетті өнім берушінің бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақыруды алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 212, 214-тармақтарына сәйкес осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларының талаптарына әлеуетті өнім берушінің сәйкестігін растайтын құжаттарды және баға ұсынысын бірыңғай дистрибьюторға жіберу. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы тиісті лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағадан және халықаралық патенттелмеген атауына берілген ағадан және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның саудалық атауына белгілеген шекті бағадан асырылмайды;
6) өнім беру шартының бағасын төмендетуге қарай әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізу. Әлеуетті өнім беруші мұндай ұсыныстан бас тарта алады, бұл бірыңғай дистрибьютордың өнім беру шартына қол қоюдан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды;
7) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы қажетті құжаттарды әлеуетті өнім беруші ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастыру, онда мыналар көрсетіледі:
комиссияның құрамы мен хатшысы;
бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды өткізу негіздемесі;
бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға шақырылған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
бірыңғай дистрибьюторға құжаттарды ұсыну уақыты мен күні көрсетілген әлеуметті өнім берушілердің атаулары;
құжаттары осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
құжаттары осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
сатып алынатын тауарлардың (бар болса) атауы, саны, бағасы мен сомасы көрсетілген, бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу жүзеге асырылатын әлеуетті өнім берушінің атауы;
өнім беру шартына қол қойылуға тиіс мерзім;
бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған тауарлардың атауы.
Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға барлық қатысып отырған комиссия мүшелері, төраға, төрағаның орынбасары, комиссия хатшысы шешім қабылдаған күні қол қояды және әр парағына бұрыштама қол қояды;
8) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың негізінде өнім беру шартын жасасу немесе осы тараудың 4-параграфында көзделген жағдайларда өнім беру шартына қосымша келісім жасасу. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындылары бойынша беру шарттары осы Қағидалардың 18-тарауының талаптары ескеріле отырып жасалады.
Осы тармақта көзделген талаптар осы тарауда белгіленген сатып алу тәсілінің ерекшеліктері ескеріле отырып қолданылады.
3-параграф. Екі кезеңдік тендер тұтастай немесе қандай да бір лоты бойынша
өткізілмеді деп танылған кезде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу тәртібі
316. Екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып аулға қатысуға арналған өтінімдердің ұсынылмауы себебінен өткізілмеді деп танылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордың веб-порталына тауарларды бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруды орналастырады.
317. Екі кезеңдік тендер бір де бір әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға жіберілмеуі себебінен өткізілмеді деп танылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордың веб-порталына тауарларды бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруды орналастырады.
Бұл ретте бір көзден сатып алуға екі кезеңдік тендерге қатысқан осы Қағидалардың 3-тарауының біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерге рұқсат етіледі.
318. Екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу аукционға қатысуға тек бір әлеуетті өнім берушінің жіберілуі себебінен өткізілмеді деп танылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
319. ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
320. Өтпеген екі кезеңдік тендерлер бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор шақырған екі кезеңдік тендерге қатысушы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу үшін, егер ол аукционға қатысуға жіберілген немесе осы Қағидаларға сәйкес оған қолдау көрсетілген болса, осы екі кезеңдік тендерге қатысушының осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қайта ұсынбайды. Бұл ретте шақыруда қамтылған мәліметтер өтпеген екі кезеңдік тендердің шарттарына сәйкес келуге тиіс. Өткізілмеді деп танылған екі кезеңдік тендердің хабарламасында көзделген тауарларды беру мерзімдерін ағымдағы қаржы жылы шегінде, бірақ бір көзден сатып алу тәсілін өткізуге жұмсалған мерзімнен аспайтын мерзімге асыруға рұқсат етіледі, бұл өнім беру шартында көрсетіледі.
321. Өтпеген екі кезеңдік тендерлер бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу үшін ұсынатын баға ұсынысы әлеуетті өнім берушінің аукционды өткізу кезінде берген түпкілікті баға ұсынысынан, ал ол болмаған жағдайда бастапқы баға ұсынысынан аспайды. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қайталама өткізілген кезде бірыңғай дистрибьютор тауарларды тиісті лот бойынша сатып алуға бөлінген бағадан және халықаралық патенттелмеген атауы және (немесе) саудалық атауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайтын бағамен сатып алады.
4-параграф. Тапсырыс берушілерден дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың көлемін ұлғайту жағына қарай қосымша өтінім түскен кезде, сондай-ақ сол қаржы жылы төмендемейтін қорды қалыптастыру немесе толықтыру үшін сатып алу кезінде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу тәртібі
322. Тапсырыс берушілерден дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың көлемін ұлғайту жағына қарай қосымша өтінімдер түскен кезде, сондай-ақ сол қаржы жылы төмендемейтін қорды қалыптастыру немесе толықтыру үшін сатып алу кезінде бірыңғай дистрибьютор қолда бар шартқа қосымша келісім жасау жолымен өнім беру шартының талаптарына сәйкес тіркелген бағалар бойынша сол бір өнім берушіден бір көзден сатып алуды жүзеге асырады. Осы Қағидалардың 324-тармағына сәйкес сатып алу кезінде осы Қағидалардың 315-тармағының 2), 5), 6), 7) тармақшаларында көзделген іс-шаралар жүзеге асырылмайды.
323. Өнім беруші сол қаржы жылы қосымша көлемді беруден толық бас тартқан жағдайда бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылады. Өнім беруші сол қаржы жылы қосымша көлемді беруден ішінара бас тартқан кезде бірыңғай дистрибьютор осы өнім берушіден сатып алуды жүзеге асырудан бас тартады не одан берудің бұрын жасалған шартында тіркелген баға бойынша ұсынылған ішінара көлемді сатып алуды жүзеге асырады, ал қосымша көлемнің қалған бөлігіне бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылады. Бұл ретте бір көзден сатып алу тәсілімен қайта сатып алған кездегі тауардың бағасы берудің бұрын жасалған шартының тіркелген бағасынан асырылмауға тиіс.
5-параграф. Екі кезеңдік тендердің жеңімпазы және (немесе) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өнім беру шартына немесе берудің ұзақ мерзімді шартына белгіленген мерзімде қол қоймағанда немесе қол қоюдан жалтарғанда бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу тәртібі
324. Екі кезеңдік тендердің жеңімпазы және (немесе) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде өнім беру шартына қол қоймағанда немесе қол қоюдан жалтарғанда бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпаздан және екінші орын алған өнім берушіден кейін аукционда ең төмен баға ұсынысын берген екі кезеңдік тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушіге (бар болса) шақыру жібереді. Бұл ретте шақырылған әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы аукционға ұсынған оның түпкілікті баға ұсынысынан аспауға тиіс. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда бір көзден сатып алу тәсілімен қайталама сатып алуды өткізу кезінде бірыңғай дистрибьютор тиісті лот бойынша сатып алуға бөлінген бағадан және халықаралық патенттелмеген атауы және (немесе) саудалық атауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайтын бағалар бойынша тауарларды сатып алады.
325. Осы Қағидалардың 324-тармағына сәйкес бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысуға бірыңғай дистрибьютор шақырған әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына екі кезеңдік тендердің осы қатысушысының сәйкестігін растайтын құжаттарды қайта ұсынбайды. Бұл ретте шақыруда қамтылған мәліметтер екі кезеңдік тендердің талаптарына сәйкес келуге тиіс. Тауарды ағымдағы қаржы жылының шегінде екі кезеңдік тендердің хабарландыруында көзделген беру мерзімдерінен, бірақ бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізуге жұмсалған мерзімнен аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етіледі, бұл өнім беру шартында көрсетіледі.
326. Егер лот бойынша аукционға өнім беру шартына қол қоймаған немесе қол қоюдан жалтарған тек екі әлеуетті өнім беруші жіберілген жағдайда бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды сатып алу туралы хабарландыруды бірыңғай дистрибьютордың веб-порталына орналастырады. Бұл ретте бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 325-тармағында көзделген тәртіппен рәсімдерді жүзеге асырады.
6-параграф. Өнім берушінің өнім беру шарты немесе берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамауына, тиісінше орындамауына байланысты өнім беру шарты бұзылған кезде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу тәртібі
327. Өнім берушінің өнім беру шарты немесе берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамауына, тиісінше орындамауына байланысты өнім беру шарты бұзылған кезде бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бір көзден сатып алу тәсілімен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы хабарландыру бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастырады.
Бұл ретте бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға осы Қағидалардың 14-тармағының біліктілік талаптарына сәйкес келетін екі кезеңдік тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.
Бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 315-тармағында көзделген тәртіппен рәсімдерді жүзеге асырады.
328. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы берудің бұзылған шартының тіркелген бағасынан, сондай-ақ халықаралық патенттелмеген атауы және (немесе) саудалық атауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан асырылмайды.
Бұл ретте бірыңғай дистрибьютор өнім беру шартының бағасын төмендету тұрғысында шақырылған әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізеді.
Әлеуетті өнім беруші мұндай ұсыныстан бас тарта алады, бұл бірыңғай дистрибьютордың өнім беру шартына қол қоюдан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.
7-параграф. Әлеуетті өнім берушіден - шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) немесе отандық өндірушіден халықаралық патенттелмеген атауы (құрамы) және (немесе) сипаттамасы бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген аналогы жоқ дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу тәртібі
329. Әлеуетті өнім беруші-шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) немесе отандық тауар өндірушіден аналогтары жоқ тауарларды бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай жүйелі іс-шаралардың орындалуын көздейді: