Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 26 қарашадағы № 1184 қаулысы
(2007.05.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 қарашадағы
№ 1184 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2007.05.10 № 908 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 778 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3.ҚР Үкіметінің 2005.05.02 ж. № 110 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. "Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң қысқа мерзiмдi болжамдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 шiлдедегi № 959 қаулысында:
мәтіндегі "сауда" деген сөз "бюджеттік жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
"Мемлекеттік кiрiс" деген сөздер алынып тасталсын;
"1" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"25" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын;
4-тармақта:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің бiрiншi орынбасары А.С. Павловқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерi" деген бөлiмде:
"Жауапты орындаушылар" деген бағандағы "ЭСМ" деген аббревиатура "ЭБЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
"МКМ" деген аббревиатура алынып тасталсын.
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 12 наурыздағы № 297 қаулысында:
мәтіндегі "сауда" деген сөз "бюджеттік жоспарлау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Заңды тұлғаларды қала салушыларға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 18 наурыздағы № 325 қаулысында (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 9, 78-құжат):
2-тармақтағы "сауда" деген сөз "бюджеттік жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 190-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ережесінде:
мәтіндегі "сауда" деген сөз "бюджеттік жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың 4) тармақшасындағы "Мемлекеттік кiрiс министрлігімен" деген сөздер "Қаржы министрлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. "Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлермен келісім-шарттарда Ұлттық компанияның келісім-шарттары мiндеттi үлестiк қатысуы арқылы мемлекеттік мүдделердi бiлдiру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 маусымдағы № 708 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлермен келісім-шарттарда Ұлттық компанияның келісім-шарттарға мiндеттi үлестiк қатысуы арқылы мемлекеттік мүдделердi бiлдiру ережесінде:
17-тармақ "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген сөздермен толықтырылсын.