Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігерлермен келісім-шарттарда
Ұлттық компанияның келісім-шарттары міндеттi үлестiк қатысуы арқылы
мемлекеттік мүдделерді білдіру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 29 маусымдағы № 708 қаулысы
(2010.20.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 122 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлермен келісім-шарттарда Ұлттық компанияның келісім-шарттарға мiндеттi үлестiк қатысуы арқылы мемлекеттік мүдделердi білдiру ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 маусымдағы
№ 708 қаулысымен бекітілген
Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігерлермен
келiсім-шарттарда Ұлттық компанияның келiсім-шарттарға міндеттi
үлестiк қатысуы арқылы мемлекеттік мүдделерді білдіру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігерлермен келiсім-шарттарда Ұлттық компанияның келісім-шарттарға міндеттi үлестiк қатысуы арқылы мемлекеттік мүдделердi білдiруiнің тәртібін реттейдi.
ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Ережелерде Қазақстан Республикасы Президентiнің «Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 заң күшi бар Жарлықтарында белгiленген ұғымдар мен айқындамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi - мемлекеттің мердiгермен Өнiмді бөлу туралы келісім бойынша ол өндiрген өнiмнен алатын заттай нысандағы міндеттi бөлік;
өтемдiк (шығындық) өнiм - мердiгердің орны толтырылатын шығындарын білдiретiн, игерiлетiн кен орнының экономикалық құндылығын есепке ала отырып, әрбiр Өнiмдi бөлу туралы келісім бойынша жеке белгiленетiн және мердiгердiң меншiгiне келіп түсетiн өндiрiлген өнiмнiң бiр бөлiгi;
корпоративтiк басқару - Келісіммен белгiленетiн тәртіппен не келісім-шартта көзделген жағдайларда құрылатын орган арқылы басқару, Келiсімнің немесе келісім-шарттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн және мұнай операцияларының орындалуы үшiн жауаптылықта болатын басқару жөніндегi бiрлескен комитет (басқарушы комитет);
Ұлттық компания - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы;
келiсім-шартқа міндеттi үлестiк қатысу - Ұлттық компанияның Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн келісім-шартқа пайызбен көрсетiлген қатысу үлесi;
келісім-шарттың (Келісімнiң) операторы - мердiгер тартатын немесе құратын, оның iс-әрекетi үшiн мердiгер мемлекет алдында өзiнің іс-қимылы ретінде мүлiктiк жауаптылықта болатын келісім-шартты немесе Өнiмді бөлу туралы келісімдi орындаумен байланысты нақты өндiрiстiк-шаруашылық қызмет пен есепке алу-есеп операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға;
пайдалы өнiм - егер Келісімде өзгеше көзделмесе, Өнiмдi бөлу туралы келісім бойынша бюджетке роялти мен өтемдiк есеп айырысуларды төлеген соң мемлекет пен мердiгер арасында бөлуге жататын өндiрiлген өнiмнiң бiр бөлiгi;
Өнiмдi бөлу туралы келісім - оған сәйкес Қазақстан Республикасы кәсiпкерлiк қызмет субъектiсiне (мердiгерге) мұнай операциялары саласында өтемдiк негiзде және белгiлi бiр мерзiмге Келісімде көрсетiлген жер қойнауының телiмiнде минералдық шикiзатты iздестiруге, барлауға, өндiруге және осыған байланысты жұмыстарды жүргiзуге құқық беретiн, ал мердiгер көрсетiлген жұмыстарды өз есебiнен және өз тәуекелiмен жүргiзуге мiндеттенетiн шарт. Осы шарт Қазақстан Республикасы мен мердiгер арасындағы өндiрілген өнiмдi бөлудiң мiндеттi шарты мен тәртiбінен, сондай-ақ өтемдiк өнiмнiң орнын толтыру тәртібінен тұрады.
3. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Мұнай операцияларын жүзеге асыру кезінде қазақстандық мердiгерлiк ұйымдар мен кадрлардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық компания тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көрсетудiң қазақстандық рыногын, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды үйлестiрушi мемлекеттік органмен бiрлесiп, қазақстандық кадрлардың бар-жоғын зерделейдi, деректер банкiн қалыптастырады және шетелдiк қатысушылар мен қазақстандық ұйымдардың келiссөздерiн ұйымдастыруға ықпал етедi.
2. Келісім-шарттардағы мiндеттi қатысу үлесiн белгiлеу
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын Ұлттық компанияның ұсыныстарын ескере отырып Құзыреттi орган қалыптастырған және жер қойнауын қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен келісілген инвестициялық бағдарламалардың конкурсына шығарылатын жер қойнауы телiмдерiнiң (блоктарының) тiзбесiн бекiтедi.
6. Көрсетiлген тiзбе онда оған тiкелей келiссөздердің негiзінде Құзыреттi орган қандай блоктар мен телiмдер ұсынуы тиiс екенi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында және теңiзде олар бойынша мұндай қатысу үлесiнiң мөлшерiн белгiлей отырып, өзi мiндеттi қатысу үлесiн иеленгiсi келетiн блоктар мен телiмдер көрсетiлiп, Ұлттық компанияның ұсыныстары ескерiле отырып қалыптасады.
7. Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық бағдарламалардың конкурсына шығарылатын блоктардың тiзбесi туралы шешiм қабылдай отырып, мемлекеттiң стратегиялық мүдделерiне және Ұлттық компанияның ұсынған есеп айырысуларына сәйкес, егер халықаралық шартпен немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен өзгеше көзделмесе, Ұлттық компанияның келісім-шарттардағы 50%-дан кем болмауы тиiс мiндеттi үлесiн бекiтедi.
8. Конкурс өткiзудi ұйымдастырушы Құзыреттi орган инвестициялық бағдарламалардың конкурсы талаптарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешiмiне сәйкес конкурсқа шығарылатын блокта Ұлттық компанияның мiндеттi үлесiн көрсетуге мiндеттi.
9. Ұлттық компания мемлекет үлесiнiң операторы болып әрекет ете отырып, Үкiмет бекiткен оның қатысуының мiндеттi үлесi бар блоктар бойынша да, әзiрленуi мердiгерлер мен Қазақстан Республикасы арасында өнiмді бөлудi көздейтiн блоктар бойынша да конкурстың негiзгi талаптарын қалыптастыруға тiкелей қатысады.
10. Ұлттық компания Қазақстан Республикасының аумағындағы мұнай операцияларына арналған конкурстарды ұйымдастыруға қатысады.
11. Ұлттық компания конкурстың қорытындыларын шығарған соң болашақтағы келісім-шарт бойынша өзара мiндеттемелердi белгiлеу мақсатында өзiнiң мiндеттi үлестiк қатысуы бар блок бойынша конкурстың жеңiмпазымен келісім-шарттың жобасын дайындайды және оны Құзыреттi органға ұсынады.
12. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13. Ұлттық компанияның міндеттi үлестiк қатысуы бар келісім-шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстың нәтижелерi жарияланған күннен бастап жарты жылдан кейіннен кешіктірмей жасалады.
3. Мемлекеттік мүдделерді білдіру жөніндегі өкілеттіктер
ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Ұлттық компанияға көрсетiлген Келiсімдердiң талаптарына сәйкес мемлекеттің операторы ретiнде Өнiмдi бөлу туралы келiсімдер бойынша алынатын өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн алуға арналған құқық берiледi.
15. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен 17- тармақ өзгертілді
17. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)