Қазақстан Республикасы Президентінiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735
Жарлығын iске асыру жөніндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 12 наурыздағы № 297 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен өзгерістер енгізілді
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарымен (келісім бойынша) бiрлесiп, жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi дамуының Стратегиялық жоспары (бұдан әрi - Стратегиялық жоспар) негiзiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2003-2005 жылдарға арналған индикативтiк жоспарын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге енгiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) қажеттiлігіне қарай Стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiндегі ұсыныстарын жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі қажеттiлiгiне қарай Стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiндегі ұсыныстарын жыл сайын 20 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі