14. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат):
1) 29-баптың 2-тармағындағы «жеке шотына» деген сөздер «банк шотына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 50-баптың 3-тармағындағы «жеке шотына» деген сөздер «банк шотына» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, № 97; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат):
76-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қоғам жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - жылдық шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде немесе уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын жариялауға міндетті.».
16. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағы «уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздерден кейін «(бұдан әрі - уәкілетті орган)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда -шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жыл сайын жариялауға міндетті.».
17. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағы «уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздерден кейін «(бұдан әрі - уәкілетті орган)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жыл сайын жариялауға міндетті.»;
3) 8-1-баптың 8-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті орган;».
18. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар):
1) 3-1-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі реттелуі өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, бағалы қағаздар нарығы субъектілеріне осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
Бағалы қағаздар нарығының субъектісі міндеттеме-хаттың, жазбаша нұсқаманың немесе жазбаша келісімнің оларда белгіленген мерзімдерде орындалғаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етуге міндетті.»;
2) 9-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Осы талап, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарына ол қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.»;
3) 13-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың қолданысы, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына ол қайта құрылымдау жүргізген кезде қолданылмайды.»;
4) 14-баптың 1-тармығының үшінші бөлігі «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымына ол қайта құрылымдауды жүргізген кезде» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 15-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымына ол қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.»;
6) 22-1-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 1-тармағы 1) және 3) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарына олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.
Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының резидент-ұйымына ол шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген облигациялар бойынша Қазақстан Республикасының резидент емес-ұйымы міндеттемелерін қабылдаған жағдайда қолданылмайды.»;
7) 23-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде қайта құрылымдау жоспарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.».
19. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат):
10-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда тұрақтандыру банкін құру және оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;».
20. «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағы «уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздерден кейін «(бұдан әрі - уәкілетті орган)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 7-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда -шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жыл сайын жариялауға міндетті.».
21. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат):
9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Мамандандырылған қаржылық сот
Мамандандырылған қаржылық сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы орталығына қатысушылардың дауларын шешеді және қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау туралы істерді қарайды.».
22. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 32-бапта:
1) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банк операциялары:»;
бесінші абзацтағы «жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу» деген сөздер «банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«кассалық операциялар: банктер мен Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеуді, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруі;
аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемі мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия банктерге және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 6-1-тармағында аталған заңды тұлғаларға ғана беріледі;»;
4) тармақшаның он үшінші абзацындағы «оныншы және он бірінші абзацтарында» деген сөздер «оныншы - он екінші абзацтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 47-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қызметтің лицензияланатын түрінен бір немесе одан көп банк операциялары, бір немесе одан да көп сақтандыру қызметіндегі класс алып тасталған жағдайда, лицензиат күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны қоса бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы Заң қолданысқа енгізілген кезде қайта құрылымдау процесінде болған банк, қайта құрылымдау жөніндегі іс-шаралардың жүргізілгенін растайтын құжаттардың негізінде қайта құрылымдауды жүргізу туралы өтінішпен мамандандырылған қаржылық сотқа жүгінуге құқылы.
Мамандандырылған қаржылық соттың қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімі шыққаннан кейін қайта құрылымдау осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы шілденің 11-і
№ 185-ІV ҚРЗ