екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Алтын-валюта активтерін қайта бағалау шотына жатқызылатын бағамдық қайта бағалау сомасын қоспағанда, банк активтері бойынша құрылған жалпы провизиялардың (резервтердің) сомасына азайтылған, сондай-ақ негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді қайта бағалау сомасына түзетілген Қазақстан Ұлттық Банкінің таза кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлінбеген таза кірісі болып табылады. Бөлінбеген таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды ұлғайтуға жіберіледі.»;
3) 15-бапта:
е) тармақшасы алып тасталсын;
ж) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«ж) банктерге арналған ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін, банктерге арналған ең төменгі резервтік талаптар туралы нормативтік құқықтық актіні бекіту;»;
у-3) тармақшадағы «банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға» деген сөздер «қаржы ұйымдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы у-4) тармақшамен толықтырылсын:
«у-4) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережелерін, сондай-ақ резиденттердің экспорт және импорт бойынша мәмілелер паспорттарын ресімдеу ережелері мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;»;
4) 47-1-бап алып тасталсын;
5) 48-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасындағы «төлем нұсқауларының» деген сөздер «нұсқаулардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төлем жүйелерінің тиімді, қауіпсіз және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметі.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкі төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында:
1) төлем жүйелеріне қадағалау (оверсайт) жүргізу тәртібін белгілеуге;
2) төлем жүйелерін ұйымдастырудың және олардың жұмыс істеуінің шарттары мен тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
3) төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асыруға;
4) төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және олардың жұмыс істеуін тексеруге;
5) ақша төлемдері мен аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша төлем жүйелерінің қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;
6) төлем жүйелері қатысушыларының қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.»;
6) 49-бапта:
«шоттардың түрлерін және құқықтық тәртібін, банктік» деген сөздер «банк шоттарының түрлерін, құқықтық режимін және құрылымын,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«пайдалану» деген сөз «жүргізу» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 60-бап алып тасталсын;
8) 61-бапта:
бірінші бөліктегі «банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға» деген сөздер «қаржы ұйымдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржы ұйымдарының қызметіне араласпайды.»;
9) 62-баптың екінші бөлігінің 2-1) тармақшасындағы «уәкілетті органға» деген сөздер «банктерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 62-3-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
1) жоспарлы - Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеру жоспарларына сәйкес жылына бір реттен асырмай жүргізілетін тексеру;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) рейдтік - бір мәселе, бір негіз бойынша бір мезгілде бірнеше субъектілердің қызметін қамтитын, алты айда бір реттен жиі жүргізілмейтін тексеру.»;
4-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
5-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тексеру Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары не Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалының басшысы бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеру тағайындау туралы актісінің негізінде жүргізіледі.»;
екінші бөліктің 5) тармақшасындағы «(жоспарлы, жоспардан тыс)» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Рейдтік тексеру тағайындау туралы актіде, осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген мәліметтерді қоспағанда, осы тармақта көзделген мәліметтер көрсетіледі, сондай-ақ тексеруге тартылатын тұлғалар тізімінің бар екені туралы мәлімет көрсетіледі. Рейдтік тексеру тағайындау туралы актіге осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып, тексеруге тартылатын тұлғалар тізімі қоса беріледі.»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тексеру тағайындау туралы акт және тексерілетін тұлғалардың оған қоса берілетін тізімі рейдтік тексеруді жүзеге асыру кезінде өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеу үшін екі данада (түпнұсқасы және көшірмесі) табыс етіледі.
7. Тексерілетін тұлғаға тексеру тағайындау туралы тіркелген актіні ұсынған сәт, рейдтік тексеруді қоспағанда, тексеру жүргізудің басталуы болып саналады.
Тексерілетін тұлғаға тексеру тағайындау туралы тіркелген актінің түпнұсқасын танысу үшін ұсынған және оның көшірмесін тапсырған сәт рейдтік тексеру жүргізудің басталуы болып саналады. Түпнұсқада көшірмемен танысқаны туралы және оны алғаны туралы белгі қойылады.»;
13-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Рейдтік тексеру кезінде тексеруге тартылатын тұлғалар тізімінде көрсетілген бір тұлғаны тексеру мерзімі бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Рейдтік тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда, тексеруге тартылатын тұлғалар тізімінде көрсетілген бір тұлғаны тексеру мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.»;
11) 66-баптың үшінші бөлігіндегі «кірістері мен шығыстары» деген сөздер «пайдалары мен шығындары» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 68-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық есептілігінің аудитін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттің немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің орталық банкіне аудит жүргізу тәжірибесі бар аудиторлық ұйым жыл сайын жүргізеді.»;
13) 70-баптағы «банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шоты бар Қазақстан Республикасы аумағындағы кез келген жеке және заңды тұлғадан қажетті ақпарат» деген сөздер «кез келген жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді өтеусіз» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) тұрақтандыру банкі - консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру мақсаты үшін уәкілетті органның шешімі бойынша құрылатын екінші деңгейдегі банк. Тұрақтандыру банкін құрудың, оның қызметінің ерекшеліктері осы Заңда белгіленген.»;
2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінен, сондай-ақ өздерінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңнамалық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің негізінде және оларды орындау үшін шығарылатын уәкілетті органның және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.»;
3) 7-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «қолданылып жүрген банк заңдарының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының банк заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-баптың 1-тармағындағы «банк заңдарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының банк заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 14-баптың 1-тармағындағы «банк заңдарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының банк заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 17-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы ғана банктің құрылтайшысы және акционері бола алады. Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар банктің құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.
Уәкілетті орган консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру мақсатында тұрақтандыру банкінің жалғыз құрылтайшысы болуы мүмкін.»;
5-тармақтың екінші бөлігі «Аталған шектеу» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын,» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 19-баптың 4-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ол аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның қаржы ұйымдарының міндетті аудитін жүргізу жөніндегі лицензиясына және біліктілік талаптарына сәйкес не резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екенін растайтын құжаттарды табыс еткен жағдайда ғана жарамды деп танылады.»;
8) 30-бапта:
2-тармақта:
4) тармақшадағы «жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу» деген сөздер «банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кассалық операциялар: банктердің және Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруі;
6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемі мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия банктерге және осы баптың 6-1-тармағында аталған заңды тұлғаларға беріледі;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банк операцияларына мыналар жатпайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен микрокредиттік ұйымдар ретінде тіркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;
2) тапсырма шарты негізінде сенім білдірушінің (қызметті берушінің) атынан және оның тапсырмасы бойынша іс-әрекет жасайтын сенім білдірілген адам жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтер үшін тұтынушылардан қолма-қол, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы ақша қабылдау. Сенім білдірілген адамның төлемдерді сенім білдірушінің (қызметті берушінің) пайдасына қабылдау құқығын растайтын құжаттар төлеушіге оның талап етуі бойынша танысу үшін табыс етілуге тиіс.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, осындай ұйымның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің лицензиясы болған кезде осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларының бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыра алады.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензияны, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган береді.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын қор биржасы, орталық депозитарий, брокер және (немесе) дилер номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен аталған заңды тұлғаларда уәкілетті органның осы баптың 2-тармағының 1) және (немесе) 3) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге берген лицензиясы болған кезде, сондай-ақ банкаралық ақша аудару жүйесінің операторы жүзеге асырады.
Өзге заңды тұлғалар осы баптың 2-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоспағанда, қызметтің өзге түрлерімен (операциялармен) айналысуына тыйым салынады.»;
9) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Банктердің қызметін реттеу»;
10) 42-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі «банк заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының банк заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 45-баптың 2-тармағы төртінші бөлігінің 8) тармақшасы «активтерін» деген сөзден кейін «және (немесе) міндеттемелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 46-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ұлттық Банк реттелуі өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 1-тармағында көрсетілген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым міндеттеме-хаттың, жазбаша келісімнің немесе жазбаша нұсқаманың оларда белгіленген мерзімде орындалғаны туралы Ұлттық Банкті хабардар етуге міндетті.»;
13) 47-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) банк лицензиядан айырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның 61-2-бабында көзделген операцияны жүргізу туралы шешім қабылдайды және осы операцияны жүргізу туралы мәселені келісу үшін уәкілетті органға жүгінеді.
Уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) осы Заңның 61-2-бабында көзделген операцияны жүргізуін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келіседі.
Уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) көрсетілген операцияны жүргізгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) осы Заңның 61-2-бабында көзделген операцияны осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде жүргізу туралы шешімді қабылдамаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
Уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы қабылданған шешім жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді екі баспа басылымында жариялайды.»;
14) 48-баптың 1-тармағының а) тармақшасы «банк» деген сөзден кейін «және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 48-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған банктің банк қызметін немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ. Банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға және банкке келіп түсетін ақшаны есепке жатқызуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банк шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған банктің банк шоттарынан кредиторлардың және өзге де тұлғалардың банкке талаптары бойынша ақшаны өндіріп алуға жол берілмейді.»;
16) 49-баптың 2-тармағының г) тармақшасындағы «банк заңдарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының банк заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 50-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігінде:
3) тармақшадағы «агент банктерге,» деген сөздер «агент банктерге;» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) басқа банктерге осы Заңның 61-2, 61-3-баптарында көзделген операцияларды жүргізу үшін қажетті мәліметтерді табыс ету;»;
5) тармақшадағы «етуі банк құпиясын ашу болып табылмайды.» деген сөздер «ету;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) қайта құрылымдалатын банктің олардың алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау көзделетін банк кредиторларына, басқа банктерге қайта құрылымдалатын активтер мен міндеттемелер бойынша қайта құрылымдау шеңберінде мәліметтерді табыс етуі банк құпиясын ашу болып табылмайды.»;
5-тармақтағы «оның орнындағы адам» деген сөздер «оның орынбасарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың д-1) тармақшасы «қаулысы» деген сөзден кейін «не оның атқарушылық іс жүргізу органының аумақтық бөлімінің мөрімен расталған көшірмесі» деген сөздермен толықтырылсын;
7-1-тармақта:
«көзделген» деген сөзден кейін «клиенттің» деген сөзбен толықтырылсын;
«оның жеке шотынан алынған көшірме нысанында» деген сөздер «үзінді көшірме нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оның жеке шотынан» деген сөздер алып тасталсын;
18) 52-бап алып тасталсын;
19) 55-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктер жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетін аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растағаннан кейін және банк акционерлерінің жылдық жиналысы қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық Банк белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.»;
екінші бөлікте:
«келетін» деген сөзден кейін «бухгалтерлік» деген сөзбен толықтырылсын;
«белгілегенмерзімдерде» деген сөздер «белгілеген тәртіппен және мерзімдерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
«6-1-тарау. Банкті қайта құрылымдау
59-1-бап. Банкті қайта құрылымдау ұғымы
Банкті қайта құрылымдау деп банктің қаржылық жағдайын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту үшін банкті қайта құрылымдау жоспарының (бұдан әрі - қайта құрылымдау жоспары) негізінде банк іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешені түсініледі.
Осы тараудың ережелері банктің уәкілетті органның талабы бойынша активтерді және (немесе) міндеттемелерді қайта құрылымдауды жүргізуіне қолданылмайды.
59-2-бап. Банкті қайта құрылымдауды жүргізу үшін негіздеме
Банкті қайта құрылымдау банктің ақшасының болмауына немесе жеткіліксіз болуына байланысты банктің міндеттемелер бойынша жекелеген кредиторлардың талаптарын оларды орындау күні басталған кезден бастап күнтізбелік жеті күннен асатын мерзімде орындауға қабілетсіздігіне орай жүзеге асырылуы мүмкін.
59-3-бап. Банкті қайта құрылымдаудың жалпы шарттары
1. Осы Заңның 59-2-бабында көрсетілген қайта құрылымдау үшін негіздеме туындаған кезден бастап банк директорлар кеңесінің отырысын өткізуге құқылы, онда банкті қайта құрылымдау туралы шешім қабылданады.
2. Банк директорлар кеңесінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген шешімі қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде директорлар кеңесінің банкті қайта құрылымдау туралы шешімін уәкілетті органға жібереді.
3. Уәкілетті орган директорлар кеңесінің банкті қайта құрылымдау туралы шешімін алғаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде банкті қайта құрылымдау мәселелері жөнінде банкпен жазбаша келісім жасасады.
4. Банк қайта құрылымдау жоспарының жобасын уәкілетті органға табыс етеді. Ескертпелер мен ұсыныстар болған жағдайда уәкілетті орган банктен қайта құрылымдау жоспарының жобасын пысықтауды талап етуге құқылы. Банк уәкілетті органның ескертпелері мен ұсыныстарын ескеруге және қайта құрылымдау жоспарының пысықталған жобасын уәкілетті органға қайтадан табыс етуге міндетті.
5. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құрылымдау туралы сотқа жүгінеді. Соттың банкті қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімі заңды күшіне енген кезден бастап және оны жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген шектеулер қолданылады.
6. Банк соттың банкті қайта құрылымдау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде тиісті хабарландыру жариялау жолымен депозиторларға, кредиторларға, корреспондент-банктерге және өзге де клиенттерге қайта құрылымдау туралы хабарлайды.
7. Банк соттың банкті қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімі заңды күшіне енген кезден бастап:
1) сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту шарттарының немесе банктің мүлкін иеліктен шығару туралы өзге де мәмілелердің орындалуын, қарыз беру туралы шарттар мен кредиттік тәуекелі бар басқа да қаржыландыру түрлерін жасасуды тоқтата тұруға;
2) банк міндеттемелерінің орындалуын толығымен немесе ішінара тоқтата тұруға құқылы.
8. Банк соттың қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімінде көзделген мерзімде банк кредиторларымен келіссөздер жүргізу және олардың қайта құрылымдау жоспарын мақұлдауына қол жеткізу мақсатында олардың алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау көзделетін банк кредиторларының жиналысын шақырады.
Қайта құрылымдау жоспарының мақұлдауына қол жеткізу үшін міндеттемелер қайта құрылымдау көзделетін кредиторлар алдындағы банк міндеттемелері көлемінің кемінде үштен екісі үлесіне тиетін кредиторлардың келісімі талап етіледі.
Банкті қайта құрылымдау банк кредиторлары қайта құрылымдау жоспарын осы тармақта көзделген тәртіппен мақұлдаған жағдайда қайта құрылымдау жоспарына сәйкес қайта құрылымдау көзделетін кредиторлар алдындағы банктің барлық міндеттемелеріне қатысты жүргізіледі.
9. Банк қайта құрылымдау жоспарын кредиторлар мақұлдаған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар мақұлдаған қайта құрылымдау жоспарын уәкілетті органға жібереді не осы баптың 8-тармағында көзделген тәртіппен банк кредиторларының мақұлдауын алмаған жағдайда банкті қайта құрылымдауды жүргізудің мүмкін еместігі туралы уәкілетті органға хабарлайды.
Уәкілетті орган егер қайта құрылымдау жоспарының шарттары уәкілетті органға бұрын жіберілген қайта құрылымдау жоспары жобасының шарттарынан өзгеше болған жағдайда қайта құрылымдау жоспарын пысықтауды талап етуге құқылы. Банк уәкілетті органның ескертпелері мен ұсыныстарын ескеруге және осы баптың 8-тармағында көзделген тәртіппен банк кредиторлары мақұлдаған, пысықталған қайта құрылымдау жоспарын уәкілетті органға қайтадан табыс етуге міндетті.
10. Осы баптың 9-тармағында көзделген талаптарды орындағаннан кейін банк қайта құрылымдау жоспарын сотқа бекітуге ұсынады.