11. Қайта құрылымдау жоспары мынадай ақпаратты:
қайта құрылымдауды жүргізудің тәртібі мен мерзімін;
қайта құрылымдалатын активтер мен міндеттемелердің тізбесін;
қайта құрылымдау шеңберінде өткізілетін іс-шараларды;
активтер мен міндеттемелерді қайта құрылымдаудан алынатын болжамды қаржылық нәтижелерді;
қызметте қолданылатын шектеулерді қамтуға тиіс.
12. Қайта құрылымдау Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда тоқтатылады.
13. Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыруға байланысты банкті қайта құрылымдау тоқтатылған жағдайда, банктің қайта құрылымдау жоспарына енгізілген міндеттемелері орындалған болып есептеледі, соттардың, төрелік және аралық соттардың осындай міндеттемелер жөніндегі шешімдері бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады.
14. Банк қайта құрылымдау жоспарында белгіленген тәртіппен және жазбаша келісімімен банктің жүргізілген қайта құрылымдалуы туралы, оның ішінде қайта құрылымдау жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы ақпаратты уәкілетті органға береді.
15. Уәкілетті орган банктің қайта құрылымдау жоспарын орындауы жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын қадағалауды жүзеге асырады.
Банкті қайта құрылымдауды жүргізу кезеңінде уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне ықпал етудің шектеулі шараларын және (немесе) осы Заңда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы.»;
21) мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:
«7-1-тарау. Банк қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар
61-1-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру
1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі құрылады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым жүзеге асырады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздері, оның қатысушыларының құқықтары, міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2. Ислам банктерін қоспағанда, депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиялары бар екінші деңгейдегі барлық банктер үшін депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндетті болып табылады.
61-2-бап. Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция
1. Банктің кредиторлары мен депозиторларының құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органмен келісім бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдында банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге жол беріледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны банк, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы) консервациялау сатысында, банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін жүргізуі мүмкін.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген операцияны жүргізудің тәртібі, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
4. Осы бапта көзделген тәртіппен банк міндетте-мелерін беру банк депозиторларының және (немесе) кредиторларының келісімімен жүзеге асырылады. Банк, банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі, уақытша басқарушысы) депозиторлар мен кредиторлардың келісімін алу мақсатында банк активтерінің және (немесе) міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде беру туралы хабарландыру жариялайды. Хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Банктің активтер мен міндеттемелерді басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуі кезінде - хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде не банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің, уақытша басқарушысының) активтер мен міндеттемелерді басқа банкке (банктерге), оның ішінде тұрақтандыру банкіне бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуі кезінде - хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде банк депозиторларынан және (немесе) кредиторларынан жазбаша қарсылықтың болмауы депозитордың және (немесе) кредитордың міндеттемелерді беруге келісімі ретінде қаралады.
5. Қайта құрылымдау процесіндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру осы Заңның 6-1-тарауының ережелеріне сәйкес қайта құрылымдау жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.
61-3-бап. Консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне берудің ерекшеліктері
1. Депозиторлар мен кредиторлардың құқықтарын қорғау мақсатында консервациялау режиміндегі банктің уақытша әкімшілігі уәкілетті органға осы банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізу туралы ұсыныс енгізеді.
Уәкілетті орган консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында тұрақтандыру банкін құру туралы шешім қабылдайды және уақытша әкімшілікке көрсетілген активтер мен міндеттемелерді тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізуді тапсырады.
Консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізудің шарттары мен тәртібі, сондай-ақ берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. Осы Заңның 13, 14, 16, 17-1, 19, 20, 23 - 25, 27, 28-баптарында, 30-бабының 5 және 13-тармақтарында, 31, 32, 42-баптары мен 43-бабының 1-тармағында көзделген банктерді құруға және олардың қызметін реттеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 - 74-баптарының ережелері тұрақтандыру банкіне қолданылмайды.
Тұрақтандыру банкін құру тәртібі, оның жарғылық және өз капиталының ең төменгі мөлшері мен оны қалыптастыру тәртібі, тұрақтандыру банкін басқару тәртібі, оларды жасасуға қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелерді жасасу тәртібі, тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларының шығарылымын тіркеу және оның жарияланған акцияларын жою тәртібі, сондай-ақ тұрақтандыру банкінің банк операцияларын және осы Заңда көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
3. Тұрақтандыру банкі банк операцияларын және осы Заңда көзделген өзге де операцияларды уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыруға құқылы.
Тұрақтандыру банкінің, осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген қызметті қоспағанда, осы Заңның 8-бабында банктер үшін рұқсат етілген қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.
4. Активтер мен міндеттемелерді тұрақтандыру банкіне бергеннен кейін, сыйақыны есептеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерді орындау он екі ай мерзімге тоқтатыла тұрады. Жеке және заңды тұлғалардың жедел салымдары бойынша міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банк алдындағы міндеттемелерді, сондай-ақ тұрақтандыру банкіне берілген активтермен қамтамасыз етілген екінші деңгейдегі банктер алдындағы міндеттемелерді қоса алғанда, орындалу мерзімі жеткен міндеттемелер тұрақтандыру банкінің орындауына жатады. Тұрақтандыру банкі жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары бойынша міндеттемелерді орындайды.
5. Активтер мен міндеттемелерді сатып алушы банкке бергенге дейін тұрақтандыру банкі уәкілетті органмен келісім бойынша оған бұрын берілген активті консервациялау режиміндегі банктің басқа активіне ауыстыруға құқылы.
6. Тұрақтандыру банкі активтер мен міндеттемелерді уәкілетті орган айқындайтын сатып алушы банкке береді. Тұрақтандыру банкінің активтер мен міндеттемелерді сатып алушы банкке беру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Осы бапта көзделген тәртіппен тұрақтандыру банкінің міндеттемелерін беру тұрақтандыру банкінің депозиторларының және (немесе) кредиторларының келісімімен жүзеге асырылады. Тұрақтандыру банкі депозиторлар мен кредиторлардың келісімін алу мақсатында тұрақтандыру банкінің активтерін және (немесе) міндеттемелерін сатып алушы банкке беру туралы хабарландыру жариялайды. Хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тұрақтандыру банкінің депозиторларынан және (немесе) кредиторларынан жазбаша қарсылықтың болмауы депозитордың және (немесе) кредитордың міндеттемелерді беруге келісімі ретінде қаралады.
Осы Заңның мақсаттары үшін тұрақтандыру банкінің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шарт жасасқан банк сатып алушы банк болып табылады.
7. Банктер осы Заңның 42-бабының және 43-бабының 1-тармағының талаптарын сақтаған жағдайда, осы Заңның осы бабында және 61-2-бабында көзделген тәртіппен банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу кезінде банкке (банктерге) берілген активтер екі жыл бойы есепке алынбайды.
8. Уәкілетті органның шешімі бойынша тұрақтандыру банкі қабылданған активтер мен міндеттемелерді сатып алушы банкке уәкілетті орган көздеген тәртіппен және шарттармен толықтай бергеннен кейін өз қызметін тоқтатады.
9. Уәкілетті органның шешімі бойынша тұрақтандыру банкінің барлық акциялары тұрақтандыру банкінің капиталын ұлғайтуға және оның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыс істеуіне кепілдік беретін шарттармен инвесторға өткізілуі мүмкін.
Инвестордың тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттармен жүзеге асырылады.
Инвестор тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алған кезден бастап банк тұрақтандыру банкінің мәртебесін жоғалтады және өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады. Осы банктің қызметін реттеу, бақылау және қадағалау осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
22) 65-баптың 2-тармағының з) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«з) осы Заңның 61-2 және 61-3-баптарына сәйкес банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) не тұрақтандыру банкіне беруге құқылы.»;
23) 67-баптың 3-тармағындағы «банк заңдарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының банк заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 70-баптың б) тармақшасындағы «банк заңдарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының банк заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 73-1-бап алып тасталсын.
8. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар, 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар):
1) 41-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «белгілеген тәртіппен қаржылық есептілікті» деген сөздер «белгілеген тәртіппен және мерзімдерде шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, аудиторлық есепті» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 42-бап мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
«14. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі реттелуі өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қорына осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қоры жазбаша нұсқаманың, міндеттеме-хаттың немесе жазбаша келісімнің оларда көрсетілген мерзімде орындалғаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етуге міндетті.».
9. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат):
15-баптың 2-тармағындағы «есеп айырысу шоты болуына және өзге де шоттар ашуға» деген сөздер «ағымдағы шоттар ашуға» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат):
1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақша аударымы - алушы банктердің төлемді жүзеге асыруға немесе өзге мақсаттарға байланысты жөнелтушілердің ақша беру туралы нұсқауларын дәйектілікпен орындауы;
2) ақша аударымының бастамашысы (бұдан әрі - бастамашы) - ақша аудару туралы нұсқауды орындауға алғаш ұсынған тұлға;
3) ақша жөнелтуші - ақша төлемі және (немесе) аударымы соның есебінен жүзеге асырылатын тұлға;
4) ақша төлеміне және (немесе) аударымына қатысушылар - ақша төлемі және (немесе) аударымы жөнінде құқықтары және (немесе) міндеттері бар жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
5) алушы банк - ақша аудару не ақша төлеу туралы нұсқау жіберілетін банк;
6) банк шотын тікелей дебеттеу - ақша жөнелтушіден ақшаны алып қою және ақша жөнелтушінің осы алып қою туралы белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және (немесе) белгілі бір ақша сомасының шегінде қолданылатын алдын ала рұқсатының негізінде оны бенефициардың пайдасына беру жүргізілетін төлемді жүзеге асыру тәсілі;
7) бенефициар - ақша аударған кезде, сондай-ақ ақша аудармай-ақ жүзеге асырылатын қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде тапсырмада не талапта ақша алушы ретінде көрсетілген тұлға;
8) бенефициар банкі - жөнелтушімен жасалған шарттың талаптарына және (немесе) жөнелтушінің нұсқауына сәйкес бенефициардың пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға және (немесе) нұсқауда не жөнелтушімен жасалған шартта көзделген өзге де іс-қимылдарды орындауға тиісті банк;
9) делдал банк - ақша жөнелтушінің банкі және бенефициар банкі болып табылмайтын ақша аударымына кез келген қатысушы банк;
10) жөнелтуші - ақша төлеміне және (немесе) аударымына байланысты нұсқауды жөнелтетін, сонымен бірге ақша жөнелтуші, бастамашы немесе бенефициар болуы мүмкін тұлға;
11) инкассалық өкім - ақша жөнелтушінің банк шотынан оның келісімінсіз ақшаны алып қою үшін пайдаланылатын төлемді жүзеге асыру тәсілі;
12) клиринг - клирингтік ұйым жүзеге асыратын, клирингке қатысушылардың қарсы талаптарын жинау, салыстыру, сұрыптау мен есепке жатқызу және кейіннен олардың таза позицияларын (сальдо) айқындау процесі, сондай-ақ банктің өз клиенттері арасындағы қарсы талаптар бойынша көрсетілген іс-қимылдарды орындауы;
13) микропроцессорлық төлем карточкасы - тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) қолма-қол ақшасыз ақы төлеу, қолма-қол ақша алу, валюта айырбастауды және төлем карточкасының эмитенті айқындаған және оның шарттарымен басқа да операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, сондай-ақ карточканы ұстаушыға қажетті ақпараты бар интегралдық микросхемалы төлем карточкасы;
14) нұсқау - жөнелтушінің алушы банкке ақша аудару не төлеу туралы шартқа немесе заңға орай берілетін бұйрығы. Нұсқаулар тапсырма нысанында не талап нысанында жасалады;
15) операция күні - банк ақша аудару туралы нұсқауларды және клиенттерден түскен осындай нұсқауларды тоқтата тұру не кері қайтару туралы өкімдерді қабылдауды және олардың пайдасына ақша аударуды жүзеге асыруға байланысты хабарларды беруді жүзеге асыратын уақыт кезеңі;
16) өндіріп алушы - шартқа немесе заңға орай алушы банктің ақша жөнелтушінің келісімінсіз-ақ орындауына жататын ақша өндіріп алу туралы талап қоюшы тұлға;
17) төлем - ақша міндеттемесін қолма-қол ақшаны пайдалана отырып немесе оны пайдаланбай, ақша аудару немесе ішінде ақша міндеттемесі не ақша төлеу туралы бұйрығы бар төлем құжатын беру арқылы орындау;
18) төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесі - төлем карточкалары бойынша банкаралық операцияларға қызмет көрсету жүйесі, оны басқаруды жүйеге қатысушы банктер арнайы құрған, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалатын жалпыұлттық міндеттерді іске асыру үшін микропроцессорлық карточкалар технологияларын қолдана отырып, электрондық тәсілмен қажетті ақпаратты сақтауды, өңдеуді және беруді қамтамасыз етуге де қабілетті ұйым жүзеге асырады;
19) төлем карточкасы - электронды терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы, онда мұндай карточканы ұстаушыға төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және төлем карточкасының эмитенті айқындаған және оның шарттарымен басқа да операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат болады;
20) төлем тапсырмасы - нұсқауда айқындалған ақша сомасын бенефициардың пайдасына аудару туралы нұсқауды жөнелтушінің алушы банкке ұсынуын көздейтін ақша төлемін және (немесе) аударымын жүзеге асыру тәсілі;
21) төлемдік талап-тапсырма - төлемді жүзеге асыру тәсілі, бұл ретте ақша жөнелтушінің банкіне ақша жөнелтушіге аталған талапты растайтын құжаттар негізінде және олар қоса беріле отырып, мұндай талапта көрсетілген сомада ақша төлеу туралы жөнелтушінің талабы қойылады;
22) төлем құжаты - ақша төлемі мен аударымын жасауға негіз болатын немесе көмектесетін құжат;
23) чек - чек беруші мен алушы банк арасындағы шартқа негізделген, ішінде чек берушінің алушы банкке осы бұйрықта көрсетілген ақша сомасын чек ұстаушыға төлеуі туралы жазбаша бұйрығы бар төлем құжаты;
24) чек беруші - чек жазып берген адам;
25) чек ұстаушы - пайдасына чек жазылған адам, оның ішінде, егер чек беруші чекті өз атына жазса, ол да чек ұстаушы болады.»;
2) 6-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінің екінші сөйлемі алып тасталсын;
2-тармақтағы «, жинақ шоттары және карт-шоттар» деген сөздер «және жинақ шоттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақта:
бірінші бөліктегі «ағымдағы шоттың» деген сөздер «банк шотының» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
3) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ақша жөнелтушінің банкі төлемдік талап-тапсырманы осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ақша жөнелтушінің акцепті болғанда ғана орындауға тиіс.
Банктер ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы жасалған банктік қарыз шартына, кредиттік желі ашу туралы келісімге және қарыз операциясының не кепілдік берудің фактісін растайтын өзге де құжатқа сәйкес қарыз алушының банк қарызы бойынша мерзімі өткен берешегі болған жағдайда, берешекті қарыз алушыдан, кепілден өндіріп алу үшін қолданады және ол ақша жөнелтушінің өзінің банк шотынан акцептсіз ақшаны алып қоюға келісімі бар құжаттар қоса тіркеліп, ақша жөнелтуші банкке беріледі.
Ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін талап-тапсырма негізінде ақшаны алып қоюдың негізділігі үшін өндіріп алушы жауаптылықта болады.
Төлемдік талап-тапсырмаларды беру, сондай-ақ ақшаны алып қоюдың негізділігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын не көшірмелерін қоса тіркеу қажеттігі туралы талап ету тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.».
11. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 195-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 23, 922-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 24, 153-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат):
1) 15-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
«7-3) сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған;»;
2) 17-баптың 6) тармақшасындағы «дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.» деген сөздер «дейін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы Заңның 15-бабының 7-3) тармақшасында көзделген жағдайда - қаржы ұйымын қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
3) 20-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «бас тартса, тоқтатылады.» деген сөздер «бас тартса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 312-6-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қайта құрылымдауды тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген болса, тоқтатылады.».
12. «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 385-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат):
1) 10-баптың 2-тармағындағы «жеке шотқа» деген сөздер «банк шоттарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «жеке шотына» деген сөздер «банк шотына» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат):
1) 16-баптың 3-тармағында:
«туралы» деген сөзден кейін «бухгалтерлік» деген сөзбен толықтырылсын;
«кірістері мен шығыстары» деген сөздер «пайдалары мен шығындары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 27-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «кірістер мен шығыстар» деген сөздер «пайдалар мен шығындар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 37-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «кірістер, шығыстар» деген сөздер «пайдалар, шығындар» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 53-2-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Ұлттық Банк реттелуі өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокерлеріне осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері жазбаша міндеттеменің, жазбаша нұсқаманың немесе жазбаша келісімнің оларда көрсетілген мерзімде орындалғаны туралы Ұлттық Банкті хабардар етуге міндетті.»;
5) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«76-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - жылдық шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті оларда ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тәуелсіз аудиторлық растаудан кейін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жиналысы жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық Банк белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.».